167
шығындармен және әлеуметтік, экологиялық және экономикалық өте тиімді жолдармен
қол жеткізу бірден бір маңызды міндеттердің бірі болып табылды.
Зерттеу
барысында,
жүргізілген
табиғатты
қорғау
шараларына,
жылу
энергетикасының қоршаған ортаға әсеріне кешенді талдау жүргізілді, жылуэнергетикалық
өндіріс үрдісіндегі қоршаған ортаға тигізілетін экономикалық, экологиялық және
әлеуметтік залалдылығын анықтауға әрекет етілді, осының негізінде жылуэнергетика
кәсіпорындарында қоршаған ортаға тигізілетін залалдарды және табиғатты қорғау
шараларының әлеуметтік-экологиялық-экономикалық тиімділігін есептейтін әдістемелік
нұсқаулықтар әзірленді.
Келтірілген әдістемелік нұсқаулықтар жылуэнергетика кәсіпорындарында табиғатты
қорғау шараларының әлеуметтік-экологиялық-экономикалық тиімділігін есептеу үшін
жасалды және қазіргі кездегі экономикалық жағдайларға бейімделген.
Атмосфераның ластануының ең маңызды көздерінің біріне жылу электр
станциялары (ЖЭС) және жылу электр орталықтары (ЖЭО) жатады, себебі жанудың
басты өнімдері, уытты болып табылмайтын, көміртегі және сутегінен басқа күкірт
диоксиді де шығарылады. Заманауи қуаттылығы 2,4 млн. кВт ЖЭС және ЖЭО
атмосфераға тәулігіне щамамен 50 тонна SО
2
шығарады. Ғалымдардың есептеуінше
өндірістік өнеркәсіптердің атмосфераға шығаратын шығарылымдарының ішінде ЖЭС
және ЖЭО жалпы күкірт ангидридінің 46 %-ын және көмір шаңының 25 %-ын бөліп
шығарады. Күкірт диоксиді — тітіркендіргіштік уытты әсерге ие, түссіз жанбайтын газ.
SО
2
және СО
2
шығарылымдары жануарлар және өсімдіктер әлеміне үлкен залал келтіреді.
Адам және жануарлар үшін де уытты болып табылады. Күкірт ангидриді, көміртегі
оксиді адам және жануар ағзасына түскен кезде қандағы гемоглобинмен байланысқа
түседі, нәтижесінде ағзада оттегі жетіспеушілік туындайды, осының салдарынан жүйке
жүйесінің әртүрлі бұзылыстары жүреді. Сонымен қатар SО
2
астмаға ұшыраған
науқастарда фатальды аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
Күкірт диоксиді қашықтықтарға өте жақсы таралады, яғни ластану орталығынан
алыстаған сайын оның концентрациясы пропорциональды төмендейтіндігі байқалды.
Атмосфераға түскеннен кейін ол күкірт ангидридіне трансформацияланады, олда
ластағыш және уытты газ болып табылады.
Сонымен, ЖЭС және ЖЭО түтіндік шығарылымдарындағы күкірт ангидридінің
мөлшерін төмендету жылу және электр энергия өндірудегі ең қолайлы технологияларды
ендіру ең өзекті міндеттердің бірі болып табылады.
Қазіргі кезде күкірт оксидтерінің шығарылымдарын төмендетуде қолайлы
технологиялар, оның ішінде құрамында күкірт бар отынды жағатын энергетикалық
қондырғылар пайдаланылады:
- бастапқы отында күкірт концентрациясын алдын-ала (жағудың алдында)
төмендету;
- атмосфераға шығарылатын түтінді газдарды күкірт оксидтерінен арнайы
қондырғылардың көмегімен тазалау;
- баламалы отын ретінде қалдықтардан алынатын екіншілік отынды
пайдалану;
Десульфуризация әдісі (бастапқы отынды күкіртсіздендіру) — жылу энергетика
кәсіпорындарының шығарылымдар көлемін төмендетуге бағытталған болашағы бар
бағыт. Осы технологияны пайдалану кезінде күкірт оксидтерінің түзілуімен байланысты
теріс салдарын жою міндеті толық қанды орындалады. Сонымен қатар десульфуризация
өнімдерін жою қажет етілмейді, ол осындай отынды жағу тиімділігін арттырады. Бірақта
бұл үрдіс техникалық жағынан өте күрделі болып келеді, ал осы технологияны ендіру
үлкен шығындарды қажет етеді.
Ең кең тараған әдіс – күкірт тұтқыш құрылғылардың көмегімен күкірт
шығарылымдарын тазарту.
Қазіргі кезде түтін газдарынан SО
2
жоюдың сексеннен аса модификацияланған
жолдары белгілі. Түтін газдарынан күкірт ангидридін жоюдың технологиялық үрдістерін