Байланысты: ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)
ХИМИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ ОБЬЕКТІДЕГІ ЖАРЫЛЫС ҚАУІПТІЛІГІН ТӨМЕНДЕТУ Мауленова Жайна әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Зауыттардан шығатын зиянды заттар қоршаған ортаны ластап қана қоймай, сол
зауытта жұмыс жасайтын адамдардың өміріне қаупін төндіретін зиянды және қауіпті
факторларға тәуекел. Елімізде зауыттардың көп болуы экономикамыздың дамуын
арта түсіруде, дегенмен олардың жарылыс тудырып, бірталай азаматтарымыздың
өмірін өлімге алып келіп жатады. Жалпы, өндіріс орындарының өртке және
жарылысқа қауіптілігі бойынша 6 категорияға бөлінеді: А және Б категориясын
өрт-жарылысқа қауіпті, В, Г және Д өртке қауіпті, ал Е категориясы жарылысқа
қауіпті деп саналады: 1) өрт қаупі бар, егер ғимарат ішінде біртексіз жанғыш қоспа
болса; 2) жарылу каупі бар, егер біртекті жанғыш заттар болса.