Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет17/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   248
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЕМЛЕСІ
(2 – 4 үйенде Қызыл ордада болып өткен 
кəнперенсе қаулысынан)
Қазақ  емлесінің  негізі  дыбыс  жүйесінше  болу  керек  де, 
дыбыс-дыбыстың  бəрі  де  айтылған,  есітілген  күйінде  жа-
зылу керек (сөз-сөздің ішіндегі дыбыстардың бірінің біріне 
ұсап өзгергеніне де, ұсамай өзгергеніне де, əсіресе бір ыңғай 
жуан, иə бір ыңғай жіңішке болып өзгергендері – өзгерген 
күйінде жазылу керек). Жазудың бұл дыбыс жүйесіне кел-
мейтін жерлеріне, – əр қайсысына өз алдына айрықша ереже 
түзілу керек.
1. Тұтас жеке күйінде естілгенінше жазылады. Жанындағы 
сөздің  жалғас  дыбыстарының  ықпалы  еленбейді: «Көк 
дөнен» – «көг дөнен» емес, «Торы ат» – «тор ат» емес.
1)  Ескерту:  үндестік  заңына  көнбей,  ішіндегі  дыбыс-
тарының  бірі  жуан,  бірі  жіңішке  болып  айтылатын  сөздер 
де есітілуінше «бірақ», «кітап», «қызмет», «нығмет» болып 
жазылады.
2) Ескерту: сөз айағындағы «п», «к», «қ» естілуінше осы 
«п», «к», «қ» əріптері мен жазылады да, жалғау-жұрнақтың 
басындағы дауысты дыбыстар ықпалы мен «б», «г», «ғ» бо-
лып  өзгергенде  сол  өзгеруінше  жазылады («көп,  төк,  жақ, 
көбейді, төгеді, жағады»).


30
31
2. Бір неше түбірдің біріккенінен бір мағыналы сөздер де 
есітілген күйінде тұтас жазылады. Айтушының түсінуінше 
ішіндегі  түбірлері  бірінен  бірі  басқаланып,  айрылып  шық-
пайтын болса, ондай сөздердің бəрі де тұтас бір сөз есебінде 
болады. Бір неше түбірден құралған кісі аты тұтас жазылады. 
Өзгерген  дыбыстары  өзгерген  күйінде  жазылады  (саптаяқ, 
белбеу, қолғап, Боранбай). 
3. Жалпылағыш қос сөздер сызықша мен жазылады. Он-
дай сөздердің, жалғас дыбыстарының біріне бірінің тигізетін 
ықпалы  еленбейді,  екеуі  де  түбірінше  жазылады («киім-
кешек» – «киім-гешек» емес, «төсек-орын» – «төсег-орын» 
емес, «айыб-анжы»  емес – «айып-аншы», «қатын-ғолаш» 
емес – «қатын-қолаш»).
4.  Екінші  бөлегіміз  бас  дыбысы  өзгеріп  айтылатын 
қайталама сөздер де сызықша мен жазылады (ол-пұл, тайақ-
маяқ, етік-метік).
5.  Арасына  «ма»  кіріп  қайталайтын  сөздер  де  сызықша 
мен жазылады, «ма» алдындағы сөзден сызықша мен айры-
лады (қол-ма қол,  көз-бе көз).
Ескерту:  арасына  «ды»  салып  қайталайтын  «өз-ді  өзі» 
сықылды сөздер де алдыңғы сөзден «ды» сызықша мен ай-
рылады, «өз-ді өзі.
6.  Сын  есімнің  басындағы  дыбыстарына  «п»  жалғанып, 
түбірдің алдынан қосылып сын есімнің өзін таңдаулы шы-
рай  қылып  шығаратын  болғанда,  оны  мен  түбірдің  арасы-
на  сызықша  қойылады,  өзінің  айағындағы  «п»  ылғи  сол 
«п» күйінде жазылады. Түбірінің басындағы ұяң дыбыстың 
ықпалы мен «б» болып өзгергені еленбейді (ұп-ұзын, қып-
қысқа, жап-жақсы, доп-домалақ, доб-домалақ емес).
Ескерту:  бұл  сықылды  қосымшалардың  түбір  мен  тұта-
сып, дыбыстарының орны-орны өзгеріп кеткендері, сызық-
шасыз түбір мен бірге жазылады. Өзгерген дыбыстары өзгер-
ген күйінде, естілуінше жазылады (аппақ, көкпеңбек).
7. Жалғау жұрнақтардың бəрі де түбір мен қосылып жа-
зылады. Түбірдің ықпалы мен өзгерген дыбыстары өзгерген 
күйінде  жазылады.  Бірақ  жалғау-жұрнақтардың  түбірге 
тигізетін  ықпалы  осы  бейнеде  айыра  айтылған  жерлерде 
ғана болмаса, – еленбейді (кешкі, түнгі, түңгі емес, көмбейді 
емес – көнбейді).
Жалғау-жұрнақтың басындағы дауысты дыбыстың ықпа-
лы  мен  екі  буынды,  иəки  көп  буынды  сөздің  айағындағы 
бітеу  буынның  қысаң  дауысты  дыбысы  жоғалып  кететін 
болғанда да (қарын-қарным болғанда) сөз айағындағы қатаң 
«п», «к», «қ» лар өзгеріп «б», «г», «ғ» болғанда да түбірдегі 
дыбыстар өзгерген күйінде жазылады (қазақ-қазағы, күрек-
күрегі, жап-жабады, тұрқ-тұрқы).
«ып»  жалғауының  ықпалы  мен  етістік  түбіріндегі  «п» 
(«б» болып да өзгереді). «у» болып да өзгереді. Түбірдегі «п» 
ның бұлай өзгергені де өзгерген күйінде жазылады  (жап – 
жауып, кеп – кебіп, тап – тауып ). Жұрнақ көне жұрнақ болса 
түбірдегі  дыбыстардың  өзгергені  онда  да  өзгерген  күйінде 
жазылады (немеурін, күңгей, жаңқа).
Ызың  (з,  с,  ж,  ш)  дыбыстардың  бірінің  біріне  тигізген 
ықпалы еленбейді, ондай дыбыстар ылғи түбірінше жазыла-
ды (басшы, тұзшы сөздері «башшы, тұшшы» деп жазылмай-
ды).
Ескерту:  жалпы  жіктеу: «мың,  бын,  сын», «мыз,  сыз» 
дар  өзіне  түбірдің  екпінін  тартып  ала  алмаған  мен  де 
жалғау делініп, түбір мен бірге жазылады. «Сың» жалғауы 
естілуінше «сың» жазылады («амансың», «барасың»).
8. «Құрлы», «ғой, «ғана», «да», «дағы», «ақ», «ма», 
«ше», «ау», «ай»  бəрі  алдындағы  сөзден  бөлек  жазылады. 
Бірақ,  алдындағы  сөздің  ауанына  қарай  өзгерген  дыбыста-
ры өзгерген күйінде жазылады. Мұндай сөздер өзі өзгермей, 
алдындағы  сөздің  соңғы  дыбысын  өзгертетін  болса, -оның 
өзгергені еленбейді. «да» лар етістіктің шартты райларына 
жалғанса да бөлек жазылады.
«Барыпты-мыс,  келіпті-мыс»  дегендегі  «мыс»  тар  да, 
«еді» ден ықшамдалған «ды, ты» ларда (етістік 3- інші жақ 
жалғауы «барады», «барды» дегендегі «ды» емес, есімдерге 
ғана  қосыла  айтылатын  «барғанды» «аманды»  жас-ты  де-
генде  айтылатын  «ды»  лар)  сызықша  мен  айрылып  жазы-
лады.  Райбарына  жалғау  қосылып  айтылатын  «оқысамшы, 
оқыйын-шы»  дегендегі  «шы»  алдындағы  сөз  бен  қосылып 


32
33
жазылады. Түбірінің ықпалы мен өзгерген дыбыстары өзгер-
ген күйінше жазылады (құс құрлы, сен құрлы, ат-та, атан-
да,  жақсы-ақ,  қазақ-ау,  қазағ-ау  емес) «оқысам-да,  барсаң 
да, көріпті-мыс, оқыған-ды, сүйтсе-де, оқысам-шы.
1) Ескерту: «сонысын», «кішкене», «ойпырмай», сықылды 
болып  ықшамдалған  сөздер, 2-байнада  айтылған  құрама 
сөздер есебінде тұтас жазылады.
2) Ескерту: «ма», «ақ», «қана» сықылды сөздер түбір мен 
жалғаудың  ауасына  кіріп  кететін  болғанда  түбір  мен  де, 
жалғау  мен  де  бірге  жазылады.  Мұндайда  өзгерген  дыбы-
стар өзгерген күйінде жазылады (аманбысың, жақсақбысың, 
өзіңғанамысың).
9.  Алдындағы  сөздің  жалғауын  (септеуін)  өз  ауанына 
қаратып  отыратын  «соң», «көрі», «бері», «үшін», «шейін» 
сықылды  үстеулер  алдындағы  сөзден  бөлек  жазылады. 
Арадағы  дыбыстары  түбірінше  жазылады  (сенен  көрі,  гөрі 
емес; қалаға шейін).
10. Көмекші етістіктер алдындағы сөзден бөлек жазыла-
ды, арадағы дыбыстарының өзгергені еленбейді («оқып жа-
тыр» – «оқыб жатыр» емес; келе алмайды» – «келе əлмайды» 
емес).
11.  Сөздің  ішіндегі  дыбыстарының  жуан-жіңішкелігі 
көмескі  болған  сөзде  анығы  жалғау-жұрнақтың  түрінен 
ашылады:  жалғау  жуан  болса,  түбірдегі  көмескі  дыбыс  да 
жуан  делінеді («шай» – «шайға», «тыйын» – «тыйынға», 
«жай» – «жайланды»).
12.  Ерін  үндестігі  еленбейді.  Дауысты  дыбыс  көмескі 
естілетін болғанда еріндік дауысты дыбыс жазылмай, езулік 
дауысты дыбыс жазылады («үшін», «күрек», «қуыс» болып 
жазылады).
1) Ескерту: тын «жұрнағы естілуінше «тын» болып жазы-
лады («баратын», «оқитын»,  «көретін»).
2) Ескерту: «ұу», «үу» жинағы естілуінше «ұу», «үу» бо-
лып жазылады («оқұу», «жазұу», «келүу»).
13.  Білім  ордасы  осы  емле  бойынша  емле  сөздігін  шы-
ғарсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет