PS. ҰБТ 2004 жылы мемлекет
білім жүйесіне алғаш енгізіл-
ген. 10 жыл ішінде 1,3 млн.
адам немесе жалпы білім беру
мектп бітірушілер санының 80
пайызы қатысқан. Олардың
15 пайызы төменгі межеге
жетпеген. 2012 жылы орта-
ша 70,9 бал болса 2013 жылы
74,5 балды құраған болатын.
2014 жылғы көрсеткіш қандай
болар екен? Оны білу алдағы
күндер еншісінде.
Ал біз биылғы мектеп біті-
рушілеріне алдағы емтихан-
дардан сүрінбей, қалаған
балдарын жинауына шын жү-
ректен тілектеспіз. Көрсеткіш-
теріңіз жоғары болсын!
Жанар ЕЛЕШОВА
4
Жастар тынысы
АУЫЛ КЕШІ КӨҢІЛДІ
ТАНЫМАЙМЫН ДЕСЕҢ
Ешкімге есесін еселетпеген ерлері, қазақтықтан кен-
де қалмаған қыздары, кемелділіктің кебін киген келіндері,
алаштың айбынын асырған ағалары бар деп Қызылқоғам
ауылы туралы айтуға əбден болады. Технологияға табы-
нып, роботтарша өмір сүрген өнегесіз өмірдің бұл ауылға
еш қатысы жоқ. Қатарымнан қалмаймын деп, қанша құнды-
лығынан қалыс қалған қазақтың бүгінгі күні тауы шағылған.
Қуанышқа орай, Қызылқоғамда бəрі басқаша. Қазақилық
дейсің бе, оны іздесең, осы ауылға кел! Ұйымшылдық-
ты айтасың ба, оның да керуені бұл ауылдан ұзамаған.
Сыйластықты қайдан табамын дедің бе – Қызылқоғамнан
кездестіресің. Ізеттілік іздедің бе, оған да Қызылқоғамда
ілігерсің. Қарапайымдылық қайда деймісің – ол да осын-
да! Көпшілдікті көргің келе ме, ол да бар ғой бұл жерде.
Мəдениеттің мəуелі мекенін де осы жақтан жолықтыра-
сың. Өр өнер қайда десең де, осы өңірде өріліп тұр.
Ерке Ертістің бойынан ойып тұрып орын тепкен Қы-
зылқоғам ауылы туралы талай жыр жазылып, сансыз
дастан айтылды. Сауықтың сайранын салып, думанның дауыл-
пазын дабырлатқан қауымға қайран қалмаққа, қызықпасқа
шараң жоқ!
Биылғы мамыр мерекелерін де ауыл тұрғындары ыстық
ықыласпен қарсы алды. Мерекелік кеш С.Сатыбалдин атын-
дағы мектеп оқушыларының қойылымынан бастау алып, əн
мен күй, шығыс билерімен жалғасын тапты.
7 мамыр Отан қорғаушылар күнінде, біздер бұл ауылдың
қолдаушылары көп екеніне куə болдық. Туған топырақтарына
тағзым ете келген түлектерде есеп болмады. Ауыл клубында
ине шаншар жер де қалмады. Келген əркім өз əніне салып,
ауылға деген сағыныш саздарын сарнайлатты. Маратхан
Мүлікбаев пен Берік Құнафин бастаған ауыл тумаларының
белділері де, шенділері де «бұрынғыдай» əн салды, би биледі,
барынша көңіл көтерді. Ал 1996 мен 2000 жылғы мектеп түлек-
тері жұмыла жиналып, ауыл клубына арнайы əкелген ноутбукты
сыйға тартты. Сондай-ақ, Нұрлан Əбетжанов бастаған жігіттер
тобы «сый кəдеге» Аспанбек Шұғатаев пен Оңғар Қабденнің ай-
тысын, актер Алмаз Хасеновтің əзілдерін, ақын əрі рəппер Ал-
тынбек Мұқышевтың рэп əндерін жерлестеріне тарту етті.
Мəдениет ордасының бір қанатында қазыналы кітапхана да
бар. Рухани байлыққа толыспаққа топырлаған оқырмандар ол
жерден керегін алып, іздегенін табады. Аядай ауыл демеңіз-руха-
ният атты бар ұғым. Мызғыған мекен демессіз – мəдениеті мəнді
қашан да.
ЕЛБАСЫ
ЖАСТАРҒА
СЕНЕДІ
«Сендер болашаққа деген үкілі үмітіміздің
тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қы-
руар шаруаларымыз тек сендер үшін жаса-
луда», – деді Елбасы 2012 жылғы Қазақстан
халқына Жолдауында баршаның назарын
жастарға қадап, еліміздің еңселі ері бұл сөз-
дерін бір рет айтқан жоқ. Бірақ жастардың
бүгінгі ахуалы ақ үмітті ақтарлық емес, керісін-
ше күдік күптерлік. Олай деуге негіз көп, дə-
лел мен дəйек те дəрменсіз емес. Ендеше
Елбасы сенген ел тіректерінің тірлігі неге
көңіл күңірентерлік, Қазақстандай қазыналы
қырдың қара көздері неге баспана жалдаумен
жүр? Жалғызбасты жалданып жүрсең жеңілі-
рек қой, ал жанұяңмен жыларман жағдайда
жүріп, бала бесігін əр босағаға тасып, шара-
сыздықтан шыр айналып жүргенде, үміт ақта-
мақ түгілі, есіміңді естіместей естен таңатын
тірлікке де түсіп кететініміз бар. Бұл əсіресе
əр қазақтың жас отбасыларына тиесілі тірлік.
Оны ешкім жоққа шығармайды, бірақ бастыр-
малатып айтуды да абзал көрмейді. Жалған
намыс пен керексіз көзбояушылыққа көнеді
де жүреді. Жай жүрмейді. Шарасыздыққа
шыдауға талпынады. Бірақ темір емес қой
əу бастан, ет пен сүйектен жаралған. Еттің
езіліп, сүйектің де сынатын сəті туады да.
Ажырасу, қылмыс, өз-өзіне қол жұмсау осы-
нау амалсыздықтан асқынатын адами реф-
лекстер ғой. Əттең, біз бұндай себептердің
береніне бойламаймыз. Мемлекеттің мүсəпір
өкіліндей болмайық деп, өздігімізше демігіп
жүре береміз, дем беретін демеушілер бол-
мағасын демалғысы келмей кететіндер де
бар ғой, ондайлар орды озық, көрді тыныш
көріп, сол тыныш таңдауларын жасаған жас-
тар қаншама. Құсалыққа айналған адам құн-
дылығына құрмет қалмаған соң, солай болуы
қалыпты да шығар.
Жалпы, мемлекет өз кезегінде жас отбасы-
лардың жағдайын жақсартуды көздегендей
болады да тұрады. Шенеуніктеріміз сөзге
шебер ғой шынында. Бос былапыт, жалпы-
ға көрсеткен жалған жанашырлық солардың
сүйенерлік амалдары. Оны көзбояушылық
немесе «пиар» дейді. Жанашырлық емес –
жарнама жасау.
Онымен қоймай, демография мəселесін
қозғайды. Барына ие бола алмайтын мем-
лекет, одан көбін несіне аңсайды екен, ба-
ланың туылуына тосқауыл емеспіз ғой, бірақ
балабақшадан орын таба алмай, бір бала-
ны дұрыс баға алмай дал болып жүргеніміз
шын ғой бұл күні. Тұңғышыңа төленетін қы-
рық мың мен бір жыл көлемінде алатын ай
сайынғы алты мың теңге кімге жетсін, одан
кейінгі екі жыл не еріңе қарап отырарыңды,
не бала бағарыңды, не амалсыз жұмысқа
шығарыңды білмей быт-шытың шығады.
Бала болғасын, бір кездерде ауыратыны
бар, ол жайың басшылығыңа жақпайтыны
белгілі, оныңнан да бас тартуыңа тура ке-
леді көп кезде. Менің бір ғана түсінбейтінім –
тірлігін істейін деген тірі адамға билік тізгінін
ұстағандар неге мұрсат бермейді? Онсыз да
қарапайым халықтың қара терінен түскен
қаржыны жымқырып та, жытырып та жатыр
ғой, бір сəт адами құндылық, кісілік қатынас
деген деңгейі биік ұғыммен неге бетпе-бет
келмейді.
Жолдауында ғана емес, жай күндері де
жастар жағын ойлаңдар деген Елбасының
өтініш сөзін еріккеннің ермегіне айналдыр-
ғандары ма? Елбасы бізге сенеді, ал біз
ше…
Найманнан қыз алмаймын
«Найманнан қыз алмаймын» дейді… Найманның қызы Алмаз
сияқты сүр бойдаққа шығамын десе бір сəрі, бірақ отызға келіп
оң жақта отырған Алмаздың қыз таңдап паңданатын дəурені
өшіп, заманы өтті емес пе!
Алмаз Хасенов аузынан суы құрып əзілді əрлесе де, «Ақ көңілді
ақ арманым» деп əн салса да, сып-сып еткен сылқым сұлуларды
сомдаса да, алты алашты асабалығымен қайран қалдырса да, өз
басым Алмазға қатысты қос ақиқатқа аң-таң болам. Біріншісі – үш
ұлдан кейін несіне қыз болып тумағанына. Екінші – эколог маман-
дығын не үшін таңдағанына. Негізі күлімкөз жігіттің көк көздеріне
үңілсең, Гүлназ болып келе жатып, Алмазға айналып кеткен бе деп
қаласың. Ал енді сұлулардың рөліне енгенде, кез келген еркекті
есінен таңдыратындай-ақ. «Тəп-тəуір табиғат қорғаушысы» – деген
атағы дипломында мөр болып басылса да, бұның қу басы той жаққа
қутыңдап кете барды. Жай асаба емес, облыстағы қып-қымбат аса-
балардың бірі. Қызметіне беташар, тойбастар, қыздар, «Ақ көңілді
ақ арманым», əке туралы əзіл, үйлену жəне жасыл костюм кіреді.
Кей кездерде тұсау да кеседі (өзі үш жасында жүргеніне қарамай).
Бұл жабдықтарсыз Алмаз мырза той өткізе алмайды (дейді Оңғар)…
Алмаз туралы қасындағы досы Алтынбек те ақпарат берді. Назар
аударыңыздар!!!
Туған жылы: 86 немесе 1986.
Лақап аты: Зеленоглазый в зеленом костюме.
Сүйікті ісі: айнаға қарап, өз-өзіне сүйсіну.
Сүйікті мезгілі: түн.
Ұнататын кітабы: «Бір көргеннен ғашық болдым».
Ұнамсыз қылығы: əр тойдан қыз іздеуі.
Ұнамды қасиеті: нəзіктігі.
Ұтымды тұсы: əкесіне ұқсағаны.
Қорытынды: «Бір найманның қызынан жаңылдым», – деді бір
көргенімде. Жаңылса да, жеңілсе де, əйтеуір басқа бір найманға
үйленіп, жұмақтан жер алса дейміз, бұдан басқа бақыттың болуы
мүмкін бе!
ОЙТАМЫЗЫҚ
Қызылқоғамның
қызық кешінде
Маратхан Мүлік
баев пен Берік Құнафин
Аспанбек Шұғатаев пен Оңғар Қабден
Бетті дайындаған Эльмира АБЕТЖАНОВА
5
Қоғам керуені
КӘСІБІҢ – НӘСІБІҢ
Eлбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «ХХІ
ғасырда білімін дамыта алмаған елдің
тығырыққа тірелері анық. Мұндай жайт-
ты болдырмас үшін мектептегі білім
мен тəрбие жоғары деңгейде болу
шарт» деген еді. Бұл ретте Нұрсұлтан
Əбішұлы елдің мерейін асыратын ұр-
пақ тəрбиелеу ұстаздардың қолында
екенін қадап айтты, оларға артылар
жүктің де салмақты екеніне назар ау-
дарды. Осы мақсатта педагог маман-
дардың біліктілігін арттыру үшін мем-
лекет тарапынан түрлі оқу курстары
мен семинарлар ұйымдастырылуда.
Осы салада жоғары білім алу үшін
қойылатын талаптар да қатал емес.
Алайда, қарастырылған мүмкіндіктерді
теріс пайдаланып жүрген қатарласта-
рымыздың бары көңілге қаяу түсіреді.
Санасында «шəкірт тəрбиелеймін, ұлы
мамандық иесі атанамын» деген емес,
«қайткен күнде тегін білім аламын»
деген ойы бар жастардың саны артып
барады. Бəлкім, бұл үшін оларды жаз-
ғырып, жерден алып, жерге салудың
да қажеті шамалы шығар. Нарық зама-
нының талабы сондай. Ақша билеген
мына заманда ел мүддесі емес, жеке
мүдде алдыңғы қатардан ойып тұрып
орын алды. Нəтижесінде, толар-толмас
білімі бар азаматтар оқушыларға тəлім
үйретіп келеді. Осыдан кейін «шəкірт
алып жатқан білім қаншалықты сапа-
лы?» деген ой туындайды.
Иə, ұлт болашағына, елдің ертеңіне сү-
белі үлес қосып бар өмірі мен тіршілігіне
қажет білім нəрін шəкірт жүрегіне құйған
ұстазды батылға теңеу əрине лайықты
ұғым. Бүгінгі таңдағы қай жағынан болсын
тек біліммен алға басып, елдің керегесін
кеңейту келешегімізді бүтіндей алатыны-
мыздың кепілі екендігі айқындалды. Осы
жолда ұстаздарымыздың біліктілігі мен
шеберлігі келелі үлес атқаратыны айт-
паса да түсінікті. «Білім мен тəрбие егіз»
дегендей, бар өмірін баланың ой-қиялын
кемелдендіріп болашағына бағыт беру-
ге, дарындылығын оятып, көңіліне қанат
бітіруге жұмсаған ұстазды ешкім де ұмы-
та қоймас. Мұғалім мəртебесін көтеру,
қоғамдағы рөлін арттыру қазіргі таңда
үлкен əрі күрделі талқыланып жатқан мə-
селелердің бірі. Ұстаз бақыты өзі мəпелеп
ұшырған балапан шəкіртінің биіктерді ба-
ғындырып, Отаны үшін лайықты қызмет
атқарғаны десек қателеспеспіз.
Ұстаздан дəріс алмаған адам қазір жер
бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық
содан да киелі. Жан-Жак Руссоның «Ұс-
таз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның
бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма
өте жақын.
Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла
бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тəрізді
барлық адамның бойынан жақсылық із-
дейтін ізгі ниет иесі. Шəкірті өзінен озған
ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені,
өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен
озған шəкірт тəрбиелейтін шебер ұстаз
үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұраны-
сына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі
дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет.
Ұстаздықты қалаған əркім өз жүрегінің
қалауымен таңдайды. Маман ұстаздың
негізгі ұстанымы: баланы тұлға деп тану,
оның пікірімен санасу, оқушының кішкен-
тай қуанышын, табысын бағалай білу. Ұс-
таз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ
тəрбиелейді. Адам тəрбиелеу – ұлы мін-
дет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз.
«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім
қандай болса, мектеп сондай болмақшы.
Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектеп-
тен балалар көбірек білім алып шығады.
Солай болған соң, ең əуелі мектепке ке-
регі – білімді, педагогика, əдістемеден ха-
бардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», –
деп еді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов.
Бүгінде елімізді көштен қалдырмайтын
ұрпақ тəрбиелеу мəселесі ақсап жа-
тыр. Алысқа бармай-ақ, қарапайым
мысал келтірелік. ҚР Білім жəне ғылым
министрлігі педагогтардың шеберлігін
арттыру мақсатында үш деңгейлік оқу
курстарын енгізіп еді. Оны тəмамдап,
қолына сертификат алған ұстаздың
біліктілігі артпақ. Оған қоса, жалақысына
үстемеақы да қосылады. Қарап тұрса-
ңыз, мұғалімге жасалған жақсы жағдай.
Бірақ, сол үш айлық оқуды оқып, сыннан
сүрініп жатқан мамандар бар. Бұдан соң,
«оқушыларға білім үйретуге ұстаздар-
дың қауқары жеткілікті ме?» деген сауал
қылаң береді. Егер өзі тиісті талаптарды
орындай алмаса, шəкіртіне қандай талап
қоймақ, оған қайтіп үлгі болады?
Мемлекет тарапынан жасалған тағы
бір мүмкіндік – «Дипломмен – ауылға!»
бағдарламасы өз-өзін ақтап жатыр ма,
деген ойдың да кесе-көлденең шыға-
тыны жасырын емес. Көңіліміздің бұ-
лайша күпті болуына себеп бар. Ол –
мемлекет қаражатына жоғары білім
алған жастардың «ауылға бармаймын»
деп азар да безер болуы. Ал барған
күннің өзінде тиісті қызметін атқарады
да табанын жалтыратады. Осылайша,
өз пайдасын ғана басты мақсат етіп,
мұғалімдікке баратын жастарға айтар
өкпе-назымыз бар. Əрине, осылай деп
жар салып, барлық ұстаздар қауымы-
на топырақ шашудан аулақпыз. Десе
де, мамандық таңдар сəтте əр талап-
кер ел мүддесін де естен шығармағаны
абзал.
Назгүл РАБИЛОВА
МЕМЛЕКЕТ
ЖӘНЕ МҮГЕДЕК
2005 жылы «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік
қорғау туралы» Заң қабылданды. Оның іске асырылуына байланысты
протездік-ортопедиялық көмектен басқа, бірінші кезекте мүгедек қарт-
тардың санаториялық-курорттық емделуіне, медициналық-әлеуметтік
сараптама жүргізілуіне, жеке оңалту бағдарламаларына, әлеуметтік
қызмет көрсетілуіне, мұқтаж адамдарды қажетті гигиеналық құрал-
дармен қамтамасыз етуге және жеке көмекшілер беруге көңіл бөлінеді.
Бірақ та балаларына масыл болып көрінетін мүгедек қарттар қайтіп кү-
нелту керек деген сауал мемлекетімізді алаңдатуы керек шығар...
Анна Сағындықова (аты өз-
гертілді) 2 топтағы мүгедек
əкесінің мұңын айтып, Павлодар
облысы əкімінің электронды қа-
былдауына хат жолдады. Ан-
наның ресми түрде ажырасқан
ата-анасы бүгінде уақытша бірге
тұрып жатыр. Мүгедектен бар-
лық туыс-туғандары бас тарт-
қан. Барар жер, басар тауы, бір
басына пана болар баспанасы
да жоқ. Баспанадан тарылған
қос қызының да кешкен күйлері
мəз емес. Анна əкесінің ақжысын
өздері тұрып жатқан Железин ау-
дандық əкімшілігіне де ақтарып-
ты. Бірақ жергілікті мекеме сот
арқылы мүгедек əкелерінен бас
тартып, мүгедектер үйіне жөнел-
туге кеңес берумен ғана шектел-
се керек. Мүгедек болса да, əкесі
ғой, сондықтан Анна мен оның
əпкесі əкелерінен бас тартпай-
мыз, тек мүмкіндігіміз шектеулі
деп шырылдайды. Дегенмен,
өз əлеуметтік жағдайларымен
санаса келе, асқар тауларының
мүгедектер үйіне орналастыры-
луын жөн санайды. Бірақ біздің
мемлекетіміздің
мүгедектерге
құрылған заңы бұл қыздардың
аталмыш өтінішін қанағаттанды-
ра алмады.
Біріншіден, заң бойынша бала-
сының ата-анасынан сот арқылы
бас тартуы ата-ананың бірден
арнайы интернатқа орналасты-
рылуына негіз емес. Екіншіден,
апалы-сіңлілі азаматшалар мү-
гедек емес, онко-псих дерті-
не шалдықпаған жəне еңбекке
жарамды жандар. Қазақстан
Республикасы 145 Кодексінің 1
бабы, «Неке жəне отбасы» ту-
ралы заңына сəйкес, кəмелеттік
жасқа толған, еңбекке жарамды
балалар еңбекке жарамсыз ата-
анасына көмек көрсетіп, қол
ұшын беруге міндетті. Сондай-
ақ, осы заңның 2 тармағында,
еңбекке жарамсыз ата-анасына
көмек көрсетуден бас тартқан
кəмелеттік жастағы балалары-
нан мүгедек немесе еңбекке жа-
рамсыз ата-анасы сот арқылы
жəрдемақы (алимент) талап ете
алады.
Павлодар облысында мүгедек-
тер мен қарттарға арналған жал-
пы типтегі төрт стационарлық
медико-əлеуметтік мекеме мен
облыстық психоневрологиялық
медико-əлеуметтік мекеме жұ-
мыс жасайды. Арнайы мекеме-
лер ҚР 2011 жылғы 28 қазандағы
бекітілген бұйрығына сай, арна-
йы стационарлық мекемелерге
Қазақстан Республикасы айма-
ғында жақын туғандары мен ең-
бекке жарамды балалары (ері
немесе əйелі) жоқ мүгедектер
мен қарт адамдар қабылдана-
ды. Аталмыш заңға сүйене келе,
əкімшілікке əлеуметтік əлекке
түскен əкесінің ахуалын айтқан
Аннаның да өтініші сот арқылы
да оң шешімін таппайды.
Қазақстан
Республикасы-
ның «мүгедекетерді əлеу-
меттік қорғау туралы» За-
ңында «Мүгедек» – ол ағза
функцияларының
бұзылуы
салдарынан олардың өмір
сүру мүмкіндіктерін шектеуге
əкеп тірейтін түрлі жарақаттар,
аурулар, кемістердің салдары-
нан денсаулығы нашар тұлға
делінген. Ендеше онсыз да
жалғаннан жарақат алған жан-
дардың жүрегін жаралаудың
қажеті қанша, мүгедектер мен
қарттар үйіне тапсырайық де-
гені – баласының əкесінен бас
тартқаны емей немене…
Эльмира АБЕТЖАНОВА
Маманды ты төресін
т ырдан т сірмейік!
Адамзат баласының адам болып қалыптасуына алдымен ата-анасы себепкер десек, одан кейін білім
мен қатар тәлімін аямайтын ұстаздар қауымының рөлі зор. Ақын да, ғалым да, депутат та бәрі-бәрі
мұғалім деген ардақты атты арқалаған жанның алдынан өтеді. Олар жөн сілтеп, сара жолға бағыт-
тайды. Талай оқушының өмірден өз орнын табуына ықпал етті. Соның арқасында еліне елеулі азамат
атанды. Ал бүгінгі жас ұстаз алдыңғы буын әріптестері сынды оқушыларға үлгі болып, өнеге көрсете
алып жүр ме?
6
Көкейкесті
ТЕМЕКІ ЖАРНАМАСЫ
Жарнама мамандарының пікірінше, 30-50
жылдан астам уақыт аралығында түсірген
фильмдердегі темекінің жарнамалауынан
күні бүгінге дейін шылым өндірісі пайдаға
кенеліп жатқан көрінеді. ДДСҰ мамандары
жаһандағы барлық мемлекеттерге темекінің
заң жүзінде жарнамалауға қатаң тыйым са-
луға ұсыныс білдіруде. Халықаралық ұйым
өкілдері жасаған зерттеулері балалар те-
мекі тартуды неғұрлым ерте бастаса, соғұр-
лым никотиннен бас тарту қиынға түсетінін
дəлелдеген. ДДСҰ мамандары дүние жүзі
адамдарының небары 5 пайызы ғана шы-
лымды əспеттейтін жарнамалық дүниелер-
ден аулақ екендігін айтады. Ал қалған 95
пайыз бөлігі шылым өнімдерін үгіттейтін
жарнамаларды күндіз-түні көреді екен. Егер,
нақты шара қолданбай, осы сарынмен жал-
ғаса берсе, ғасыр соңына дейін 1 миллиард
пенденің ажалы темекіден болатыны анық.
Пайдасын темекі өнімдерінен көріп жүрген
өндіріс орындар нарық аясын кеңейтуге,
демек, азаматтарымыздың жаппай темекі
тартуына мүдделі. ДДСҰ мамандарының ай-
туынша темекі өнімінің жарнамалары толық
тоқтатылса, темекі тартатындар саны 16
пайыз төмендейтінін анықтаған.
ҚАТЕРЛІ ӘДЕТПЕН КҮРЕС
Қазіргі таңда барша ғалам жұртшылығы
осы əлеуметтік қауіпті əдетпен қарсы күре-
суде. Əлемдік тəжірибеге сай бұл індетке
қарсы күрес алдын алу мен экономикалық
шараларды қолдану тəсілдері арқылы жү-
зеге асады. Алдын алу əдістерінің бірі – те-
мекінің қорабына өнімнің зиянды екені жа-
зылатын ескертулер. Австралияда темекі
қорабтарында өндірушінің фирмалық ло-
готипі көрсетілмеген керісінше темекі тар-
тушылар арасында таралатын аурулардың
зардабы туралы жағымсыз суреттер беріл-
ген. Қазірдің өзінде Ұлыбритания, Канада,
Үндістан, Жаңа Зеландия мен Норвегия
сияқты елдер де нарыққа осындай өнімді
енгізген. Еуропа елдері 2025 жылға дейін
Еуроодақ темекіні саудадан мүлдем алып
тастауды нысанаға алып отыр. Ресейде
мектеп пен колледждерде темекі тартқан
мұғалімдерге қомақты айыппұл салына-
ды екен. Батыстың көптеген елдерінде
қоғамдық орындарда шылым шегуге заң
жүзінде тыйым берілген. Францияда осын-
дай заң күшіне енгеннен кейін, кафе мен
мейрамханалардың табыстары 10-15 па-
йызға кеміп, жүрек, қан тамырлары ауруы-
нан өмірмен қош айтысатындар саны 15
пайызға азайыпты.
Ал, Қазақстан темекі індетімен қалай кү-
ресуде? 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап,
қорап сыртындағы «Шылым шегу сіздің ден-
саулығыңызға зиянды», «темекі шекпейтін-
дердің өмірі ұзақ болады» деген жазулар-
дың көлемі 30 пайызға ұлғайтылды. Бұл
халықаралық темекіге қарсы күрес жөніндегі
конвенциясымен келісім жасағаннан соң
жеткен өзгеріс. 2011 жылы 22 қараша күні ҚР
Үкіметі темекі бұйымының қорабына шайыр-
лы заттардың, никотиннің құрамы, олардың
деңгейі жəне жүйелік улар, канцерогендік
əрі мутагендік заттар туралы мəліметтер
мен темекі шегудің зияны туралы ескертуді
орналастыру ережелерін бекітті. Қорап сыр-
тындағы жазулар көлемі 40 пайызға артты.
Бұл ескерту темекіге тəуелді азаматтары-
мыздың көзіне іліге қояр ме екен.
ТЕМЕКІ ТҮТІНІСІЗ
ҚАЗАҚСТАН
Дегенмен, əлем тəжірибесі бойынша ең
тиімді шара – экономикалық ықпал ету
тəсілі. Яғни, темекі бұйымдарына мемле-
кеттік акциз мөлшерін арттыру. Еуропа ел-
дерінде бір темекі қорабы құнының акциздік
үлесі 80 пайызды құрайды. Украинада –
30, Ресейде – 23, Беларуста – 20 пайызды
жуықты құрайды. Ал, Қазақстанда 13 па-
йызды құрап отыр. Шылымның бір қорап
бағасы орта есеппен 1 литр сүттен арзан
болып отыр екен. 2012 жылдың 20 маусы-
мында «Темекі түтінісіз Қазақстан үшін»
ұлттық коалициясы темекі өнімдеріне акциз
мөлшерін 2013 жылы көтерген. 2013 жыл-
дың сəуір айынан бастап үш концерогенді,
мутагенді жəне күшəн, полоний 210, бензол
жəне басқа улы заттар туралы мəліметтер
орналастырып, темекі түтінінің улы құрамы
жөнінде қазақстандықтарды көбірек хабар-
ландыру мақсатында темекі қорабының сол
қапталына мəтіндер мен суреттер жарияла-
нуда. Ал, темекі акциздерінің төмен болуы
өндірушілер үшін өте тиімді. Темекі нары-
ғында жұмыс жасап жатқан компаниялар-
дың көбісі шетелдік. Демек, Қазақстандағы
темекі компаниялары тапқан табыстарының
80-90 пайызы елден өзге елдерге ұшып ке-
теді деген сөз. Бұның да пайдасын шетелдік
алпауыт компаниялар көруде.
ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН
ҚАУІПТІ ӨНІМ
Темекі – адам өліміне себеп болса да,
тұтынуға рұқсат етілуі заңдастырылған
жалғыз қауіпті өнім. Темекінің құрсауын-
да қалғандардың үштен бірі, кейде тіпті,
тең жартысы ажалынан 15 жыл бұрын жан
тəсілім етеді. ДДСҰ өкілдері жер шарында
10-24 жас аралығындағы 1,8 миллиард жас-
тардың шылым шегетінін хабарлайды. Бұл
көрсеткіштің жылдан-жылға кемімей, арта
түсуінің өзі өкінішті-ақ. Тəулігіне 10-12 шы-
лым тартатындар жылдық уақыт өлшеммен
есептегенде, темекіге 24 күнін жұмсайтын
көрінеді.
Темекі Еуропа мен Азияда 15 ғасырда, тіс
ауырғанда қарсы дəрі ретінде қолданылған.
1492 жылы 12 қазанда Христофор Колумб
белгісіз арал (қазіргі Америка) жағалауына
тоқтағанда, арал тұрғындары күнге кептіріл-
ген өзара «петум» деп атайтын бүктеулі жа-
пырақты қонақтарға ұсынады. Колумбтың
екінші саяхатынан кейін темекі дəні алғаш
Испанияға, содан əлемге жайылып кеткен.
Темекінің кеңінен етек жайған себебі – оның
адам ағзасына тəуелділік тудыратын қа-
сиетінде.
Темекі – адам ағзасы үшін ойлап тапқан
ең зиянды дүние болып табылады. Шылым-
ның түтінінде 30-дан астам улы заттар бар.
Темекінің 1-2 қорабында никотиннің адамды
өлтіретін өлімдік мөлшері у болады. Нико-
тин уын қабылдаған адамды өлімнен құтқа-
ратын зиянды заттардың ағзаға бірден емес,
біртіндеп енуі. Темекі түтініне ерекше иіс пен
дəм беретін, адам зəрінің құрамына кіретін
урина дейтін химиялық қоспа бар. Никотин –
темекіде жəне басқа өсімдіктердің құрамын-
да болатын алкалоид шылым шеккен кезде
ағзаға бірден сіңіп кетеді. Өз кезегінде бұл
химиялық элемент жүйке жүйесіне қоздыру
əсерін беретін, мүшелердің салдану қауіпін
тудыратын у.
ТЕМЕКІНІ СЕРІК ЕТКЕНДЕР
Астана қаласы Жастар саясатын қолдау
мемлекеттік қорының мəліметін ескерсек,
дамыған елдерде əйелдердің 40-50 пайызы
шылым шегетін көрінеді. Темекіні серік ет-
кен əйелдердің балалары əлсіз, бойы аласа,
бас сүйегінің көлемі кіші, салмағы кем болып
туылады. Көбіне бұл балалар 9-10 жасына
дейін құрбыларын физиологиялық жəне ин-
теллектуалдық дамуы, мектептегі үлгерімі
төмен болуы жағынан артта қалып жатады
екен. Еліміздің ер азаматтары арасында
шылым шегетіндері 65,3 пайызды құрап,
ТМД елдері арасында алғашқы орындардан
көрінудеміз. Қазақстанда 12 жастан үлкен
9,8 пайызы əйелдер темекі шегеді, əсіресе,
20-29 жəне 40-49 жастардағы əйелдерге те-
мекі шегу деңгейі ең жоғары. Яғни, ана болу
қабілеті артып тұрған жас ерекшелігіндегі
əйелдердің көпшілігі темекіге тəуелді.
Түйін сөз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының мəлімдеуінше, əлемдегі 2 мил-
лиард жас өспірімдер темекінің түтінімен
уланған. Ал Қазақстан халқының 5 миллио-
ны шылым шегеді. 600 мыңнан астамы қыз-
келіншектер болса, 140 мыңы – 13-15 жас
аралығындағы жеткіншектер. Қазақстандық-
тардың басым бөлігі жиырмаға толмай жа-
тып, темекінің дəмін татады екен. Өкініштісі,
елімізді жылына – 25 мың, күніне 70 адам
шылымның кесірінен туындаған дерттерден
көз жұмады екен.
Достарыңызбен бөлісу: |