Құжат атауы


) Web-  сайттың логикалық және физикалық құрылымдары



Pdf көрінісі
бет14/56
Дата19.09.2022
өлшемі8,75 Mb.
#39482
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56
3) Web- 
сайттың логикалық және физикалық құрылымдары. 
Web-
сайтты құру кезінде оның әр бетінің құрылымын өңдеу керек. 
Бұл құрылымды логикалық құрылым дейді. Ол сайттың іртүрлі 
беттерінің өзара байланысын бейнелейді. 
Әрбір бөлек сайт үшін өзінің логикалық құрылымын ойластыру керек. 
Ол үшін сайттың құрылымын өңдеудің жалпы принциптері бар. Мысалы, 
жақсы ойластырылған сайттың жоспары мынандай: 


16 
Заставка Негізгі бет 
Сайттың жаңалықтары 
1-
Бөлім 1-Бет 2-Бет 
2-
Бөлім 1-Бет 2-Бет 
Өңдеушілер туралы ақпарат Контактты мәліметтер Сайттың 
картасы 
Сайттың физикалық құрылымы компьютер дискісінде файлдар және 
бумалардың орналасуын бейнелейді. 
4) Web- 
сайтты жариялау. 
Сайт құрылған соң, оны Web-серверде жариялау керек. Оның үш 
тәсілі бар: 
1. Бұл ең қарапайым тәсіл. Сайттың барлық файлдары диск немесе 
басқа ақпарат тасушыға жазылады. Оны Web-сервер администраторына 
апару керек. Администратор сіздің дискіңіздегі бумаларды сервердің 
қажетті бумасына жазып, бағдарламалық қамтамассыздандыруды 
баптайды. 
2. Бұл 
тәсіл өте аз тараған. Кейбір тегін Web-серверлер 
пайдаланушыға оның сайтының файлдарын Web-обозреватель арқылы 
жүктеуге 
мүмкіндік 
береді. 
Бұл 
тәсілдің 
жетістігі- 
жүктеу 
қарапайымдылығы болып табылады. Пайдаланушы енгізу өрісіне қажетті 
файлдардың атауларын жазып, Submit (жіберу) батырмасын басу керек. 
Кемшіліктері: файлдарды жіберу саны берілген лимиттен аспайды
файлдар жіберілуін бақылай алмайсын, байланыс нашарлағанда тоқтап 
қалады. 
3. Бұл ең кең тараған тәсіл. Web-сервер администраторы FTP-сервер 
бағдарламасын орнатады. Содан соң автордың сұранысы бойынша осы 
сайт үшін бума құрады және авторға тек осы бумаға ғана кіру мүмкіндігін 
береді. Сайттың авторы FTP-клиент бағдарламасы арқылы FTP-
серверге қосылып, құрылған түпкі бумаға сайтының файлдарын 
көшіреді. Содан соң администратор Web-серверде жаңа сайттың бар 
екенін жариялайды. Егер авторға кебір файлдарды жаңарту керек болса, 
ол қайтадан FTP-серверге қосылып, ескі файлдарды жойып, жаңа 
файлдарын көшіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет