Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет111/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   248
ЖҰМЫСШЫ-ҚАРА ШАРУА ƏЛІПБИІ
(Одақтық жаңа əліпби комитеті пленумының 
қорытындысы)
Жаңа  əліпби  қозғалысының  өрісі  əбден  кеңейіп  келеді. 
Жаңа əліпби сөзден іске көшті. Оның бүкіл жер жүзіндік та-
рихи  маңызы  барлығы  да  анықталды.  Жаңа  əліпбидің  ескі 
араб əліпбиінен артықшылығы тек қисын жағынан ғана емес, 
іс  жүзінде-ақ  анықталды.  Кеңесті  шығыс  елдерінің  бəрі  де 
жаңа əліпбиге көшті. Бұл еріккеннен істеліп отырған іс емес. 
Тарихи жағдай соны керек қылып отыр. Сүйтіп жаңа əліпби 
қашаннан шығыстағы елдерін адымын ашқызбай надандыққа 
ұстап  келген  мұсылмандыққа  байланысты  мəдениет  пен 
мұсылман салтының берік қамалдарын бұзды. 
Ескі салт-сана қамалдарын бұзғандай күшті жаңа əліпби 
қайдан  алды?  Жаңа  əліпбиге  бұл  күшті  берген,  сөз  жоқ – 
Октябрь төңкерісі. 1905-жылғы төңкерістен кейін Азияның 
шығысындағы бір сыпыра елдерде бұқарашыл байлар төң-
керісі болды. Бұлар еңбекші елдің тілектерін орындау үшін 
болған  төңкерістер  емес  еді,  оның  бер  жағында  Түркияда 
болған  Камал  паша  бастаған  төңкерісті  де,  Түркиенің  бай-
шыл мəдениетін, байшыл аурыпа мəдениеті қалпына салғаны 
болмаса, оны да шын төңкеріс деуге болмайды. Үйткені Ка-
мал паша кіргізген өзгерістерде төңкерісшілдіктен түк жоқ. 
Октябрь  төңкерісінен  кейін  кеңесті  шығыс  елдері  ескі 
араб əліпбиін тастап, оның орнына латын негізіне құрылған 
жаңа əліпбиді алды. Міне, мұны Октябрь жемісі – Октябрь 
арқылы  бұқара  елдің  жұртшылығы  өсіп,  мəдениеті  ілгері 
дамығандықтан, жарыққа шығып отырған шын төңкеріс деп 
осыны айту керек. 
Жаңағы жағдайларды ескеріп, одақтық жаңа əліпби ко-
митетінің ІІІ пленумінде қатысқандар жаңа əліпбиді «жұ-
мысшы-қара шаруа əліпбиі» деп атау керек дегенді ұсынды. 
Расында, жаңа əліпби – октябрь əліпбиі. Бұл даусыз. Ағама-
лыұлы жолдастың (одақтық жаңа əліпби комитетінің төр-
ағасы).  Сол  пленумде: «Жаңа  əліпби  тұрмыстың  барлық 
тарауларына  жан  береді.  Тарих  көзімен  қарағанда,  араб-
шылдар ағылшын жиангерлері жағында болды» деген сөзі 
ып-ырас. 
Кеңестер  Одағында  барлық  түрік  нəсілді  елдердің  жаңа 
əліпбиге көшуі даусыз шешілген мəселе. Жаңа əліпби төңіре-
гінде талас-тартыстар енді ертегі болып қалды. Бұқара жаңа 
əліпби жағында. Жаңа əліпбиді іске асыру жолында толып 
жатқан тəжірибелер де бар. Ұлттық республике мен облыс-
тар  жаңа  əліпбиді  Өкімет  əліпбиі  деп  алып  отыр.  Қазірде 
мекемелер,  кесіпорындары  əлеуметтік  ұйымдар  өздерінің 
күнделік жұмысына жаңа əліпбиді қалай болғанда іске асы-
ру  жағын  көздейтін  шекке  жетті.  Қазірде  жұртшылықтың 
алдында  тұрған  мəселе  ескі  араб  əліпбиін  қуып  шығарып, 
жаңа  əліпбиге  көшуді  тездету  боп  отыр.  Ұлттық  респуб-
ликелер мен облыстардың шаруашылық жəне мəдениет құ-
рылыстарының  көшіне  қарай,  одақтық  əліпби  кəмитетінің 
соңғы пленумы жаңа əліпбиге толық көшу үшін бірден екі 
жылға дейін срок тағайындады. 


284
285
Жаңа əліпбиді іске асыру жолында толып жатқан табыс-
тарымыз  бар  деген  едік.  Сол  табыстардың  ішінде  көзге 
түсетіні – əліпбиді  бірлестіру  мəселесі.  Бұл  мəселе  жаңа 
əліпби  қозғалысы  басталған  күннен-ақ  қолға  алынған  еді. 
Түрік  тілінде  сөйлейтін  түрлі  елдердің  жаңа  əліпбилері 
толық бірлестік заңына бағындырылған. Бір елдің мəдениеті 
мен екінші елдің пайдалануына кедергі болып келген бұрын-
ғыдай жазу өзгешелігі де жойылмақшы. Емле мен атаулық 
мəселелерінде де бірыңғай жол табылды. Бұл бірлестік ке-
ңестер  одағындағы  пролетариат  мəдениетіне  бірте-бірте 
бейімделу жолымен іске асырылмақ. Араб əліпбиі орнына жа-
ңа əліпбиді кеңестер одағында мемлекет əліпбиі қылып алу 
жана  кеңестер  одағындағы  түрлі  ұлттардың  еңбекшілеріне 
орыс тілін үйретуді бірыңғай жеңілдету мақсатымен, шығыс 
ұлттары үшін арнап, латын негізінде орыс тілінің əліпбиін 
шығару мəселесі кезекке қойылып отыр. 
Жаңа  əліпбидің  жұртшылық  жағынан,  мəдениет  талап-
тарын  орындай  алуға  қолайлығы  жағынан  артықшылығын 
жоғарыда  санап  өткен  едік.  Енді  сол  артықшылығы  үстіне 
оның техникаға үйлесімділігін қоссақ, баспа əріптер толып 
жатқан елдер үшін бір түрде қойылып бір жерден тарап оты-
ра алатын болады. 
Жаңа  əліпбидің  жаңағы  айтылған  қасиеттері,  сөз  жоқ, 
кеңестер  одағындағы  шығыс  елдері  еңбекшілерінің  сатси-
алдық мəдениетке ену ісін шапшандатпақ. Міне бұл жағынан 
қарағанда  жаңа  əліпби  кеңесті  шығыс  елдерінде  мəдениет 
төңкерісін жасауға жаңа күшті құрал бола алатыны анық. 
Сонымен қатар жаңа əліпби бұрын артта қалған елдер-
дің  еңбекшілері  үшін  коммунизмге  төте  тартуларына  ең 
ірі  құралдардың  бірі  болмақшы.  Бұл  жағынан  қарағанда 
жаңа əліпбидің төңкерісшілдік маңызы зор. Жаңа əліпбиге 
көшуді бізге тарих міндет етіп отыр дегеніміздің мəні осы 
еді. 
Жаңа əліпбиді қабыл алу, оны іске асыру жолында Қазақ-
стан  басқа  ұлт  республикалардан  артта  қалыңқырады. 
Оған түрліше себептер болды: соңғы 2 – 3 жылдың ішінде 
басқа  ұлт  республикалары  мəдениет  құрылысы  майданын-
да қарыштап ілгері басқанда, біздің Қазақстан белсенділері 
ауылда социалдық-шаруашылық құрылысын жөнге салу мə-
селесімен шұғылданды. Оның бер жағында жаңа əліпбиге кө-
шуді шапшаңдатуға мəдени саяси жағыдайлар кедергі болды. 
Қазақстандағы мəдениет ағарту жұрттарында байшыл-ұлтшыл 
арабшылдардың ықпалы күшті еді. Міне, бұ да жаңа əліпби жо-
лында оралғы болды. Қазірде бұл қиындықтар жойылды. Араб-
шылдар жеңілді. Жаңа əліпбиді жақтаушы белсенділердің са-
ны да өсіп келе жатыр. Жаңа əліпби үкімет əліпбиі болып қабыл 
алынды. Қазірде жаңа əліпбиді іске асыру жолында тиісті ша-
ралар қолдануға толып жатқан мүмкіндік бар. 
Ескі əліпбиді тастап, оның орнына екіншісін алуда жаңа 
əліпбиді  жақтаушылар  мен  оған  қарсы  жақтың  күштері 
қандай.  Мүлиендеген  бұқара  қай  жақта – міне,  мəселенің 
тетігі  осы  жерде.  Ұлттық  республика-облыстарды  алсақ, 
олар жаңа əліпбиге əлдеқашан көшіп болған. Бізге қарағанда, 
олар  көп  ілгері  кеткен.  Ал,  енді  «біздің  Қазақстанда  жаңа 
əліпбиге  көшу  жолында  жаңағы  республикаларды  қуып 
жетерлік жағдайлар бар ма, жоқ па?» деген сұрау қойсақ, сөз 
жоқ, ондай жағдайлар бар дей аламыз. 
Қазақтың хат танитындары да жаңа əліпбиге қарсылығын 
азайтып,  араларына  іру  кірді.  Енді  сауатсыз  бұқара  елге 
келсек,  олар  жалпағынан  жаңа  əліпби  жағына  ауып  отыр. 
Бұлар  жаңа  əліпбидің  жаңалығына  қызығып  емес,  жылдам 
хат  танытатынына  көздері  жеткендіктен  оны  қолдап  отыр. 
Енді жұмыс – жаңа əліпбиді тез үйреніп алу жолында жалпы 
мəдениет аттанысын ұйымдастыра білуде. 
Мəдениет майданына аттаныс жұмысын ұйымдастыра ала-
мыз. Жəне сол арқылы жаңа əліпбиге көшу ісінде озат шығып 
кеткен басқа ұлттық республикаларды қуып жету үшін қандай 
шаралар қолдануымыз керек, мұны да шеше аламыз. 
Бұл үшін: 
1) Жаңа əліпбиге көшуді шындап қолдап, оны іске асы-
руды үкімет жолымен міндет қылу сияқты тиісті шараларын 
тез қолдану керек; 
2) араб əліпбиіне жұмсалатын бар қаражат бұлағын жаңа 
əліпбиді өркендетуге жұмсау керек; 


286
3)  жаңа  əліпбимен  көп  етіп  əліпби  кітаптарын  жəне  əрі 
арзан, əрі елге ұғымды кітаптар бастырып тарату керек; 
4) Алдымен қала-қалада жаңа əліпби сауатсыздығын жою 
ісін қолға алу керек. 
5) Мəдениет майданында қатар түзеп қаладан ауылға ат-
таныс жасау; сүйтіп жаңа əліпбиді миллиондаған қара ша-
руа бұқарасы арасына тарату керек. 
Бұл  мəселелерді  қалай  болса  да  шешу  тиіс.  Бұл  жөнде 
жақын арада істелетін жұмыстарды атап-атап айтқанда, мы-
надай болады: 
Алдымыздағы жазда ауыл-ауылға жаңа əліпбидің маңы-
зын түсіндіру ісіне жұмыла кірісілсін жəне алдымыздағы оқу 
жылынан  бастап  Қазақстандағы  барлық  оқу  жұрттарында 
оқу жаңа əліпбимен жүргізілгендей болсын. Январь-май ай-
ларында  қала-қалада  жаңа  əліпби  толық  үйретіліп  болсын. 
Партия ұйымдары, комсомол жəне кəсіпшілер одақтары əлгі 
мезгілдер  ішінде  қала-қаладағы  мүшелердің  жаңа  əліпбиді 
толық үйреніп алуларына ерекше шаралар қолданылсын. Он-
дай шаралар ретінде жаңа əліпби сауатсыздығын жою үшін 
екі не үш айлық науқан ашуға да болар. Қала-қаладағы оқу 
жұрттары үстіміздегі оқу жылы ішінде оқушыларына жаңа 
əліпбиді толық үйретіп шығару амалын жасауға міндетті бол-
сын. Қала-қаладағы сауат ашу орындары да жаңа əліпбимен 
оқытатын болсын. 
Жоғарыда  айтылған  шараларды  жүзеге  шығару  Қазақ-
станның кеңес жұртшылығы қолынан келеді жəне солай ету-
ге міндетті де. Бұл – біразырақ кешеңдеген, бірақ соның ор-
нына мəдениет майданындағы көлемді аттаныс. Жаңа əліпби 
жолында, жаңа əліпбиге бар күшті жұмсайық. 
Жаңа мектеп 1-4 беттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет