Аяз ата: Ал айналайын, Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат! Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, Жаңа жыл!
Аяз ата: Ал, кәне балалар сендерге сыйлығым бар. Аталарыңның сыйлығын қуана қарсы алыңдар!
Аяз ата: Ой, бәрекелді, балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп - көп рахмет! Өркендерің өссін! Енді Ақшақар екеуміз аттанайық! Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңыздар!
Ақшақар: Сау болыңыздар балалар, келесі жаңа жылда кездескенше!
Барлығы балалармен қоштасып шығып кетеді. Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата! Сау болыңыз Ақшақар!
(Әсем әуенмен, Аяз ата мен Ақшақар қоштасып, шығып кетеді)
Тәрбиеші: Жаңа жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін! Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!
Келесі жаңа жылда кездескенше аман - сау болайық!
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!