Жасуша органоидтерінің ҚҰрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері



бет2/3
Дата04.11.2023
өлшемі192,27 Kb.
#122149
1   2   3
Байланысты:
f6358e7d2bb106

ПЛАЗМАЛЫҚ МЕМБРАНА
Биомембрананың құрылысы мен құрылымы. Мембраналар ли-пидтердің үш түрінен тұрады: фосфолипидтер, гликолипидтер және холестерол (55-сурет). Фосфолипидтер— бұл биологиялық мембрана-ның негізгі компоненті болып табылатын бимолекулалы қабат. Глико-липидтер(көмірсулар қосылған липидтер) плазмалық мембрананың сыртқы липидтік қабатының барлық ұлпаларында болады. Зарядталған гидрофильді “басымен” қосылған екі ұзын гидрофобты көмірсулардан тұратын “құйрықшалары” болады. Холестероллипидтердің гидрофоб-ты құйрықшалары арасындағы бос орынды толтырып, оларға иілуге мүмкіндік бермейді. Бұл мембраналарға беріктік қасиет береді. Сол себепті құрамында холестерол аз мембраналар иілгіш келеді, ал құрамында холестерол көп мембраналар берік және морт болып келеді.
Жасуша мембранасының қызметі.
Тосқауылдық— қоршаған ортамен реттеуші, таңдамалы, пассивті және активті зат алмасуды қамтамасыз етеді. Мысалы, пероксисома мембранасы цитоплазманы жасуша үшін зиянды пероксидтер-ден қорғайды. Таңдамалы өткізгіштік дегеніміз — әртүрлі атомдар мен молекулалардың көлеміне, электрлік зарядына және химиялық құрамына байланысты мембранадан өтуі. Таңдамалы өткізгіштік жасушаның және жасуша компартаменттерінің қоршаған ортадан бөлінуін және өзіне қажетті заттарды алуын қамтамасыз етеді.
Тасымалдаушы (транспорттық) мембраналар арқылы жасушадан жасушаға заттар тасымалданады. Мембраналар арқылы тасымалда-ну: қоректік заттардың жеткізілуін, зат алмасудың соңғы өнімдерінің шығарылуын, түрлі заттардың секрециялануын (бөлінуін), иондық градиенттердің құрылуын, сондай-ақ жасушада оптималды pHкөрсеткішінің және жасуша ферменттерінің жұмысына қажетті иондар концентрациясының ұсталып тұруын қамтамасыз етеді.

Пассивті тасымал кезінде заттар липидті биқабаттан энергия шығындамай, концентрация градиенті бойынша (концентрация градиенті концентрацияның арту бағытын көрсетеді) диффузия жолы-мен өтеді. Бұл механизмге жеңілдетілген диффузиямысал бола алады.


Активті тасымалконцентрация градиентіне қарама-қарсы жүретіндіктен, көп энергия шығынын қажет етеді. Мембранада арнайы нәруыз-сорғылар болады, олардың қатарына АТФ-аза да кіреді, олар жасушаға калий (K+) ионын белсенді айдап кіргізіп, одан натрий (Na+) ионын айдап шығарады.
Матрицалық — мембраналық нәруыздардың белгілі ретпен орналасуын және бейімделуін, сонымен қатар оптималды байланысын қамтамасыз етеді.
Механикалық— жасушаның автономдылығын, оның жасушаішілік құрылысын, басқа жасушалармен (ұлпаларда) байланысын қамтама-сыз етеді. Механикалық қызметтерді атқаруда маңызды орынды өсімдіктерде жасуша қабырғасы, ал жануарларда жасуша аралық заттар алады.
Энергетикалық — фотосинтез процесі барысында хлоропластарда және жасушалық тыныс алуда митохондрия мен оның мембраналарында нәруыздардың қатысуымен энергия тасымалдау жүйелері жұмыс істейді.
Рецепторлық— мембранада орналасқан кейбір нәруыздар рецептор болып табылады (қандай да бір дабылдарды жасушалардың қабыл-дауына әсер етуші молекулалар).
Мысалы, қан айналуын реттеуші гормондар, осы гормондарға сәйкес келетін рецепторлары бар нысана-жасушаға ғана әсер етеді. Нейромедиаторлар (жүйке импульстерінің берілуін қамтамасыз ететін химиялық заттар) нысана-жасушаның ерекше рецепторлық нәруыздарымен байланысады.
Ферментативтік— мембраналық нәруыздар кейде фермент болып та қызмет атқарады. Мысалы, ішектің эпителий жасушаларының плазмалық мембраналарында асқорыту ферменттері болады.
Генерацияның жүзеге асуы және биопотенциалдық өткізу.
Жасушада мембрана көмегімен иондардың тұрақты концентрациясы қалыпты ұсталып тұрады: K+ионының концентрациясы жасуша ішінде сыртындағыдан біршама жоғары, ал Na+ионының концентрациясы әлдеқайда төмен болады. Бұл мембрана потенциалының әртүрлілігін және жүйке импульсінің генерациясын тұрақты ұстап тұру үшін қажет»
Жасушаны маркерлеу — мембраналарда жасушаны тануға мүмкіндік беретін “затбелгі”, яғни маркерлер ретінде қызмет атқаратын антигендер болады. Бұлар — “антенналар” рөлін атқаратын гликопро-теиндер, яғни оларға тармақталған олигосахаридті бүйір тізбегімен қосылатын нәруыздар. Бүйір тізбектерінің конфигурацияларының көптігі сонша, әр жасуша типіне өзінің ерекше маркерін жасауға болады. Маркерлердің көмегімен жасуша басқа жасушаларды тани алады және олармен бірлестікте әрекет ете алады. Мысалы, мүшелер мен ұлпаларды түзу кезінде. Бұл иммундық жүйеге бөгде антигендерді анықтауға мүмкіндік береді»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет