Әдебиеттер тізімі:
1. Лелеков, В.И. Комплексный анализ производственно-хозяйственной деятельности
типовой тепловой электростанции: учебное пособие / В.И. Лелеков. — М.: Изд-во МГОУ,
2011. — 124 с.
2.http://www.complexdoc.ru/ntdpdf/483870/metodicheskie_rekomendatsii_po_otsenke_effektiv
nosti_ investitsionnykh_proek.pdf. http://www.tgk9.ru/rus.html.
3.[Электронный ресурс] / Госкомэкологии РФ. — URL:
http://www.waste.ru/uploads/library/usherb.pdf.
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Каримқызы Г., к.б.н. доцент Бергенева Н.С.,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қаласы
Қазақстандағы тәуелсіз жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің
мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан
Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы
ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін – қоршаған ортаны қорғау және
табиғи
ресурстарды
ұтымды
пайдалану
саласындағы
мемлекеттік
саясатты
қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті.
Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары
техногендік салмақ түсіретін, табиғатты пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі
қалыптасты. Сондықтан әзірге экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы әзір бола
қойған жоқ және ол Атырау облысы үшін де тән жағдай.
Бәрімізге мәлім, Атырау облысы көмірсутегі шикізатын өндіру және өңдеу
жұмыстары көлемінің қарқынды өсуімен қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуде,
сондықтан жыл өткен сайын экологиялық проблемалар артуда.
Облыстағы негізгі экологиялық проблемалар сипаты мен көлеміне қарай
трансшекаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі деп бірнеше түрге бөлініп
қаралады.
Бүгінгі таңда, облыс бойынша әлі де шешімін таппаған басты мәселелер қатарына:
атмосфералық ауаның ластануын, су ресурстарының ластануы мен тиімсіз
пайдаланылуын, тарихи ластануды, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жиналуын және
т.б. атауға болады.
1. Атмосфералық ауаның экологиялық проблемалары.
Атмосфералық ауаның ластануы халықтың денсаулығына зиянды әсерін тигізетін,
қоршаған ортаға әсер ететін жетекші факторлардың бірі болып қалады. Атырау
облысында атмосфералық ауаның жағдайына барынша зиянды әсерді мұнай газ секторы
мен энерго-коммуналдық шаруашылықтарының кәсіпорындарынан шығатын ластағыш
заттар тигізеді. Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының (42 ірі) атмосфераға
шығарындылары жылына жүз мыңға жуық тоннаны құрайды, олардың 80-85% мұнай газ
секторының кәсіпорындарынан келеді. Мысалға, аса ірілері олар, «Теңізшевройл» ЖШС
(Теңіз және Королевское кен орыны), Аджип компаниясы (Қашаған жобасы), Атырау
мұнай өңдеу зауыты, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Интергаз орталық Азия» АҚ-ның «Атырау»
бөлімі, «КазТрансОйл» АҚ «Батыс» филиалы және т.б.
Атырау облысында мұнай өндіру және оны өңдеу кәсіпорындар қызметі кезінде
күкірт сутегі, қатты бөлшектер, күкіртті ангидрид, көміртек тотығы, азот тотығы және
көмірсутегі оксидтері және т.б. көптеген ластаушы заттар атмосфераға бөлінеді.
Сондықтан, атмосфераның ластануы мұнай мен газды өндіру және оларды өңдеумен
айналысатын кәсіпорындардың қызметіне тәуелді. Мысалы, облыс бойынша ластаушы
170
заттар шығарындысының жылдық жалпы көлемі жоғарыда айтып кеткендей, 85% мұнай-
газ секторындағы кәсіпорындар шығарындысы құрайды, ал олардың 70% артығы тек
«Теңізшевройл» ЖШС қызметінен болатын шығарындылар. Талдау барысында
анықталғаны, соңғы 5 жыл ішінде ТШО-мен табиғатты қорғау шараларының жоспарын
жүзеге асыру үшін 160 млрд. теңгеден артық қаржы игерілген. Бірақ осы кезең
аралығында жоспардың бірде бір тармағымен өнеркәсіп шығарындыларындағы ластаушы
заттарды залалсыздандыру және жоюды қамтамасыз етуші шаралар қаралмаған. Есептік
деректерге сәйкес, өткен жылы ТШО-ның атмосфераға жіберген шығарындысы 64 мың
тоннаны құрады, өйткені компанияда тазартушы жабдықтар жоқ. Соңғы жылдары
атмосфераға тасталатын шығарындылардың ТШО зауыттарында белгіленген нормативтен
артық болуы (Тенгиз мұнай өңдеу зауыты, екінші кезең және шикі газ айдау зауыты) жиі
қайталануда, олардың саны арта түсуде және олар рецидивті сипатқа ие болып отыр. Тек
соңғы 6 жылдың ішінде ТШО зауыттарында белгіленген нормативтен артық
шығарындыны атмосфераға тастау бойынша 72 оқиға орын алған. Осылайша 94 мың
тонна газ жағылған және атмосфераға шамамен 5 мың тоннадай зиянды заттар тасталған,
атмосфераға 47 млрд. теңгеден артық сомаға зиян келтірілген.
Зиянды заттар шығарындысы мөлшерінің белгіленген нормативтен жыл өткен сайын
арта түсуі, адамдар денсаулығына жағымсыз әсерін тигізуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша, Жылыой
ауданында 2007 жылмен салыстырғанда 2012 жылы тыныс органдары сырқатының 21%
өсуі анықталып отыр, осы сырқаттың қарқындауы бойынша осы аудан 1-ші орынға
шығуда (2007 жылы – 11 691,0 адам, 2012 жылы – 14 891,0 адам, 100 000 халыққа
шаққанда).
Тыныс органдарының қабынуы алдымен, тыныс органдарына сыртқы ортаның
қоздырғыш факторлары секілді қоздырғыштарының түсуімен тікелей байланысты: шаң,
күкірттің әсері және т.б., бұл нәтижесінде ентікпе, астмаға, аллергиялық сипаттағы
сырқаттарға соқтырады. Сонымен қатар, зиянды және жағымсыз өндірістік факторлардың
өндірістік кәсіпорындарда жұмыс жасайтын жұмысшылардың ағзасына ұзақ уақыт әсер
етуі салдарынан болатын сырқат түрлері де арта түсуде. Зерттеу жұмыстарының алдын
ала болжамы бойынша, соңғы 20 жыл ішінде Атырау қаласы халқының арасында сүйек-
бұлшық ет жүйесі ауруы сырқатының 9 есеге, қан аурулары мен қан тамыры органдары
ауруының және жекелеген иммунитет механизмдерінің бұзылуына соқтыратын сырқат
түрлерінің 6 есеге көбейіп отырғаны анықталуда. Облыстық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша осындай деректер
«Теңізшевройл» ЖШС мен оның мердігерлерінде және «Казтрансгаз» АҚ-ның өндірістік
басқармаларында орын алуда.
Атырау қаласында, басқа да өнеркәсіп ошақтары орналасқан қалалар секілді,
қоршаған ортаның ластануы қарқынды орын алуда, ол өндіріс нысандары көлемінің және
автокөлік құралдарының артуымен тікелей байланысты, мұның халықтың денсаулығына
әсер етпей қоймайтыны анық. Сонымен, жалпы облыс бойынша автокөлік санының өсуі
2009 жылмен салыстырғанда 70 % жетті, ал облыс орталығындағы автомашина саны екі
есеге артты.
Салыстыра жүргізілген талдау нәтижесінде, стационар және жылжымалы көздермен
атмосфералық ауаның ластану деңгейінің бірлескен есебін шығару үшін қолданылатын
біржолғы ластаушы заттар шығарындысының максимальды саны, әрбір зат бойынша
атмосфераны ластауға үлес қосушы негізгілер түрінде анықталып отыр. Атап айтқанда,
стационар көздер ауа бассейнін күкірт диоксидімен – 99 %, күйе – 97 %, азот оксиді – 89
% және диоксидімен – 86 % ластауға негізгі үлес қосушылар болса, жылжымалы көздер
бензапирен – 94 %, бензин - 94 %, керосин - 87 % және көміртек оксидімен – 73 %
ластаушылар.
Сонымен қатар, қаланың атмосфералық бассейінін ластауда ҚТҚ полигонының да
атқаратын рөлі зор. Бүгінгі таңда, аталған полигон рухани пайдалану тұрғысынан да
171
тозған, экологиялық және санитарлық эпидемиологиялық талаптарға мүлде сай келмейді.
Қалдықтардың өртенуі жиі қайталанып отырады және қаланың атмосфералық бассейні
ластаушы негізгі көзіне айналып, осылайша қала тұрғындарының наразылығын туғызуда.
«Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аналитикалық лаборатория» ЖШС-мен
жүргізілген зерттеулер бойынша үстіміздегі жылдың сәуір айы мен қыркүйек айларының
арасында жекелеген ластаушы заттар бойынша шектеулі рауалды шығарынды
концентрациясының 40 рет артық болу деректері тіркелген. Атап айтқанда, сынаптың
ШРК-ның артық болуы 11 рет, метилмеркаптан бойынша 9 рет, күйе бойынша 156 рет
қайталанып отыр.
Сондай-ақ қаланың сол жақ жағалауында орналасқан булану алаңы да өзінің әсерін
тигізбей қоймайды. Ол халық ішінде «Сасық жыра» деп аталып кеткен, канализация-
тазарту құрылғысының болмауы салдарынан, қаланың осы бет бөлігіне ағынды сулар
тазартылмастан жиналады.
Сонымен қатар, 2015 жылға қарай шығарынды көлемі 2 есеге артады деп күтілуде.
Бұл Аджип компаниясының «Болашақ», «Тенгизшевройл» ЖШС-нің үшінші кезеңдік
зауыты, «АМӨЗ» ЖШС-нде бензол мен хош иісті көмірсутегін терең өңдеу және кешенді
өндіру бойынша ірі негізгі нысандардың, сондай-ақ мұнай-газ химиялық кешендердің
және т.б. пайдалануға берілуімен байланыстырылуда.
Атырау облысындағы атмосфераға шығарылатын эмиссия көлемінің жиынтық
динамика түріндегі көрсеткіші (мың.тонна).
2. Cу ресурстары проблемалары.
Бүгінгі күні Атырау облысында су ресурстарының тапшылығы күн өткен сайын
терең сезіліп келеді. Атырау аймағы Ресей Федерациясының су шаруашылығы саясатына,
өңірге оның аумағынан облыстың шаруашылығы үшін аса маңызды Жайық және Қиғаш
сияқты су күрелерінің ағуына байланысты тәуелді болғандықтан, жағдай бұдан әрі
шиеленісуде. 2009 жылы Жайық өзенінің ағыны 5,3 млрд. м
3
құраған немесе бұл қажетті
көпжылдық мөлшерден (11 млрд.м
3
)
екі есеге кем. Сондай-ақ, 2010 жылы өзен өз
арнасынан шыққан жоқ. Нәтижесінде Жайықтың табиғи ортасы айтарлықтай өзгерістерге
ұшырап, өзен таязданып, ластанып, судың сапасы нашарлап, жайылма ормандары құрып
барады. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарада су ағынын
анықтайтын гидробекеттер жоқ, бұл Қиғаш өзенінің жоғарғы жағынан келетін судың
мөлшерін анықтауды қиындатуда. Алайда, қолда бар деректер бойынша орташа
көпжылдық ағын мөлшері 13 млрд.м, құрайды, ал 2009 жылы 9-10 млрд.м. жуық немесе
70 % құраған. Одан кейінгі жылдары да осыған ұқсас жағдай қайталануда.
172
Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықтардан
шығатын төгінділердің 80 %-ы Атырау қаласында, Жылыой ауданы Құлсары қаласы мен
Индер ауданында орналасқан булану алаңдарына тасымалданады. 2009 жылы облыс
бойынша ақаба сулардағы ластағыш заттардың нақты мөлшері 95,7 мың тоннаны құрады,
бұл 2008 жылғы көрсеткіштерден 3 мың тоннадан жоғары. Бүгінгі таңда облыстың барлық
аудан орталықтарында кәріз-тазарту қондырғылары жоқ, ал бар жүйелер тозған, бұл
қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізеді.
3. Каспий теңізінің ластануы.
Қазіргі уақытта Каспий теңізінің флорасына, фаунасына және экожүйесіне алдағы
тұрған қазақстандық сектордағы көмірқышқыл шикізатын кеңінен игерумен шынайы
қауіп төніп тұр. Мексика бұғазындағы экологиялық апаттан кейін Каспий теңізіндегі
мұнай операцияларына көпшіліктің назары маңызды өсті. МӨС және өңір халқы аса
шекті қамкөңілділік танытып, болашақта қандай да бір осындай проблемалардан аулақ
болу үшін, әр түрлі деңгейдегі мұнайдың төгілуінің алдын алу базасын құрып, бүгіннен
бастап кейінге қалдырылмайтын шаралар қабылдауды талап етеді. Каспий теңізіндегі су
басу аймағында орналасқан суға кеткен мұнай ұңғымаларынан болатын су ағыстарынан
туындаған тәуекелдер жағдайды одан әрі тереңдете түседі. Өңірде мұндайлар бүгінде
мыңдап саналады және олар теңіздің ластануының маңызды себептерінің бірі болып
табылады. Оларды жою жөніндегі жұмыстар өте баяу қарқынмен жүргізілуде, ал
қаржыландыру көлемдері азайтылуда. Ұңғымалардың ұзақ уақыт бойы теңіз суының
астында болуымен байланысты олар активті тотығуға, бұзылуға ұшырайды және Каспий
теңізінің экожүйесіне байыпты қауіптілік төндіреді. Мұнайдың болу фактілері 2001 жылы
Оңтүстік-Шығыс Тәжіғали кен орнында, ал Прибежный кен орнында 2003 жылы,
сонымен бірге 2006 және 2007 жылдары орын алды. 2004 – 2009 жж. аралығында
Республикалық бюджеттік бағдарлама аясының шеңберінде 47 мұнараны жою жұмыстары
жүргізілді, ал 2010 және 2012 жылдары осындай жұмыстар жүргізілген жоқ. Сонымен
бірге
осыған
ұқсас
мұнай
мұнаралары
облыстың
жекеленген
табиғатты
пайдаланушыларында да бар. Атап айтсақ, Батыс Қазақстан кен орындарын пайдалану
және геология департаментінің «Ембімұнайгаз» АҚ деректері бойынша тек Жылыой
ауданының аумағында ғана Каспий теңізінің су басқан аймағында орналасқан өзінің
балансында 60 апаттық ұңғыма бар. Осыған ұқсас мұнаралар «Арнаойл», «Қожан» және
«Люцент Петролеум» жауапкершілігі шектелген серіктестіктерінде де бар.
4. Күкірттің түзілуі, жинақталуы және сақтау.
Күкірт шикі мұнай мен ілеспе газдың құрамында болады. Атырау облысы Теңіз кен
орнында өндіріліп жатқан мұнайдың құрамында шамамен 14 % күкіртті сутек пен басқа да
күкіртті қосылыстар бар және Теңіз кен орнында 2,5 млн. тоннадан астам күкірт
жинақталып, күкіртті сақтаудың аса ірі ошағы бар. Күкірттер ашық аспанда
сақталғандықтан, жел әсерімен атмосфераға тарап, жақын арада орналасқан елді-
мекендегі халықтардың денсаулығына мейлінше зиянын тигізеді. Ол, бүгінгі күні өңірдің
ең өткір экологиялық проблемаларының бірі болып табылады.
5. Өндіріс қалдықтары және тұтыну.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөлді қалдықтарды кәдеге
жарату, сақтау және қайта өңдеу мәселесін шешу алады. Қалдықтар - бұл ресурстар,
«қайталама шикізат базасы», сонымен бірге ол айналаны қоршаған ортаны ластайтын
негізгі фактор. Облыс аумағындағы полигондар мен жинақталымдарда 3 млн тоннадан
астам қалдықтар жинақталған. Жыл сайын жаңадан 200 мың тонна өнеркәсіптік
қалдықтар, 40 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар жинақталады. Облыс бойынша
қауіпті қалдықтардың 86 түрі бар, қауіпті қалдықтардың 7 мыңнан астам паспорты
тіркелген. Мұнай шламы (сұйықты сүзгенде қалатын қалдық), мазутталған грунт, бұрғы
шламы түрінде қалдықтар жинақталған 100 мың тоннадан астам өнеркәсіптік
қалдықтардың 28 полигондары бар. Сондықтан, осы қалдықтардың кәдеге жаратылуы
мен қайта өңделуі өткір қойылып тұрған проблемалар.
173
6. Әскери – сынақ полигондары.
«Азғыр» полигоны Құрманғазы ауданында орналасқан, алаңы батыстан шығысқа
шамамен 20 км. және оңтүстіктен солтүстікке 15 км. құрайды. Азғыр және Тайсойған
ядролық-әскери сынақ полигондарынан шығатын радиоактивті заттар адамдардың
экологиялық қауіпсіздігі мен денсаулығына шынайы қатер төндіріп тұр. Азғыр полигоны
қызметін бағалау мен оның салдарын жою мәселелері осы уақытқа дейін шешімін
таппаған.
Қорытындылай келе, жоғарыда аталған экологиялық мәселелерді шешу, табиғаттың
ахуалын түбегейлі жақсарту үшін бірінші кезекте төмендегідей іс-шаралады іске асыру
қажет:
Жасыл желектер санын көбейту;
Өндірістен қалдық заттардың ауаға таралмауы үшін зауыттарға тазартқыш
қондырғылар, сүзгілер орнату;
Балама су көзі ретінде Каспий теңізі суын тұщыту арқылы өндіріске
пайдалануды қарастыру;
Жер асты суларын барлау жұмыстарын жүргізіп, оны кәдеге асыру;
Бекіре тұқымдас балықтар санын көбейту үшін жасанды зауыттар салуды
қарастыру;
Күкірттің негізгі тұтынушылары агроөнеркәсіптік, мұнай химиялық және
құрылыс салалары болып табылады. Күкірт қағаз, резина, мата жасауда аса қажетті
құрамдас бөліктердің бірі, сондай-ақ күкірт әрлеуіш заттар, пластмасса мен бояулар
жасауда, фармацевтикада, кен-руда саласында, цемент, асфальт, шыны және болат
өндіруде, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын арттыруға арналған минералдық
тыңайтқыштар мен химикаттар өндіруде де кеңінен қолданылады. Сондықтан көрсетілген
саланың Қазақстан үшін коммерциялық әлеуеті бар екенін ескеріп, тиісті заводтар салуды
қарастыру.
Қала және аудан орталықтарында озық және заманауи технологиялық
қалдықтарды жинақтайтын полигондарды салуды қарастыру;
Тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды екінші рет пайдалану үшін сұрыптау
және кәдеге жарату зауыттарын салуды қарастыру;
Азғыр ядролық сынақ полигонының айналаны қоршаған ортаға және халықтың
денсаулығына әсер етуінің радиоэкологиялық, экологиялық – экономикалық және
медициналық зерттеуін кешенді жүргізу және ядролық сынақ полигонына жақын
жерлердегі ойылып түскен жерлерді жою. Сонымен бірге Тайсойған, Капустин Яр және
Азғыр ядролық сынақ полигондарына жақын орналасқан жерлерде тұратын халықтардың
денсаулығын және экологиялық жағдайын сауықтыру жөнінде кешенді шаралар
қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: |