Құдияр Біләл
Жазушы
Жалын журналы 98-118 бет N 8 197 2021
Странгия «екеуіміз де еліміздің амандығы үшін үлкен құрбандыққа бардық. Адал сезіміздің белгісі ретінде патшалығымызды біріктірейік. Қосылайық!» деп ұсыныс тастайды. «Алайда ақылға жеңдірген Зарина «Мен сені ғана ұнатамын. Бірақ әйелің бола алмаймын. Екеуміз қосылсақ, сен хан боласың, мен ханым боламын. Есесіне елім де саған бағынышты болады. Мен бақытты болғаныммен, елім тәуелсіздігінен айырылып, бақытсыз болады. Мен үшін елімнің еркіндігінен артық ештеңе жоқ» деп өз байламын айтады. Ханзада да мұңға батып, өз еліне қайтады. Есесіне екі ел ұзақ уақыт бойы тыныштықта өмір сүреді. Осылайша, Зарина патшайым өзінің бақытын елінің бақыты үшін құрбандыққа шала біледі» дейді Т.Жұртбай.
«Жеті жарғыға» сәйкес, әйелді зәбірлеген, зорлаған адам өлім жазасына кесіледі. Адам өлтіруменәйелзорлау екеуі бір дәрежедегі ауыр қылмыстар санатына жатқызылған. Кей жағдайда әйелдің күйеуі немесе күйеуі жоқ болса, туыстары қорлаған адамды кешіруі де мүмкін. Ол жағдайда қылмыскер арнайы белгіленген айыпты төлеп, жазадан құтылған. Ал, егер бойжеткенді зорлап кетсе, айыпкер оған үйленуге тиіс. Бірақ ол үшін қалың малын және айыбы үшін бір тоғыз төлеген. Жал- пы, «Жеті жарғының» бір тармағы түгелдей жесір дауына арналған. Төле, Қазыбек және Әйтеке билердің көрегендігі мен данышпандығы осы баптарда айрықша көрініс табады.
Осы тұрғысында қазақтың классик жазушылары Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Бейімбет Майлинның гін «Шұғаның белгісі», Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамарсұлу», Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі», Ж. Аймауытовтың «Ақбілек», Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» ға т.б. көптеген туындыларында әйел теңсіздігі, жас қыздың қалың малға бола шалға сатылуы шебер суреттеледі. Қазақ қызының басына түскен трагедиясы көркем сөз шеберлігімен, қанық бояумен суреттелген.
Мемлекеттік деңгейде маңыз берілген гендерлік саясат біздің елімізде 2000 жылдан бастап жүргізіле бастағаны белгілі. Ерлер мен әйелдердің гендерлік тендікке қол жеткізуінің стратегиясы жасалып, оны жүзеге асыру жолында біршама жұмыстар атқарылып келеді. Оның мақсаты - әйелдер мен еркектердің тең мүмкіндіктерін, олардың қоғам мен өмірдің барлық саласына бірдей қатысуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Десек те, қоғамдағы гендерлік саясат жөніндегі пікір әлі де екіге жарылған қалпында деуге болады. Оны «әйелдің отбасындағы рөліне нұқсан келтірді» деп қарсы тұратындар да, «қабілетті әйелдерге жол ашты» деп қос қолын көтеріп құптайтындар да бар. «Гендерлік саясат» дегеннің өзі тепе-тең дегенді білдіреді. Сондықтан әйел тәрбие береді, ер азамат бала- шағаны асырауы керек деп бөлініп отыра бермей, ер азаматтың да бала тәрбиесіндегі рөліне аса мән берілгені жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |