Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет87/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   248
ІІ. ƏЛІПБИ, ЖАЗУ МƏСЕЛЕСІ 
АРАБ ТАҢБАСЫ
Қазір  мен  Абдырахманның  баяндамасына  тоқтап,  оның 
əріп  туралы  көрсеткен  дəлелдеріне  жауап  беріп  өтпекпін. 
Абдырахманның баяндамасын екіге белуге болады: 1) латын 
əрпінің  тарихы, 2) латын  əрпінің  қазақ  əрпінен  жеңілдігі, 
қазақ еліне оны алудың қажеттігі туралы.
Латын əрпінің тарихы Нəзірдің «Жаңа əліп-биінде» толық 
жазылған. Бірақ бұл жалпы алғанда білу үшін керек болса да, 
қазіргі қай əріп жақсы, қай əріп жеңіл деген таласқа келген-
де  латыншылдарға  да,  бізге  де  пайдасы  шамалы,  дəлелдігі 
жоқ. Сонда да Абдырахман латын əрпінің тарихын қозғаған 
соң, араб əрпінің баспасы қалай шыққанына аздап менің де 
тоқтағым келеді.
Араб əрпі ең əуелі жазба түрде шыққан. Баспасы болма-
ған.  Бірте-бірте  адам  баласының  өнері  артқан  кезде  баспа 
мəшинелері  шыққан.  Баспа  мəшинесін  бірінші  шығарған     
ел – еуропалықтар. Еуропалықтар арабты шоқындыру мақса-
тымен «Інжілді» арабшалауды ойлап, араб əрпінің баспасы-
нан  жазбасын  бөлек  түрде  жасауды  қозғаса  да,  бұған  араб 
елі көнбей, əрпінің баспасын да жазбасы сияқты етуді талап 
еткен. Сонымен əріптің баспа түрі туған.
Латыншылдар бізді ескішіл дейді. Мен енді əріп мəселесін 
осымен  қаңтара  тұрып, «ескішілдік»  пен  «жаңашылдық» 
мəселесіне көшемін.
«Ескішілдік» деген не?
«Ескішілдік» деген бұрыннан үйреншікті болып, бойыңа 
сіңіп қалған əдет. Үйренген əдеттен бұрылып шығуға бол-


204
205
майды. Бұрын орысша оқып, үйреніп қалған қазақ жігіттері 
қазақша жаза алмайды. Пішіндемеде (пішіндерді тексеретін 
ілім)  кездесетін  түрлі  атауларды  қазақ  əрпімен  белгілесек, 
оған бұрын түйе көрмеген жылқының түйеден үріккеніндей 
осқырынып  қарайды.  А-б  дегеннің  орнына  ﺁﺏ  (араб  таң-
басымен) десек, ойбай-ау, мынауың не? – дейді. 
Міне, «ескішілдік» деген осы. Өзінің үйреніп қалғанынан 
басқаға  осқыра  қарайтындық.  Біздің  латыншылдар  да  осы 
сияқты. Көбі қазақша, қазақтың қазіргі əрпімен жаза білмей-
ді. Сонан соң өздері үйреніп қалған теріс жазылатын əріпті 
көксейді. Қазақ əрпін үйрену, оңнан солға қарай жазу оларға 
үлкен  қиындық  болып  көрінеді.  Өздері  жаңа  жасалған 
қазақтың əрпіне үйрене алмай, оңнан солға жазуға көндіге 
алмай  əуре  болса  да,  бізге  латын  керек,  бұған  қарсылар 
«ескішілдер» дейді. Расын айтқанда, латынға қарсы болған 
біз  ескішіл  емес,  Орысша  үйреніп,  теріс  үйреніп  қалған 
əдеттерінен (мəселен, «б-ға емес а-ға үйренген соң, «б»-ны 
жек көрсе де, шыға алмай, қазақтың жаңа əрпіне, оңнан солға 
жазуға кендіге алмай, а
2
 + в
2
 дегеннің орнына қазақша а
2


(араб таңбасымен) жазуды ерсі көріп жүрген латыншылдар 
ескішіл.
Мəскеуге барған қазақтың жігіттері мен əйелдерінен қай 
ұлттан  боласың  деп  сұраса,  қазақпын  деуге  арланып,  жа-
понмын дейді. Бұл не? Қазақтан жиренгендік. Ақылы соған 
өлшенгендік.  Латын  əрпін  аламыз  деушілер  де  қазақтың 
қазіргі əрпінен жиренеді. Ол олардың орысша үйреніп қал-
ған  əдеттерінен  шыға  алмай,  сырты  сұлуға  еліктегенінен 
шыққан əдет.
Латын əрпін алғаш шығарған латын елі осы күні жоқ. Ла-
тын бұл кезде жоғалған ел. Осы күнгі Еуропа елі əуелі бастап, 
өздерінің надан кездерінде əріпті арабтан үйренген. Олар не 
қазіргі қолданып отырған əріптерінің негізін арабтан алып, 
бертін келе, мəдениеті өсе келе, араб əрпін өзгертіп алған.
Мəдениетті  ел  өнерді,  табиғатты  өздеріне  икемдеп, 
сыртқы түрлерін өз ыңғайларыңа қарап өзгертіп алады. Біз 
сияқты мəдениетсіз бейшара елдер оны білмейді. Өнерді, мə-
дениетті, техниканы өз тұрмысына ыңғайландырып, өзгертіп 
алудың орнына өнерге, табиғатқа өлшеп, өздерін өзгертеміз 
деп əуреленеді. Егер бұлай болса, бара-бара қазақтың тілін де 
өзгертеміз дер. Бұл өнерден, табиғаттан тұрмыс өлшеуімен 
пайдалана білмегендік, ескішілдік. Біз мəдениетті қазақтың 
салт-санасына,  тұрмысына  үйлестіріп,  өнерді,  техниканы 
өзімізге  жакындатайық.  Қөзімізді  жұмып,  өзімізше  жүре 
бермейік. Бұған көнбеушілік, тағы да айтамын, баяғы ескі-
шілдік əдеті болады.
Енді  сөзімді  басқа  ойға  бытыратуды  осымен  тоқтатып, 
Абдырахманның баяндамасына келейін. Абдырахман: «басқа 
Күншығыс елдерінің бəрі де латын əрпіне көшті. Біздің олар-
дан  қалып  қоюымызға  болмайды»  деді.  Басқа:  əзірбайжан, 
қырғыз,  өзбек  сияқты  елдердің  латын  əрпіне  көшеміз  деп 
дайындалысып  жатқаны  рас.  Бірақ,  олар  көшті  деп,  біздің 
ойламай, ауыр мен жеңілді салыстырмай көшуіміздің керегі 
жоқ.  Əуелі  сол  латын  əрпін  алған  елдер  неге  алып  отыр? 
Алуларына  қандай  себептер  болды?  Олардағы  себеп  бізде 
бар ма? Міне, осы мəселелерді шешуіміз керек.
Латынды əзірбайжан алса, оларда бұрын сөзге өлшенген 
дыбыс  заңында  əріп  болмаған.  Жазу  ережелері,  емлелері 
тіпті жоқ болатын. Қазір латын əрпін алғанмен, емлелері жоқ. 
Осы күні олар латын əрпімен жазған сөзді дұрыс оқи алмай-
ды.  Олар  профессорлар  айтты  деп,  соған  табынғандықтан, 
өз  тілдерінде  өлшеген  əріпке  шалағайлықтарынан  алып 
отыр. Тегінде профессорлардың айтқанына құдай айтқандай 
көне берудің керегі жоқ. Өз ақылымызбең ойлауымыз керек. 
Əзербайжан латын əрпінің түрін тексермей, өз тілдеріндегі 
дыбыстарын санамай алып отыр. Міне, осыған да еліктеу ке-
рек пе? «Қерек» деп біздің латыншылдардың өздері де айт-
пас. Тексермей алу баяғы надандыққа, көзді жұмып, белгісіз 
жаққа қаңғығандыққа жатады.
Əріп  мəдениетке  керек  деген  пікір  дұрыс.  Бірақ,  латын 
əрпін алғанда басқа елдің тілін білеміз деу – адасқандық. Əріп 
керек болса мəдениетке тіл тіпті керек. Біздің қазақ əрпінің 
мəдениетке жетуімізге ешбір бөгеті жоқ. Жаңа мəдениетке 
ағылшын тілімен жетеміз, қазақ тілімен жетпейміз деу қате. 
Ескішілдікті,  орынсыз  еліктегендікті  қойып,  өз  əрпімізді, 


206
207
өзі  тілімізді  өңдеуге  кіріссек,  қазақ  тілімен,  қазақ  əрпімен 
мəдениетке  жетуге,  пəн  кітаптарын  жасауға  əбден  болады. 
Əріптің суреті латынша болуы, солдан оңға қарай жазылуы 
мəдениетке жетудің шарты емес. Мəдениетке жетуге əріптің 
дыбыс жүйесімен дəлелденіп, жазуға, баспаханада қолдануға 
қолайлылығы шарт. Бұлай болса, қазақтың қазіргі əрпі осы 
шарттардың бəрін де ақтай алатын күйде.
Оқыту əдісі туралы Абдырахманның дəлелдері тəжірибе-
ге  сүйенбеген  құр  айқай.  Балаларға  латын  əрпімен  де,  қа-
зіргі  қазақ  əрпімен  де  қатар  оқытып  көрсең,  екеуін  қатар 
оқыған хат білмейтін бала қазақ əрпімен хатты бұрын тани-
ды. Нанбаса, латын əрпімен Абдырахман да, қазақ əрпімен 
мен де балаларды қатар оқытып көрейік. Қайсымыз бұрын 
хат танытар екенбіз. Əрине (араб) қазақ əрпімен мен бұрын 
танытамын.  Осылар  осы  тəжірибеге  шыдамайды.  Тіпті 
Абдырахманның мұғалімдігі жоқ болса, латын əрпін көкке 
көтеріп, күнде мақтап жүрген Телжан-ақ оқытсын. Сонда да 
мен бұрын танытамын, Ол менің оқыту əдісіне Телжаннан 
шеберлігім  емес  (екеуміз  бірдейміз),  қазіргі  қазақ  əрпінің 
жеңілдігінен.
Ал  жазуға  келсек,  онда  да  латын  əрпінен  қазақ  əрпімен 
жылдам  жазылады.  Қазақ  əрпінің  хат  танытуға  жеңілдігі: 
қазақ əрпін бірінен бірін айыра танитын болуы керек. Шүкір, 
бұл  жағынан,  біздің  əрпіміз  мұңсыз,  ﺏ    ٻ  дыбыстары, 
нүктелері белгілерін жекелендіріп тұрғандықтан балалар тез 
таниды.
Жылдам оқуға келгеңде орысшадан, мəселен «Советский 
степьтен» «Еңбекші қазақты» жылдам оқимыз Сенбесе, Аб-
дырахман сағатына қарап отырып екеуін де оқып көрсін.
Тағы  да  жазуға  келгенде  біздің  оңнан  солға  жазуымыз 
əбден  дұрыс.  Өйткені  адамның  табиғаты  жаратылысында 
солай. Мəселен, жіп иіргенде қазақтың əйелдері оңнан солға 
қарай иіреді. Солдан оңға қарай иіруге олардың табиғаттары 
көнбейді,  ыңғайлары  келмейді.  Жазу  да  осы  сияқты.  Тек 
біздің  орысша  жазып  үйреніп  қалғандарымыз  ғана  оңнан 
жаза  алмайды.  Соңан  соң  солдан  жазуды  мақтап,  жорта 
жылдам жазылады деп тəжірибесіз демагогтікке салынады.
Латын  əрпі  ірі,  біздің  əріп  ұсақ,  сондықтан  оқу  қиың 
дейді. Бұл бекер. Тек қазақша жөнді оқи білмейтінге, оқып 
əдеттенбегендерге  ғана  қиын.  Расында  біз  кітап  оқығанда 
əрбір сөздің əрпін санап оқымаймыз. Мəселен, «Балтабай» 
деген  сөзді  əріп  басына  бөлек  көрмейміз.  Абдырахманды 
көргендей тұтас көреміз. Абдырахманды көргенде – басына, 
көзіне, құлағына, иегіне, аяғына қарап барып танимыз. Тура 
кездесе кеткенде басқа дене мүшелеріне қарамай-ақ, Абды-
рахман  екенін  танимыз.  Бұл  көзіміз  үйренгендіктен.  Кітап 
оқу да осы сияқты. Көзіміз үйренген сөздерді əрпін санамай-
ақ оқимыз. Бұлай болса, біздің əрпіміз ұсақ, оқуға қиын деу 
адасқандық.  Бүтін  сөздің  суретін  көргенде  «балтабай»  деп 
қазақша жазсақ, оны «Ташбай» деген орысша сөзден жыл-
дам оқимыз.
Осы күнгі Америка əдісі сөздің ішіндегі əріптердің сиқы 
бірінен  бірі  өзгешелеу  болса,  жылдам  оқимыз  дейді.  Бұл 
тəжірибеге сүйенген шын дəлел. Бұлай болса, таңбасындағы 
біздің  əріцтеріміздің  бірінен  бірі  бөлінетіні,  басқалығы  ту-
ралы мен айтып өткенмін. Мұның анығына жетем деушілер 
сағатқа  қарап  отырып,  əрпін  санап  қазақша  да,  орысша  да 
оқып  көрсін...  Қазақша  жылдам  оқылады.  Ал,  орыс  əрпі 
латындікінен əлдеқайда жеңіл.
Сипыр  əуелден  арабтан  шыққан,  араб  сипырды  он-
нан бастап жазады. Мəселен, 97 дегенді жазғанда «жеті де 
тоқсан» деп оқиды. Немістер «жеті жəне тоқсан» деп оқиды. 
Сондықтан  сипырдың  оңнан  бастап  жазылғаны  тегінде 
дұрыс.  Бізге  де  осылай  етіп, «97» дегенге  осы  сипырды 
қолдануымыз керек еді. Бірақ, оған ақыл бұғауланып қалған 
теріс жазып үйренген ескішілдер көнбеді.
Енді  пəн  белгілеріне  келейік.  Мəселен,  химияда,  три-
гонометрияда  кездесетін  «син»  деген  сөзді  алсақ,  бұл  əріп 
сияқты  емес,  кісі  аты  сияқты  болып  кеткен  пəн  сөзі.  Оны 
қазақ əрпімен «синус» деп жазудан шошитын түк жоқ. Казақ 
əрпімен  жазғанда  мəдениетке  жетпеуге,  яки  балалардың 
үйренуіне  келер  кедергі  жоқ. «Син»-ды  шығарған  ең  əуелі 
араб. Басында олар «жайып» деп жазған. Үш бұрыштарды 
араб əрпімен белгілеген.


209
Сонан  латынша  алсақ,  немісше  оқи  аламыз  дейді  Аб-
дырахман.  Ол  тіпті  болмайтын  іс.  Немісше  оқи  алмайсың. 
Ол босқа қызықтыру болып шығады. Неміс əрпі мен латын 
əрпінің арасында айырма көп.
Біздің əрпіміз баспаханаға қиын деу де баяғы оңбайтын 
бейшаралық. Болмайтын болса, қиынды жеңілдетуге болмай 
ма? Қазір тіпті орасан қиыны да жоқ.
Осы күнгі «Еңбекші қазақта» басылып жүрген əрпімізді 
төртеу емес (бір əріпте төрт белгі емес), бір-ақ белгі. Мəселен 
(«ж-л-қ-ы» «жлқы») деп жазылады. Бұл латындікінен əлде-
қайда жеңіл.
Нотаны да қазақша жазуға болады. Телеграмм сияқтыны 
мысалға келтіргені Абдырахманның əбден сөз таба алмаған 
соң айтқаны ғой деймін. Болмаса, телеграмм белгілері əріп 
емес, «.– ..– » осы сияқты ноқат сызықтар ғой. Сондықтан 
мен мұны сөз қылмай-ақ қояйын.
Сөзімнің қорытындысында айтарым: жаңалық деген бар-
ды  жоғалтып,  орынсыз  өзгерте  беру  емес.  Барды  өмірге, 
тұрмысқа  үйлестіріп,  қолайсыздығы  болса,  қолайлы  етіп 
өзгерту мен қолдануда.
Ахаң əрпін түзетуге көп ақша шықты деу де дұрыс емес. 
Шығын  болмай  іс  бола  ма?  Ахаң  əрпін  түзейтуге  көп  пұл 
шықса,  бүгін  соның  арқасында  əрпіміз  түзеліп  отыр.  Енді 
түзелген əріпті тастай беріп, əзербайжан алды, пəлен алды, 
түген  алды  деп  латын  əрпіне  көшсе,  тағы  шығын  шықпай 
ма? Əлде латын əрпі тегін келіп, біздіқ латын əрпімен қайта 
басылатын толып жатқан кітаптарымыз тегін басыла ма?
Мұны ойлау керек қой.
Əзербайжанда  «оқығандар  табы»  деген  тап  бар.  Олар 
ақсүйектер,  бұқарадан  артық  болғысы  келетіндер.  Латын 
əрпін  алып  отырған,  алдырып  отырған  сол  елден  жыры-
лып кеткен оқығандар. Оған біз еліктемеуіміз керек. Латын 
əрпі қазақ əрпінен артық емес. Сондықтан қазақ еліне оның 
керегі жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет