Логикалық тапсырмалар 3 сынып
1.Дәптер қаламсаптан арзан,бірақ сызғыштан қымбат.Қайсысы арзан.Сызғыш па әлде қаламсап па? Жауабы:сызғыш 40 тг арзан
2. 2 пиала мен 2 құмыраның салмағы 14 тарелкенің салмағына тең.Бір құмыраның салмағы бір пиала мен 7 тарелкенің салмағына тең болса ,қалған тарелкенің салмағы неше пиала мен құмыраның салмағына тең болады? Жауабы:1 пиала 1 құмыра 7 тарелкенің салмағымен тең болады
3.Бір үйде 100 пәтер бар. Үй нөмірі жазылған тақтайшада 9 цифры неше рет кездеседі? Жауабы: 19 рет мыс:9,19,29,39,49,59,69,79,89,90,91,92,93,94,95,96,97,98.99
4.Алмұрт алмаға қарағанда ауыр,бірақ апельсиннен жеңіл.Алма шабдалыдан ауыр ,апельсин ананастан жеңіл.Ең жеңіл және ең ауыр жемісті тап. Жауабы: Ең жеңілі -шабдалы, ең ауыры-ананас
5.Немересі атасынан жасы нешеде екенін сұрады.Атасы былай деп жауап берді. «Егер мен осы өмір сүрген жасымның жартысын және тағы бір жылды қоссам ,мен 100 жасқа келемін».Атаның жасы нешеде?
Жауабы (100-1)/3 = 33 33*2 = 66 Атасы 66 жаста
6.Сайрауық сиырқұйрық құс ұясынан 4 метр алысқа ұшып шықты.Сосын қарама-қарсы бағытқа қарай 6 метр ұшты.Енді ол ұясынан неше метр алыста? Жауабы: 2 м қашықтықта
7. 5 сәбіз бен 3 қияр 84 теңге тұрады. Ал 2 қияр мен 3 сәбіз 39 теңге тұрады.Демек бір қияр мен сәбіз қанша тұрады деп ойлайсың? Жауабы:қияр-15 тг , сәбіз-3тг
8. егер бұл сандарда цифрлар қайталанатын болса ,2,7,9 цифрларын пайдаланып,үш таңбалы саннан әртүрлі неше сан жазуға болады?
Жауабы. 6 сан 279,729,792,297,972,927
Логикалық тапсырмалар 4-сынып
1.14 пышақ және 7 шанышқы сатып алынды.Осылардың ішінен 8 зат қонаққа арнап жайылған дастарқанға қойылды.Дастарқанға қойылған заттардың ішінде пышақ бар ма?
Жауабы: Барлық шанышқыларды дастарқанға қойды деп тұжырымдай отырып,сегізінші заттың міндетті түрде пышақ екені туралы қорытындыға келеміз .Өйткені шанышқының саны 7-еу
2.Үш дос бала үстелде жатқан қарындаштарды қалай бөлісуді ойластырды.Болат айтты «Егер әрқайсымыз 8 қарындаштан алсақ,екі қарындаш қалады, ал егер 9 қарындаштан алсақ ,бір қарындаш жетпей қалады» Үстелдің үстінде неше қарындаш бар?
Жауабы: Үстелдің үстінде 3*8+2= 26 қарындаш жатыр.Егер үш дос 9 қарындаштан алмақ болса ,онда 27 қарындаш қажет болар еді, ал егер бір қарындаш жетпей қалса ,яғни үстелдің үстінде 26 қарындаш болғаны.
3.Екі бөлмеде 56 адам бар.Бірінші бөлмеге тағы12 адам, екінші бөлмеге 8 адам келгенде, екі бөлмедегі адамдар саны теңелді.Бастапқыда әр бөлмеде неше адамнан болды? Жауабы: 30 және 26
Достарыңызбен бөлісу: |