Жастар газеті №5 (53) 30 мамыр, 2014 ж



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.03.2017
өлшемі5,28 Mb.
#5519
  1   2   3

Cана

Мүдде


Салауат

ЖАСТАР ГАЗЕТІ



5

 (53)

30 мамыр, 2014 ж.

Елімізде мектеп түлек-

тері арасында ұлттық 

біріңғай тестілеуге 

қатысу үшін өтініш 

қабылдау науқаны аяқ-

талып, емтиханды 

өткізуге қызу дайындық 

жұмыстары жүргізілуде.

Оқушы он бір жылдық 

білімді бірер сағатта 

түйіндеп шығады. Ол 

күнгі көңіл-күй, ол күнгі 

қобалжу басқа күндерден 

ерек. Кеше ғана санаңда 

ойнақтап жүрген жауап-

тар дəл бүгін тас ми-

дан шығып кеткендей. 

Биылғы мектеп біті-

рушілер мен олардың 

ата-аналары да алдағы 

мемлекеттік тестілеуді 

қобалжи күтуде.

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ 

МҮГЕДЕК

ТАНЫМАЙМЫН 



ДЕСЕҢ...

ҚОНАҚТА ӨҢІРІМІЗДІҢ 

ӨНЕРПАЗ ЖІГІТІ 

АЛМАЗ ХАСЕНОВ



ҰБТ-ға 

дайынсың ба?

3

-бет

4

-бет

6

-бет

ТЕМЕКІ – АДАМЗАТ 

ҚАСІРЕТІ

ГАЗЕТ 2005 ЖЫЛДЫҢ 

28 ҚАЗАНЫНАН 

БАСТАП ШЫҒАДЫ

Жастар – болашақтың кепілі

5

-бет

2014 жылдың 15-18 мамыр аралығында Павлодарда өт-

кен белгілі қоғам қайраткері, жазушы, драматург Жүсіп-

бек  Аймауытұлының  125  жылдығына  арналған  бірінші 

облыстық  «Алаштың  ардақтысы»  атты  театрлар 

фестивалі барысынан хабардар болыңыз.

АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ – 

ЖҮСІПБЕК

2

-бет


2

SMS-ақпарат



 



ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ

Фестивальге  Астана,  Қараған-

ды,  Өскемен,  Семей,  Талдықор-

ған  мен  Павлодардың  облыстық 

театр  ұжымдары  қатысты.  Айтулы 

шараның  құрметті  қонағы  ретінде 

əрі  театр  ұжымдарының  өнеріне 

қазылық  ету  мақсатымен  Қазақс-

танның  Халық  əртісі,  КСРО  Халық 

əртісі, Қазақстан мен КСРО Мемле-

кеттік  сыйлығының  лауреаты,  про-

фессор  Асанəлі  Əшімов,  Қазақс-

танның  еңбек  сіңірген  қайраткері, 

мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты, 

профессор  Əшірбек  Сығай  келді. 

Сондай-ақ, өнер фестивалі төрінен 

Ж. Аймауытовтың шөбере інісі Тө-

леген  Абраманов  та  табылды.  Ол 

алаштың  ардақты  ұлына  ерекше 

көңіл  бөліп  жатқан  ұйымдастыру-

шыларға шексіз алғысын білдірді.

Шара  барысында  Павлодар  об-

лысы Ж.Аймауытов атындағы қазақ 

музыкалық  драма  театры  алғаш 

Жүсіпбек  Аймауытұлының  өмірлік 

ауыр сүрлеуін «Ар алдаспаны – Ай-

мауытов»  атты  қойылымда  шебер 

сахналады.  Шығарма  авторы  –  ҚР 

Халық  əртісі,  режиссер-драматург 

Ерсайын Төлеубай.

Мұнымен қоса, фестиваль бары-

сында  Жамбыл  атындағы  Шығыс 

Қазақстан  облысының,  «Дариға-

ай»  Семей  қалалық  жастар  теат-

рының,  Қ.Қуанышбаев  атындағы 

мемлекеттік  академиялық  театры-

ның,  Б.Римова  атындағы  Алматы 

облыстық  Талдықорған  театры, 

С.Сейфуллин  атындағы  Қараған-

ды  театры,  Абай  атындағы  Семей 

театры,  А.Чехов  атындағы  Павло-

дар  облыстық  орыс  драма  теат-

ры  жəне  семейлік  Ф.Достоевский 

атындағы  орыс  драма  театрының 

ұжымдары өнер көрсетті.

С.Торайғыров  атындағы  Павло-

дар  мемлекеттік  университетінің 

студенттері  де  өнер  мерекесінің 

көрермені  болды.  С.Торайғыров 

атындағы  ПМУ  Мəшһүртану  ғылы-

ми-тəжірбиелік орталықтың ғылыми 

қызметкері, «Жас ұрпақ» студенттік 

ғылыми  үйірмесінің  жетекшісі  Ней-

ла Анафинаның жетекшлігімен Ме-

талургия,  машинажау  жəне  көлік 

факультетінің студенттері аймақтық 

театрлардың  өнерлерін  тамашала-

ды. Аталмыш факультет студенті Ри-

зат Болат: «Бүгінгі жастар театрдан 

рухани қазыналарын молайтуы тиіс. 

Өйткені, технология дамыған мына 

заманда  біз  өзіміздің  өткенімізге 

үңіліп,  мəдениетімзді,  өнерімізді, 

тарихымызды, əдебиетімізді танып, 

оны  кейінгі  ұрпаққа  аманат  етуіміз 

қажет.  Себебі,  «жаһандану»  де-

ген  алпауыт  аранын  ашып  тұрған 

мына  дəуірде  тамырымыздан  ажы-

рап қалмағанымыз игі», – деп ойын 

түйіндеді жас көрермен.

ЕЛ МАҚТАНЫШЫ – 

«ҚАЗ ҚОНАҚТАҒЫ» СЕНБІЛІК

2014 жылдың 16 мамыр күні С.Торайғыров атындағы 

Павлодар  мемлекеттік  университетінің  белсенді  сту-

денттері Ертіс өзенінің оң жағалауындағы мемлекеттік 

«Қаз қонақ» палеонтологиялық ескерткіші маңын қо-

қыстан тазарту шарасына қатсыты.

Науқанды өткізудің мақсаты – келешек ұрпаққа «Қазқонақ» табиғи 

екерткішін сақтап, ескерткіштің маңыздылығына жұртышылық наза-

рын аудару.

Аталмыш шараның негізгі ұйымдастырушысы: Павлодар облыс-

тық  орман  жəне  аңшылық  шаруашылығы  аумақтық  инспекциясы 

Республикалық мемлекеттік мекемесі.

«Қаз қонақ» – Ертіс жағасындағы орналасқан ғажайып орын. Онда 

көне дəуірде мекен еткен жануарлардың қаңқалары табылған. «Қаз 

қонақ»  жəдігерлердің  көнелілігі  жағынан  əлемдегі  20  палеонтоло-

гиялық ескерткіштің қатарына енген. «Қаз қонақ» палеонтологиялық 

ескерткішінің  гиппарион  фаунасының  бес  миллион  жылдан  астам 

тарихы бар.

Тазалық науқанына С.Торайғыров атындағы ПМУ Студенттік рек-

торы Ғабит Хафиз бастаған университет белсенділері мен Агротех-

нология факультетінің студенттері қатысты. Сонымен қатар, басқа 

да мемлекеттік мекемелер де қатардан қалмай бірлесе жұмыс ат-

қарды.


Тазалық  барысында  табиғи  ескерткіштің  Ертіс  өзенінің  оң  жаға-

лауындағы 5 га аумақ əр түрлі қыстардан тазарлылды.

«Гиппарионды фауна ескерткіші қазір күл-қоқыспен ластанып жа-

тыр дегенді жиі еститінбіз. Аты жаһанға мəшһүр тарихи мұрамызды 

сақтап қалуға біз де жастар мүдделіміз. Сондықтан, бүкіл əлем тани-

тын құнды жəдігерлерімзді қорғауға бағытталған тазалық шарасы-

на қатысқанымызды мақтан етеміз», – деп атап өтті С.Торайғыров 

атындағы ПМУ студенттік ректоры Ғабит Хафиз.

Сонымен,  науқан  соңында  ұйымдастырушылар  С.Торайғыров 

атындағы ПМУ студенттеріне тазалық жұмыстарына белсене атса-

лысқаны үшін алғыс білдірді.

Өз тілшіміз

ТАРИХ – ХАЛЫҚТЫҢ 

АЛТЫН МҰРАСЫ

2014  жылдың  14  мамыр 

күні  С.Торайғыров  атында-

ғы  Павлодар  мемлекеттік 

университетінде 

«Алтын 


мұра»  жоғары  ғылыми  та-

рихи  мектебінің  жұмысы 

басталды.

Аталмыш  шара  Тарих  жəне 

құқық  факультетінің  Қазақстан 

тарихы  кафедрасының  ұйым-

дастыруымен жүзеге асты. «Ал-

тын  мұра»  жоғары  ғылыми-та-

рихи  мектебі  Ұлт  Көшбасшысы 

Н.Ə. Назарбаевтың «Тарих тол-

қынындағы  халық»  бағдарла-

масы  бойынша  С.Торайғыров 

атындағы  ПМУ-дің  тарихшы 

студенттерінің бастамасымен қолға алынды.

Айтулы  жобаның  бастаушысы  С.Торайғы-

ров атындағы ПМУ-дің Ист-302 тобының сту-

денті Расул Килаш. «Алтын мұра» жоғары ғы-

лыми-тарихи мектебінің ғылыми жетекшілері: 

т.ғ.к., Қазақстан тарихы кафедрасының мең-

герушісі, доцент Қайрат Батталов, Қазақстан 

тарихы  кафедрасының  аға  оқытушысы,  та-

рих магистрі Асылан Əзербаев, т.ғ.к., доцент 

Молдəкімова Алия.

«Алтын  мұра»  ЖҒТМ  алдына  отандық 

тарихымыздың  аз  зерттелген  мəселелерін 

зерттеу жəне сараптама жасау, олардың та-

рих  ғылымдарындағы  маңызы  мен  шешімін 

табуға  жол  ашуды  мақсат  етеді.  Сондай-ақ 

жоба  тарихи  мəліметтердің  қолжетімділігі 

мақсатында инновациялық технологияларды 

құру,  тарих  ғылымдарын  барынша  халыққа 

жақын  ету  жəне  Қазақстан  халықтарының 

отансүйгіштік  сезімін  орнықтыру  сынды  мін-

деттерді өзіне жүктейді.

Жоба  бастамашысы 

Расул  Килаштың  мəлім-

деуінше  «Алтын  мұра» 

жоғары  ғылыми  тарихи 

мектебінің 

қатысушы-

лары  тек  тарихшылар 

болуы  шарт  екен.  Ра-

сул  өз  сөзінде:  «Жалпы 

«Алтын  мұра»  мектебі 

қатысушысының  ең  бас-

ты  қағидасы  –  мектеп 

идеясы  мен  ортақ  мақ-

саттарға қол жеткізу үшін 

қолдан  келген,  келмеген 

қадамдарға  барып,  əділ 

эксперт  болу»,  –  деп 

қада айтты.



Асанəлі ƏШІМОВ, КСРО жəне ҚР Халық əртісі, 

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор:

– Павлодар жерінің тумалары – Жүсіпбек Аймауы-

тов, Жұмат Шанин, Шəкен Аймановтай тау тұлғалар 

болмаса,  қазақтың  ұлттық  өнері  өркен  жаймас  еді. 

Қазақ  театрының  негізін  қалаған  арда  азаматтар-

дың  барлығы  осы  өңірден  шыққанын  мақтан  етемін. 

Ертістің  Павлодар  өңірі  –  менің  елім!  Өнер  мен  ғы-

лымның  Меккесі  атанып,  ұлы  тұлғаларды  тудырған 

қасиетті топырақ – өмір бойғы рухани азығымыз. Бұл 

өңір – жан-жақты өскен, өркендеген аймақ. Ұлыларды 

ұлықтау – əрқайсымыздың міндетіміз.

Ерсайын ТӨЛЕУБАЙ, ҚР халық əртісі, 

режиссер-драматург:

–  Театрсүйер  қауым  халқымыздың  біртуар  пер-

зенті – Жүсіпбек Аймауытовтың сахналық бейнесімен 

алғашқы рет қауышты деп ауыз толтырып айта ала-

мын. Бұл спектаклді жазуды екі жыл бұрын қолға ал-

ған едім. Жүсіпбек – Алаштың маңдайалды тұлғасы. 

Аталмыш  қойылымда  XX  ғасыр  басындағы  алмаға-

йып заманда өмір сүріп, сол бір аласапыран шақтың 

шындығын ірі суреткерлікпен бейнелеген қаламгердің 

болмыс-бітімін  барынша  ашуға  тырыстық.  Қоғамның 

қайшылықты сипаты, сол заманда тəуелсіздігін аңса-

ған халықтың өмірі көрініс тапты. Сондай-ақ, біртуар 

тұлғалардың  Мəшһүр  Жүсіп  Көпеев,  Жұмат  Шанин, 

Мұхтар  Əуезов,  Əміре  Қашаубаевпен  табысқан  сəт-

тері паш етіледі.

Əшірбек СЫҒАЙ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, 

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, театр сыншысы:

–  Бұл  фестивальдің  өтуі  –  Павлодар  өңірінің  ғана 

емес,  тұтас  қазақ  мəдениетіндегі  елеулі  оқиға.  Оны 

халқымыздың  рухани  сұранысын  өтейтін  құбылыс 

деп білемін. Қазақ театрларының көркемдік дəрежесі 

мен  шығармашылық  сапасын  анықтауды  көздейміз. 

Алдымен  Алаштың  айбозы,  қазақтың  Жүсіпбегінің 

өміріне арналған «Ар алдаспаны – Аймауытов» атты 

спектаклін тамашаладық. Қойылымның павлодарлық 

театр төрінде сахналануы – заңды дүние. Халқымыз-

дың асылдарын ардақтап, кеңінен танытпасақ, кім та-

нытады? Бұл – фестивальдің ең ұтымды тұсы.



АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ – 

ЖҮСІПБЕК

2014 ЖЫЛДЫҢ 15-18 МАМЫР 

АРАЛЫҒЫНДА ПАВЛОДАРДА 

БЕЛГІЛІ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, 

ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ 

ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТҰЛЫНЫҢ 

125 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН 

БІРІНШІ ОБЛЫСТЫҚ 

«АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ» 

АТТЫ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ 

ӨТТІ.

3

Зерде


Бүгінгі  қоғамның  мазасын  қа-

шыратын  мəселенің  бірі  –  ҰБТ. 

Оқушы  он  бір  жылдық  білімді 

бірер  сағатта  түйіндеп  шығады. 

Ол күнгі көңіл-күй, ол күнгі қобал-

жу  басқа  күндерден  ерек.  Кеше 

ғана  санаңда  ойнақтап  жүрген 

жауаптар  дəл  бүгін  тас  мидан 

шығып  кеткендей.  Биылғы  мек-

теп бітірушілер мен ата-аналары 

да алдағы мемлекеттік тестілеуді 

қобалжи күтуде.

Жыл  сайын  Қазақстанда  жал-

пы  білім  беретін  мектептердің 

түлектері Бірыңғай ұлттық тесті-

леуден  өтеді.  ҰБТ  толығымен 

бітіру  жəне  түсу  емтихандарын 

алмастырады.  ҰБТ  нəтижелері 

бойынша  2013  жылы  түлек-

тердің  саны  95  456  құрады,  ал 

республика  бойынша  орташа 

балл  3,6-ға  ұлғайды.  ҰБТ  нəти-

желерін  орта  білім  ұйымдары 

мемлекеттік  қорытынды  аттес-

таттау  нəтижелері  ретінде  та-

нылса,  ЖОО  жəне  колледждер-

де  қабылдау  емтихандарының 

нəтижелері  ретінде  танылады. 

ҰБТ түлектері алған балл санына 

түлектің жоғары оқу орнына түсуі 

байланысты  болады.  ҰБТ-ға  қа-

тысуға тілек білдірген оқушылар 

мен ата-аналарға арнайы жады-

намалар  берілді.  ҰБТ-ны  ұйым-

дастыру,  өткізу  бойынша  негізгі 

кезеңдер мен мерзімдері туралы 

жəне білім беру гранттарын таға-

йындау байқауы туралы қысқаша 

ақпараттар тізілген. 2014 жылғы 

ҰБТ  1-15  маусым  күндері  154 

пунктте  63603  түлектер  қазақ 

тілінде,  28474  бітірушілер  орыс 

тілінде тестілеуден өтеді.

ҰБТ психозы

ҰБТ  мектеп  оқушылары  мен 

ата-аналар  үшін  тағдырың  тест 

жауаптарына  байланған  күн. 

Соңғы  жылдары  ата-ана,  бала-

мен  қоса  мұғалімдер  мен  мек-

теп  директорлары,  тіпті  облыс 

білім  департаменттерінің  бас-

шылығының  жанын  шүберекке 

түйіп  жүрер  күні.  Мемлекеттік 

бақылау  нəтижесі  бойынша  қай 

мұғалімнің,  қай  мектептің,  тіпті 

кейін  қай  өңірдің  оқушылары 

жоғары  немесе  төмен  деңгейді 

көрсетті  деп  салыстыра  бас-

тайтыны  тағы  мəлім.  Бір  жағы-

нан  жақсы,  бəсекелестік  туады. 

Екіншіден  қалайда  оқуға  түсем, 

қалайда  жоғары  көрсеткішке 

жетемін  деп  қай-қайсысы  бол-

са да құйтырқы əрекетке барып 

жататынын  əр  жердің  хабары-

нан  құлағымыз  шалып  жатады. 

Бəріне топырақ шашуға ниетіміз 

жоқ.  Заманауи  заман  шындығы 

осы.  Шын  мəнінде  адамдарды 

«психоз»  дəрежесіне  жеткізетін 

не?  Бірде  бір  тəжірибелі  ұс-

таз  «қазіргі  балалардың  тестке 

бейімдеп алғанымыз соншалық, 

терең  ойланғысы  келмегеннен 

«қандай  нұсқаңыз  бар»  дейді 

өзіме», – ашына айтқан еді. Ра-

сында ойлануды қажет етпейтін, 

ойындағысын жіте түсіндіре ал-

майтын ұрпақты тəрбиелеп жат-

қанымыз  кез  келгенімізді  маза-

лайтыны хақ.

Ұлттық  біріңғай  тестілеуден 

өтуші  назарынан  маман  кеңесін 

ұсынамыз. Қобалжуларыңыз бен 

қорқыныштарыңызды  жеңіп,  жо-

ғары  балды  иемденуіңізге  шын 

ниеттен тілектеспіз. Сəттілік!



Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ, 

академик:

«Оқуға  түсем»  деп  мүлде 

дайындалған  жоқпын.  Сабақ-

ты  уақытында  оқысаң  бол-

ды  емес  пе?  Мектеп  бітірген 

соң, бірден Мəскеуге бардым. 

«Бізде əділдік болады» деген-

ге  сенбедім.  Мұнда  тамыр-

таныс  болмады.  «Құласаң 

нардан  құла»  деп,  ММУ-ге 

барып құжат тапсырдым. Ма-

тематикадан – «5», орыс тілі-

нен «2» алдым. Қас қылғанда, 

Лев Толстойдың шығармашы-

лығынан  мазмұндама  жаз-

дырды.  Толстойда  құрмалас 

сөйлемдер көп. Беталды үтір, 

дефис  қоя  беріппін.  Аппеля-

цияға беріп жүріп, «3»-ке əрең 

қол  жеткіздім.  Сөйтіп,  оқуға 

түсіп  кеттім.  4  рет  Одақтық 

олимпиадаға қатысып, жүлде 

алғам. Соным ескерілді. Сту-

дент  кезімде  Лениндік  шəкір-

тақының иегері болдым.

Толқын СЕЙДОЛЛАҚЫЗЫ, 

журналист, «Еларна» 

телеарнасының продюсері:

Мен  мектепті  1992  жылы 

бітірдім.  Ол  кезде  ҰБТ  де-

ген  жоқ.  Белгілі  бір  пəндер 

бойынша  жазбаша  сұраққа 

жауап береміз. Сосын журна-

листикаға  тапсыру  үшін  шы-

ғармашылық емтихан да тап-

сырдық. Ол кезде оқуға түсуге 

қанша  жерден  дайындалсаң 

да,  «бармақ  басты,  көз  қыс-

ты» жағдайлар жиі орын ала-

тын. Осы тұрғыдан  келгенде, 

қазіргі  ҰБТ-ны  қолдаймын. 

ҰБТ  баланың  өзін  көрсетуге 

мүмкіншілік  береді.  Болашақ-

қа сеніммен барады. Ал біздің 

замандастарымыз 

жылдар 

бойы оқуға түсе алмай, сабы-



лып жүретін.

Алуа МАНСУРОВА, 2007 

жылы ҰБТ-дан 120 балл 

алған талапкер:

Оқуға  түсу  үшін  10-сынып-

тан  бастап,  1998  жылдан 

2007  жылға  дейінгі  4  пəннің 

тест сұрақтарының барлығын 

жаттадым  десем  қателес-

пеймін.  Биология,  математи-

ка пəндерінен арнайы маман 

дəрісін  алдым.  Өзім  Оңтүстік 

Қазақстан  облысы,  Түлкібас 

ауданы, Тұрар Рысқұлов ауы-

лындағы  М.Ломоносов  атын-

дағы  көпсалалы  мектеп-гим-

назияның  түлегімін.  Оқушы 

кезде  ҰБТ-дан  120  балл  алу-

ды  армандайтынмын.  Бірақ 

ондай  межеге  жетемін  деп 

ойламаппын. Бабыммен қоса, 

бағым да жанған болар, 2007 

жылы  республика  бойынша 

оқуға  тапсырған  талапкерлер 

арасынан  120  балл  жинаған 

2  адамның  бірі  мен  болдым. 

Берілген  3  сағатқа  жуық  уа-

қыттың  20  минутында  қазақ 

тілі, Қазақстан тарихы, биоло-

гия  пəндерінің  жауабын  тап-

тым.  Есеп  шығаруға  да  аса 

көп уақытым кеткен  жоқ. ҰБТ 

тапсырғанда,  жауап  ұяшық-

тарын  бояу  маңызды,  беріл-

ген  уақыттың  ең  көбін  соған 

сарп  еттім.  Жауапты  біліп 

тұрсаң, тест белгілеуге арнал-

ған уақыт қалай болса солай 

жететініне  өз  тəжірибемнен 

көзім жетті.

Қазіргі  кезде  С.  Асфендия-

ров  атындағы  медициналық 

университетінде оқып жатыр-

мын.  Ай  сайын  президенттік 

шəкіртақы аламын.



(«Ұлан», №15)

 



БАСПАСӨЗ 



ИІРІМІНЕН 

Е

лімізде мектеп түлектері арасында ұлт-



тық  біріңғай  тестілеуге  қатысу  үшін 

өтініш  қабылдау  науқаны  аяқталып,  ем-

тиханды  өткізуге  қызу  дайындық  жұ-

мыстары  жүргізілуде.  Биылғы  жылғы  қалып-

тастырылған  «Бітіруші»  деректер  базасының 

нәтижесі бойынша, ҰБТ-ға қатысуға 92077 мек-

теп  бітіруші  тілек  білдірді,  ол  мектеп  түлек-

терінің жалпы санының 72 пайызын құрап отыр.



ҰБТ-ҒА ДАЙЫНСЫҢ БА?

Психология ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік 

университетінің Психология жəне педагогика кафедрасының доценті О.А.Колюх

ҰБТ алдындағы қорқыныштан 

арылу – жеңіс

Бүгінгі  таңда  оқушыларды 

ҰБТ-ны  тапсыруы  үшін  міндетті 

түрде  психологиялық  тұрғыдан 

дайындау  қажет.  Бұл  кеңестер 

емтихан  кезінде  баланың  пай-

дасына жарап жатады. Кеңестер 

тестке  дайындықтың  сапасын 

арттырып қана қоймай, тест тап-

сыру барысында өзін-өзі ұстауға, 

ойлау  қабілетінің  өсуіне,  шешім 

қабылдайтын  сəтте  өз-өзін  ұс-

тау,  эмоцияларын  қадағалауға 

септігін тигізері хақ. Жалпы ҰБТ-

ны тапсыру шарасы жинақылық-

ты, зейінділікті, ұқыптылықты та-

лап етеді.

Оқушы  емтихан  алдындағы 

толқуды  басу  үшін  не  істеуі  қа-

жет?


Егер  бала  емтихан  алдында 

сынақтың  сəтсіз  болатыны  жа-

йында  жиі  айтар  болса,  сіз  жа-

мандықты  шақыратын  ойдан 

аулақ болуға кеңес беріңіз. Əри-

не,  ол  қиын  болары  сөзсіз.  Ер-

теңгі оңай да сəтті сұрақтар мен 

жауаптар жайында сөз қозғаңыз. 

Табысты емтихан сəттерін оның 

өзі  де  көз  алдына  елестетуі  ар-

тық  болмайды.  Сенімді  оқушы-

ның  қорқынышы  басылып,  ойы 

айқын, жауаптары да нақтылана 

бастайды.

Егер  оқушы  түлектің  толқуы 

басылмаса,  «мағынасыздыққа 

дейін  жеткізу»  амалын  қолда-

нуды  ұсыныңыз.  Оның  басты 

мақсаты  –  бір-бірін  барынша 

қорқыту.  Бұл  тəсіл  сіздерді  шын 

мəнінде  ешнəрседен  қорқудың 

керегі  жоқ  екенін  түсіндіреді. 

Егер  де  жоғары  сыныптағы  ба-

ланың  емтихан  алдындағы  уа-

йымсыз халы сізді таңқалдырса, 

бұл  да  жақсылықтың  нышаны 

емес екенін білу керек. Емтихан 

кезіндегі  аз  да  болса  толқудың 

жоқтығы  дұрыс  жауап  беруге  өз 

кедергісін тигізіп жататыны рас.

Егер  оқушы  емтихан  қабыл-

даушыны  өзінің  қас  дұшпаны 

ретінде  қабылдағаны  жақсы-

лыққа  апармайтынын  біліңіз. 

Мұғалімдер  де  кезінде  емтихан 

тапсырған,  емтихан  алдындағы 

толқулар оларға таңсық құбылыс 

емес  екенін  айтқаныңыз  абзал. 

Емтихан  қабылдаушы  ажары 

тұнжыраған,  көңілсіз  болғаны-

мен  шындығында  қатал  да  əділ 

баға  берушінің  кейпін  танытып 

жүргенін ұмытпаңыз.

Емтихан  материалдарын  қа-

лай  оқығаныңыз  жайын  еске 

түсіріңіз. Дайындық кезінде мате-

риалды қандай қызықты жолдар-

мен  игергеніңіз  туралы  тағы  бір 

еске  алыңыз.  Ал,  оқытушылар 

осындай  қызықты  əдістемелер 

мен  өзінің  қызықты  емтиханға 

дайындалу  сəттері  мен  тəжіри-

бесімен бөліскені артық болмай-

ды.  Мүмкін,  бұл  кеңестерді  оқу-

шылар пайдасына жарата жатар.

Дайындық  барысына  тірек 

болатын  конспектілерді  қолдан-

ғаныңыз  жөн.  Бұл  конспектіде 

сізге  керек  материал  табылары 

сөзсіз.  Мұғалімдер  оқушылар-

дың конспект жазу кезінде шарт-

ты  белгілер  жүйесін  ұйымдас-

тыруға  уақыт  аямаса  құба-құп 

болар.  Өйткені  жоғары  сынып-

тың оқушысы қарапайым да қы-

зықты əдістер арқылы материал-

ды жақсы игереді.

Өзін  бос  ұстау  ішкі  толғаныс-

тарды əлсіретеді, зейін мен еске 

сақтау  қабілетін  арттырады.  Өз-

өзін  бос  ұстау  үшін  тыныс  жат-

тығулары мен аутогендік машық-

тану  қажет.  Бұл  жаттығуларды 

ұстаздар меңгеріп алғаны оларға 

артық етпейді.

Ырғақты (ритмичное) төрт фа-

залық тыныс алу. Бұл жаттығуды 

жасау үшін ыңғайлы əрі тік оты-

рып,  қолдарыңызды  бос  тізеңіз-

ге  қойыңыз.  Бірінші  фаза  (4-6 

секунд).  Демді  мұрын  арқылы 

терең ішке тарту. Қолдарыңызды 

баяу алақанымен  алға  кеудеңіз-

ге  дейін  жоғары  көтеріңіз.  Бар 

көңіліңізді алақаныңыз ортасына 

салыңыз жəне бар жылуыңызды 

шоғарландырыңыз.  Екінші  фаза 

(2-3  секунд).  Тыныс  алудағы 

іркіліс. Үшінші фаза (4-6 секунд). 

Ауыз арқылы күшті əрі терең дем 

шығару. Дем шығару кезінде көз 

алдыңызға  ауда  тік  толқындар-

ды  қолыңыз  арқылы  жасаңыз 

(емтихан барысында қолыңызды 

сермемей елестеу арқылы жаса-

ғаныңыз  дұрыс).  Төртінші  фаза 

(2-3  секунд).  Тыныс  алудағы 

іркіліс. Осылайша 2-3 минут ты-

ныс алыңыз.

Аутогендік жаттығу (3-5 минут). 

Ыңғайлы отырып, көзіңізід жұмы-

ңыз. Арқаңызды тік ұстап, қолы-

ңызды  тізеңізде  ұстаңыз.  «Мен-

де  бəрі  жақсы»  формуласына 

назар  аударыңыз.  Санаңыздағы 

ойларды  қуумен  айналыспаңыз, 

онда ол үшін де артық күш жұм-

сайтын  боласыз.  Бойдағы  күш 

те көк аспандағы бұлттар сынды 

баяу  қозғалғаны  абзал.  «Оң  қо-

лым ауыр» деп 5-6 рет қайталап, 

«менде бəрі жақсы» деген сөзді 

тағы бір қайталаңыз. Содан кейін 

«сол  қолым  ауыр»  деп,  «Менде 

бəрі жақсы. Мен жиналдым. Ем-

тиханды  сəтті  тапсыратыныма 

сенімдімін!»  деген  сөздерді  ай-

тып, өзіңізді сендіріңіз. Денеңізді 

бастапқы  қалыпына  түсіру  мақ-

сатында  жұдырық  түйіп  көзіңізді 

ашып, терең тыныс алып, тыныс 

шығарыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет