Ж.ҚАсымбаев – семей қаласының тарихын алғаш зерттеген ғалым



жүктеу 43.43 Kb.

Дата03.03.2017
өлшемі43.43 Kb.

Н.Т. ЖАНАҚОВА

Абылай хан атынд. Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

тарих ғ.к., доцент, Алматы қ.

Ж.ҚАСЫМБАЕВ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ 

ТАРИХЫН АЛҒАШ ЗЕРТТЕГЕН ҒАЛЫМ

Аннотация

Мақала   көрнекті   тарихшы-ғалым,   тарих   ғылымдарының   докторы,   профессор

Ж.Қасымбаевтың   Семей   қаласының   екі   жүз   жылдық   тарихын   жан-жақты   да   тереңдеп

зерттеген   ғылыми   еңбегін   сарлауға   арналған.   Мақалада   ғалымның   еліміз   тарихында

ерекше орны бар, байырғы рухани-мәдени орталық болып келе жатқан көне шаһардың

өткен шежірелі жолын зерттеуге қосқан үлесі пайымдалады.



Кілт сөздер:  Семей,  қала, орталық, рухани, мәдени,ғылыми, сауда, мұрағат, қарым-

қатынастар, конференция, ғалым, реформа, деректер. 



Ключевые слова:  Семей,  город, центр, духовный, культурный, научный, торговля,

архив, взаимоотношения, конференция, ученый, реформа, сведения.



Keywords:  Semey,  sity, centre,   spiritual,   cultured,  research,  trade,   archive,  relationship,

conference, scientist, reform, information. 

Семей   –   Қазақстанның   солтүстік-шығыс   аймағындағы   көне   қала.   Шығыс

Қазақстанның   маңызды   ірі   әкімшілік,   экономикалық   және   ғылыми-мәдени   орталығы.

ХVI-ХVII ғасырларда Доржыкент қалашығы ретінде белгілі болған, 1718 жылы бекініс

ретінде қала негізі қаланды. Еліміздің рухани-мәдени астанасы болған қалада ұлы ақын,

ойшыл Абай, философ, ақын Шәкәрім, әлемге аты белгілі ғалым-жазушы М.Әуезов, сонау

1925   жылы   Париж   сахнасында   өнер   көрсетіп,   қазақ   музыкасын   бүкіл   дүние   жүзіне

танытқан   атақты   әнші   Әміре,   күш   атасы   Қажымұқан,   ғұлама   ғалымдар  Қ.Сәтбаев   пен

Ә.Марғұлан,   алаш   көсемдері   Ә.Бөкейханов,   А.Байтұрсынов   пен   М.Дулатов,   ұлттық

көркемсөз   шеберлері   Ж.Аймауытов   пен   С.Торайғыров   және   т.б.   көрнекті   өнер,   білім,

ғылым қайраткерлері оқып білім алған, қызмет етіп, өнерлерін көрсеткен.

Міне   өткен   жолы   көп   сырға   толы   осындай   ерекше   қаланың   200   жылдық   тарихын

алғаш рет жан-жақты зерттеген көрнекті тарихшы-ғалым, тарих ғылымдарының докторы,

профессор   Жанұзақ   Қасымбаев   болатын.   Абай   атындағы   Қазақ   педагогикалық


институтында   оқытушылық   қызметін   атқара   жүріп   әрі   өзі   оқыған   Қазақ   мемлекеттік

университетінде   сырттай   оқу   бөлімінің   аспиранты   бола   жүріп   өзі   таңдап   алған

«Төңкеріске   дейінгі   Семейдің   пайда   болу   және   даму   тарихы   (1718-1917   жж.)»   деген

кандидаттық тақырыбы бойынша көп ізденіп жұмыс істеді. Айналасы екі-үш жыл ішінде

Семей, Алматы, Омбы архивтерін жалықпай ақтарып, өзі діттеген тақырып төңірегіндегі

құжаттық,   мұрағаттық   деректерді   жалықпай   қағазға   түсірді.   Жұмыс   барысында   Семей

қаласының екі жүз жылды қамтыған бай тарихына байланысты материалдарды қорытып,

ой елегінен өткізу негізінде бірнеше ғылыми мақала жазып, баспасөз бетінде жариялады,

ғылыми   конференцияларда   мазмұнды   баяндамалар   жасады.   «Ескі   қала   (Семей)»   атты

алғашқы   ғылыми   мақаласы   1968   жылы   кеңестік   заманда   қазақ   оқырманының   үлкен

сұранысына   ие   болған   бірден   бір   ғылыми-көпшілік   басылым   –   «Білім   және   еңбек»

журналында [1,8-9], одан кейін сол жылы «Өткенге көзқарас (Семей қаласы туралы жаңа

деректер)» атты орыс тілінде жазған алғашқы мақаласы кез келген қаламгер атаулының

қолы   жете   бермейтін   беделді   «Простор»   журналында   жарияланып,   ғылыми   қауым

назарын аударды [2, 100-103].

Болашағынан   мол   үміт   күттірген   талантты   жас   ғалым   1969   жылы   Абай   атындағы

Қазақ педагогикалық институтының ХII ғылыми конференциясында «Семейдің ХVIIІ ғ.

екінші жартысындағы орыс-қазақ экономикалық қатынастарын дамытудағы рөлі» деген

тақырыпта   ғылыми   баяндама   жасап,   Семей   қаласының   екі   ел   арасындағы   қарым-

қатынастарды  тікелей  жалғастырушылық  стратегиялық  маңызын айқын көрсетіп  берді.

Бұл   баяндамасы   сол   жылы   шыққан   конференция   материалдарының   жинағында   жарық

көрді.


Жас ғалым Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан бір жақты емес, бүкіл

саяси, мәдени, ғылыми даму тұрғысынан жан-жақты зерттеу бағытын берік ұстанды. Бұл

жағынан   оның   «ХIХ   ғ.   екінші   жартысындағы   Семей   қаласындағы   саяси   жер

аударушылардың   қызметі»   атты   көлемді   мақаласының   маңызы   зор.   Семейге   жер

аударылған саяси тұтқындардың қаланың саяси-мәдени, әдеби өміріне үлкен әсер етіп,

ұлы Абай сияқты дара тұлғалардың жеке тағдырында ерекше із қалдырғанын автор тың

тұжырымдармен айшықтап, бұл оқиғаның тарихи маңыздылығына терең үңіледі. 

Зерделі   тарихшының   бұл   мақаласы   1969   жылы   Алматы   қаласының   жоғары   оқу

орындарыаралық   «Тарих»   жинағының   III-шығарылымында   жарияланып,   оның   есімін

әйдіктей түсті.

1970 жылы Алматы облыстық «Жетісу» газетінде «Е.П.Михаэлис – Абайдың досы»

атты   мақаласы   жарияланып,   ғалым   Семейде   айдауда   болған   саяси   тұтқындар   туралы

ойларын   жемісті   жалғастырды.   Бұл   ретте   осындай   жағдайда   Семейде   болған   орыс

зиялысы   Е.П.Михаэлистің   Абаймен   жақын   дос   болуы   арқылы   ұлы   ақынның   орыс

әдебиетінің классикалық шығармаларын алғаш рет оқып біліп, дүниетанымын кеңейтуі

егжей-тегжейлі баяндалған.

Ж.Қасымбаев   1970   жылы   Семей   қаласының   тарихы   туралы   кандидаттық

диссертациясын сәтті қорғап шыққаннан кейін де өз тақырыбына адалдық танытып, оны

одан әрі тереңдетіп жалғастыра білді. 1971 жылы «Қазақ ССР ҒА Хабарлары. Қоғамдық

ғылымдар сериясы» журналында «ХVIII-ХIХ ғғ. Семей қаласы тұрғындарының саны мен



құрамы»,   ал   «Үгітші   блокноты»   журналында   «Семейде   өткізген   жылдар

(Ф.М.Достоевский   Қазақстанда)»   атты   ғылыми   мақалалары   жарияланды.   Бұл

жарияланымдары   арқылы   ғалым   Семей   халқының   сандық,   ұлттық   құрамы

көрсеткіштеріне ғылыми талдау жасап, орыстың ұлы жазушысы Ф.М.Достоевскийдің осы

қалада болған кездегі шығармашылық қызметі мен ұлы ғалым Ш.Уәлихановпен арадағы

риясыз достығы туралы қызықты тарихи деректер келтіреді.

Ғалым   өмір   бойы   осы   Семей   қаласының   тарихы   туралы   тақырыбына   адал   болып,

кейін   Шығыс   Қазақстан   қалаларының   бүкіл   қазақ   тарихындағы,   қазақ-жоңғар,   қазақ-

қытай,   қазақ-орыс   қарым-қатынастарындағы   орны   туралы   докторлық   диссертациясын

жазуға байланысты көп жылғы ізденістер барысында да осы зерттеу нысанын назардан

тыс қалдырмады. Докторлық тақырып бойынша бұрынғы Кеңес Одағында бармаған ірі

мәдени, ғылыми маңызды тарихи қала болмаған шығар. Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы,

Астрахан, Новосибирск, Орынбор, Ташкент, Томск, Барнаул қалаларындағы мұрағаттарда

көз майын тауысып жұмыс істеп, тақырыпқа байланысты шаң басқан көптеген маңызды

құжаттар мен дереккөздерін ғылыми айналымға енгізді. Ертіс бойындағы Семей, Омбы,

Павлодар,  Өскемен  сияқты  қазақтар  жиі   қоныстанған  қалалардың   ХVIII-XIX  ғасырлар

мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік-саяси, ғылыми-

мәдени   дамуындағы   маңызын   жете   зерттеді.   Соның   нәтижесінде   1983   жылы   «Шығыс

Қазақстан   қалаларының   қазақ   ауылымен,   отырықшы   деревнямен   және   шекаралас

елдермен  өзара қарым-қатынастарындағы  орталықтар  ретінде  дамуы»  деген  тақырыпта

докторлық диссертация қорғауы ұлттық тарих ғылымындағы елеулі оқиға болды.

Ғалым осы іргелі еңбегінде және одан кейінгі жылдары жазған зерттеулерінде қазақ

даласында   феодалдық   қоғамның   ыдырап,   капиталистік   қатынастардың   шалғайдағы

отарланған өлкеде пайда бола бастаған жаңа үрдістерінің өзіндік ерекшеліктері туралы

Шығыс   Қазақстан   қалалары,   оның   ішінде   Семей   қаласы   мысалында   жаңа

тұжырымдамалық теориялық қағиданы алғаш рет негіздеп айқындады.

Терең   білімді   тарихшы   Ж.Қасымбаев   Семей   қаласы   туралы   Орталық   Азия

мемлекеттері   мен   Ресей,   Қытай,   Түркия,   Сирия,   Германияда,   Кавказ   елдерінде   өткен

халықаралық   ғылыми   конференциялар   мен   симпозиумдарда   жасаған   баяндамаларында

атап өтіп, стратегиялық маңызды ірі орталық ретіндегі рөлін нақты көрсетті. 

1998 жылы Алматыда жарық көрген «Семей қаласының тарихы (1718-1917 жж.)» атты

көлемді   монографиясы   ғалымның   осы   тақырып   бойынша   отыз   жыл   бойы   тапжылмай

ізденіп жазған қажырлы еңбегінің жемісті нәтижесі болды. Бұл іргелі еңбекте Семейдің

1718   жылы   қала   болып   негізі   салынғаннан   бастап   Ресейдегі   1917   жылғы   шілде

оқиғаларына   дейінгі   қалыптасып   даму   мәселелері   жан-жақты   зерттелді.   Тарихы   бай,

рухани астана аталған шаһардың аз зерттелген немесе мүлдем қалыс қалған тұстарына,

ерекше маңызды кезеңдеріне жете көңіл бөлінді.

Монографияда Семей қаласының Орталық Азия елдерімен, Ресеймен және Қытаймен

өзара тиімді сауда қатынастарын кеңейтудегі транзиттік, делдалдық қызметі терең ашып

көрсетіліп, көптеген құнды мұрағат деректері мен тарихи құжаттар келтірілген. Бұл іргелі

зерттеу Семей қаласының тарихын түбегейлі қарастырған бірден бір бағалы ғылыми әрі

энциклопедиялық еңбек болып табылады.



Ғалым   тәуелсіздік   жылдары   жарық   көрген   бес   томдық   «Қазақстан   тарихының»   3-

томының   (2002)   негізгі   авторларының   бірі   болды.   Осы   томның   ол   жазған   екінші

тарауының  «Урбанизация  үрдістері.  Қалалардың әлеуметтік-мәдени  бейнесі.  Банк-ақша

қатынастары» атты 7-параграфында 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Семейдің

облыс орталығына айналып, Ертіс арқылы кеме қатынасы жолға қойылғандығы, осының

арқасында   Семей   астық   тасылып   жиналатын   негізгі   пункт   болғандығы,   1881   жылы

Семейде   алғаш   рет   Мемлекеттік   банк   бөлімшесі   жұмыс   істегендігі   туралы   маңызды

тарихи деректер келтіреді. «Ұзақ та тұрақты делдалдық орны Семей тарихын қоршаған

ортамен  тығыз байланыстырды – Қазақстанның 1917 жылға дейінгі бір де бір елді мекені

Семейдің   жаңа   кезең   тарихындағы   белгілі   мәдениет,   қоғамдық-саяси   оқиғалар   ошағы

ретіндегі рөлімен бәсекелесе алмады» деп бәтуалы қорытынды жасаған ғалым пікірі [3,

258] өз маңызын әлі жойған жоқ. Семей қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихында да рухани,

мәдени және ғылыми орталық ретінде өз мәртебесін сақтап келеді.

Қорыта   айтқанда,   профессор   Ж.Қасымбаевтың   Семей   қаласының   тарихы   туралы

салиқалы   зерттеулері   Қазақстан   тарихының   айшықты   беттері   болып,   ұрпақ   зердесінде

жатталып қала береді.

ӘДЕБИЕТ

 

1  Ескі қала (Семей) //Білім және еңбек. 1968. № 2.

2  Взгляд в прошлое (новые данные о г.Семипалатинске) //Простор. 1968. № 7.

3  Касымбаев Ж. История города Семипалатинска. – Алматы, 1998.

ӘDEBIET

 

1  Eskі қala (Semej) //Bіlіm zhәne eңbek. 1968. № 2.



2  Vzgljad v proshloe (novye dannye o g.Semipalatinske) //Prostor. 1968. № 7.

3  Kasymbaev Zh. Istorija goroda Semipalatinska. – Almaty, 1998.

Жанакова Нургуль Торгайбековна

Ж.Касымбаев – первый исследователь города Семея



Резюме

Рассматривается вклад известного ученого-историка, проф.Ж.Касымбаева в изучение

истории г.Семей как известного очага культуры и духовности.


Summary

Janakova Nurgul Torgaibekovna

Z.Kasymbayev - first researcher of Semey city

         The article highlights the contibution of the wellknown scholar prof. Z.Kasymbayev to



the study of  Semey history as a well-known center of culture and spiritual value.

02.02.2013 ж. түсті




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал