13
дайындауда қолданады. СМҮK-тің түстік компоненттеріне ақ түстен
бөлініп алынған негізгі түстер қызмет етеді.
·
көгілдір (cyan) = ақ – қызыл = жасыл + көк
·
күлгін (magenta) =ақ – жасыл = қызыл + көк
·
сары(yellow) = ақ – көк = қызыл + жасыл
Мұндай әдіс түпнұсқадағы баспадан шағылған сәуленің физикалық
табиғатына сай келеді. Көгілдір, күлгін және сары түстерді толықтырушы
деп аталады, себебі олар негізгі түстерді ақ түске дейін толықтырады.
Бұл үш түсті тең көлемде араластырсақ қара түс пайда болады.
Полиграфияда қара түс үшін бөлек краска пайдаланылады. Оны «К»
әрпімен белгілейді. Сондықтан полиграфияда субтрактивті модельді
СМYК деп атады. Ол RGB моделіне ұқсас болып келеді.
3.
HSB (Hue, Saturation, Brightness) (HLS (Hue, Lightness, Saturation))
түстік моделі. Сәулелену спектрі таза болған сайын түстік тон қанық
болып көрінеді. RGB моделінің базалық түсінде қанықтылықтың жоғарғы
сапасы бар. Жарық шығару амплитудасы түс жарықтығын анықтайды.
Осыған орай түстің үш параметрі бар:
1.
Түстік тон - Hue (түстік тон-цветовой фон)
2.
Қанықтылық - Satiation (қанықтылық-насыщенность)
3.
Ашықтық - Lightness (ашықтылық-светлота)
HLS
–дің бір түрі HSB (brightness) ол жерде ашықтықтың орнына
жарықтың (brightness) параметрі қолданылады. HSB үш каналдың түстік
модель. Ол түстің параметрін сипаттайды,яғни түстік тон, ашықтылық,
қанықтылық.
Интернет әлемінде барлық браузерлер үшін стандартты екі
графикалық формат GIF және JPEG қолданылады. GIF-суреттер веб-
беттің элементтерін жылжыту және фон үшін қолданылады, ал JPEG-
жоғары сапалы түрде пайдалану үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: