Жастардың денсаулықтарына байланысты мәселелері мен оларды шешу



Дата24.05.2023
өлшемі1,73 Mb.
#96896
Байланысты:
русский


Жастардың денсаулықтарына байланысты мәселелері мен оларды шешу
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Орындаған: Болатова Н.М.

Алматы, 2023 ж.
Дөңгелеген дүниенің келешегі жас­тардың қолында болса, ол болашақтың жарқын болуы желкілдеп өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы мен біліміне байланысты екенін білеміз. Ұлттың енді бір буын алмасқаннан кейінгі болмысы бүгінгі жасөспірімдердің тәрбиесі мен денсаулығына тәуелді болып қалатынын осы мәселемен тікелей айналысатын халықаралық ұйымдар ұдайы айтып келеді.
Мәселен, таяуда еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мен БҰҰ Тұрғын халық са­ласындағы (ЮНФПА) қоры жастарды репродуктивті денсаулық туралы хабардар ету үшін арнайы веб-сайтты іске қосты. Яғни Shyn.kz жаңа коммуникация құралы елдегі жастарды өз денсаулығын қорғауға және ыңғайлы қызметтерге қол жеткізуге бағыттайды.
Жасөспірімдер мен жастарға және олар­­дың ата-аналары үшін репродуктивті ден­саулық туралы ақпарат беретін байланыс пакетінде веб-сайт, мобильді қосымша және Telegram каналындағы чат-бот бар. Бұл құралдар Қазақстан Үкіметінің қол­дауымен жастардың денсаулығы мен әл-ауқатына инвестиция салуды жалғастыру мақсатында дайындалған. Аталмыш жоба ұлттық стратегияларда көрсетілген, сонымен қатар Найроби саммитінде де бұл туралы жарияланған.
Осы арада еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНФПА Жастар денсаулық орталықтарын (ЖДО) нығайтуда алға жылжыды деуге болады. Алайда қолдағы деректер осы істі ілгерілетіп, ұзақ мерзімді мақсаттарға жету үшін әлі де көп еңбектенуге тура келетіндігін аңғартып отыр.
Байланыс құралы жастарға арналған қызметтерді күшейтіп, тұрақты даму стратегиясын әзірлеумен қатар, елдегі Жас­тар денсаулық орталықтарын қаржы­ландыруды көздейді. Сонымен қатар ЖДО мамандарының жұмысын реттейтін бір­қатар хаттамалар дайындауға үлес қосып, психологиялық және заңдық кеңес береді. Жастар орталықтарын «ресурстық» институттарға айналдыру үшін қолдау көрсетеді.
«Жастар денсаулық орталығы кәмелетке толмағандарға медициналық-психологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъек­тілеріне айналмақ. Олардың басты мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, ре­продуктивті денсаулықты қорғау, оның ішінде ерте жыныстық белсенділіктің алдын алу, контрацептивтерді қолдану, қалаусыз жүктіліктің алдын алу, отбасын жоспарлау және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы ақпараттандыру»
«Жастардың болашақта балалы болу денсаулығына инвестиция салумен қатар, олардың өз денсаулығы туралы саналы шешімдер қабылдау, некеге тұруды кейінге қалдыру және жүктілікті жоспарлау құқығын қоса алғанда, өз құқықтарын білу және жүзеге асыру, жыныстық қолсұғушылықтан бас тарту, мамандардан кеңес алу құқығы, жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу және емдеу құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді білдіреді. Жастарға нақты және заманауи ақпарат беретін, оларға арналған денсаулық сақтау қызметтері – осы құқықтарға қол жеткізудің кілті. Сондықтан бұл коммуникациялық өнімдер жастарға өз денсаулығына жауап­кершілікпен қарауға және саналы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін тағы бір қадам болады деп үміттенеміз»
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет