Жасөспірім шақ (15-17 жас) Жасөспірімдік кезеңнің көптеген теориялары бар. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмірлік іс-әрекетін мазмұны мен бағытын белгілейді.
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері - мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге, өз отбасын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді.
Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай қалыптасып болады. Сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды, алайда ол одан әрі жетіле береді. Жасөспірімдік шақ - жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі байқалады. Сондықтан жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән.
Олар өз мамандығын таңдап алуға тырысады. Мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады. Оларға іс-әрекетті өз бетінше орындауға мүмкіндік беріп, дұрыс бақылау мен педагогикалық басшылық жасау керек.
Бұл кезеңде сезім, достың қарым-қатынастар дамиды. Мысалы: ғашықтың, өзара сенім, қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек көрсету, іс-әрекеттерін бірігіп орындау, жолдасының кемшілігін айтып, жоюға көмектесу.
Бұл күндегі жастардың мінезінде түрлі өзгерістер пайда болды. Мысалы, қыздар өздерінің сыртқы киіміне, дене қимылына көңіл бөледі. Ер балалар әдемі киініп жүруді ұнатады. Әр түрлі іс-әрекеттерінің барысында осы ерекшеліктер еске алынады. Сонымен мектепке дейінгі балалық шақтан жасөспірімдік шаққа дейін балалардың бейімділігін және қабілетін, мінез-құлқы мен темпераментін мұғалім-тәрбиеші, ата-ана үнемі еске алып, олардың дұрыс дамуына, қалыптасуына жүйелі түрде ықпал етуі қажет.
7. Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері. Баланың дербес ерекшелігі тәрбие процесінде, даму кезеңінде байқалады. Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері, жеке адам бойындағы мінез-құлық, темперамент, қабілет жатады. Жүйке жүйесінің типтік қасиеттері - адамның мінез-құлығының, темпераментінің, қабілетінің табиғи негізі.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін жете білуі қажет. Нерв жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа алмай, тәрбие процесін психологиялық негізде ұйымдастырып, іс жүзіне асыру мүмкін емес. Жеке адамның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді. Дербес қабілеттерінің дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байла-нысты. Әрбір адамның қасиеттерін калыптастыру мен дербес ерек-шеліктерін дамытуды жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Жүйке жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа алып отыру керек.
Темперамент деп жеке адамның қылығы мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін дара өзгешелігін айтады. Психология ғылымында темперамент 4 типке бөлінеді: холерик, сангвиник, меланхолик, флегматик. Оларды тәрбиелеу - баланың дамуына ықпал жасап, даму дәрежесіне сүйену.
Мұғалім сабақ үстінде, тәрбие барысында (ойын, еңбек, қоғамдық жұмыстары, т.б.) балалардың мінез-құлықтарын ескеріп, темпераментін тәрбиелейді. Сангвиник баланың іс-әрекетін бақылап, берген тапсырманың орындалуын қадағалап отыру керек. Меланхоликті белсенділікке, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеген жөн. Тәрбиеші мына жағдайларды ескеруі қажет:
- баланың өз мүддесін ғана ойлауын болдырмау;
- өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыруа білуге үйрету;
- баланың әр түрлі жағдайда болатын өзгерістерді басынан өткізе білуге баулу;
- баланы өмірді даму күйінде көре білуге үйрету.