Жауаптары №1- тапсырма



бет47/49
Дата21.12.2022
өлшемі1,93 Mb.
#58637
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Оңғарбай Таңшолпан эволюция

Биохимиялық критерий — түрлердің сан алуан болуы нәруыздың құрылысы мен құрамының түрліше болуына байланысты байқалады. Сондықтан биохимиялық критерий әр түрдің жеке топтарында олардың өзіне тән жоғары молекулалық органикалық қосылыстар синтезделуімен ерекшеленеді.Биохимиялық (тірі материяның химиялық құрамы) өлшем деп те атайды. Бұл өлшемді дарақтардың белгілі бір түрге тиесілігін анықтаған кезде оған биохимиялық талдау мен физиологиялық шамаластығын салыстыруды қолдану деп түсіндіріледі. Атап айтқанда егіз-түрлер осылай айқындалып, ажыратылды. Осы және генетиқалық өлшемді қолдану соңынан кейбір дербес түр деп есеп- телгендер біріктірілді.

  • Географиялық критерий — түрдің таралу аймағын анықтайды. Әрбір жеке түр белгілі бір кеңістікте тіршілік етеді. Кейбір түрлер көбірек көлемді жерлерге таралса, екінші бір түр шағын кеңістікте кездеседі. Түрдің таралу аймағы үлкен немесе кіші, тұтас немесе оқшау болуы мүмкін. Мысалы, мамонт ағашы мен мәңгі жасыл секвойя мезозой заманының бор кезеңінде пайда болған. Бұл көне замандық түрлер кайнозой заманының үштік кезеңінде Солтүстік жарты шарда кеңінен таралды. Ал казіргі кезде олар Солтүстік Америка, Калифорния жағалауларында жергілікті түр болып сақталып калды.

  • Экологиялық критерий — әp түрдің нақты алып жатқан орнын (мекен ортасын) анықтайды. Мысалы, қоян туысының 3 түрі бар: орқоян — далалы аймақты, аққоян — орманды алқапты, ал құмқояны — шөлді, шөлейтті жерлерді мекендейді. Бір түрге жататын даралардың басқа түр дараларынан айырмашылығы қоректенуі мен мекен ететін ортасына байланысты ажыратылады. Бір түрге жатса да қасқырлардың тундрада және орманды дала аймағында мекендейтіндерінің тіршілік жағдайында айырмашылықтар бар. Сондықтан тек экологиялық критериймен түрлердің ерекшеліктерін анықтау жеткіліксіз.

    7. Этологиялық критерий — организмдердің бір-бірінен мінез- қылығының айырмашылығымен айқындалады. Жақын түрлердің мінез-қылығындагы айырмашылықтар, әсіресе жыныстық қатынаста бір-бірімен жақындасып жанасар кезінде байкалады. Мысалы, әр түрлі қимылдар жасап "күй ойнақ" салуы, сайрағыш құстардың сайрау кезінде дыбыстарын құбылтуы, т.б


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет