«Бекітемін»
Мектеп директоры: А.Исабекова
«Жасөспірім және әртүрлі діни секталар»
(дәріс сабақ)
Дайындаған: ДТІЖО А.Байгабатова
Құқық пәнінің мұғалімі Н.Толебаев
2022-2023 оқу жылы
Конференцияның тақырыбы: «Жасөспірім және әртүрлі діни секталар»
Конференцияның мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жағдайы жөнінде мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушыларға қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды елжандылыққа, Отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: бейнефильм, слайдтар, суреттер.
Жоспары:
I кезең. «Экстремизм, терроизм дегеніміз не? Экстремизмнің негізгі бегілерін қалай ажыратамыз?
ІІ кезең. «“Шындық пен сұмдық” бейнефильмінен үзінді көрсету. Фильмге байланысты пікір талас»
III кезең. «Абайлаңыз секта!.... Дінімізге берік болайық!»
IV кезең. Оқушылар мен сұрақ – жауап.
V кезең. Қорытынды сөз.
Құрметті оқушылар! Бүгінгі «Діни экстремизм –әлемге төнген қауіп» тақырыбы аясында өтетін дәріс сабағымызға қош келдіңіздер! Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм, терроризм мәселесі қазіргі күні бір Қазақстан емес, Евразия кеңістігін мекендеген мұсылман халықтарының басына түскен басты нәубет десек жаңылыспаймыз.
Экстремизм, терроизм дегеніміз не? Экстремизмнің негізгі бегілерін қалай ажыратамыз?
Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизмизм дегеніміз латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Діни экстремизм Ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.
Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.
Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды. Олардың басты қаруы қатігездік пен шапқыншылық. Сонымен қатар діни антқа байлап қойған адамдардың экстремистік қатардан шыға қоюы өте қиын.Осы орайда аталған мәселенің жай - жапсарын тереңірек тану үшін мына бір бейнематериалға назар аударайық.
II. “Шындық пен сұмдық” бейнефильмінен үзінді көрсету. Фильмге байланысты пікір талас» Оқушылардың пікірін тыңдау. (10 мин)
Достарыңызбен бөлісу: |