2
SMS-ақпарат
ҒАШЫҚТАР ЖЫРЫ
Çàìàíìåí үíäåñêåí
ғàøûқòàð үí³
Қазақ жастарының 15 сәуір күні – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу ме-
рекесін, яғни ғашықтар күнін тойлап жүргеніне көп уақыт болмаса да,
бозбала мен бойжеткендер арасында бұл атаулы күн едәуір орнығып
алды. Бұл күні махаббат құдіреті шапағын шашып, ғашық жандарды сезім
құшағына аялай түсетіндей. Ертеректе өткен Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу-
дың бір-біріне деген адал сезімін бүгінгі ұрпақ желеу қылып, дәл осы күні
ғашық жандар жүрек түкпіріндегі сезімдерін бір-біріне ақтаратыны хақ.
Ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын ме-
рейлі мерекеге арқау болған Қозы Көр-
пеш – Баян Сұлудың тағдырының құпиясы-
на үңілсек. Бұл екі ғашық шамамен ХІІ-ХІІІ
ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен
Қарабайдың төл перзенттері. Екеуі аң ау-
лап жүріп бір-бірімен құдаласады. Ал, кейін
олар махаббат жолында балаларының түрлі
қиыншылықтарға ұрынатынына куə бола-
ды. Қос ғашықтың алдынан дүниеқоңыздық
пен көре алмаушылық, кек пен өшпенділік
кесе көлденең тұрса да, олар өле-өлгенше
бір-біріне деген нəзік сезімдерін сақтай біл-
ген. Осы риясыз пəк сезім мен өзара берік
адалдық оқиғасы ғасырлар сырғып жатса да
кейінгі ұрпақ үшін мəңгі үлгі тұтар кіршіксіз
махаббат символына айналғаны сөзсіз.
ҒАШЫҚТАР КҮМБЕЗІ
Жырды зерттеген ғалымдардың аса ден
қойып, қызыға қарағаны, əсіресе, Қозы Көр-
пеш пен Баян сұлудың тарихи заманнан
келе жатқан ұлы мұнарасы, сəулетті етіп жа-
саған биік кешені. Қозы Көрпеш – Баян сұлу
күмбезі Аягөздің оң жағасында, Таңсық де-
ген ауылға қарсы салынған. Қозы Көрпеш –
Баян сұлу аңызы бойынша, Сарыбайдың
інісі Тайлақ би Тобыл өзені бойынан Аягөзге
төрт сан қол (40 мың кісі) жіберіп, Қозы Көр-
пешке ас беріп, ат шаптырып, той жасайды,
Қозы мен Баян сұлудың күмбезін берік етіп
тұрғызып, олардың суретін тасқа түсіреді.
Баян сұлудың өңін, келбетін əдемілеп келті-
реді (Радловтың нұсқасы). Жанақ ақынның
жырлауынша, елу мың кісіні бастап келген
Айбас. Олар үш көш жерден (90 километр)
тас тасып, Аягөздің биік белесінен күмбез
жасайды. Ол күмбез əлі тозған жоқ, оларды
ұмыттырмай, артында белгі болып келеді
(Жанақ).
Халық аңызы бойынша, Қозы Көрпеш –
Баян сұлу күмбезі қаланған тасты басқа
бір таудан əкелген. Тау мен Аягөз өзенінің
бойында көптеген тайпалардың мыңдаған
кісілері атпен тізбектеле тұрып, бір қолдан
бір қолға беріп жеткізіп тұрған.
ӨТКЕННІҢ
БЕЛЕСТЕРІНЕН ЖЕТКЕН…
Жырдағы ең жарқын түрде айтылатын
əдемі сурет Қозы Көрпештің кешені мен
оның ішінде тұрған төрт мүсін тас. Олар
туралы жырда былай делінген:
Қабыры екеуінің қасында тұр.
Аягөз бойында тұрған бұл кешен мен
оның ішіндегі мүсін тастар – ислам дінінен
көп бұрын жасалған өте көне дəуірдің белгі-
лері. Олар Түрік қағанаты кезінде (VI-VIII
ғғ.) шыққан. Адамның суретін салған мүсін
тасты халық сол кезден ерекше қадірлеген.
Мұндағы төрт мүсін тас кешеннің күншығыс
жақ бетінде тұрған. Олардың үшеуі – əйел,
біреуі – жас жігіт, халық аңызы бойынша,
бұлар Қозы Көрпеш – Баян сұлу, оның
апалары Айтаңсық, Айғыздың суреттері
деп айтылады. Жəне бір ғажабы, олардың
аты тек қана мүсін таста сақталып қоймай,
жер аттарына да қойылып отырған. Оның
зор дəлелі Баянның атымен аталатын сол
жердегі «Баян жүрек» тауы, Аягөзге құятын
екі өзеннің бірінің аты – Айтаңсық, бірінің
аты – Айғыз. Бұлардың барлығы бір кездегі
тарихта болған оқиғаны еске түсіріп, солар-
дың халық ортасына көп тараған терең сыр-
ларын сақтап келген, əсіресе «Баян жүрек»
тауы. Бұл тау – қос ғашықтардың көзін көр-
ген, мəңгілік ұмытылмас дастанға айналған
асыл жандардың махаббатының куəсі бол-
ған тау.
КӨНЕДЕН ТАМЫРЫН АЛҒАН
ЖАҢА МЕРЕКЕ
Бүгінде жастар арасында
ерекше қолдауға ие болып,
танымалдығы күн өткен са-
йын арта түскен Қозы Көр-
пеш пен Баян сұлу мерекесі
ел азаматы Дархан Мың-
байдың бастамасымен 1999
жылдан бері тойланып ке-
леді. Уақыт өткен сайын мей-
рамның маңызы арта түсіп,
жастар арасында айтулы
қазақ фольклорына қызығу-
шылық арта түсуде. Жылда
осы күні еліміздің түкпір-
түкпірінде ғашықтар күнін
тойлау игі дəстүрге айналды.
Игілік пен ізгілікті арқау етіп
биылғы жылдың 15 сəуір күні
С.Торайғыров атындағы Пав-
лодар мемлекеттік универси-
тетінің аллеясында «Ғашық-
тар күніне» арналған ағашқа
бау байлау рəсімі өтті.
Ғашықтардың адалдығын паш ететін
дəстүрдің басты мақсаты қазақ халқының
махаббат символы «Қозы Көрпеш – Баян
Сұлу» құрметіне орай ұлттық махаббат
күнін қайта жаңғырту, жастардың бойын-
да шынайы да таза махаббаттың қалып-
тасуына ықпал етіп, студенттер арасында
қазақтың ғашықтық эпостарын, салт-дəс-
түрін, саф алтындай сөз өнерін кеңінен
насихаттау болып табылады.
Бұл шараның барысында С.Торайғыров
атындағы Павлодар мемлекеттік универ-
ситетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің
жетекшілігімен жастар университет ал-
дында тұрған Ақ қайыңға пəк сезім иелері
Қозы мен Баянның рухына тағзым етіп, өз-
дерінің асыл армандары мен барша адам-
затқа деген оң ниеттерін тілеу мақсатында
түрлі түсті бау байлады
Түйін. Сезім мен сенімін жоғалтып, жас-
тар арасында желігу басым болып тұрған
мына заманда, қазақтың кіршіксіз махаб-
бат үлгілері Қозы Көрпеш пен Баян сұлу-
дың, Қыз Жібек пен Төлегеннің, Еңлік пен
Кебектің арасындағы шынайы сезім мен
адалдықты насихаттау баршамызға ұлы іс
іспетті.
Жанар ЕЛЕШОВА
ӨНЕРІМЕН ӨНЕГЕ БОЛҒАН ЖАНДАР
2014 жылдың 24 сәуірінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универси-
тетінде театр және кино өнерінің майталмандары, Қазақстанның еңбек сіңірген артіс-
тері Әлімғазы Райымбеков пен Меруерт Өтекешовамен студент қауымы арасында өне-
гелі де салиқалы кездесу өтті.
Айтулы кездесу дара да да-
рынды жерлесіміз, қазақ кино
өнерінің атасы, белгілі режиссер,
талантты актер Шəкен Айманов-
тың 100 жылдығына орай ұйым-
дастырылған шаралар шең-
берінде өтті.
Кездесуге С.Торайғыров атын-
дағы Павлодар мемлекеттік уни-
верситетінің даму стратегиясы,
тəрбие жəне əлеуметтік жұмыс
жөніндегі проректоры Ақышев
Арман Айтмұхаметұлы, Қазақ
тілі кафедрасының меңгерушісі
ф.ғ.к., профессор Зейнуллина
Айман Файзоллақызы, Гумани-
тарлық педагогикалық факуль-
теттің деканы Сарбалаев Жақ-
сыбай Тұрсынұлы жəне жоғары
оқу орнының студенттері белсе-
не атсалысты.
Өнер майданында тынбай
еңбек еткен, есімдері мəңгілік
жұртшылық арасында жатта-
латын Əлімғазы атамыз бен
Меруерт апамыз студенттерге
деген жүрекжарды лебіздерін
білдіре келе, өздерінің шығар-
машылығымен ой бөлісті. Өнері
ел алдында болғанымен, өмірі
жайында көп ауыз аша бер-
мейтін жұлдыздарымыз өмір-
лерінің сырлы қырларынан əңгі-
ме өрбітіп, қазақ кино өнеріндегі
өзекті мəселелерді қозғап та үл-
герді.
Мұнымен қоса, қонақтар атақ-
ты жерлесіміз, қазақ киносының
іргесін қалаушы, ұлттық кино-
мызды биік белестерге көтеріп
кеткен режисер, бұл өнерде өз
қолтаңбасы бар, дарынды кино,
театр актері, тума талант иесі
Шəкен Аймановтың өмірі мен
өнері, туындылары мен ерен
еңбегі хақында жастарға əсерлі
əңгімелеп берді. Қазақ қашан-
да «Көненің көзін көрген» деп,
сыйлап, құрметке бөлеп, ауы-
зынан шыққан əр сөзін бойына
сіңіруге жақын тұрады. Бүгін де
осы игі дəстүрге сəйкес, қазақ
киноөнерінің шоқ жұлдыздары
Меруерт апайымыз бен Əлімға-
зы ағамыздың ауызынан түскен
əр сөзді жастар санасына тоқып,
жүрегіне қондырды. Салмақты
да салиқалы сөздер айтылды,
шынайы лебіздер, жүрекжарды
тілектер, келелі кеңестер, көңілді
де əсерлі əңгімелер тарқалды.
Қазақ тілі кафедрасының мең-
герушісі ф.ғ.к., профессор Зей-
нуллина Айман Файзоллақызы
кештің барысымен студенттерді
қанық етті. Сонымен қатар, Гу-
манитарлық
педагогикалық
факультеттің деканы Жақсы-
бай Тұрсынұлы қонақтарға зор
ықыласын білдірді. Кездесудің
студенттер санасына құйған
өзектілігі қызықты сұрақтарға
ұласты. Студенттер жастардың
білімін, біліктілігін зерделейтін,
киелі қара шаңырағына, үлгі тұ-
тар университетіне арнайы кел-
ген аға-апаларына тағзым етіп,
қонақтарға алғысын білдіре оты-
ра, қызығы мен қиындығы қатар
жүретін өнер жолының құпияла-
рын тек кино саласында емес,
сонымен қатар, жеке өмірлері
жайында сұрақтар қойды. Кезде-
судің соңы ізгі тілектерге ұласты.
Өнер атты ұлы көште халқы-
ның ойынан шығып, өз қолтаңба-
сын қалдырған өнердің майтал-
мандары Əлімғазы атамыз бен
Меруерт апамызға ұзақ ғұмыр
тілейміз!
Мереке АМАНТАЙ
Сізге керек дерек:
Қозы Көрпеш – Баян Сұлу – XIII-
XIV ғасырлардан бастап жырланып,
XIX ғасырдың ортасында қағазға
түскен қазақ халқының лиро-эпостық
жыры. Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жа-
нақ, Шөже ақындардың орындауын-
да ауызша таралған. 20-ға жуық
нұсқасының ішінен ең белгілісі – Жа-
нақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан
жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков
(1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фро-
лов (1841), Шоқан Уəлиханов (1856).
Жырдың мазмұнын М.Путинцев орыс
тіліне аударып бастырды (1856),
кейін В.Радлов «Түркі тайпаларының
халық əдебиеті үлгілері» жинағының
3-томына енгізді (1870).
Жырдың
кейіпкерлері:
Қозы – бас кейіпкер. Ол алдынан
шыққан қиыншылықтарға қарамас-
тан, өз сезіміне берік болып, шына-
йы махаббаттың бар екендігін дəлел-
дейді.
Баян – ақылына көркі сай Баян
сүйгеніне ешкімді ауыстырмайтын,
өзінің антына берік, өз сезімі үшін
күресе білетін жағымды кейіпкердің
бірі.
Қодар – Қозы мен Баянның ара-
сына түскен жағымсыз бейненің бірі.
Махаббат оқиғасында əрқашанда екі
ғашықтың арасына түсетін жағымсыз
кейіпкер.
Сарыбай – Қозының əкесі. Ол өте
батыл, ақылды, қайсар адам.
Қарабай – бүкіл зұлымдықтың
иесі, ол жырдың өн бойында қара
ниетті, сараң, ойлайтыны тек бас
пайдасы, есіл-дерті тоқсан мың жыл-
қысы. «Қарабай» деген есімі оны то-
лық мінездеп, əрі бағалап тұр: қарау,
пасық, арам жан деген мағыналарды
береді. Қарабайдың мінез-құлқы, пи-
ғылы, іс-əрекеті мұны толық дəлел-
дейді.
Айбас – жыр-
дағы өте ұнам-
ды кейіпкердің
бірі. Қозы Көр-
пеш
ержет-
кенде Баян сұ-
лудың бірінші
рет
барып
көргені Қозы-
ның ағасы Ай-
бас.
А й т а ң с ы қ
пен Айғыз –
Қарабайдың
асыранды
қыздары.
3
Өркениет
дамыды…
Өндірістің өркендеу жағда-
йында жаһанның экономикасы
мен əлеуметтік дамуы тікелей
əлемдік мəселелердің шешімі-
не байланысты болады. Демек,
технологиялар мен өндірістер
дамыған сайын нарыққа қарай
бой түзеген мемлекеттер көпте-
ген салаларды дамыта бастады.
Сондай-ақ адамның тұрмысы ті-
келей экономикаға, яғни, ақшаға
тəуелді болған заман келді. Өр-
кениеттің өркендеуіне адамзат
өте қымбат құн төлеуі тиіс еді.
Адам денсаулығымен, адамдық
құндылықтарымен, сапалы да
табиғи асы, ғұмыры, бəрінен
маңыздысы қоршаған ортаның
тазалығымен құрбан етуді дұрыс
деп таныды. Нəтижесін бүгінде
көрудеміз. Адам өміріне техника
мен өндірістің қадам басқанына
небəрі екі-үш ғасырдың жүзі бол-
ды. Ешбір ғалым мұндай жоға-
ры жылдамдықпен Жер Ананың
тозуын болжамаған болар. ХХІ
ғасыр басында жаһандық мəсе-
лелер өркениеттің тағдыры үшін
өмірлік мəнге ие болуда.
Жоғалтқанымыз
ұшан-теңіз
Жаһандық мəселелер барша
адамзатқа қатысы бар. Тіпті,
бұл мəселелер əлемдегі бар-
лық мемлекеттер, халықтар
мен əлеуметтік топтардың өмір
салты мен тағдырына, эконо-
микалық əрі əлеуметтік жоғал-
туларға əсер етпей қоймайды.
Ал, экологиялық мəселелер
ушыққан жағдайда адамзаттың
бар өркениетіне қауіп төніп тұр.
Сондықтан, бүгінде Жер Ана-
ның экологиялық мəселелерін
бүтіндей планеталық көлемде,
барлық халықтар мен елдердің
бірігіп шешуіне, ынтымақтаса
қадамдар жасауға тура келіп
тұр. Жаһандық мəселелер
қатарында жиі насихатқа
ілігетін мəселелер: эко-
логиялық, демография-
лық,
энергетикалық,
шикізаттық, өндірістік,
əлемдік мұхиттың қо-
рын пайдалану, ғарыш
кеңістігін
пайдалану
жəне т.б. Өйткені, осылар-
дың қай қайсысын алсаңыз
да олар бір-бірімен тікелей
байланысты əрі уақыт күттірмей
шешілуге мұқтаж өзекті мəселе-
лер.
Жерді
тоздырдық…
Жер шарының бүгінгі эколо-
гиялық жағдайын ғалымдар өте
қауіпті деп танып отыр. Мəсе-
лен, жер тұрғындарының жыл-
дам өсуі тамақ өнімінің жетіс-
пеушілігін тудырады. Соңғы 10
жылда «жасыл революция»
бидай өндірісінің 2,5 есеге өс-
кенін байқаймыз, ал 1984 жыл-
дан бері бидай өсіру дамымай
келе жатқандығы тағы бар. Бұл
нені білдіреді? ТМД, Қытай, АҚШ
сияқты бидай өндіретін елдерде
дəнді дақылдардың өнімін жинап
алу өсімі жыл өткен сайын аза-
йып келеді. Бұл тек дəнді дақыл
өндірісін өсіру үшін жаңа техно-
логиялардың жоқтығынан ғана
емес, жердің тозғанын білдіреді.
Табиғаттың өзі 1 см. қара топы-
рақты 300 жылда жасайды екен.
Ал адамзат осы 1 см. жерді əр-
түрлі зиянды қабаттармен əрі
химиялық тыңайтқыштармен 3
жылдық жылдамдықта құртып
келеді. Соңғы 100 жылда жер
бетінде өңделген жердің өте көп
көлемде жəне 2/3 жуық ормандар
жойылды. Əлемде əр он жыл-
дықта құнарлы қара топырақтың
7 пайызы жоғалады. Бүгінде жыл
сайын егін даласынан 26 млрд.
құнарлы қабат алынып кетеді.
Жердің дəл
осындай күйзелісі 1950 жыл-
дардың соңы 1960 жылдардың
басында басталды. Əр екі жыл
сайын құнарсызданған 12 млн.
га жерді есептей беріңіз. Эколо-
гиялық күйзеліс барлық елдерде,
жер жүзінде өте жылдам қарқын-
мен орын алып келеді.
Суың да
лайланды…
Дəл осындай сұмдық жағдай
жер бетіндегі тұщы сумен де
орын алуда. Жердегі барша су
қорының 3 пайызы ғана тұщы
суды құрайды. Сонымен қатар,
судың төрттен үш бөлігі Арктика
мен Антарктида мұздатылған.
Судың бестен бір бөлігі жер асты
сулары, 1 пайызы көлдер, өзен-
дер, тоғандар мен бұлттарда
жүреді. Əлемнің көптеген мем-
лекеттерінде өзен бойларында
суды ішуге жарамды ететін қым-
бат технологиялар орнатылған.
Жер бетіндегі адамдардың ау-
руларының 80 пайызы осы сапа-
сыз суды ішкеннен екенін ғалым-
дар жиі айтып жүр.
Ауаң да
ластанды…
Ал, ауаға келер болсақ, бір
кездері ауа шексіз есіл дүние
есептелген. Алайда, бүгінде
ормандарды қарқынды түрде
жоюы, жасыл желектің азаюы
сынды мəселелер көңілді көнші-
тер болжамдар жасауға кедергі
болып тұр. Жерге қажетті ауаның
көбісін тропикалық ормандар бе-
реді. Дегенмен, əрбір 1 секунд
сайын жер бетіндегі бір фут-
болды алаң көлеміндей орман-
ды желек жойылады. Осындай
жауыздық жалғаса берсе, 40-50
жылдан кейін Оңтүстік Америка
мен Африкада тропика жойыла-
ды деп болжам жасауда ғалым-
дар. Ауаның жетіспеушілігінен
қара топырақтың эрозиясы, көп-
теген тіршілік иелері мен өсімдік-
тер жойылып, жердің климаты
өзгеруі мүмкін. Жалпы планета-
мыздың ластануына тікелей ық-
пал ететін адамның өндірістік жұ-
мыстарының қалдықтары екені
тағы белгілі жайт. Қалдықтар –
бұл құбырлардан шыққан түтін
мен газ, көліктердің пайдаланған
газы, химикаттар жəне т.б. Жер
бетінде бір күнде көмір қышқыл
газдың өзінің 5 млрд. тоннасы
ауаға таратылады. Яғни, адам
басына шаққанда бір адамға 1
тоннадан келеді. Нəтижесінде
адамзат планетамыздың озон-
дық қабатының тесілуіне əкеп
соқтыратын мəселелерге де ду-
шар болды.
Озон қабаты
шұрқ тесілді
1992 жылы ақпан айында АҚШ
ғалымдары өздерінің зерттеу
жұмыстарынан кейін, жердің
Солтүстік бөлігінде озон қаба-
тының 30-40 пайызға азайғанын
жеткізді. Австралиялық ғалым-
дардың мəлімдеуінше озон қа-
батының əрбір жоғалған пайызы
адамдар арасындағы ісік аурула-
рының 2 пайызға өсуін білдіреді
екен. Егер де жер тұрғындары
айналасын ластауын тоқтатпа-
са, жер беті тіршілігіне жаһандық
экологиялық залал қауіпі төнуі
мүмкін. Мысалы, планетамыз-
дың жаһандық жылынуы сияқты
адамзатқа қауіпті залалды жиі
естіген шығарсыздар. Шындық
міне, осындай.
Осы жылдың 10 сəуірінде
Мəжіліс палатасының жалпы
отырысында «Озон қабатын
бұзатын заттар жөніндегі Мон-
реаль хаттамасына 1999 жылғы
3 желтоқсанда Бейжіңде қабыл-
данған Түзетуді ратификациялау
туралы» заң жобасы бірауыздан
қабылданды. Бұл құжатта гид-
рохлор, фтор жəне көміртектер
тұтынуды азайтудың мерзімдері
қарастырылған. Негізінен бұл
заттар суыту жəне тоңазыту жү-
йесінде немесе коммерциялық
құрылымдар тарапынан жиі қол-
данылады. Елімізде қазіргі таңда
озон қабатын бұзатын заттармен
жұмыс істейтін 200-ге тарта кəсі-
порын бар. Бейжің түзетуі еліміз
тарапынан бекітілгеннен кейін
Қазақстанға Жаһандық эколо-
гиялық қор тарапынан 2015-
2017 жылдар аралығында тех-
никалық жəне қаржылық көмек
көрсетіледі деп күтілуде. Бұл өз
кезегінде гидрохлор, фтор мен
көміртектерді тұтынуды кезеңі-
мен кемітуді жəне озон қабатын
бұзатын заттардың импортын
азайтуды көздеп отыр. Бұл құ-
жат 194 ел тарапынан бекітіліпті.
Міне, əлем тұрғындары Жер
Ананың бүгінгі мүшкіл халін осы
сынды ортақ қадамдар арқылы
шешпекші.
Үйлесімін тапқан
дүние
Табиғат ресурстарына қысым
көрсете отырып, біз қоршаған
ортаны жəне адамдардың өмір
сүру жүйесіне қауіп төндіретініміз
рас. Бүкіл адамзаттың өмірі тіке-
лей бір себепке қатысты екенін
түсінуіміз керек. Ол – қоршаған
орта мен экономикалық жұмыс-
тардың бір-бірімен тікелей бай-
ланысы бар салдар. Осы екеуінің
арасындағы шекара адамның
өмірінің сақталып, гүлденуі қор-
шаған ортаның мүмкіндіктеріне
шақталып жасалғанда ғана іске
асады. Тек осы жағдайда қорша-
ған орта мен экономикалық даму
бір-бірімен тым терең байланыс-
та болады. Адамзаттың əрі жер
бетіндегі тіршіліктің бола беруі
тек осы екеуінің қарым-қатына-
сының үйлесімін адамдар ескер-
генде ғана жүзеге асатын дүние
екенін ендігі əркім түсінгені құп
болар еді. Жер бетіндегі экожү-
йені, био ортаны келешек ұр-
паққа аман жеткізуді əрбір адам
өзіне бəрінен маңызды парыз
санауы тиіс.