тұлғалық және психологиялық денсаулықтың жоғары стандартты құқығын.
Балаға зорлық – зомбылық көрсетуге адамды жетелейтін қандай факторлар бар?
Бұл мәселе бойынша негізінен отбасылық жағдай, яғни ата – аналарының бұрынғы өмірі басты себеп бола алады.балалық кезге деген өкініші, 20 пайыздайы балалық кезде осындай және басқа да күштеулерге тап болған деген дерек бар;ішімдік ішіп, нашақорлықпен айналысатын отбасыларында балалардың 4 есе көп бөлігі ұрып – соғу зорлығын көрсе, 10 есе көбі эмоционалды күштеуге душар болуда; отбасындағы айрылысу жағдайы да зорлық – зомбылық түріне жатады; теледидарда көрсетілетін оғаш күштеулер де әсерін тигізеді.
Балалар өздерін қорғау туралы ақпараттың жоқтығынан өмірінде шешімі күрделі жағдайларға жиі тап болып, өздерін өздері қорғай алмайды. Көбінесе зорлық, қатыгездік жағдайлары отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда орын алады. Көп жағдайда жасөспірімдердің өздері де бірінің бірі құқығын бұзып жатады.
балалардың 50 пайызы өз отбасында қатыгездіктің түрлі формаларын басынан өткізеді;
респонденттердің 16,2 пайызы ата-аналары немесе заңды өкілдер тарапынан көрсетілген қоқан-лоққы және бопса түрлерін (материалдық қолдау көрсетпеу, бостандығын шектеу, кешкі серуенге жібермеу т.б.) көрсеткен;
сұралғандардың 0,7 пайызы (осылай жауап берген балалардың басым көпшілігі - 15-18 жас аралығындағылар) еңбекке мәжбүрлеу фактісін растаған;
отбасында әсіресе сексуалдық зорлық фактілерінің орын алғандығын 34 бала растағандығы қатты алаңдатады. Жауап берген жасөспірімдер осындай зорлық көрсеткендердің қылмыстық жауапқа тартылмайтындықтарын атап өтті, өйткені балалар мұндай жағдайлар туралы жария еткеннен гөрі үнсіз қалуды қалайды екен.
Ендеше, біздің көзқарасымызша, ақпараттық, ағарту бағытындағы жұмыстарды тек балалар арасында ғана емес, ересектер арасында да жүргізген өте қажет. Балаларымыз тек өз құқықтарын білуі ғана өз-өздерін қорғай алуына септігін тигізбейді, сонымен бірге осы проблема шешімінің әдіс - тәсілдерін, жолдарын көрсетіп, болашақта оны болдырмауға ықпал ету керек. Осылайша құқықтарының сақталуына байланысты жағдайға, өмірінің жақсаруына балалардың өзінің атсалысуына мүмкіндік туғызу керек