Құжат тақырыбы


Арифметикалық амалдар (операциялар)



бет12/33
Дата07.01.2022
өлшемі0,89 Mb.
#18439
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Байланысты:
ексел тапсырмалар

Арифметикалық амалдар (операциялар):

Қосу

+

Азайту

-

Көбейту

*

Бөлу

/

Дәрежелеу

^

Диаграммалар (Графиктер) – бұл Excel кестесіндағы сандық мәліметтерді талдау, салыстыру қолайлы болу үшін, олардың көрнекі графикалық түрде берілуі болып табылады. Диаграмма шебері (Мастер диаграмм ) көмегімен 14 стандарт типтегі және 24 стандарт емес типтегі диаграммалар тұрғызуға болады.

Диаграммаларды редакциялау диаграмма облысының контекстік мәзіріндегі немесе диаграмма обылысын белгілегенде ғана программа терезесінің жоғарғы мәзірәнде пайда болатын Диаграмма опциясының командалары арқылы жүргізіледі. Диаграммаларды редакциялауға:

  1. Диаграмма тұрғызу үшін пайдаланылған ұяшықтар диапазонын өзгерту;

  2. қатарлардың (ряды) бағыты мен атын өзгерту;

  3. Х осі үшін (для подписей оси Х) қолданылған мәліметтерді өзгерту;

  4. Диаграмма параметрлерін (заголовки, оси, линии сетки, легенду, подписи данных) өзгерту;

  5. Диаграмманың жұмыстық беттегі орналасуын және т. б. өзгерту жатады.

  1. жаттығу: y=cos2(2x)sin(x)+e-x│x│ функциясының графигін, х аралығында 0,1 қадаммен тұрғызу.

5-сурет


  1. Жұмыстық бетте (Лист1) 5-суреттегідей кесте құрыңыз;

  2. В3 ұяшыққа =cos(2*A3)^2*sin(A3)+exp(-3)*ABS(A3), формуласын енгізіп , бұл формуланы қалған ұяшықтарға Толтыру маркерін пайдаланып көшіріңіз;

  3. Функция мәндерін (У-тің мәндері) белгілеп алып Диаграмма шеберін іске қосыңыз;

  4. Диаграмма типін – График таңдаңыз;

  5. Ряд жапсырмасындағы, Подписи оси Х жолағына курсорды орналастырып алып жұмыстық беттегі кестедан Х- тің мәндері орналасқан диапазонды белгілеңіз;

  6. Диаграмма параметрлерін өз қалауыңызша өзгертіңіз;

  7. Диаграмманы өзіңіз жұмыс жасап отырған бетке ( в данном листе) орналастырыңыз және беттің атын График функции деп өзгертіңіз.

2-Жаттығу. Диаграмма тұрғызу.

6-сурет


  1. Жұмыстық бетте (Лист2) 6-суреттегідей кесте құрыңыз;

  2. Кестедағы Итого бағанында СУММ функциясын пайдаланып , оның аргументінде ұяшықтар диапазонын көрсетіп, формуланы қалған ұшықтарға көшіру арқылы қажет мәліметтерді толтырып алыңыз;

  3. Осы кесте үшін екі диаграмма құрыңыз:

  • Ивановтың ай сайынғы алған премияларын көрсететін дөңгелек диаграмма (Круговая диаграмма), ол үшін:

  1. Қажет мәліметтер тұрған диапазонды белгілеп алыңыз;

  2. Саймандар панеліндегі Диаграммы батырмасына шертіп , пайда болған терезеден Круговая типін таңдаңыз;

  3. Диаграмма параметрлерін өзгертіңіз де сол бетке орналастырыңыз.

  • Баған түріндегі диаграмманы (гистограмма) өзіңіз қалаған мәліметтер үшін өз бетіңізше орындап көріңіз .

  1. Беттің (Лист2) атын Диаграммы деп өзгертіңіз.

Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

8-Кестедан алынады)


  1. Келесі функция ... графигін, берілген аралықта 0,1 қадаммен тұрғызыңыз /8-кесте, 1-тапсырма/.

  2. Төмендегі қосымша кестеда /8.1 -кесте/ берілген өндіріс көрсеткіштерін пайдаланып диаграмма құрыңыз. Диаграммада ... көрсету керек болғандықтан, соған сәйкес /8-кесте, 2- тапсырма/ типті таңдаңыз.

8.1-кесте

Шикізат өндіретін өндіріс салаларының жылдық көрсеткіштері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет