Кестеде машиналардың бағасы мен түрлері берілген. Жеке кәсіпкер 9270000 теңгеге автосалоннан бірнеше машина сатып алды. Кәсіпкер неше В машинасын сатып алды?
Жаңа үй салып жатқан Бобер Бобтың 6 бөренесі бар. Олардың әрқайсысын 6-ға бөлу керек. Ол өзінің өткір тістерімен бөренені бір жерден кесу үшін 1 минут уақытын жібереді. Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кетеді?
Шешуі: Бөренелердің біреуін 6-ға бөлу үшін 5 рет кесу керек.
1 бөренеге- 5минут, сонда алты бөренеге 6·5=30 минут.
Жауабы: 30 минут
№22
Отбасында анасы, әкесі және 4 баласы бар. Балалардың орташа бойы 120 см, ал ата-аналарының орташа бойы 174 см. Барлық отбасы мүшелерінің орташа бойы неше см?
Шешуі: 120·4=480 балалардың бойларының ұзындықтарының қосындысы.
174·2=348 ата-аналарының бойларының ұзындықтарының қосындысы.
4+2=6 барлық адам саны
(480+348):6=138