Құжат тақырыбы



бет52/61
Дата23.06.2023
өлшемі1,18 Mb.
#103188
түріПрограмма
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61
Байланысты:
informatika-pnnen-zerthanaly-zhmystar

Пән коды

Пән аты

1

Информатика

2

Математика

3

Физика

4

Экономика

2. Кесте режимінде Оқытушылар кестесін толтыру керек. Ол үшін:

  • Деректер базасының терезесінде Таблицы бөліміндегі өздеріңіз алдыңғы зертханалық жұмыста құрылымын жасаған Оқытушылар кестесін тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертіп (немесе кестенің атын белгілеп,Enter пернесін басып) ашыңыз.

3. Автопішін көмегімен пішін режимінде Студенттер кестесін толтыру керек.

  1. Для создания формы Студенттер пішінін жасау үшін:

    • Деректер базасының терезесіндегі Формы бөлімін таңдап Создать батырмасын шертіңіз.;

    • Ашылған терезенің төменгі жағынан Студенттер кестесін таңдаңыз.

    • Автопішін (Автоформа) пунктінен: ленталық (ленточная) түрін белгілеп, <ОК> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде деректер енгізілетін пішін жасалынды.

  2. Студенттер кестесін 2- кестеге сәйкес пішін көмегімен толтырыңыз. 2- кесте.

Студент коды



Фамилиясы



Аты



Әкесінің аты



Топ



Телефон



Сти-пендия



1

Арбузов

Николай

Николаевич

Ф-15

260-15-63

Иә

2

Киршин

Петр

Валерьевич

Ф-15

110-67-82

Иә

3

Кривинский

Сергей

Николаевич

Ф-17

172-97-21

Жоқ

4

Крылова

Елена

Петровна

Ф-18

130-31-87

Иә

5

Кульчий

Григорий

Викторович

Мн-12

269-53-75

Иә

6

Патрикеев

Олег

Борисович

Ф-17

234-11-63

Жоқ




  1. Пішінге Студенттер деген ат беріп сақтап, пішінді жабыңыз.

  1. Конструктор арқылы пішін жасау.

Осы тәсілмен Бағалар пішінін жасап үйренейік. Ол үшін:

  • Деректер базасының терезесіндегі Формы бөлімін таңдап Создать батырмасын шертіңіз.;

  • Ашылған Новая форма сұхбат терезесінен Конструктор режимін таңдаңыз. Пайда болған терезеден Бағалар кестесін таңдап, ОК батырмасын басыңыз. Осы кестенің негізінде пішін жасалынады.

  • Экранға Конструктор режиміндегі пішіннің терезесі шығады. Саймандар панеліндегі Список полей (өрістер тізімі) батырмасын басыңыз. Ctrl клавишасын сол қолыңызбен жібермей басып отырып барлық өрістерді белгілеңіз. Бұл өрістерді тышқанның сол жағын басқан күйі деректер облысына (область данных) жылжытып алып барыңыз.

  • өрістер тізімі терезесін жабыңыз. Енді элементтерді пішіннің алаңына қалаңызша ыңғайлы орналастырыңыз.

  • Студент коды өрісіндегі текстің өлшемін 18 деп беріңіз. Жазбаның өлшеміне сәйкес элементтің өлшемін ұлғайту үшін Формат – размер - по размеру данных командасын орындаңыз. Пішіндіе Бағалар деген атпен сақтап, жабыңыз.

  1. Деректер базасының терезесінде Бағалар деген пішін пайда болды. Осы пішіннің атына тышқан курсорын апарып екі рет шертіңіз. Ашылған пішін терезесінде Бағалар кестесін төмендегі 3-кестеге сәйкес толтырыңыз.

3- кесте.

Студент коды

Пән коды

Бағалар

1

1

4

1

2

5

1

3

4

1

4

4

2

1

5

2

2

5

2

3

4

2

4

4

3

1

3

3

2

5

3

3

4

3

4

3

4

1

4

4

2

4

4

3

5

4

4

4

5

1

5

5

2

5

5

3

5

5

4

5

6

1

5

6

2

4

6

3

5

6

4

4

5. Конструктор режимінде элементтер панелінің көмегімен заставка түріндегі пішінді өз бетіңізбен жасап көріңіз. Бұл пішінде өздеріңіз жасаған бар жасалынған пішіндерді ашатын батырмалар орналасады.
Өздік жұмыс тапсырмалары:

  1. Үш кестеден: «Композитор», «Әншілер», «Әндер» тұратын алдыңғы зертхана жұмысында өзіңіз жасаған «Музыкалық альбом» деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

  2. Үш кестеден: «Дәрігер», «Пациент», «Бөлімшелер» тұратын «Емхана» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

  3. Үш кестеден: «Сынып», «Мұғалімдер», «Пәндер» тұратын «Сабақ кестесі» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

  4. Екі кестеден: «Тауарлар ассортименті», «Сатып алушы» тұратын «Компьютерлік салон» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

  5. Екі кестеден: «Қатысушылар тізімі», «Баяндамалар тақырыбы» тұратын «Конференция қатысушылары» деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.



Бақылау сұрақтары:

  1. Пішін (форма) дегеніміз не?

  2. Пішінді жасаудың қандай тәсілдері бар?

  3. Автоформа дегеніміз не?

  4. Батырмалық пішінді (Кнопочная форма) қалай жасауға болады?

  5. Кестені толтырудың қандай тәсілдері бар?

зертханалық жұмыс №19


Тақырыбы: «Сұратуларды жасау»




Мақсаты: Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесінің объектілерінің бірі сұратумен,оның түрлерімен және сұратуды құру жолдарымен таныстыру.
Негізгі ұғымдар:
Сұратулар. Сұрату – бұл деректерді талдау, таңдау, іріктеу және өзгерту құралы. Сұрату көмегімен бірнеше кестелердегі деректерді көруге, талдауға және өзгертуге болады. Сонымен қатар сұратуларды пішіндер мен есеп берулерге (отчеты) арналған деректер көзі ретінде қолданылады.
Сұратуларды жасаудың бірнеше тәсілі бар:

  • Конструктор сұратудың кех келген типін өз өалауыңыз бойынша жасауға мүмкіндік береді.

  • Қарапайым сұрату Сұрату шебері (Мастер запросов) белгілі бір кестелердің өрістерінен немесе басқа сұратулардан таңдама (выборка) жасауға мұмкіндік береді

  • Айқастырылған сұрату (Перекрестные запросы) құрылымдағы деректерді есептеу және талдауды жеңілдететін түрде беру үшін қолданылады. Айқастырылған сұрату статистикалық есептеулер жасап, оның нәтижелерін деректердің екі жинағы (бірі бағандардың, екіншісі жолдардың тақырыптарын анықтайды) бойынша құрылған кесте түрінде топтайды.

  • Қайталанатын жазбалар қарапайым кестедегі немесе сұратудағы қайталанатын жазбаларды іздеуге сұрату жасайды. Ал Записи без подчиненных пунктін таңдағанда бағыныңқы кестеде ешқандай жазба сәйкес келмейтін жазбаларды іздеуге сұрату жасалынады. Мұндай сұрату көп кестелік деректер базасында қолданылады.

Сұрату типтері:

Таңдама
(Выборка)

Бір немесе бірнеше кестедегі әртүрлі деректерді біріктіру қажет болған жағдайда әртүрлі кестелерден деректерге таңдама жасау үшін қолданылады.

Жаңарту
(Обновление)

Бір сұратудың көмегімен бірден көп жазбаларға өзгерістер енгізу үшін қолданылады.

Қосу
(Добавление)

Бұрыннан бар кестеге басқа кестеден белгілі бір өлшемдіктер (критерий) бойынша жазбаларды қосу (қосып жазу) үшін қолданылады.

Жою
(Удаление)

Қажетті жазбаларды бір мезетте іріктеп алып, жоюға мүмкіндік береді. Мұндай сұратуды жасаудың қағидасы жаңарту сұратуына ұқсас, алайда, байланыстырылған кестелерден жазбаларды жойғанда деректердің тұтастығына (целостность) нұқсан келмеу керек.

Айқастырылған
(Перекрестный)

Айқастырылған сұратулар —бұл деректерге статистикалық өңдеулер орындайтын, оның нәтижесі Excel –дің корытынды (сводная ) кестесіне ұқсас кесте түрінде болатын сұратулар.

Кесте жасау
(Создание
таблицы)

Сұратудың бұл типі арқылы бұрыннан бар кестеден керекті деректерді таңдамаға қарапайым сұрату жасап, іріктеуге мүмкіндік береді. Таңдама нәтижесі жаңа кестеге орналасады. Жаңа кестенің құрылымы сұрату нітижесінде алынған жазбалардың құрылымымен анықталады.

Сұратулардағы есептеулер
Мәндері басқа өрістердің мәндерін есептеудің нәтижесі болатын өрісті есептелетін өріс (вычисляемое поле) деп атайды. Есептелетін өріс тек нәтижелік кестеде ғана болады. Бастапқы (базалық) кестелерде мұндай өріс жасалындайды және кестенің қарапайым сұратуында өзгертілмейді. Сұрату арқылы деректер базасына қатынаушы кез келген адам деректерге қалауынша манипуляция жасап, нәтижелер ала алады, бірақ та бастапқы (исходные) кестелер барлық қатынаушылар үшін бірдей өзгеріссіз түрде қалады.
Формулада квадрат жақшаға алынған есептеуге қатысатын өріс аттары мен математикалық операциялардыі таңбалары жазылады. Мысалы:
Нәтиже : [Гол] / [Ойын]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет