«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір


SPATHIPHYLLUM  ГҮЛІНІҢ  БАУ-БАҚША ТОПЫРАҒЫНДА ӨСУ



Pdf көрінісі
бет41/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   160
Байланысты:
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)

SPATHIPHYLLUM  ГҮЛІНІҢ  БАУ-БАҚША ТОПЫРАҒЫНДА ӨСУ 
ҚАБІЛЕТТІЛІГІ 
Шалатаева Айгүл Қайратқызы, Байташева Гауһар Өмірәліқызы 
ҚазМемҚызПУ 
                                                                         
                                                               Түйіндеме 
Спатифиллум гүлінің өсуіне ең қолайлы орта, Талғар ауданынан алынған бау бақша 
топырағы. Бұл орта Спатифиллумды өсірудің экономикалық тиімді тәсілінің бірі. 
                                                               Резюме 
Садовая почва Талгарского района является наиболее эффективной средой для роста 
цветка Спатифиллум. Эта среда является экономически выгодной.  


62 
 
 
Қазақстан  тәуелсіздіктің  үшінші  онжылдығына  батыл  қадам  басуы,  адам 
капиталының  сапасының  артуы    қоғамның  алға  қарай  жылжуға  деген  ұмтылысы  білікті 
мамандарды  даярлауда  жаңаша  өнімді  экологиялық  білім  беру  тұғырларын    талап  етіп 
отыр.  
Қазақстан жері кең байтақ, әсем табиғаты мен күнмен таласқан таулары кез-келген 
адамның көзінің жауын алмай қоймайды. Алайда сол табиғаттың тылсым күшіне айналған 
өзен  көлдерімізді  біз  адамзат  баласы    шектеусіз  пайдаланып,  қажеттілігімізге  жаратып 
табиғатты  аяусыз  жаныштаудамыз,  сол  іс-әрекетіміз  азайтпасақ  өзіміздің  әсем  табиғат 
байлықтарымызды  апатты  жағдайға  айналуына  себепші  болып  отырмыз.  Қазақстан 
өсімдіктер  мен  жануарлар    дүниесіне  бай  мемлекет,  сол  өсімдіктердің  қазіргі  таңдағы 
жағдайы  бізді  толғандырмай  қоймасы  анық.  Ол  өсімдіктер  мен  жануарлар  экологиялық 
бақылауға алынып, қорғауға алынып жатыр. Сонымен қатар шетелден әкелініліп елімізге 
жерсіндіріліп  табиғатымызды  көркейтіп  өсімдіктердің  бірі  әсем  Әйел  бақыты  гүлі.  Әйел 
бақытының  ғылыми  атауы  Спатифиллум  гүлі.  Бұл  гүлді    зерттеуге  алған  себебіміз 
Спатифи ллум (лат. Spathiphyllum) бұл сұранысы жоғары шөп тектес өсiмдiк. Әдетте 60 см 
өседі.  Осы  өсімдік Колумбия ормандарында  кездеседі.  Тек  36  түрлер  белгілі.  Ол  мәңгi 
жасылы өсімдік. Біздін елде осындай өсімдік бөлме өсiмдiктерi сияқты өсiредi. Мамырда 
гүлдейдi.  Тамырсабақ  қысқа.  Сабағы  болмайды  -  тамыр  қасындағы  жапырақтар 
топырақтан 
шоқ 
тiкелей 
құрастырады. 
Спатифиллумның 
(SPATHIPHYLLUM 
СПАТИФИЛЛУМ) бүгінгі таңда 45 түрі белгілі. 
Олар  тропикалық Америка, Филиппин аралдарында, Колумбия мен Бразилияда кең 
таралған.  Біздің  елде  бөлме  өсімдігі  ретінде  өсіріледі.  Бұл  аялы  алақанға  ұқсайтын 
гүлдеріне  байланысты  болуы  мүмкін.  Гүлдерінің  түсі  ақ,  ұзындығы  шамамен  7-12  см 
болады.  Гүлінің  сыртындағы  қаптамасының  түсі  түріне  қарай  әртүрлі  болып  келеді. 
Гүлдері  ұзын  сабақ  басында  орналасады.  Сабағының  ұзындығы  30  см.  Көктемде  екі 
аптадай  гүлдейді.  Жаздың  аяғында  екінші  мәрте,  қыста  үшінші  рет  гүл  жарады.  Солған 
гүлдерін  түбінен  кесіп  тастау  керек.  Гүлдегеннен  кейін  де  спатифиллум  үлкен 
жапырақтарымен  әдемі  көрінеді.  Гүлдің  экологиялық  маңызын  анықтауды  мақсат 
еткеніміздің  басты  себебі    сырт  келбеті  әсем,  бейімделуі  ерекше  маңызды    гүл 


63 
 
болғандықтан, гүлдің саны мен түрін көбейту өсуіне қолайлы орта жағдайын қарастыру.  
Шетелдік  гүлдерді  Қазақстан  аумағында  кеңінен  тарату,  әсем  табиғатымыздың  көркіне 
көрік  қосу  біздің  алдағы  басты  мақсатымыз  болып  табылады.    Спатифиллум  гүлін  төрт 
түрлі  топыраққа  Талғардың  құнарлы    топырағына,  Шаңырақтың  сор  топырағына, 
Әмбебап  яғни  Универсал  топыраққа  және  барлығын  араластырып  Аралас  топырақ  түрін 
қалыптыстырып,    қазан    айының  5  күні  отырғызылды.  Егілген  күннен  бастап 
Спатифиллум  гүлін  зерттеу  жұмыстары  жүргізілді.  Спатифиллум  гүлін  қалемшелеп 
көбейту  арқылы    оны  біз  төрт  түрлі  аймақтың  топырағына    отырғызғаннан  соң,  өсу 
барысын  3  күн  сайын  өлшеп  кестеге  түсіріп  отырдық.  Еккен  күніміз  қазанның  5  күні 
әмбебап  топырақтағы  спатифиллум  24  см,құнарлы  топырақтағы  20  cм,  сор  топырақтағы 
спатифиллум  5,5  см,    аралас  топырақтағы  спатифиллум  11  см  болған,  сол  айдың  9  күні  
өлшегенде  әмбебап  топыраққа  отырғызылған  Спатифиллум  24,5  cм  ге  құнарлы 
топырақтағы 20,2 см-ге, ал сор топырақтағы 5,9 см-ге, аралас топырақтагы спатифиллум 
11 см-ге өсті. Ал қазанның  18 күнгі өлшенген спатифиллум әмбебап топырақта 25,8 см- 
ге,  құнарлы  топырақта  20,8  см-ге,  сор  топырақта  6,5см-ге,  аралас  топырақта  12,3  см 
жоғарылаған. Шет елден әкелінген  бөлме  өсімдіктерін  Қазақстанның  әр аймақтарынан 
алынған    тапырақ  жүйесіне    Спатифиллум  гүлін  егумен  қатар,  гүлдің    биологиялық 
ерекшеліктерін анықтай алдық. Спатифиллум гүлі топырақ түрлерінің ішінде Талғардың 
құнарлы  топырағына  бейімделуімен  бірге  өсу  қарқыны  да  басқа  Универсал,  Аралас, 
Шаңырақтың  сор  топырақтарына  қарағанда  біршама  жоғарылау  екен.  Ылғалдылықты 
жақсы көретін бұл гүл, жарыққа қарағанда  қара көлеңкені ұнатады екен (диаграмма-1).   
 
 
 
Біздің    тұжырымымыз    бойынша    Спатифиллум  гүлі  бақылау  жүргізген  уақыт 
аралығында  өз  ерекшелігін  көрсете  алды.  Өйткені    Спатифиллум  әр  топырақта    әртүрлі 
өскенімен, аса қатты топырақ талғамайтын   мәңгі жасыл көпжылдық өсімдік. Таңдалған 
топырақтардың ішінде  біз спатифиллум гүлін Талғардың құнарлы топырағында, әмбебап  
топыраққа қарағанда  жақсы өсетіне көз жеткізіп отырмыз.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет