45
СЭС каскадтарының құрылысы нысанда толығымен іске қоспағанның өзінде
қуаттылықты
пайдалануға
мүмкіндік
береді,
бірінші
агрегаттарды
енгізіп,
электроэнергияны алуды жылдамдатады, сонымен қатар қор беріп, капиталдың салым
тиімділігін де арттырады.
Шығыс Қазақстан Облысы шағын аудандарында шағын СЭС құрылысының толық
мүмкіндіктері бар, олар 1960 жылдары шағын СЭС жұмысының есебінен өзіне қажетті
электроэнергияның жартысын алып, қуатты энергия көздерін енгізу есебінен облысты
орталық энергиямен қамтамасыз ету жүйесі бұзылған.
Бұндай қалыптасқан жағдайдың ұтымды жақтары келесідей:
1. Арзан электр энергиясымен жабдықтайтын су электр станциялары өндіретін
электр энергиясының үлесі
жоғары болады;
2. Кернеулігі 100 кВ және одан төмен электр энергиясын беру жүйесін
қалыптастыратын желілердің сызбасының сәттілігі;
3. Жаңартылған энергия әлеуетінің бар болуы: су ресурстары 20 млрд. кВт.сағ, жел
энергиясы – 10 млрд.кВт. сағат;
4. Электр энергиясын экспорттау мүмкіндігінің болуы;
5. Отын-энергетикалық ресурстар қорының бар болуы.
«Жасыл экономика» тұжырымдамасы бойынша энергия тиімділігін арттыру үшін
кедергілер де бар. Олар: энергия ресурстарына белгіленетін бағаның тиімсіз жүйесі,
жергілікті өндірістердің дамымай қалуы және импортқа шығарылатын құрылыс
материалдарының өзіндік құнының жоғары болуы, шашыраңқы нарық, қаржыландыру
жүйесінің шектеулі болуы, энергия менеджменті туралы ақпаратты жеткілікті меңгермеу,
осы салада ықпал ететін заңнамалық тактілер мен дағдылардың болмауы. Энергия
тиімділігін арттыру үшін Қазақстан осы кедергілерді жоюы керек.
Елімізде энергияға деген сұраныс 65 млн. тоннаны құрайды. Негізгі энергияны
қажет ететін секторлар (барлық энергиямен тұтынудың 98%): энергиямен жабдықтау,
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы (ғимараттар),
өнеркәсіп, көлік салалары.
«Жасыл экономика» тұжырымдамасына сәйкес энергия тиімділігін арттыру үшін
бұндай іс-шараларды іске асырудың пайдасы зор.
Біріншіден, бұндай шараларды жүргізу көп жағдайда тиімді болып саналады, яғни
үнемдеген энергияның құны оларды іске асыруға жұмсалған шығындардан асып түседі.
Шындығында, Қазақстан Республикасы негізгі энергия тұтынушы секторларда сұранысты
қазіргі кездегі базалық жоспармен салыстырғанда 2030 жылы қосымша 10%, 2050 жылға
қарай 15% дейін төмендете алады, бұл жалпы ішкі өнімнің энергия қажеттілігін 2013
жылмен салыстырғанда 2030 жылға қарай 35%, 2050 жылға дейін 50% дейін төмендеуіне
алып келеді [5, 25-28 б.].
Достарыңызбен бөлісу: