Жасөспірімдер арасында келеңсіз оқиғаларды алдын алу. Буллинг, кибербулинг туралы ақпарат беру



бет1/6
Дата29.12.2023
өлшемі27,71 Kb.
#144692
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
буллинг, кибер


Александр Пушкин атындағы орта мектебі
Жасөспірімдер арасында келеңсіз оқиғаларды алдын алу.
Буллинг, кибербулинг туралы ақпарат беру
Баяндама

2023-2024 оқу жылы


Буллинг, Кибербуллинг дегеніміз не?
Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау. Егер де:

  • саған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса

  • сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса

  • әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса

  • сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса

  • саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе

  • жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса

  • сені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда сен кибербуллинге тап болдың.

Кез келген адамның кибербуллинге ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын.
Егер де сенімен бұндай жағдай орын алып жатса, ол сенің кінәң емес. Дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпа, бұл – әлсіздік емес. Неліктен адамдар бұлай істейді?
Адамдар неліктен басқа біреуді ренжіткісі келетінін айту қиын. Кейде өзіміз қаламасақ та, біреудің көңіліне келетін қылық жасап, сөздер айтып жатамыз. Телефон арқылы немесе интернетте адамды әдейі ренжіту, қорлау, оған жабысу оңай болып көрінеді. Ренішті хабарлама жіберу сондай оңай ғой!
Бұны істеген адам басқаның жанын ауыртқанын сезбейді де.
Егер де сен интернет технологияларды біреуді әдейі ренжіту, қорлау немесе ызасын келтіру үшін пайдалансаң, онда бұл – кибербуллинг. Тіпті, сен біреу туралы ренішті постқа лайк бассаң да, немесе ренішті постты жіберсең, бұл да – кибербуллинг. Буллинге ұшыраған адам басқалардың оған қарсы біріккенін сезінеді.
Буллинг шындап адамға зиянын тигізеді, оның үмітсіздік пен шарасыздық күйге түсуіне себеп болады. Кей кездері буллингтің кесірінен адамдар өзінөзі өлтіру жайында ойлап, өзіне қол жұмсауы мүмкін. Сондықтан буллинг қашанда жақсы емес, бірақ әр уақытта көмек сұрауға болады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет