«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір


-сурет. Энергия тиімділігін арттырудың әлеуеті: «жасыл» және базалық



Pdf көрінісі
бет29/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   160
Байланысты:
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)

 
1-сурет. Энергия тиімділігін арттырудың әлеуеті: «жасыл» және базалық 
сценарийлерді салыстыру 
 
 


46 
 
Екіншіден,  энергияның  тиімділігін  арттыру  күрделі  шығындарды  азайтуға  жол 
береді. Мысалы, электр энергиясын генерациялау жүйесін дамытуға байланысты энергия 
тиімділігі жөніндегі шаралар 6 млрд-тан 15 млрд. АҚШ долларына дейін үнемдеуге жол 
береді. 
Үшіншіден,  қоршаған  ортаға  тигізетін  әсерін  шектеу  де  маңызды  себеп  болып 
табылады.  Себебі  энергия  тұтыну  деңгейін  азайту  көмірқышқыл  газы  мен  басқа  да 
ластайтын заттардың шығынын азайтуға мүмкіндік береді. 
Экономиканы  дамытып,  энергия  тиімділігін  арттыру  жөніндегі  шараларды  іске 
асыру  барысында  2030  жылға  қарай  энергия  тұтыну  жылына  2,3%,  2050  жылға  қарай 
1,2%, яғни сәйкесінше 136 млрд. кВт. сағат және 172 млрд. кВт.сағатқа дейін өсуге алып 
келеді.  
Қазақстанда  электр  станцияларының  ескіруі  мен  электр  энергиясына  өсіп  отырған 
сұранысқа  байланысты  жаңа  қуаттарды  салу  талап  етіледі:  жаңартылатын  энергия 
көздерінің  белгіленген  қуатын  қоспағанда  тұрақты  емес  энергия  көздері  ретінде  2030 
жылға қарай 11-12 ГВт (бұл 2012 жылдағы қуаттың 60% сәйкес келеді), 2050 жылға қарай 
32-36 ГВт құрайды. 
Қазақстанда энергетика саласын дамуы келесідей негізгі факторларға тәуелді [5, 29 
б.]: 
1.  Энергия тиімділігін арттыру шараларын қабылдаудың есебінен электр энергиясын 
тұтынуды азайту; 
2.  Бүгінгі таңда бар қуаттарды жаңарту
3.  Бүгінгі күні өзіндік құндылығы тұрғысынан электр энергиясын өндіретін бәсекеге 
қабілетті  әр  түрлі  технологиялар,  соның  ішінде  болашақта  дәстүрлі  және  жаңартылатын 
технологиялардың эволюциясын арттыру; 
4.  Көмірқышқыл газының шығымын қысқарту жөніндегі жобаларды іске асыру
5.  Электр  энергиясын  өндіру  үшін  газдың  қолжетімділігі  және  оның  бағасын 
арзандату. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет