Жасуша органоидтерінің ҚҰрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері



бет1/3
Дата04.11.2023
өлшемі192,27 Kb.
#122149
  1   2   3
Байланысты:
f6358e7d2bb106


ЖАСУША ОРГАНОИДТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Органеллалар немесе органоидтер жасушалардың дұрыс дамуын қамтамасыз етеді. Олар нақты құрылымы, атқаратын белгілі қызметі бар тұрақты, яғни жойы-лып кетпейтін құрылымдар. Органоидтердің қосмембраналы, бірмембраналы және мембранасыз түрлері болады. Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметі теориялық және мүмкіндігінше практикалық оқып зерттеуді қажет етеді. Микроскопсыз көзге көрінбейтін кішкентай құрылымдар бар-лық мүшелердің және тұтас организмнің тіршілігін қамтамасыз етеді.
Қосмембраналы органоидтер— бұл пластидтер, митохондриялар. Ядрода екі мембранамен қоршалған.
Бірмембраналы органоидтер— вакуольдік жүйедегі органеллалар: ЭПТ, лизосомалар, Гольджи жиынтығы, әртүрлі вакуольдер. Сол сияқты мембранасыз органоидтерде кездеседі: бұл — жасуша орталығы және рибосомалар. Мембраналық органеллалардың жалпы ұқсастығы — олар биологиялық мембраналардан түзілген. Өсімдік жасушасы жа-нуар жасушасынан ерекшеленеді, оған фотосинтез процесі әсер етеді(фотосинтез процесін еске түсіріңдер). Жасуша органоидтерінің құ-рылысы мен қызметі әрқайсысының жасушада өзіндік орны бар екенінкөрсетеді.
Жасушақабырғасынемесе матрикс целлюлозадан және оның туыстас құрылымы — гемицеллюлозалар, сол сияқты пектиндерден тұрады. Қабырға қолайсыз жағдайлардан қорғайды, тіректік, тасымалдық (құрылымдық бірліктерді, қоректік заттарды, суды бір бөлігінен екінші бөлігіне тасымалдау), буферлік қызмет атқарады.
Ядроойыс екі мембранадан түзілген саңылаудан, құрамында хроматині бар нуклеоплазмадан, тұқым қуалау ақпараттары сақталған ядрошықтардан тұрады.
Вакуоль— бөліп шығаружәне қажетті заттардың түсу процесін реттейтін тонопласт деп аталатын ерекше мембранамен қоршалған ЭПТ-ның түйіскен бөліктері.
ЭПТ мембраналардан түзілген түтікшелерден тұрады. Оның екі типін ажыратады — тегіс және түйіршікті. ЭПТ органикалық заттар-ды синтездеу және тасымалдау қызметін атқарады.
Негізгі органоидтерге митохондриялар, пластидтер, жасуша орта-лығы, лизосомалар, тегіс ЭПТ, түйіршікті ЭПТ, Гольджи жиынтығы жатады. Өсімдік жасушаларында сонымен қатар пластидтер болады.
Жасуша қабырғасы цитоплазмалық мембрананың астында орналасқан қатты және қалың қабат болып табылады. Бұл элемент бактериялар, саңырауқұлақтар және өсімдіктер жасушаларына тән. Жасушаны қорғаудан бөлек, қатты қабықша басқа да маңызды қызметтер атқарады. Организм-дердің жасуша қабырғаларының бір-бірінен бірқатар ерекшеліктері болады. Мысалы, бактерияларда ол көбінесе муреинненқұ-ралады. Бактерия штамдары қатты қабықшасының құрылысына байланысты грамоң және грамтеріс деп екі түрге бөлінеді. Бұл олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.
Өсімдік жасуша қабырғасы және оның қызметі. Жасушаның қатты қабықшасының құрылысы принциптерін өсімдік жасушасы мысалында қарастырамыз. Механикалық қорғау жасуша қабырғасының қызмет-терінің бірі болғанмен, ол өте маңызды жасушаның механикалық және химиялық төзімділігін қамтамасыз етеді. Гипотоникалық ортада жасушаның үзілуіне кедергі жасайды. Жасуша қабырғасы арқылы иондардың сіңірілуі және бөлінуі жүретіндіктен ионалмастырушы болып есептеледі және органикалық қосылыстарды тасымалдауға қатысады.
Жасуша қабырғасының құрылысы. Өсімдік қабырғасының негізгі компоненттеріне қаңқа, матриксжәне құраушы заттаржатады. Өсімдік жасуша қабырғасының қаңқасы целлюлозадан құралады (52-сурет)»
«Сутектік байланыстың түзілуіне байланысты негізгі заттарға немесе матрикстерге еніп орналасқан, целлюлоза молекулалары берік микрофибрилдертүзеді. Жасуша қабықшасының матриксі оның жалпы массасының 60%-ін құрайды. Ол микрофибрилдер арасындағы кеңістікті толтырады. Сонымен қатар макромолекулалар арасында берік байланыс түзеді, жасуша құрылысының иілгіштігін және беріктігін қамтамасыз етеді. Матрикстің негізгі компоненттерінегемицеллюлоза және пектинжатады.
Гемицеллюлоза өзінің құрылысы бойынша целлюлозаға ұқсас, бірақ қысқа және тармақталған мономерлер тізбегінен құралған полисахарид. Пектинді заттар да полисахаридтерге жатады, бірақ олардың құрамына метил спиртінің қалдығы кіреді. Пектин кальций және магний ионымен химиялық байланыстар түзу арқылы — екі көршілес жасушалар бір-бірімен қосылатын орын — ортаңғы пластинкаларды
«Лигнинтұтас қабат түрінде және жеке элементтер фор-масында шиыршық, тор, сақина түрінде жинақталуы мүмкін. Бұл — целлюлоза талшықтарын өзара біріктіретін цемент сияқты зат. Лигнин өсімдіктердің сүрек-тенуіне жауапты. Сүректенудің арқасында жасуша қабырғасының беріктігі және су өткізбейтін қа-білеті артады. Көбінесе жасуша қа-бықшасының сыртқы бетіне кутин, суберин, балауызсияқты заттар жинақталады (54-сурет). Суберин жасуша қабықшасының ішкі қабатында тоздану процесі нәтижесінде жинақталады. Мұндай жасуша мүлдем су өткізбейтін болады, сон-дықтан оның құрамы тез өледі де, бос кеңістік ауамен толтырылады.
Балауыздық заттар және кутикулалардың негізгі қызметі — жасушаны инфекциялардың енуінен қорғау және судың булану деңгейін төмендету. Сонымен, жасуша қабырғасы өсімдік жасушасының дұрыс дамуын қамтамасыз ететін өте маңызды элементтердің бірі»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет