Есепті шығару жолы (56+8+12):2 = 38
38-8= 30 38-12= 26
4.Шөлейт жердің қиыр шетінде құмжегіштер қаптап кетті. 2 құмжегіш
2 сағат ішінде 2 тонна құмды қылғытып салады. 6 құмжегіш мұндай тәбетпен 6 сағат ішінде неше тонна құм жейді?
Жауабы: Егер әрбір жануар 2 сағат ішінде 1 тонна құм жесе ,біреуі 6 сағат ішінде 3тонна жейді, 6сағатта 2 сағаттан үшеу бар,демек 6 құмжегіш 18 тонна құм жеді.
5.Бір қауынның массасы және дәл осындай қауынның тағы бір жартысы 15 кг тартады.Бүтін қауынның массасын тап.
Жауабы: 15/3= 5кг жарты қауынның массасы. 5*2 = 10 кг бір қауынның массасы 10 кг
6.Ержан бір сан жасырды,оны 9 есе арттырды,одан 16-ны азайтып,19-ға кемітті,нәтижені 4 есе кемітті,оған 38-ді қосқанда 63 шықты.Ержан қандай сан жасырды?
Жауабы: кері амал тәртібімен орындалады. (63-38)*4+19+16/9 = 15 Ержан 15 санын жасырды.
7.Әли әкесімен тирге барды.Келісім былай болды :Әли 5 мәрте тир атады,нысанаға әрбір дәл тигізгені үшін тағы екі рет ату құқығына ие болады.Әли барлығы 17 рет атты.Ол нысанаға неше рет дәл тигізді?
Жауабы: 6 рет
8.Эстафетаға қатысу үшін Ұлан, Марат, Берік, Серік, және Олжас сап түзеп тұрды.Ұлан эстафетада Мараттан бұрын,бірақ Олжастан кейін жүгіреді. Берік пен Олжас қатар тұрған жоқ. Серік Олжастың да, Ұланның да ,Беріктің де қасында тұрған жоқ. Кім кімнен кейін тұр?
Жауабы: Олжас,Ұлан,Берік,Марат,Серік
9 Ілияс ақшасын санап отырып ,мынадай ойға кетті: «Егер ақшама бар ақшамның жартысын қосса ,тағы 20 теңге қосса,менде 110 теңге болар еді» Ілияста қанша ақша болған?
Жауабы: Есеп кері амалдар тізбегімен шешіледі
(110-20):3= 30 (теңге)-жартысы. 30*2 =60 тг-Ілияста болды.
10 .Екі таңбалы сандардың айырмасы екі ондыққа тең.Ал азайғыш сан айырмадан 4 есе үлкен. Ол қандай сан екенін тап. Жауабы: азайғыш 80 санына тең.
Логикалық тапсырма 2 сынып
1.Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы,екі алдыңғы аяғы,екі артқы аяқтары бар. Жануарда неше аяқ бар? (4)
2 Арманға түскі тамаққа күнделікті 50 теңге беріліп отырды.Ал ол 30 теңге ғана жұмсады. Сонда бір аптада Арман неше теңгені үнемдеді? 5 күнге -100 тг, ал алты күн болса-120 тг
3.Бақтан алғашында 12 кг алмұрт әкелінді,екінші рет одан 4 кг кем әкелінген.Барлық әкелінген алмұрттарды әр пакет қалтаға 2 кг-нан салғанда неше пакет қалта қажет болды? 10 қалта
4.Орманнан 9 бөрене әкелу керек. Машинаға 4-тен артық бөрене сыймайды.Барлық бөренені әкелу үшін орманға неше рет бару қажет? 3 рет
5.Назымның 4 қарындашы бар,ал Оспанда осынша қарындаш және тағы да сонша және тағы да соншаның жартысындай қарындаш бар.Оспанда қанша қарындаш бар екенін тап. (10 қарындаш)
Достарыңызбен бөлісу: |