Жауаптары №1- тапсырма


Эволюцияның бірқалыпты еместігі



бет44/49
Дата21.12.2022
өлшемі1,93 Mb.
#58637
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Оңғарбай Таңшолпан эволюция

Эволюцияның бірқалыпты еместігі. Жүздеген миллион жылдар бойы жер бетінде ешқандай өзгеріссіз тіршілің етіп жатқан организмдер де бар, оған қылышқұйрық, саусаққанатты балықтар, гаттерия жатады. Бұларды екінші сөзбен "тірі қазбалар" дейді. Эволюцияның қарқыны астрономиялық уақытпен анықталмайды. Жаңа түрдің шығуы қажетті ұрпақ санымен және бейімдеушілікпен анықталады. Эволюцияның қарқындылығы бірқалыпты тұрақты жағдайда (мұхиттың тереңдігі, үңгір сулары) тіршілік ететін организмдерде баяу, әлсіз жүреді. Аралдарда жыртқыштар кездеспейтін жерлерде сұрыпталу өте төмен болады. Керісінше сұрыпталудың қарқынды жүретін жерлерінде эволюция да жылдам. 




  1. Табиғи сұрыптаудың формалары: тұрақтандырушы, қозғаушы, дизруптивті – жіктеуші.

1.Қалыпты сұрыпталу

    1. Сұрыпталу жолымен мутация залалсыздандырылады, олардың қарама-қарсы бағытталған әрекеті бейтараптанады.

    2. Генотип және тұрақты фенотип барысында жеке даму процесі жетілдіріледі.

    3. Залалсыздандырылған мутациярезерві пайда болады. Осы сұрыпталудың нәтижесінде орташа нормадағы реакциясы бар ағзалар аз өзгерісті жағдай тіршілігінде доминантты болады, жәндіктермен тозаңданатын өсімдіктер гүлінің формуласы мен пішіні сақталады( гүлдер жәндік тоңандандырушының мөлшері мен пішініне, оның алдыңғы ауыз сору құрылысына сәйкес келу керек)

2.Қозғаушы сұрыпталу залалсызданған рецессивті мутациядан тұратын моболизденген резервін ашады. Залалсызданған мутация және оның сәйкес келуін сұрыпталуды іске асырады. Жаңа фенотиппен генотип пайда болады. Осы сұрыпталу нәтижесінде фенотипі мен генотипі бойынша айырмашылықтары бар, жаңа орта формадағы, өзгерген жағдайға неғұрлым сәйкес келетін популяциядағы дарақтар пайда болады. Жәндіктер улы химикаттарға тұрақты келеді.

  1. Дизруптивті сұрыпталу. Бұл жерде қозғаушы сұрыпталу кезінде қандай процесс болды, сондай болады. Бұл сұрыпталу ағзаның орта норма реакциясының ауытқуынан екінші бір ағзаға қысым көрсетіледі.

  1. Жыныстық сұрыпталу - Түрдің көбеюі, ұрпақтарының ары қарай өсіп-өніп тіршілігін қамтамасыз ететін, тіршілік үшін күресте реңдерінің әдемілігімен , әрекеттерінің белсенділігімен , тіршілікке икемділігімен күштілерді жеңеді. Жыныстық сұрыпталудың ағзаға зиянды жері де бар. Мысалы, жұмақ құсы мен қырғауыл аталықтарының әдемі ұзын қауырсындары ұшуына кедергі жасайды, әрі оларды жаулары тез байқайды. Бұғы аталығының үлкен мүйізі қатты жүгіруіне кедергі келтіреді. Жыныстық сұрыпталудың нәтижесінде жетілген мүйіздері, ит тістері, иісті бездері, жарық шығаратын мүшелері жыныстық айырмашылықтарын көрсетеді


3.Эволюциялық процестің негізгі бағыттары (И.И.Северцев және И.И.Шмальгаузен бойынша).
Академиктер Алексей Николаевич Северцов пен Иван Иванович Щмальгаузен эволюцияның биологиялық прогреске әкелетін 3 бағытын анықтады: 
1. Ароморфоз (морфофизиологиялық прогресс немесе арогенез). 
2. Идиоадаптация (аллогенез). 
3. Дегенерация (катагенез).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет