Жасуша қасиеттері: -зат және энергия алмасу, -өсу,көбею, -тұқым қуалау, -тітіркендіргіштерге жауап қайтару



бет3/5
Дата01.02.2023
өлшемі1,14 Mb.
#64330
1   2   3   4   5
Лизосома

Құрылысы

Қызметі

Лизосома-домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы органоид.Құрамында ферменттері болады. Сыртындағы жарғақшасы өте берік.

Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларын және полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.Заттарды қорытуға қатысады.

Сферосомалар

Құрылысы

Қызметі

Диаметрі 1 мкм шамасындағы дұрыс пішінді шар тәрізді денешіктер. Сферосомалардың барлық өсімдіктерде бар екендігі анықталған.Орталығында екі қабатты фосфорлипидті шар орналасқан.Оған сыртқы қалың қабатты түзетін сансыз нәруыз молекулалары бекінеді.

Сферосомалар фосфорлипидтер мен нәруыздарды қорға жинақтайды және өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттейтін үдерістерге қатысады.

Нағыз вакуоль

Құрылысы

Қызметі

Нағыз вакуоль-өсімдік пен саңырауқұлақта ғана болатын бір жарғақшалы органоид.Бұл да- жарғақша көпіршігі,бірақ ірі болып келеді.Вакуольді жасуша сөлі деп аталатын сұйықтық толтырады.

Нағыз вакуоль-бір мезгілде «қойма» және «қоқыс шелегі» рөлін атқарады. Судың алмасуын қамтамасыз етеді. Жасушада тургорлық қысымды сақтау рөлін атқарады.

РИБОСОМА

  • Рибосомалар нәруыз синтезінің орталығы болып табылады.
  • Рибосомалар ядрода , митохондрияда, пластидтерде және өте көп мөлшерде цитоплазмада болады.
  • Рибосомалар жеке немесе топпен (полисома) орналасады. Жеке орналасқанда олар өзара РНҚ жіпшелері арқылы байланысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет