Құжат тақырыбы



бет29/61
Дата23.06.2023
өлшемі1,18 Mb.
#103188
түріПрограмма
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61
Байланысты:
informatika-pnnen-zerthanaly-zhmystar

2001ж.

2002 ж.

2003 ж.

Электр энергиясы, млрд. кВт/сағ.

167

173

177

Мұнай, млн.тонна

516

399

307

Табиғи газ, млрд. м3

641

640

595

Көмір, млн. тонна

395

337

262

Темір рудсыа, млн. тонна

107

82

78

Ағаш, млн. м3

242

183

93

Балық және т.б. теңіз өнімдері , млн. тонна

8

6

4

Кестеге шикізат өндірудің орташа көрсеткішін және ең жоғарғы,


ең төменгі көрсеткіштерді анықтайтын бағандар қосыңыз.
8-кесте

Нұсқа №

1 - тапсырма



2- тапсырма

1

x
;



Уақыт бойынша өзгерісті және шикізат түрлері бойынша көрсеткіштер арасындағы қатынасты



2

y=



Шикізаттың әрбір түрі жалпы өнімнің қанша бөлігін алатынын (2003 жылғы)



3

y=



Әрбір жылғы мұнай өндіру көрсеткішін



4

y=



Әрбір жылғы көмір өндіру көрсеткішін



Бақылау сұрақтары:



  1. Excel кестелық процессорында функцияларды қандай тәсілдермен енгізуге болады?

  2. Функциялардың қандай категорияларын білесіз?

  3. Статистикалық функциялардың қызметі қандай?

  4. Диаграмманы қалай тұрғызуға болады ?

  5. Диаграмманы редакциялауға не жатады?

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 9


Тақырыбы: «Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу»




Мақсаты: Бірнеше шартқа тәуелді функцияның графигін тұрғызуға үйрету.
Негізгі түсініктер:
Логикалық функциялар қандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының “ =”, “>”, “<”, “<>” (тең емес), “>=” (үлкен немесе тең), “<= “ (кіші немесе тең) белгілері пайдаланылады.
ЕСЛИ(лог_выражение; значение_если_истина; значение_если_ложь) функциясы, функция аргументіндегі логикалық өрнек (лог_выражение) ақиқат мәнге ие болғанда, аргументтегі бірінші мәнді (значение_если_истина) , ал қарсы жағдайда екінші мәнді (значение_если_ложь) береді. Мұндағы,
лог_выражение – бұл нәтижесі, екінің бірі, яғни не АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН болатын логикалық өрнек.
значение_если_истина – бұл лог_выражение АҚИҚАТ болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_истина) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де АҚИҚАТ болады .
значение_если_ложь – бұл лог_выражение ЖАЛҒАН болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_ложь) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де ЖАЛҒАН болады .
Мысалы: B1 ұяшыққа =ЕСЛИ(A1<20000; 12; 15) формуласы жазылған. Егер A1 ұяшығына 30000 саны енгізілетін болса, онда нәтижесінде B1 ұяшықта 15 саны шығады, себебі 30000<20000 шарт ЖАЛҒАН болып тұр.
И, ИЛИ функциялары күрделі шарттарды жазу үшін қолданылады:
И(логическое_выражение1; логическое_выражение2;....) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер барлық аргументтер сәйкесінше АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.
ИЛИ(логическое_выражение1; логическое_выражение2;...) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер ең болмағанда бір аргумент АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.
Мысалы: Егер A1 ұяшығына [1, 4] аралықтағы сандардың бірін жазғанда В1 ұяшығындағы =ЕСЛИ (И(A1>=1;A1=<4);15;18) - өрнегінің мәні 15-ке тең болады, ал қалған жағдайда 18 болады.
ЕСЛИ немесе т. б. функцияларды аргумент ретінде қайталап қолдану арқылы күрделі шарттар жасалады. Мысалы:
=ЕСЛИ (A1<20000; 12; ЕСЛИ (A1<40000; 15; 18)) формуласы бойынша, егер A1< 20000 болса, онда нәтиже 12 тең, қарсы жағдайда келесі тұрған A1<40000 шарты тексеріледі, бұл шарт ақиқат болған жағдайда формула нәтижесі 15, ал жалған болғанда формула нәтижесі 18 болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет