Құжат атауы


Навигация – ауысулар.    Сурет карта



Pdf көрінісі
бет55/56
Дата19.09.2022
өлшемі8,75 Mb.
#39482
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Навигация – ауысулар. 
 
Сурет карта (англ. image map, кейде cенсорлы карта немесе 
графикалық карта) – HTML белгілеу тілінің графикалық объектісі, ол 
суретпен байланысты және суретті басу арқылы белгілі бір URL-ға 
сілтеме жасалатын арнайы аймақты білдіреді. 
 
Сілтеме (hyperlink) – локалды дискте немесе компьютер 
желісіндеорналасқан құжат ішіндегі басқа бір элементке (мәтін, тақырып, 
сурет және т.б.), басқа объектіге сілтеме беретін гипермәтінді құжаттың 
бір бөлігі.
 
Тег (tag) – HTML тіліндегі командалар, элементтің бастапқы 
немесе соңғы маркерлері. Тегтер элементтер қадамының шекарасын 
анықтайды және элементтерді бір-бірінен айырады. Веб-бет мәтініндегі 
элементтер бұрыштық жақшаларға (< >) алынады, ал соңғы тег қиғаш 
сызықпен белгіленеді. Тегтерді бас әріптермен де, кішкентай әріптермен 
де теруге болады. Мысалы, <Бастапқы тег> элемент мазмұны, элементті 
форматтайтын мәліметтер 
 
Хаттама (протокол)- бірыңғай стандарт, ережелер.
 
Фрейм (Frame) – бұл ұғымның екі мәні бар: 1) Өз айналым 
жолақтары бар құжаттың ауданы; 2) Анимациялық графикалық 
файлдағы жалғыз бейне (кадр). 
 
Апплет (Applet) – клиент компьютеріне бөлек файл түрінде 
берілетін және web-бетті қараған кезде жүктелетін бағдарлама. 
 
Скрипт немесе сценарий (Script) - web-бет құрамына енген және 
оның мүмкіндіктерін кеңейту үшін арналған бағдарлама. 


236 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Берілген оқу құралында Html, FrontPage және Adobe Dreamweaver 
бағдарламалары көмегімен веб-беттерді, сайттарды құру сұрақтары 
қарастырылды. Қазіргі таңда веб-беттерді, сайттарды құру ақпараттық 
қоғамның бір бөлігі болып табылады және де бұл тақырыптарға көп көңіл 
бөлінеді.
Бұл ұсынылған құрал, осы «Web-дизайн негіздері» курсы бойынша 
теориялық мағлұматтарды, практикалық жұмыстарды орындау үшін 
қажетті материалдарды, өзіндік тапсырмаларды орындау бойынша 
әдістемелік нұсқауларды қамтиды. 
Берілген құрал теориялық және практикалық сабақтар болып 
бөлінген. Практикалық сабақтарда 5 бөлім қарастырылған. Олар HTML 
гипермәтіндік тілі, Javascript тілі, Microsoft Frontpage бағдарламасы, 
Adobe 
Dreamweaver 
бағдарламасы, 
РНР 
тілі. 
Әр 
бөлімде 
тақырыпшаларға бөлінген бірнеше практикалық жұмыстар берілген. 
Сонымен қатар, ұсынылған құралда Web-дизайн бойынша сөздердің 
мағынасын қамтитын глоссарий кірістірілген.
Бұл оқу құралын жоғарғы оқу орындарының студенттері, орта мектеп 
оқушылары және информатика мұғалімдері көмекші құрал ретінде 
қолдана алады. 


237 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет