Мені мыстан кемпір үйіне қамап қойды, өзім сиқырлы сөздерімді айтып әрең құтылдым. Ақшақар Эмилия:
Сүйсіндірер маңайды,
Ақшақармын арайлы.
Жалт-жұлт еткен жүзімнен,
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын,
Қалай жаумай жатпақпын.
Менсіз қыстың сәні жоқ,
Ақ үкімді тақпақпын.
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе Аяз ата,Ақшақар!
Біз сізді көп күттік, уайымдадық,әйтеуір, міне, ортамыздасыз!
Қане , балалар босқа қарап тұрмайық, ән думанды құрайық!
Аяз ата сіз отырып демалыңыз, салқындаңыз.
Жаңа жылды тойлауға
Дайындалды қаншалық
Ұлпақар болып ортада
Би билейміз шаттанып.
Қазір біздің ұлпақарларымыз сізді салқындатады.
Би: « Ұлпақарлар»
Тәрбиеші: Аяз ата біздің шыршамыздың шамын жағып беріңіз.
Аяз ата: Балалар кәне маған көмектесіңдерші барлығымыз бірге
«бір, екі, үш шырша шамы жарқырай түс»
Шам жанады.
Тәрбиеші:
Ал келіңдер,келіңдер!
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт Аяз атадан
Алғыс алып көріңдер!
(Балалардың тақпағы)
Ән:
Тәрбиеші: Ой, балалар!
Біз қандай мерекені тойлап жатырмыз?
-Жаңа жылды.
Олай болса ескі жылмен қоштасып, жаңа жылды қарсы алайық.
Балалар тышқан жылын шақырайық.
(Әуенмен тышқан кіреді)
Ескі жыл тышқан Алдияр:
Салеметсіздер ме, қонақтар!
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Достарыңызбен бөлісу: |