Құжат атауы



Pdf көрінісі
бет40/56
Дата19.09.2022
өлшемі8,75 Mb.
#39482
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56
Практикалық жұмыс №4.2 
Dreamweaver 
бағдарламасындағы гиперсілтемелер,
кестелер, суреттер.
Жұмыстың мақсаты: Adobe Dreamweaver бағдарламасында 
гиперсілтемелер, кестелер құруды, суреттермен жұмыс жасауды 
үйрену. 
Қысқаша теориялық мағлұматтар: 
4.2.1. 
Гиперсілтемелер құру 
Dreamweaver редакторында сілтеме құру үшін қажетті мәтінді 
немесе суретті ерекшелеп Hiperlink батырмасын басу керек немесе 
қасиеттер тақтасындағы Link өрісіне өтетін файлдың URL адресін 
көрсету керек. Егер бұл ішкі сілтеме болса, онда өту адресін Browse for 
File 
құралы көмегімен көрсету керек «ол жанында орналасқан батырма 
арқылы шақырылады). Ашылған сұхбаттық терезеден қажетті файлды 
таңдау керек. Ал егер бұл сыртқы сілтеме болса, онда оның толық URL 
адресін көрсету керек. 
Сурет-4.2.1. Hiperlink батырмасы арқылы сілтеме құру 
Сурет-Table'>4.2.2. Қасиеттер тақтасындағы сілтеме құру өрісі 
4.2.2. 
Кестелер құру және форматтау 
Dreamweaver бағдарламасына кестені қосу үшін объектілер 
тақтасынан Table батырмасын басу керек немесе Insert=>Table 
командасын қолдану керек. 
 
Сурет-4.2.3. Кесте кірістіру 


195 
Содан соң Table сұхбаттық терезесі пайда болады, онда кестенің 
қажетті параметрлерін орнату керек. 
Сурет-4.2.4. Table сұхбаттық терезесі 
Кесте құрылғаннан кейін оны толтыруға, параметрлерін өзгертуге 
болады. Ол үшін кестені алдымен ерекшелеп алу керек, сонда оның 
қасиеттер тақтасы пайда болады. 
 
Сурет-4.2.5. Кестенің қасиеттер тақтасы  
4.2.3. Суреттермен жұмыс жасау 
Dreamweaver бағдарламасының көмегімен беттерге GIF, JPEG, PNG 
суреттерін оңай кірістіру болады. Сондай-ақ суреттерді кестеге, 
объектіге және т.б. қоюға болады. 
Құжатқа бейнені кірістіру үшін объектілер тақтасындағы Images 
батырмасын басып, ашылған тізімнен Image немесе Insert=>Image 
командасын таңдау керек. ашылған сұхбаттық терезеден графикалық 
файлды (GIF, JPEG немесе PNG форматындағы) таңдау керек.
Сурет-4.2.6.Суретті кірістіру 


196 
Егер бейнені ерекшелеп алса, онда қасиеттер тақтасында оның 
қасиеттері пайда болады. Қажетті баптауларды өзгерту арқылы 
өзгерістер енгізуге болады. 
Сурет-4.2.7. Графикалық объектінің қасиеттері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет