181
Қазақстан Республикасында табиғи апаттарды болдырмау шаралары бойынша
жалпы мемлекеттік деңгейде бірнеше заңнама актілері қабылданған. Бұл 1997 жылғы
№100-1 «Азаматтық қорғаныс туралы», 1996 жылғы №19 «Табиғи және техногенді
сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңдары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1997 жылдың 28 тамызындағы №1298 «Төтенше жағдайларды жою мен алдын
алу мемлекеттік жүйесі туралы» қаулысы. Берілген нормативті құқықтық актілерге сәйкес
ҚР ТЖ Министрлігі мен Алматы қаласының Әкімдігі сәйкес әкімшілік саясатты өткізді.
Алматы қаласындағы төтенше жағдайлар мен апаттарды жою және алдын алуды
ұйымдастыру, азаматтық қорғаныс, мобилизициялық дайындық бойынша басқармамен
«2004 жылы Алматы қаласында төтенше жағдайларды алдын алу жоспары» және «2007
жылғы Алматы қаласында сейсмикалық
қауіптерге байланысты,
тәуекелдерді басқарудағы
кешенді бағдарлама» өңделді.
Алматы қаласындағы сейсмикалық қауіп тәуекелдерін азайтудағы маңызды
мәселелердің бір болып – жер сілкінуге тұрақты ғимараттарды нығайту болып табылады.
Бұл жер сілкінулерге тұрақты ғимараттардың өлшемдеріне негізделеді.
Алматы қаласы өнеркәсіптік және ауылшарушылық тауарларымен жетілген
нарықтық және экономикалық мемлекеттік орталық болып табылатындықтан, үлкен
көлемді табиғи апаттар кезінде, қала қосымша көмек пен алғашқы қажетті заттарға
тәуелді болады.
Алматы қаласында жер сілкінісі тәуекелі деңгейінің жоғары екендігіне қарамастан,
мұнда Спитака және Сычуань сияқты үлкен көлемді жер сілкінісі жайында жиі айтылады.
Соңғы 10 жылда Алматы қаласында айтарлықтай зардабын тигізетіндей, үлкен көлемді
сейсмикалық қауіп орын алмаған. Осыған байланысты, қалада сейсмикалық қауіптің
алдын алу бойынша шаралар жеткілікті мөлшерде қолданылмайды деген қауіптену бар /1/.
Жер сілкінісі барлық табиғи апаттардың ішіндегі үлкен көлемді қирауға алып
келетіндердің бірі. Жүздеген және мыңдаған жыл бұрын болған қирау жағдайлары туралы
мағлұматтар,
халық аңыздарында, шежірелерінде, көркем шығармаларда тіркелген.
Жер сілкінісі көбінесе көптеген мыңдаған шақырымдарда Жер аумағы бойынша
созылатын, сейсмикалық белдеу деп аталатын, шекті санаулы негізде пайда болады. Бұл
аудандар Әлемдік мұхит жағалауларында орналасқан немесе таулармен қамтамасыз
етілген. Дәл осы аудандарды адамдар бұрыннан-ақ иеленген, себебі бұл жер өмір сүру мен
шаруашылық жүргізуге ыңғайлы /2/.
Алматы қаласы, Жерорта теңізді - Азиялы сейсмикалық белдеу аймағында
орналасқан, Қазақстан Республикасының мәдени, экономикалық және ірі әкімшілік
орталығы болып табылады. Алматы қаласын дүр сілкіндерген соңы қауіпті жер сілкінісі
1911 жылдың 4 қаңтарында болған және
XX ғасырдағы күшті континентаралық жер
сілкінісінің қатарына жатады.
Осы табиғи апатқа дайындалу мақсатында алдын-ала іс – шаралар жүргізіледі. Күшті
жер сілкінісі қорқынышы болмас үшін, мекеме жоғары сапалы құрылыста және берік
құрылыс материалдарымен жобаланады. Сейсмикалық жағдайды болжау мен
республикалық бақылау жүйесі қызмет атқарады және құтқаруды ұйымдастыруға
дайындалады. Сонымен қатар, жер сілкінісінің пайда болуы мен қаупі жағдайындағы
қауіпсіздік шаралары жетілдірілген, бұның орындалуы сейсмикалық аймақта тұратын
әрбір адамға қатысты.
Әлемдік статистика бойынша жер сілкінісі кезінде зардап шеккендердің 70 %-ы
күшті жер сілкінісінің не екендігін, оның салдары қаншалықты екендігін, жер сілкінісі
кезінде және жер сілкінісінен кейінгі өзін-өзі ұстау ережелерінен хабары жоқ адамдар
болғандығын айтады.
Сондықтан күшті жер сілкінісі мүмкін болатын аймақта тұратын әрбір адам баласы,
жер сілкінісі және одан қорғану шаралары туралы жеткілікті ақпаратта болуы қажет.
Қиын жағдайдағы іс-әрекет дағдылы әрекеттен бұрын өңделуі қажет, сол кезде ғана
адамда сасқалақтау болмай, барлығын дұрыс жасайды. Өзін құтқара отырып, басқаларға
182
да көмек көрсетеді. Жыл сайын 100 000 дейін жер сілкінісі болып тұрады, бірақ та көбісі
әлсіз болғандықтан, оларды тек арнайы құралдың көмегімен ғана анықтап белгілеуге
болады. Айтарлықтай шығынға ұшырататын, мың әлсіз жер сілкінісі - бір күшті
сілкініске алып келеді.
Алматы қаласы мен Алматы облыстарының сейсмографтары жыл сайын 400 дейінгі
жер беті дүмпулерін анықтап отырады /3/.
Жер сілкінісі пайда болуына байланысты бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: