Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет10/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   168

АЛАПА  з  а  т.  к  ө  н  е.  Атақ,  абырой, 

даңқ. Абақ сұлтанның қызын алу - Шығай 

ұрпағының а л а п а с ы н арттырып, абы-

ройын көтермек (М. Мағауин, Аласапыран, 

69).  Сол  румен  бірге  өзің  де  көтерілесің, 

өзіңнің де а л а п а ң артады (Бұл да, 130). 

АЛАПЕСТЕНДІР  е  т.  Ала-құла  ету, 

теңбілдендіру.  Дəрігер  бет-аузын  а  л  а  п 

е  с  т  е  н  д  і  р  і  п  қызылмен  бояп  алған 

еңгезердей жалпақ танау индеецтің жанына 

барды (Т. Əбдіков, Айтылмаған., 126). 

АЛАПЕСТЕНДІРУ  Алапестендір 

етістігінің қимыл атауы. 

АЛАПЕСТЕНУ Алапестен етістігінің 

қимыл атауы. 

АЛАПТАТ  е  т.  Алап  бойын  қуалау, 

алаптан іздеу. Таппады – Ылдилатып, а л 

а п т а т ы п, Тұс-тұсқа жоғалғандай та-

рап, батып. Күн тұрды көкжиекте – құмай 

тазы,  Ырсылдап,  қызыл  тілін  салақтатып 

(Е. Дүйсенбаев, Ақ пейіл, 33). 



АЛАПТАТУ  Алаптат  етістігінің 

қимыл атауы. 

АЛАРМАН з а т. «Қасқыр», «қойшы», 

«қой»  болып  көгалды  жерде  ойналатын 

балалар ойыны (Қаз. этнография., 1, 149). 

А  л  а  р  м  а  н  ойынында  «қойшы»  мен 

«аларман» немесе «қасқыр» қарама-қарсы 

тұрады. «Қасқыр» қойларды алмақ болады, 

«қойшы» оларды қорғайды (Бұл да). 



АЛАСАПЫРАНДАТ е т. Ауа райының 

бұзылуы, алай-түлей болу. Түс ауа күн а л 

а с а п ы р а н д а т ы п, борап кетті (Ж. 

Түменбаев, Қардағы із., 54). 



АЛАСАПЫРАНДАТУ Аласапырандат 

етістігінің қимыл атауы. 

АЛАТАҒАНАҚТАН е т. ж е р г. Ала-

құла түске ену, теңбілдену. Анау күні а л а 

т а ғ а н а қ т а н ы п жатқан дөңді қарашы 

(Ə. Кекілбаев, Бір шөкім., 3). 



АЛАТАУ  з  а  т.  б  о  т.  Алхоры  сорты. 

А  л  а  т  а  у  ағашының  биіктігі  орташа, 

бөрікбасы  кең  жайылып  өседі.  Жемісінің 

үлкендігі  орташа – 35 грамм,  түсі  қара 

сұр, бояуы ала-құла тамыздың ортасында 

піседі (ҚСЭ, 1, 310). А л а т а у д ы таулы 

жəне тау бөктеріндегі аймақтарда өсіруге 

ұсынылады (Жас бағбан, 61). 

Алатау таңы. Алманың бір сорты. Ол 

өте кең тараған. Алманың көптеген сорт-

тары бар. Олар: Алмалы, Жетісу, А л а т а у



т а ң ы, Салтанат. Бұларды Қазақстандық 

селекционерлер  өсіріп  шығарды  (ҚСЭ, 

1, 278). 

АЛАТЕГЕНЕК с ы н. с ө й л. Алата-

ғанақ. Қар кетіп, жер а л а т е г е н е к бол-

ған кез еді (З. Ақышев, Ақбел асуы, 5). 



АЛАТЫШҚАН  з  а  т.  з  о  о  л.  Дене 

пішіні тиінге ұқсас, бірақ арқасында қара 

жолақтары бар тышқан. А л а т ы ш қ а н

ағаш  түбірін  үңгіп,  сонда  тіршілік  етеді, 

қыста ұйқыға кетеді (Шаңырақ, 395). 

АЛАУГЕР  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Олемпиада 

ашылар  алдында  оның  алауын  көтеріп 

жүруші,  алау  жағушы  құрметті  адам. 

Елбасымыз – олимпиаданың алғашқы а л 



а у г е р і (Егем. Қазақст., 04.04.2008). А л 

а у г е р (факельщик), бессауда (аукцион), 

безенші  (дизайнер)  т.б.  жаңа  атаулар  мен 

қолданыстар  орыс  тіліндегі  сөздерге  ба-

лама  ретінде  қолданылып  жүр  (Ана  тілі, 

07.02.2013, 4).


43

Байынқол Қалиев

АЛАУОШАҚ з а т. ж а ң а. Сəндік үшін 

үй  ішінен  таспен  қалап  жасалған  ошақ; 

камин (Орысша-қазақша сөздік, 1, 349).

АЛАШАБЫН з а т. с ө й л. Алашапқын. 

Бұрын  елу  гектар,  жүз  гектар  ғана  күріш 

егіп,  ала  жаздай  а  л  а  ш  а  б  ы  н  болып 

жүретін (Ұ. Бағаев, Жан сұлулығы, 25). 



АЛАШАҒУ з а т. б о т. ж е р г. Күнбағыс. 

Біздің колхоз а л а ш а ғ у салмайды (Қаз. 

тілі тарихы., 3, 238). 

АЛАШАҒЫР з а т. б о т. с ө й л. Шағыр. 

Ол бұққан күйі бойшаң а л а ш а ғ ы р д ы 

тасалап, біраз жер жүгіріп келіп, əудем жер 

қалғанда жүрелей қалды (Х. Есенжанов, Ақ 

жайық, 2, 156). 

АЛАШАПҚЫН  з  а  т.  к  ө  н  е.  Ша-

уып  барып,  хабар  беретін  адам.  Осы 

маңнан тездетіп жігіт жинап, қазақ ауыл-

дарына а л а ш а п қ ы н жіберу лазым (Ж. 

Тұрлыбаев,  Тамыз  таңы, 326). Ел  аралап 

хабар жеткізетін а л а ш а п қ ы н д а р д ы 

керуен кеткен соң кешіктірмей аттандырды 

(Бұл да, 326). 

АЛАШБЕГІ з а т. к ө н е. Бүкіл алашқа 

билігі  жүретін  лауазым  иесі.  Барлық 

ұлысбегі а л а ш б е г і н е бағынышты. А л 



а ш б е г і, əрине, ханға ғана есеп береді (М. 

Мағауин, Аласапыран, 22).Егер Тəуекел 

хан а л а ш б е г і н қоңыраттан, ұлысбегін 

жалайырдан қойса, бар қазақта тең тұтам 

деп  жар  салғаны  емес  пе! (М.  Мағауин, 

Аласапыран, 68).



АЛАШҰБАР:  Алашұбар  тоқылдақ. 

Тоқылдақтың  алашұбар  түсті  түрі. 

А л а ш ұ б а р  т о қ ы л д а қ, барқыл-

дақ  торғай  мен  қайшыауыз  болса  орман-

ды  мекендейтіндерге  жатады  (Қарқара-

лы, 172). 



АЛБАРЫНДЫ  ү  с  т.  Алқын-жұлқын, 

қарбалас. Жездей де жетті. Асығыс, а л б а р 

ы н д ы. Біреу қуып келгендей ентігіңкіреп, 

екі  иығынан  дем  алады  (Е.  Əкімқұлов, 

Перизат., 64). 

АЛБАСТЫ:  Албасты  басқыр.  Алба-

сты бассын, құрып кет д.м. қарғыс. 

АЛГҮЛ: Алгүл қаққызды. Құлпыртып 

жіберді,  жайнатты.  Сол  кезде  батсайы 

шымылдық,  дүрия  көрпе,  манат  мақпал 

түскиізді, күн сəулесі қуанта бір а л г ү л

қ  а  қ  қ  ы  з  ы  п,  жағалай  сəулелендіріп, 

жайнатқан тəрізді (М. Əуезов, Абай, 2, 61). 



АЛҒА  з  а  т.  б  о  т.  Сабағының  ұзын-

дығы 0,5-1м-дей,  түбінде  түйнегі  бар, 

біржылдық жабайы өсімдік (Флора Қаз., 

8, 5). 


АЛҒАЛ с ы н. к ө н е. Өтірік, жалған; 

арам. А л ғ а л сөйлеп былғама, Алал туған 

ағаны (Соц. Қаз., 29.03.1991, 4). 



АЛҒАНСУ Алғансы етістігінің қимыл 

атауы. 

АЛҒАНСЫ  е  т.  Өзінің  қамқорына 

алған  болу,  қамқорсу.  Сол  көккөз  Им-

перия  «қамқорлығына»  а  л  ғ  а  н  с  ы  п, 

зеңбірек,  мылтықтың  күшімен  қазақтың 

өр рухын басқан, бетке шығарын құртқан 

(Ə.Ыдырысов, Таңшолпан, 203). 

АЛҒАУЛАУ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Жұмсақ-

тау,  жайлылау,  қолайлылау.  Сексеуіл-

дің  қалыңын  тасалаған  кейбір  ауылдар-

дың тұсының қысы а л ғ а у л а у болып, 

кей үйлердің қолында қалған бірен-саран 

қара-құралары аман шықты (Б.Шаханұлы., 

1, 49). Қалай  дегенмен,  құм  аты  бар  ғой, 

мына  жалтаңнан  гөрі  шоқаттың  іші-

нің  ызғырығы  а  л  ғ  а  у  л  а  у  болаты-

нын көңілге медеу тұта бастаған (Бұл да, 

1, 394). 



АЛҒАЯТ  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Ілгері  даму, 

өркендеу. Техникалық а л ғ а я т (прогресс) 

атаулыға  қатыстының  бəрін  үйренуіміз 

керек (Ана тілі, 29.04.1993, 3). 

АЛҒҰЛЫМДА е т. ж е р г. Əупірімдеу, 

аллалау. Тек а л ғ ұ л ы м д а п аман-есен 

ортамызға қосылса дейміз ғой (О. Бөкеев, 

Мұзтау, 41). 

А Л Ғ Ұ Л Ы М Д А У   А л ғ ұ л ы м д а 

етістігінің қимыл атауы. 

АЛҒЫР  з  а  т.  б  о  т.  Жуашығы  жеуге 

жарамды өсімдік. Бауыр ет бала ана бай-

ғұсты отқа да, шоққа да айдайды. Жаужұ-

мыр мен а л ғ ы р д ы ң түбін, қайыңның 

шырынын  жинап  ауыздарына  тосады 

(Жұлдыз, 1972, 6, 73). 

АЛҒЫС-ТІЛЕК  з  а  т.  Алғыс  жəне 

тілек,  екеуі  бірге.  Ыстық  емеуірінмен 

айтылған отты ниетті өзге жұрт та сырттай 

қостап, а л ғ ы с-т і л е к т е р і н жаудырады 

(Қ. Толыбаев, Бабадан., 147). 



АЛҒЫШ  с  ы  н.  Біреуден  бір  нəрсені 

ала  беретін  (адам).  ≈  Қасқыр  а  л  ғ  ы  ш 

Кендірбай əлі бар. 



АЛҒЫШТА е т. с ө й л. Қайта-қайта 

алу. Малды ортаға а л ғ ы ш т а п жатқан 

(Т. Əлімқұлов, Ақбозат, 72). 



АЛҒЫШТАУ  Алғышта  етістігінің 

қимыл атауы. 

44

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

АЛҒЫШТЫҚ з а т. Ала бергіштік, ала 

берушілік. 

АЛҒЫШЫН з а т. к ө н е. Барлаушы. 

Сəлімгерей  сарбаздары  өздерін  бастаған 

бір а л ғ ы ш ы н ғ а еріп, Құндыз айтқан 

тоғайдың  күншығыс  жақ  ығына  кеп 

тоқтады (І. Есенберлин, Алтын., 1, 204). 

АЛДАМКӨС  с  ы  н.  Алдағыш,  ал-

дампаз; өтірікші. Əбілтақ – анық а л д а 

м  к  ө  с.  Айтқан  сөзінде  түйір  дəн  болса 

бұйырмасын (К. Мұқажанұлы, Ортеке, 23). 



АЛДАН  з  а  т.  з  о  о  л.  Арыстанның

баласы.  Арыстан  үйірі  азық  ұстай  алмай

а л д а н д а р ы аштан өлді ( Теледидардан). 

АЛДАРАҚ ү с т. с ө й л. Алда, ілгерірек. 

Үш  салт  атты  қатты  желіп  келеді.  Біреуі



а л д а р а қ, екеуі кейінірек (Ғ. Мүсірепов, 

Ұлпан, 9). 



АЛДАРҚАН е т. с ө й л. Алдану. Ақын 

көбінесе сезім жетегінде а л д а р қ а н ы п 

қалып, ойшылдық жағын жұтаң тартқызып 

ала береді (Қаз. əдеб., 26.07.1974, 3). 



АЛДАРҚАНУ  Алдарқан  етістігінің 

қимыл атауы. 

АЛДИЯРЛЫҚ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Алдияр 

болғандық, мəртебелілік. Əкем Əбілқайыр 

өзінің  тілегі  бойынша  Сіздің  а  л  д  и  я  р



л  ы  қ  қамқорлығыңызға  ие  болып  отыр

(Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 6). 



АЛДЫ: Алдына ат салмады. Жүйрік, 

əр  кез  озып  келетін.  Тек  бүкіл  Мауаран-

нахрда  а  л  д  ы  н  а    а  т    с  а  л  м  а  ғ  а  н, 

ақтаңгер жүйрік мінген Темірдің өзі ғана 

аман құтылады (І. Есенберлин, Шығ. жин., 

9, 191). 

Алдыңнан  ақ  күн  тусын!  а  л  ғ.  Ісің 

сəтті болсын, бақытың ашылсын! 

Алдыңнан күн, артыңнан ай тусын! 

а  л  ғ.  Жолың  оңғарылсын,  бəрінің  сəтін 



берсін! 

АЛДЫРМАҚ-САЛДЫРМАҚ  с  ы  н. 

Салдыр-салақ, алқам-салқам. А л д ы р м а қ-

с а л д ы р м а қ бөктергілері бар олар күн 

қызарып  ұясына  батып  бара  жатқанда 

ауылға келді (Қазақст. ауыл шаруаш., 1960, 

3, 91). 


АЛДЫРТҚЫШ с ы н. Алдыра беретін, 

қайта-қайта алдыртатын (Ж. Өмірбеков, 

Ана мейірі, 71). 



АЛДЫРТУ Алдырт етістігінің қимыл 

атауы. 

АЛЕКСАНДРИЙ з а т. м и н. Бағалы 

асыл тастардың бірі. Бағалы тастарға ал-

мас, лағыл, изумурд, сапфир, а л е к с а н



д р и й т.б. жатады (Шаңырақ, 308), 

АЛЕҢДІК з а т. к ө н е. От, алау. «Арыс-

таған Жетісу, А л е ң д і к жаққан жеріміз» 

(Халық өлеңі). «Ақбүркеншік салған жұрт, 

А  л  е  ң  д  і  г  і  н  жаққан  жұрт» (Батырлар 

жыры, 1940 ж. 51-б). 



АЛКЕУДЕЛІК... Онда бұл ісім а л к е у 

д е л і к к е салған надандық, бабалар, аталар 

салған сара жолды тəрк еткендік болар еді 

(К. Сегізбаев, Беласқан, 234).

АЛҚА е т . ж е р г. Аралау, аунап-қунап, 

көңіл  көтеру.  Аз  күн  болса  да  Сауырдың 

елін а л қ а д ы ң (Қ. Толыбаев, Əсет, 185). 



Алқа  жиын.  Көп  адам  жиналған 

жиын.  Жақында  халықаралық  «қазақ 

тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымы 

басқармасының а л қ а  ж и ы н ы өткізілді 

(Ана тілі, 16.10,1997, 2). 



Алқа  сөз.  Көтермелеу,  мақтау  сөз.  – 

Рахмет! – деді бай. Бұл Батидың жиырма 

жылда естіген алғашқы а л қ а  с ө з і еді 

(О. Бөкеев, Өз отыңды., 120). 



АЛҚАЙ е т. Уəделесу, серттесу. Антта-

сып а л қ а й д ы, Сен тентек демеске. Кім 

антын шайқайды, Амал жоқ жемеске (Абай, 

Таңд., 1, 158). 



АЛҚАЛА Көтермелеу, қолдау, қоштау, 

астына  көпшік  қою,  мақтау.  Ақын  бір 

өлеңінде  «а  л  қ  а  л  а»  деген  сөзді  екі 

мағынада  қолданады.  Бірі – көтермелеп 

барып сұрау, қалау мағынасында (Қ. Олжай, 

Қанат байла., 163). 

АЛҚАЛАС  е  т.  Алқа  қотан  оты-

рып,  ақылдасу.  Қай  жұмыстың  болмасын 

игілігіне, пайдалылығына көз жетсе бітті, 

ортаға ала а л қ а л а с ы п, қоғамдасып, бас-

аяғын дөңгелентіп əкететін (К. Ахметбеков, 

Ақдала, 2, 230). – Уай,  паруардігер,  сона 

кезде жиын-тойдың үстінде жиі а л қ а л а 



с ы п жатар едік (Бұл да, 2, 321). 

А Л Қ А Л АУ   А л қ а л а   ет і с т і г і н і ң 

қимыл  атауы.  –  Айтқанның  аузы  жаман, 

жылағанның көзі жаман, - деді енді көптің а 



л қ а л а у ы м е н орнынан көтерілген денелі 

қара жігіт (К. Ахметбеков, Ақдала, 2, 317). 



АЛҚАЛЫ  с  ы  н.  Алқа  өсімдігі  өскен, 

алқасы бар. Кешегі көгілдір белең, қияқты 

өзек,  а  л  қ  а  л  ы  тау,  бетегелі  жон-жота, 

бүгінде аппақ қар жамылып, қылаң қағады 

(Ер есімі., 110). 



АЛҚАРАКЕС з а т. к ө н е. Матаның 

түсі қарақызыл жұмсақ бір түрі. Түйме 

45

Байынқол Қалиев

бауы тартпалы, а л қ а р а к е с тон берді 

(Батырлар жыры, 28). 

АЛҚАТ  е  т.  к  ө  н  е.  Ардақтау,  құр-

меттеу, қолпаштау. Сүйгеніңді жоғалтпас 

Абылаймысың а л қ а т қ а н (Бұқар жырау). 

Алқатсаң а л қ а т қызыңды, Ақтар ол дəм-

тұзыңды (Мақал). 



АЛҚАТУ  Алқат  етістігінің  қимыл 

атауы. 

АЛҚАУ е т. к ө н е. Құрметтеу, қоше-

меттеу, мақтау, мадақтау. – Жаса! Жаса! 

Жаса! Сұлтан атына а л қ а у – енді айып-

керлер үшін көтерме емес, желкелеу тəрізді 

(М. Мағауин, Аласапыран, 56). 



Алқауына  бөленді.  Құрметіне, 

қошеметіне  бөленді,  мақталды.  Бұл  за-

вод Қытайда ең сапалы тері бұйымдарын 

шығаратын заводтың дүниеге келуіне негіз 

қалап, туған халқының а л қ а у ы н а  б ө л 



е н д і (Түркі əлемі, 2008, 6, 5). 

АЛҚАШӨП з а т. б о т. Егістіктерде 

өсетін  аса  зиянды  арамшөп.  Каратинді 

арамшөптерге  кекіремен  қатар – зи-

янды  шырмауық,  зиянды  күнбағыс, 

амброзия ,  а  л  қ   а  ш   ө  п  жат ады 

(Х. Рамазанов, Егіндегі арамшөп., 40). 

АЛҚЫМ:  Алқым  безі.  Адамның 

алқымында  болатын  без;  зоб.  Бұл 

бөлімшеде а л қ ы м  б е з і н е (зоб), бүйрек 

үсті  безіне  жасалатын  кез  келген  жалпы 

хирургиялық  операциялардың  барлық 

түрлері бар (С. Ғаббасов, Қандауыр, 18). 

Алқымға  алды.  Қыспаққа  алды, 

қысты, састырды. 

АЛҚЫН з а т. а у ы с. Ашулы, ызалы 

адам. – Исажан, ақылың бар еді ғой, кел 

қасыма отыршы, сабаңа түсші, а л қ ы н н ы ң

сөзін айтпашы (И. Байзақов, Құралай., 7). 

АЛҚЫНҒАНДЫҚ  з  а  т.  Алқына  дем 

алғандық,  ентіккендік.  –  Жеңеше,  біле 

білсең  менен  жақын  қайның  жоқ, – деді 

пора-пора терін сүртіп тұрып. Дауысы а л 

қ ы н ғ а н д ы қ т а н қарлығыңқы шықты 

(Жалын, 1974, 1, 4). 



АЛҚЫНЫҢҚЫРА е т. Аздап алқыну, 

сəл ғана алқыну. Айғырдың танауы делдиіп, 

а л қ ы н ы ң қ ы р а п қалды (Ө. Қырғызбаев, 

Қырда., 140). 



АЛҚЫНЫҢҚЫРАУ  Алқыныңқыра 

етістігінің қимыл атауы. 

АЛҚЫНЫС е т. а у ы с. Жанталасу, 

жан  ұшыру.  Қайда  барсаң  материалдық 

байлық үшін а л қ ы н ы с, Аз да болмас 

бұл салада игі қадам, жарқын іс. Ана тілсіз 

егемендік – жарты демеу, жарты ырыс, Ол 

алқыныс – ұлтсыздыққа бағытталған тал-

пыныс (М. Шаханов, Мəңгүрт., 30). 



АЛЛА:  Алланың  атымен  ант  берді 

[айтты, етті]. Құдайды еске ала отырып, 

ант берді. 

АЛЛАУАКПАР  м  о  д.  а  у  ы  с.  Жоқ, 

құрыды. Кейде бір журналистер келеді. Екі-

үш күн жүреді де, жазамын, қиратамын деп 

кетеді, содан а л л а у а к п а р (Ə. Тарази, 

Тасжарған, 19). 



АЛЛЕГОРИЯЛЫҚ с ы н. Аллегорияға 

тəн, аллегория боларлық. Қыс түніне əйел 

бейнесі арқылы а л л е г о р и я л ы қ теңеу 

беріп,  адамның  қыс  жайлы  түсінігіне 

ғажайып  бір  сұлу  сезім  тудырмай  ма?!

(І. Есенберлин, Шығ. жин., 1, 229). Шығыс 

қазақтары  қолданатын  а  л  л  е  г  о  р  и  я



л  ы  қ  астарға  ие  лəуқи  сияқты  сөздерден 

қашуға болмайды деп ойлаймыз (Қаз. əдеб., 

12.04.1985, 13). 

АЛЛОФОН з а т. л и н г в. Фонеманың 

сөздегі  орнына,  əртүрлі  дыбыстармен 

көршілестігіне қарай қолданылу түрі. Мы-

надай  терминдер  тілімізде  орыс  тіліндегі 

қалпын сақтайтын болды: фонема, эллип-

сис, а л л о ф о н, лексема, лексикография 

т.б. (ҚазССР ҒА Хабарлары, 1972, 1, 74). 

АЛМА-ҒАЙБЫЛ  ү  с  т.  ж  е  р  г. 

Алмағайып. Бейбіт уақытта намысқа шау-

ып қырқысар ма еді, қайтер еді, ал мынадай 



а л м а- ғ а й б ы л жағдайда сазарып отыра 

бергеннен басқа шарасы болмады (Жұлдыз, 

1973, 4, 110). 

АЛМАҒАЙЫПТАН е т. Екіұдай, əрі-

сəрі күй кешу. Басы шаруаға жайлы болып 

келген қыстың орта кезі а л м а ғ а й ы п 



т а н ы п, құбылмалы кейіп танытып еді 

(Жұлдыз, 1972, 5, 129). 



АЛМАҒАЙЫПТАНУ Алмағайыптан 

етістігінің қимыл атауы. 

АЛМАЖЕГІ: Алмажегі көбелегі. з о о 

л. Алманың өзін, жапырақтарын жейтін 



кішкентай көбелек. Біздің алманың құрты 

деп жүргеніміз а л м а ж е г і   к ө б е л е г і н 



і ң жұлдызқұрты (Р. Сəтімбеков.., Қызықты 

биология, 100). А л м а ж е г і   к ө б е л е г 



і күндіз ұшпай, ағаш діңіне қонып, іңірде 

ұшады (Бұл да). 



АЛМАН¹ з а т. ж е р г. Алынатын нəр-

се;  алым,  салық;  пəре.  Күнде  а  л  м  а  н 

алғаны,  Замана  солай  болғаны.  Парамен



46

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

а л м а н жегеннің, Жемсауы сірə, тоймайды 

(А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 358). 



АЛМАН²  з  а  т.  Неміс  ұлтының 

халықтық  атауы.  –  Біздің  күн  түбіндегі 

мажарда  (мадьяр,  венгр),  жер  түбіндегі 



а  л  м  а  н  д  а  (неміс)  кеткен  еншіміз  жоқ 

(М.Мағауин, Аласапыран, 2, 240). 



АЛМАНИЯ з а т. х а л қ. Германия. 

АЛМАТЫ:  Алматы  апорты.  Апорт 

алмасының  ең  таңдаулы  сорты.  Алма 

ағаштарының суретін сал. Асықпай отырып 

сал. Ол ағашта А л м а т ы н ы ң  а п о р 

т  ы  пісіп  тұрсын  (М.  Тиесов,  Дала., 34).

1961  жылы  Эрфурт  қаласында  өткен 

халықаралық көрмеде А л м а т ы  а п о р т ы

Алтын  медаль  алды  (Қ.Əбдіғұлов,  Ұлы 

достық., 21). А л м а т ы  а п о р т ы деген-

де  жеміс  құмарлардың  құлағы  елең 

етпейтіндері  жоқ  (Коммунизм  таңы, 

12.04.1961, 3). 



Алматы аруы. п о э т. Алматы апорты 

кейде осылай да аталынады. Мүмкін, мен 

жете білмейтін де болармын, бірақ əзірге 



А л м а т ы  а р у ы – апорттан артық алманы 

кездестірген  емеспін  (Қ.  Əбдіғұлов,  Ұлы 

достық., 21). 

АЛМАУЫТ  з  а  т.  Алыс  жолға, 

жорық-жортуылға мінілетін арқалы ат. 

Қазанаттың  түрлеріне  тұлпар,  арғымақ, 



а  л  м  а  у  ы  т,  сəйгүлік  сияқты  асыл 

тұқымдылары  жатады  (Қаз.  этнография., 

2, 518). Темекі  шегіп  отырып,  өзін-өзі 

а  л  м  а  у  ы  т  мінген  ермауыттай  сезі-

ніп,  қиял-ғажайыптарға  берілмекті 

(М.Байғұт,  Бұла  бұлақ, 19). Орыс  жыл-

қыларын  а  л  м  а  у  ы  т  деп  те  атайды 

(Ер қанаты, 20). 

АЛОЙ з а т. б о т. х а л қ. Алоэ. Автор 

дермене,  көкнəр,  а  л  о  й,  қылша,  жу-

сан,  долана,  меңдуана  сияқты  əр  алуан 

дəрілік өсімдіктердің құрамын, өсу жайын, 

шипалық қасиетін сипаттайды (Соц. Қаз., 

17.12.1968, 4). 



АЛПЫНШАҚ-САЛПЫНШАҚ  з  а  т.

с ө й л. Мойынға тағатын алқа, моншақ 



т.б. Мойынға тағатын а л п ы н ш а қ-с а л п 

ы н ш а ғ ы дей ме, əйтеуір көңіліне жағады-

ау  дегендерін  алып,  еңкілдеп  жеттім-ау 

ауылға (Қ. Ысқақов, Менің аға., 37). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет