ны рас-ау сірә.
4
Студент сырласы
ТАНЫМАЙМЫН ДЕСЕҢ
Алғашқы емтиханға көзім
көгеріп келгенмін
Мен 2007 жылы С.Торай-
ғыров атындағы ПМУ-дың
«Журналистика»
бөліміне
оқуға түстім. Ең алғашқы ем-
тиханға көзім көгеріп келгені
болмаса, студенттік кезімнің
екі жылында айтарлықтай бұ-
зықтық жасадым дей алмай-
мын. Студенттігімнің есте қа-
лар сəті – курстас қызға ғашық
болғаным. Сонау Шымкент
қаласынан Павлодарға арман
қуып келген Динагүлді бірден
ұнаттым. Екі жыл бойы соңынан
жүріп, үшінші жылы жанымызды
жарастырайық деген ұсыныс жа-
садым. Бірақ ол туралы апама
айтып едім, «Шымкенттің қызын алып,
кризиске ұшыратайын деп пе едің деп
үйлендірмей қойды. Сонымен күні бүгін-
ге дейін Динагүлге үйлену үшін қалың
малға қаржы жинап жүргем, сөйтсем
ол сұлуым тұрмысқа шығып кетіпті. Де-
сек те, кеудемді кернеген өкінішім жоқ.
Бəрібір біздің студенттік шағымыз өте
қызық өтті. Топта үш ұл оқыдық. Алтын-
бек Мұқышев, Серік Тоқай жəне мен.
Алғашқы жылы қыздармен кітапхана
барып, тəп-тəуір оқып жүретінбіз. Екінші
курста КВН, той қуып кеттік. Біздің жоқ-
тығымызды білдіртпей, біз үшін сөз естіп
жүретін қос құрбымыз Майра Дəлелхан
мен Эльмира Əбетжанова бар болатын.
Тойдан түскен ақшамыздың тең жар-
тысы Майра мен Эльмираны асханаға
апарумен кететін. Əбетжанованың үнемі
қарны ашатын да, жүретін. Бесеуміз-
ге бəрібір болатын, сабақ бар ма, жоқ
па, ойымызға не келсе, соны жасамай
қоймайтынбыз. Сосын емтиханға «не-
допуск» қойған мұғалімдердің соңынан
жүгіреміз. Қыздардың үнемі бізбен бірге
жүретініне таңғалатынмын сонда. Қазір
ойлап отырсам, оның өзі бір тарих. Өйт-
кені, өмір тез өтеді де, кетеді. Сондық-
тан жастығында ойнап-күлу керек екен.
Студенттігіміз қосқан «бесеуміз» бүгінгі
күнге дейін тығыз қарым-қатынастамыз.
Сол үшін де студенттік тағдырыма риза-
мын.
Серік СҰЛТАНБАЕВ
Тойлардың «Сері кемпірі»
туралы не білесіз?
Əрине сері мен кемпір сөздерінің
бір-бірімен байланысы жоқ, бірақ
үш қайнаса сорпасы қосылмайтын
сөздерді біріктіре білген жігітіміз
білікті шығар-ау, шынымен!
Мамандығы журналист, бірақ
бүгінгі кəсібі «Toymen» деп атала-
тын тағы бір жігіт бар арамызда.
Сері жігіт. Бірақ оны Павлодардың
тойшыл қауымы «Сері кемпір» деп
атайды. Ендеше кемпір образына
еніп, тойдан енші тауып жүрген жігіт-
пен жақын танысайықшы…
Серік Такой (қазақша Тоқай) 1987
жылы 16 тамызда Моңғолияның
Баян-Өлгей аймағында дүниеге кел-
ген. Баласының торсықтай бетіне
таңғалып отыра берген ата-анасы,
оған туу туралы куəлікті 27 қазан-
да ғана алыпты. Сондықтан да біз
туған күнімен оны жыл сайын ПМУ-
дың асханасында 27 қазан күні
құттықтайтын болдық. Денесі дəу
болғанымен, жүрегі нəзік Секең бол-
машы назарымыздың өзіне баладай
қуанып қалатын.
Біріншіден, Серік Такой қыздар-
ға арнап жыр жазғанды ұнатады.
Екіншіден ол Алтынбек сынды до-
сына (сол баяғы Мұқышев с причес-
кой) керемет муза бола алады, мол
денесі мұңға батқан досын көргенде
Алтынбекстан оқыстан «рэп» жаза
жөнеледі. Үшінші жетістігі – курстас
досы Серік Сұлтанбаевқа сыншы
бола қалады. Келсін-келмесін, əй-
теуір аттас серігі Серікке ақыл айт-
қанды жөн көреді. Онысын тыңдап
жатқан Сұлтанбаев жоқ, өйткені
оның жаратылысы бөлек. Төртінші –
ол «Қазақстан-Павлодар» телеар-
насының «Ертіс таңы» бағдарлама-
сын жүргізеді. Ондағы образдары
тіптен бөлек əңгіме. Бір күні тақия
кисе, екінші күні шляпа киіп алады.
Эфирдегі кемшілігі – арасында эк-
ранға сыймай қалатындығы. (Бірақ
ол туралы сіз бен біз ғана білеміз)
Бесіншіден – Секең өте қонақжай.
Бір қызығы құты түскен мейманда-
рының барлығын «Қазақстан-Пав-
лодардың» студиясына шақырады.
Алтыншыдан – Серік сері əр апта
сайын кемпір болып, шау тартқан
шалдарды «Қызыл өрік» пен «Ганг-
нам стайлға» билетеді. Сол бір биін
бес мың долларға бағалайды-мыс.
Ақан Серіге «сері» атағын халық
берсе, өзін Серік сері деп атаған бұл
жігіттің болашағы бар шығар, сірə?!
Балқадишадай жырдың авторы бол-
маса да, Алтынайдай қыздың аяулы
жары болғаны да жетістік емес пе!
Ендеше, сал-серілер отбасын ара-
сында тойға шақырып тұрыңыздар,
достар!
Театр – сахна мен көрерменнің дүниетанымындағы рухани
сана-сезімнің бір-бірімен ұштасуын, сонымен қатар, сахна
мінберіндегі əртіс пен сахна алдындағы көрерменнің ара-
сындағы жалпы мақсаттың ортақ болуын, бір тақырыпта
тоғысуын талап ететін үлкен бір орда. Театрдың қыры мен
сырын танып, түбегейлі тарихымен танысып, тағылымын
таныту мақсатында елімізде əуесқой жас театрлар саны
да, олардың шығармашылықтарын шыңдау жолы да едəуір
артып келе жатыр. Бұған біздің аймақ та өз үлесін қосуда.
Жуырда елімізде алғаш рет жас əуесқой театрлар арасын-
да республикалық фестиваль өтті. Осы фестивальде жеңіс
тұғырынан көрінген «Шамшырақ» театрымен жақыннан та-
нысу мақсатында осы театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР мə-
дениет қайраткері, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы
драма театрының директорының орынбасары Дінмұхамед
Ұябай ағамызбен сұхбаттасқан едік.
– Амансыз ба аға! Жас
театрлар арасында өт-
кен фистивальдегі жемісті
жеңістеріңізбен шын жүрек-
тен құттықтаймын!
– Рахмет, айналайын!
– Аға, «Шамшырақ» теат-
ры қашан құрылған еді?
– Бұл театр, Павлодар мем-
лекеттік педагогикалық инсти-
тутының қабырғасында 2011
жылдары құрылған болатын.
– Құрамында қанша өнер-
паз бар?
– Театрға келіп, сахнада өз
өнерлерін көрсеткісі келетін-
дер саны артып келе жатыр.
Ал, негізі театр студиясында он
бес шақты өнерпаз бар.
– Сол жастардың театр-
ға деген көзқарасы қандай?
– Білесіз бе, қазіргі күнде
заманауи жасардың театрға
деген қызығушылығын өте жо-
ғары деп бағалаған болар едім.
Себебі, қазіргі осы театр құра-
мындағы балалардың көбісі
өнер үшін туғандай. Олар өте
қазақи балалар, жаны тəні қа-
зақылықты аңсап тұратын ба-
лалар. Ал театр, өнер, əдебиет,
мəдениет олардың туа біткен
болмысына тəн қасиеттердің
бірі сияқты. Теарт құрамында-
ғы өнерпаздар үшін көріністер-
ге қатысу оларды қатты қызық-
тырады. Ең алғаш 2011 жылы
сахнаға Шəмші Қалдаяқовтың
шығармашылығына арналған
«Ақ маңдайлым» қойылымын
алып шыққан болатынбыз.
Одан кейін ақиық ақын Мұқаға-
ли Мақатаевтың шығармашы-
лығына «Есіңе мені алғайсың»
қойылымын қойдық.
– Бұл қойылымдарды қою-
дағы мақсаттарыңыз не?
Жалпы сонда ойнаған өнер-
паздар жайлы айта кет-
сеңіз?
– Екі қойылымға да ПМПИ-дің
музыка бөлімі мен филология
факультетінің балалары қатыс-
ты. Ұстазы үшін ең бір кереметі
ол шəкіртін қызықтырып, ынта-
сын арттыру. Жалпы дүйім жұрт
əннің авторын білсе де оның
жеке өмірбаянын, жазған əнінің
тарихын, оған не себеп болға-
нын біле бермейді. Тек қана бұл
жерде əн айтып қоймай, сөйлеу
мəнеріне де үлкен мəн бері-
леді. Студенттер кейіпкерінің
бет бейнесін ұқсатып қана қой-
май, қимылын, əдетін, қылығын
салу қажет болады. Ол сол оқи-
ғаны жанымен, бар жүрегімен
сезініп, соған жан бітірсе, сол
айтылатын сөздің дауыс ырға-
ғымен бояуларын келтірсе, міне
бұл оның жетістігі болар еді.
«Ақ маңдайлым» қойылымы-
мен 2011-2012 жылдары Лебяжі
ауданына бардық. Халықтың
қошеметі тым ерекше болды.
Шəмшінің əндерін айтпайтын
адам кемде-кем. Өскелең ұр-
пақ, орта жас, ата-əжелерімізге
дейін бəрі-бəрі шырқайды ғой,
шіркін! Иə, Шəмшінің əндері
мəңгілік! Біз осы қойылымды
əуезді əнімен бірге оның сырға
толы, жырға толы өмірін де ха-
лыққа жеткізе білу мақсатында
қойдық.
–
«Шамшырақтың»
жетістігі туралы айта
отыр саңыз?
– Жетістік дейсіз бе? Кəсіби
əртіс болмаса да, жоғары оқу
орындарының жанынан құрыл-
ған студент жастар театрла-
рының қатары жыл санап арта
түсуде. Өткенде өздеріңізге
белгілі біздің қаламызда ПМ-
ПИ-дің
ұйымдастыруымен
І-ші республикалық əуесқой
студенттік театрлар арасын-
да фестиваль өтті. Еліміздің
түкпір-түкпірінен келген ұжым-
дармен бірге біздің Павлодар
мемлекеттік
педагогикалық
институтының «Шамшырақ»
театры да Шəмші Қалдая-
қовтың өмірне арналған «Ақ
маңдайлым» қойылымымен
қатысқан болатын. Еліміздің 8
аймағынан келген өнер ұжым-
дары арасынан 1 – орынды
алдық. «Шамшырақтың» театр
əлеміндегі бірінші жетістігі
осы.
– Бір белесті бағынды-
рып, биік шыңға шығу көп
құрбандықты талап етеді.
Қаншама тер төгіледі, қан-
шама уақыт кетеді. Жалпы,
дайындыққа қанша уақыт-
ты арнайсыздар?
– Уақытқа келер болсақ,
бізде аптаның мына күнінде,
мына уақытта деген бір тəртіп
жоқ. Бұл студенттердің құл-
шынысына байланысты. Біз
қолымыз бос кезде бір-біріміз-
ге хабарласып жиналамыз. Ол
мүмкін дүйсенбі, мүмкін жек-
сенбі күндері болуы мүмкін.
Иə, үлкен бір жетістікке жету
тыңғылықты дайындықты қа-
жет етеді. «Бұлақ көрсең көзін
аш» дегендей мен олардың
осы талантын ары қарай ашуы-
на себепкер болғым келеді. Де-
генмен, «арыстандай айбатты,
жолбарыстай қайратты, қы-
рандай күшті қанатты мен жас-
тарға сенемін», – деп марқас-
қа ақынымыз Мағжан сенген
жалынды, дарынды жастарға
неге сенбеске?! Жастардың
ниеті болса, қолынан бəрі ке-
леді. Мен де жастарға сенемін.
– Жастарға айтар ақыл-
кеңесіңіз, тілегіңіз?
– Талант əр адамның бойын-
да бар, бірақ сонымен талмай,
танбай еңбек етсе түбінде бір
нəтиженің болары хақ. Сондық-
тан айналайын жастар, өзгеден
ерек бойға біткен дарынды,
талантты тұншықтырмай оны
қадірлеп, қастерлеп дүйім кө-
рерменнің ризалығы үшін ары
қарай жетілдіргендеріңіз жөн
болар! Театр – киелі мекен. Өз
заманының озық идеяларын
бойына сіңіре отырып, ізгілік
мұраттарын паш етеді. Ең бас-
тысы, адамның өмірлік жəне
рухани ой-мақсаттары мен
оның күрделі ішкі жан дүниесін
терең де шынайы ашып бейне-
легенде ғана ол өзінің жоғары
көркемдік сатысына көтерілуі-
мен қатар қоғамдық-əлеуметтік
міндеттерін орындай алады.
Осыны жастар ұғынса, түсінсе
деймін. Болашаққа нық сенім-
мен қараймын! Жастар біздің
болашағымыз, кешегі өткен
дəуірдің жалғасы!
– Ал аға, толымды сұхба-
тыңызға рахмет! Сенімге
ие, сезімге берік дарынды
жастар көп болсын!
Сұхбаттасқан
Мереке АМАНТАЙ
БІЗДЕР ДЕ БҰЗЫҚ БОЛҒАНБЫЗ
ЕРКІН
СҰХБАТ
ТЕАТР - КИЕЛІ МЕКЕН
Бетті дайындаған Эльмира АБЕТЖАНОВА
5
Сауалнама
Жалпы, Жүсіпбек Аймауытұлының
«Қартқожа» атты дара туындысына
арқау болған Қартқожа Тоғанбаев
кім? Осы материалды дайындау ба-
рысында бұл сауал бізді мазалағаны
рас. Алайда, ауқымды да терең со-
циологиялық зерттеу жасауға уақыт
тапшылығы, мүмкіндіктеріміздің шек-
теулі болғандығы кедергісін тигізбей
қоймады. Өз ортамызда жасаған
сауалнаманың өзі (сауалнамаға қа-
тысушылар жасы мен мамандықта-
ры əртүрлі) көпшіліктің ол жайында
еш хабарсыз екеніне тағы көзіміз
жетті. Жастардың барлығы дерлік
«жоқ, оның кім екенін білмейміз» де-
ген жауап
қатты. Ал, орта буын
өкілдері арасындағы зиялылар оның
Жүсіпбек Аймауытұлының əйгілі
туындысы «Қартқожа» романының
бас кейіпкері екенін естеріне салып
жатқандары кездесті. Сауалнамаға
қатысушылар арасынан бірнешеуі
ғана, яғни, қазақ əдебиеті саласы-
ның мамандары «Қартқожа» болған
оқиғалар желісімен жазылғанынан
əрі Тоғанбаевтың өмір сүрген тарихи
тұлға екенінен хабардар болып шық-
ты.
Дегенмен, Қартқожа Тоғанбаев – Мір-
жақып Дулатұлы, Əлихан Бөкейхан,
Ахмет Байтұрсынұлы сынды үзеңгілес
жолдастарымен бір қатарда тұруға ла-
йықты, өз халқы мен өз уақытының көр-
некті қайраткері…
Беталысы
Қартқожа Жананұлы Тоғанбаев
1986 жылы Баянауыл округінде
(бүгінгі Павлодар облысының, Бая-
науыл өлкесі) дүниеге келген. Бая-
науыл жері – Ұлы Дала аймағындағы
«рухани мекен» десек əсте, қателес-
пейміз. Қазақстанның өнері мен ғы-
лымының белгілі қайраткерлерін
жарық дүниеге сыйлап, киелі топы-
рағына аунатып, өсіріп, жетілдірген
өлке. Сондай ұлдарының бір Қартқо-
жа. Қартқожаның адал да білімге құш-
тар болуына ата-аналарының ықпалы
зор болды. Олар округтың аға сұл-
таны, данагөй Мұса Шормановпен,
ағартушылық идеясын насихаттаушы
Машһүр Жүсіп Көпейұлымен етене
араласты.
Алғашқы сауатын Қартқожа ауыл
молдасынан алады. Сол кездің өзінде
ол құрдастары арасынан өткір ойлы-
лығымен, зейінділігі мен тапқырлығы-
мен көзге түседі.
Білімін жалғастыруына жоқшылық
аяғына тұсау болады. Кенеттен 1916
жылы патшаның атақты жарлығы шы-
ғады. Сол жарлыққа сай 19-43 жас
аралығындағы қазақтар сол уақыттағы
əскер күштерінің қорғаныс құрылыста-
рын құру жұмыстарын жасауға тылға
жіберілуі тиіс болатын. Жиырма жасар
Қартқожаның да жұмылдыру ісіне атса-
лысуы шарт еді.
Сол сапардан алдына заңғар мақсат-
тар қойып, білімді игеруге деген құлшы-
нысы артып елге оралады…
Журналист
Тоғанбаев қоғамдық жұмыстарға
жеңін сыбана кірісіп кеткен-ді. Ол Бая-
науыл Кеңесінің қызметкері, ревкомның
мүшесі болып қызмет етеді. Ұстаздық
тəжірибесі бар Қартқожа Омск қаласы-
на барып, 1927 жылы рабфакті бітіреді.
Сол жылдардың біліктілік талабына
сай ол абыройлы журналист маманды-
ғының иесі атанды. Білімге деген құш-
тарлығы оның ары қарай оқуды жал-
ғастыруына сеп болады. Өз ойының
жан-жақтылығының арқасында 1931
жылы Томск технологиялық институтын
(бүгінгі Томск политехникалық универ-
ситеті)
тамамдайды.
Қартқожа – өз
туған тілінен өзге орыс, татар, араб,
латын тілдерінде еркін сөйлеген, көр-
кем суретші, каллиграфия өнерін мең-
герген жоғары білімді азамат.
Ол ендігі «Серке», «Қазақ елі», «Қа-
зақ» газеттерінде белсенді қызмет
атқарады. Оның əріптестері, пікірлес
жолдастары Бейімбет Майлин, Сə-
кен Сейфуллин, Ахмет Байтұрсынұлы
жəне тағы басқа қазақтың белгілі зия-
лылары еді. Қазақ ұлтының бірлігіне
ықпал етуші басылымдардағы еңбек
еткен кездерін оның шығармашылығы-
ның жемісті жылдары деп айтуға бола-
ды.
Педагог
Ол құр қиял жетегінде жүре бермей,
өзінің теориялық концепцияларын өс-
келең ұрпақты оқыту барысында қол-
данады. Қартқожа өзінің ғұмырын пе-
дагогикалық еңбекке бағыштаған жан.
1926 жылы Қызылжардағы мұғалімдік
курста оқытушы болып қызмет етеді.
Содан кейін де ол журналист, аударма-
шы бола тұра бұл істен қолын үзбеді.
Жаз маусымында Баянауыл округінің
ауылдарында балаларға оқу оқытады.
Ал, 1933 жылдан бастап өмірінің соңы-
на дейін Алматы қаласындағы Комму-
нистік ауылшаруашылық мектебінде
ұстаздық етеді. Тоғанбаевтың шəкірт-
тері арасында Отанымыздың гүлденуі
мен көркеюіне сүбелі үлес қосқан жан-
дар баршылық. Соның бірі, белгілі жа-
зушы, драматург, дарынды аудармашы
Зейтін Ақышев.
Аудармашы
Қартқожа Тоғанбаев тарихта өте қабі-
летті аудармашы ретінде де таныс. Қа-
зақ мемлекеттік баспасының құжаттық
материалдарында Тоғанбаевтың оқу-
лық жəне басқа да əдебиеттерді орыс
тілінен қазақ тіліне тəржіма жұмыста-
ры туралы мəліметтер бар. «Физика
бойынша есептер жинағы», «Қызыл
əскердің даладағы санитарлық дайын-
дығы», «Қоғамтану», «Геометрияның
жүйелі курсы», «Ауылшаруашылығы-
ның механизациясы», «Электр қуаты
мен физика бойынша ғылыми-техника-
лық əдебиет», «Бастауыш мектептерге
арналған денешынықтыру бойынша
бағдарлама», «Комбайндар», «Сле-
сарлық кəсіп», тіпті «Паровоз» атты
нұсқаулық əдебиеттердің қазақ тілді
оқырманға жол тартуына дəл Тоған-
баевтың өзі жол салады.
Бірақ, ол тек аудармашы десек қате-
лесеміз. Ол техника қауіпсіздігі, орыс-
қазақ терминологиялық сөздік курста-
ры (1937 жылы жарық көреді), өкінішке
орай біз əлі білмейтін тағы бірқатар ең-
бектердің авторы екені даусыз.
Алаш орда қайраткері
1917-1920 жылдар аралығында
Қартқожа Тоғанбаев елін сүйер тұл-
ғалы азаматтар бас қосқан
« А л а ш »
партиясы қайраткерлері қатарында.
Ол Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұр-
сынұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мір-
жақып Дулатұлы, Сəкен Сейфуллин-
дермен араласып, бірге қызмет етеді.
Қазақ халқының бір ту астына бірігуі
алашордашылардың аңсаулы арманы
болды. Тоғанбаевтың да асыл арма-
нын осы еді. Отызншы жылдары Қарт-
қожа қазақ əдебиетінің майталманы
Мұхтар Əуезовпен бірге жазушының
жаңа шығармашылығына керек мате-
риалдар жинау мақсатында тізе қосып
қызмет еткен. Оның жұбайы Тоғанбае-
ва Шейла мұқият сақтаған күнделігінің
бір жерінде былай делінген: Əуезов
берілген деректерге: «бұл менің көр-
кем шығармаларым үшін таптырмас
ақпарат болатын болды», – деп бір
марқайып қалған екен. Бұл дерек көзі
Алашорда қозғалысы туралы болуы
бек мүмкін. Себебі Тоғанбаевтың өзі
Алашордашылардың белді мүшесі
екені рас. Ол 1938 жылы нағыз қайра-
ты тасыған шағында атылып өлтірілді.
Əрине, себеп Алашорда партия мү-
шесі болғандығында екені хақ. Оған
тағылған айыптың өзі ақылға сыймас
негізсіз еді: Жапон мемлекетінің тың-
шысы əрі Күншығыс елімен бірлесіп
түркі мемлекетін қайта жандандыруға
тырысуда деген ауыр айып тағылды.
Ол өмірінің соңына дейін өзінің ұс-
таздық шақырылуына əрі қоғамдық
жұмыстарға адал болды. Мирзоян
қатысады деп жоспарланған ірі педа-
гогикалық форумға бара жатқан сапа-
рында ол тұтқындалады…
Бүгінде Қартқожа Тоғанбаевтың зи-
ратының орыны қайда екені беймəлім.
Əзірге ғана беймəлім деп сенейік.
Прототип
Жүсіпбек Аймауытұлының «Қарт-
қожасы» шығармалық жанрлардың
еуропалық талабына сəйкес келген
қазақ əдебиетіндегі алғашқы туынды.
Ол 1926 жылы Қызылорда қаласында
жарыққа шығады. Қартқожа Тоғанбаев
Аймауытұлының жолдасы, əріптесі əрі
оның романының басты кейіпкеріне
лайықты болған жан. Сонымен қатар,
осы уақытқа дейін Тоғанбаев (романда
кейіпкердің фамилиясы көрсетілмейді)
бейнесі көркем шығармадағы ойдан
шығарылған кейіпкер ретінде бейне-
ленеді. Аймауытұлы Қартқожа бейнесі
арқылы қазақтың сол кездегі ұлт білім-
герлерінен жинақталған «өзін өзі жа-
саған» қазақ зиялысын көрсете білді.
Өзін жасаған деуіміз кедей буынынан
шыққан ол біртіндеп білім шұғыласына
ұмытыла отырып, білімге деген құш-
тарлығы арқасында жаңа ғасыр батыр-
ларының қатарынан көрінеді.
Қартқожаның сүрген ортасы қайғы-
ға толы болғанын Аймауытұлы сақ
дəлдікпен көрсете білді. Бұл дегеніңіз
қазақ ауылдарындағы сіңірі шыққан ке-
дейлік, ақ патшаның қазақ ер азаматта-
рын əскерге алу туралы қатаң бұйрығы
сияқты оқиғалар романда анық сипат-
талды. Автор Қартқожаның
б а с ы н а н
өткерген ауыр сынақтар оның білімге
деген қызығушылығын одан əрмен жа-
лындата түскенін дөп жеткізді.
Ұрпағы
Қартқожадан үш бала қалды, екі ұл
жəне бір қыз. Жұбайы Шейла Тоған-
баева мен балалары халық жауының
отбасы бола тұра ғажап жолдармен
аман қала алды.
Үлкен ұлы өкінішке орай бақилық
болды. Майқы Тоғанбаев Жамбыл
облысында тұрып, телекоммуника-
ция саласында қызмет етті. Қарқожа-
ның жалғыз қызы Шолпан Тоғанбаева
кезінде Қарағандыдағы балалар үйінің
директоры қызыметін атқарған, қазір
сол қалада өмір сүріп жатыр. Кіші
ұлы Төлештің бір жасында əкесі аты-
лып кеткен еді. Төлеш Қартқожаұлы
техника ғылымдарының кандидаты,
Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылы-
ғы институтының доценті. Асылында,
Қартқожа Тоғанбаевтың балалары
əкесінің сегіз қырлы тұлғалығының
жалғасы деуге болады. Тұңғыш ұлы
техникалық салада қызмет еткен, қызы
өскелең ұрпақты тəрбиелеуге, яғни,
педагогикаға өмірін арнаған, кенжесі
өмірінде осы екі саланы да тоғыстыра
білген жан. Қартқожаның немерелері
мен шөберелері де оның білімге де-
ген ұмтылысын мұра етіп, өмірлік ісінің
жалғасы болары сөзсіз. Оның ұрпағы
білім шыңын бағындыруда, оны жүзеге
асыруға қазіргі уақытта барлық жағдай
жасалынған. Бұл дегеніміз Қартқожа
мен оның пікірлестерінің ойлары текке
кетпегенін көрсетсе керек.
Достарыңызбен бөлісу: