Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет146/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   248
АУДАРУ ТУРАЛЫ 
(айтыс іретінде)
«Еңбекші  қазақ»тың 162-нөмірінде  Жолымбет  ұлының 
«Аудару  тұуралы»  деген  сөзі  басылып  шықты.  Бұл  мəселе 
орынды  қозғалған,  мезгілі  болып  толғағы  жеткен  мəселе, 
мен бір сыпыра кем қалған жерлерін толықтырам:
Жолымбет  ұлы  мақаласында,  қазақ  əдебиетінің  осы  күні 
жақсы  көтерілгенін  айтып  келіп, «бірақ  ол  шығып  жатқан 
əдебиеттеріміздің  көбі  төрт  аяғынан  мамырлап  ақсап» 
келе  жатқанын  айтады.  Оның  да  себебі  «алдымен  орыс-
шадан  қазақылағандықтан  болып  отыр»  дейді,  ал  енді  сө-
зінің  салмағын  кеңсе  ішіндегі  аудармаға  қарай  аудара-
ды,  үйезден  болысқа  жазылған  бұйрықтардың  қазақшасын 
мысалға көрсетіп, олардың түсініксіз екенін көрсетеді. Он-
дай  қазақшаның  орысшадан  да  жаман  екенін  көрсетеді. 
Іскеде  кемшілік  келетұнын  айтады.  Бұның  бəрі  де  ырас, 
бəрі де дұрыс. Орысшадан аударылған кітаптардың мінеліп 
жүргендері топ-пасы, базар алды болмаған мен кеңселердің 
аудармасына  қарағанда,  алып-сатарлардың  саудасына  жа-
рарлықтай  ғой.  Кеңсе  аудармаларының  талайын  өзім  де 
көрдім.  Қазағыстанның  барлық  жерінде  дерлік  болысқа 
барған бұйрық, тəртіптердің адам түсіне алмастықтары бар. 
Көп жерде солай.
Енді менің айтайын деп келе жатқаным: Жолымбет ұлы 
сөз  аяғында «…. Көрінген  қазақтың  (шалдірігі  барлардың) 
қолынан  аудару  қазақылау  келе  бермес  болар,  сол  шалды-
ріктер – қазақтың өзінің сөзінің көбін білмейді. Бүйтіп жү-
ріп  тілімізді  бұзып  аламыз.  Аударушылардың  өзін  қатты 
сынға алу керек. Екі сөздің басын орысша қосқанды əйтеуір 
«қазақ»  деп  ала  бермей,  еңбек  ақысын  толық  қылып  беріп 
анық аударатұн қызметкерге ие болу керек….» дейді.
Меніңше бұл толық ұсыныс емес. Оған менің көрсететұн 
дəлелім:
Төрт аяғынан бірдей мамырлап ақсап келе жатқан аудар-
ма кітаптарымызды аударушылардың көбі Қазағыстандағы 
орысша  мен  қазақшаны  бірдей  тəуір  білетұндер.  Ал  енді 
кеңседегі бұйрық-тəртіптерді аударушылар, кітап аудармақ 
түгіл, қазақша газеттерді де дұрыс оқымайтұндар.
Олай болса, орысша-қазақшаны тəуір білетүндер жазған 
аударма  кітаптар  «төрт  аяғынан  бірдей  ақсап»  отырғанда 
үйездегі  кітап  аудармақ  түгіл  газетке  де  қабар  жазып  көр-
меген,  қазақша  газет  кітаптарды  дұрыс  оқымайтұн  «шал-
дыріктер»ге дұрыс аудар, деп ұрса аламыз ба? Еңбек ақыны 
көп  беріп,  анық  аударатұн  қызметкерді  қайдан  табамыз? 
Жолымбет ұлы айтқандай – аударуға үлкен шеберлік керек. 
Ондай қызметкер үйез түгіл күбірнедеде сирек болады, сиез, 
канперенсе  болғанда  аударушы  табылмай  сасып  қаламыз 
ғой,  тапқанымыз  «айтысқа  шыққан»  дегенді  «желпініске 
шыққан»  деп  бұзып-шатып  соғып  тұрғанда,  төмен  қарап 
қызармаушы ма едік? Күбірнедегі орысша-қазақшаны жақ-
сы  білетұн  бір  жолдас  «Багон  жөнелтуші»  дегенді  «уагон 
өткермеші» деп жазып қойғанын көргемін.
Менің бұл тақырыпты ұсынатұным: 
Кеңсеге  қолынан  іс  келетұн  қызметкерді  алған  дұрыс 
қой! Бірақ оның қолынан аударғыштық келе бермейді, бізде 
бұгүндегі кеңсе аудармасының дұрыс болмай, түсініксіз бо-
лып жүргеннің мəнісі – орыс иəки қазақша білмейтұн қазақ 
орысшасын  жазып  (састабит)  етіп  беріп  қазақшыланады. 
Сонсын  іра  бір  ауызы  мен  құс  тістеген  аударғыш  болма-
са,  ана-мынау  кісі  дұрыс,  ұғымды  қылып  аудара  алмайды. 
Егерде сол жазылатұн бұйрық, тəртіпті қазақ қазақша жазса 
(артық жүйрік болмасада), кəдімгі қазақша сөз болады. Енді 
соны орысшаға аудару керек болса, орысша білетұн қазақта, 


376
377
орыс та (мазмұнын түсінсе) орысшаға аудара алады, орысша 
сөздің ішінде иненің жасуындай кəте болсада көрінгіш бо-
лады. Əрі орысшаға аудару қазақшаға аударудан көп жеңіл. 
Үйткені орысшаның кеңсе тілі - əбден бір ізге құйылған, неше 
сыннан  өткен  тіл.  Қазақшадан  орысшаны  сыпайы  көретұн 
қазақ азаматтарымыздың көбі орысшаны жақсы біледі. О бас-
та қазақша жазылған сөз кəдімгі қазақша болады. Мəселен 
газет басқармасына күніге əлде неше қат келеді. Оның көбі 
ауылдағы шала сауаттылардан келеді; соларды оқып отырсаң 
жазуы  қанша  нашар  болсада,  імла  кəтесі  болсада,  сөзін  иə 
ұзайтып, иə қысқартып жіберсе де, таза қазақша сөз болады; 
түсінугеде болады, олардың қасында қаладағы-кеңседегілер 
оқымысты ғой. Сөз аяғында айтатұным: кеңседегі жазу-сызу 
əуелі қазақша жазылсын. Керек болса, қазақшадан орысшаға 
аударылсын. Солай етсек бұл аткөмдер түсініксіз қағазға тап 
болып  желкесін  қасып  отырмайды.  Жанада  қазақша  біліп, 
орысша білмейтұндерде кеңседе қызмет етуге болады.
Кеңсенің ісін дұрыс қазақылау сонда ғана болады.
Жиен- ғали


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет