АҚҚОС з а т. к ө н е. Жолаушылардың
жол үстінде пайдаланатын жеңіл-
желпі үйі. Жолаушылар мен жорық-
шылардың тігетін үйлерін а қ қ о с, қаң-
қа, жорықүй деп атаған (Қаз. тілі, жерг.
ерекшелік., 186).
АҚҚОШҚАР з а т. а с т р. Аспан шоқ-
жұлдыздарының бірі. Ол маған үлкер,
а қ қ о ш қ а р, көкқошқар, ақбозат, көк-
бозат, жетіген, төртноқай, тоғызтораң
сияқты жұлдыздардың қозғалысын үйретті
(Қазыбек., Түп-тұқиян., 140).
АҚҚОЯН з а т. «Қоян» жылы кейде
осылай да аталады. – Шырағым, - деді шо-
пан директорға, - биылғы жылды қазақша
есеп бойынша «а қ қ о я н» дейді (Қазақст.
ауыл шаруаш., 1964, 1, 27).
АҚҚУ з а т. к ө н е. Саз аспаптарының
бірі. Мысалы, саз аспаптарының көне
үлгілері: егек, бозаншы, шертер, жетіген,
30
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
тапшұр, шаңқауыз, адырна, пырғы, əмірғы,
а қ қ у, шор, уілдек, даңғыра, кепшік,
шыңдауыл, шың т.б. түрлерін көрдім (Қаз.
əдеб., 18.01.1985, 15).
АҚҚУРАЙЛЫ с ы н. Аққурай өскен,
аққурайы бар. Оңтүстік Қазақстанның
кейбір жерлерінде бірнеше километр
аймақты алып жатқан а қ қ у р а й л ы
шөлейт далалар кездеседі (Ə. Іскендіров,
Қаз. дəрі. өсім. 115).
АҚҚҰЙРЫҚ: Аққұйрық торғайдай.
Тыныш тұра алмайтын, ұшқалақтап
қалған. Ақыры кішірек қара көздерін
ойнақтата шапшаң сөйлейтін, а қ қ ұ й р ы қ
т о р ғ а й д а й қыпылықтаған жігіттер
қатарына жатасың-ау деп топшыладым
өзімше (Е. Мырзахметов, Туған күн, 27).
АҚҚҰЛАҚ__1'>АҚҚҰЛАҚ
1
з а т. в е т. Қой, ешкінің
құлағында болатын тері ауруы (Ж.
Бабалықұлы, Мал ауру., 113).
АҚҚҰЛАҚ
2
с ы н. Көз аштармас, алай-
түлей соққан (боран). «Тап мынадай көз
аштырмас а қ қ ұ л а қ долы боранда басыма
ауыр бейнет тілеп алған өзімнен де бар», -
деп ойлады ол (Ө. Ахмет, Қарқаралы., 10).
АҚҚҰРТ з а т. в е т. Қойдың танауында
болатын ақ түсті құрт. Қойдың танауына
кіргіш қара бас а қ қ ұ р т болады екен.
Құрғақшылық жылдары ол тіпті көп бола-
ды (С. Мұқанов, Мөлдір., 06).
АҚҚҰС з а т. п о э т. Асыл сезім. Əрбір
адамның асыл сезімдері болады. Мен оны
а қ қ ұ с дер едім. А қ қ ұ с ы м менің тал-
май биіктей бер деймін (Лен. жас,
18.07.1973, 3).
АҚҚЫЛАҒАЙ з а т. и х т и о л.
Балықтың майда, əрі ақ түсті түрі (сель-
ди). Үш мың а қ қ ы л а ғ а й балығымен,
бес пұт балық майымен қалыпты (Ғ.
Мүсірепов, Оян. өлке, 202).
АҚҚЫЛТАН з а т. и х т и о л. Шортан
балықтың бір түрі (Қаз. тілі жəне əдеб.
мəселелері, 154).
АҚЛАҚ з а т. ж е р г. Ақыл, сана, па-
расат.
АҚЛАҚТЫ сын. Ақылды, саналы.
Мінезді, а қ л а қ т ы, моралды, мұратты,
əдепті, ибалы, кеңпейіл, кешірімді болуға
жетелейді (А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш
бесік., 2, 8).
АҚЛАҚТЫҚ с ы н. Ақлаққа қатысты,
ақлақ тұрғысынан алғанда. Ескі германдық
жүйе (канд., докт. дисс. қорғау жүйесі) өзін
а қ л а қ т ы қ тұрғыда əбден түгесті дей
алмаймыз (Ана тілі, 20.05.2010, 8).
АҚЛƏЙЛІ з а т. б о т. Бақтарда, газон-
дарда жəне басқа жерлерде əсемдік үшін
өсірілетін өсімдік (Т. Мұсақұлов, Сөзд.,
1, 64).
АҚМАҒАМБЕТ з а т. с ө й л. Арақ. - Өзге
сөзді кейін айтармын, - деді Шəймерден, -
қатын «а қ м а ғ а м б е т т е н» де əкел,
қонақтар бойын жылытсын (С. Мұқанов,
Сырдария, 156). Ол біраз а қ м а ғ а м б е
т т і сілтесе керек, атқа бұлғақтап əрең
мінді (М. Құмарбекұлы, Жер иесі, 37). Таң
атқанша «а қ м а ғ а м б е т т і ң» əкесін
танытып, соңынан бас жазуға да мұршасы
болмай, апыл-ғұпыл пойызға міне салған
бозымға ұқсайды (Қ. Жиенбай, Даңқ., 72).
АҚМОЙЫН з а т. с ө й л. Арақ.
Малыгиндердің Түргендегі үйінде жолын
жуған «аңшылар» бір-бір а қ м о й ы н д
ы кеңірдектерінен тастап жіберді (Жетісу,
18.07.1973, 4).
АҚМҰНАР з а т. п о э т. Мұнар. Көзін
жұмса, тағы да сол а қ м ұ н а р, сол елес,
сол түс (М. Айымбетов, Құмөзек., 50).
АҚМҰНАРЛАН е т. с ө й л. Мұнарлан.
Күрт меңдей жөнелген дерт екі иықтан
басып, жерге кіргізіп бара жатты, басы тұп-
тура зіл шойын, көз алды а қ м ұ н а р л а н ы
п зеңи берді (М. Айымбетов, Құмөзек., 50).
А Қ М Ұ Н А РЛ А Н У А қ м ұ н а рл а н
етістігінің қимыл атауы.
АҚМЫРЗА з а т. с ө й л. Ақжігіт. Осы
құралдың (ақжігіттің) екінші атауы – а қ м
ы р з а (Қаз. этнография., 1, 119).
АҚНАРША с ы н. ж е р г. Ақшыл
түсті. Үстіне а қ н а р ш а шапан жауып,
аяқ-қолының тырнағын алады (О. Бөкеев,
Мұзтау, 212).
АҚОЙЫЛ з а т. с ө й л. «Ойылдың ақ
тарысы» кейде қысқартылып, осылай да
аталынады.
АҚОРДА з а т. ж а ң а. Елбасы (прези-
дент) қызмет істейтін бас ғимарат; рези-
денция. ҚР Президентінің А қ о р д а с ы н
ы ң ресми тұсаукесері 2004 ж. 24 желтоқсан
күні өтті (Дала мен қала, 04.07.2008).
АҚОТТЫ с ы н. Ақот өскен, ақоты
мол. Наурызбаевтың тəжірибесі бойынша ,
а қ о т т ы жерлер мен қараотты жерлердің
шөбін ауыспалы тəртіппен аралас пайда-
лану қажет (М. Ерменов, Қазақст. биязы
жүнді., 226).
31
Байынқол Қалиев
АҚПА¹ з а т. Арқа жақта қыс
маусымының соңына ала ақпан айында
апта бойы үзбей соғатын күшті боран
(Қаз. этнография., 1,124). Арқада а қ п а деп
аталатын күшті боран қыстың соңына ала
ақпан кезінде соғады (Бұл да, 109).
АҚПА² с ы н. а у ы с. 1. Ағып сөйлейтін,
төгіп-төгіп жіберетін, шешен. Шалдардың
біреуі – бақпа, екіншісі – а қ п а, үшіншісі
– лақпа... Олар əрқилы сөйлейтін (Жалын,
1974, 4, 120). 2. Ағызып екпіндетіп тарты-
латын күй. Қазақ күйді шалқыма, жайыл-
ма, ілме, а қ п а, төкпе, шертпе деп атамай
ма?! (Қаз. əдеб., 14.01.1977, 2).
АҚПАЛЫҚ з а т. Ақпа ақынға тəн
қасиет; ағып тұрғандық. Қалың нөпір,
шаршы топ кезіксе, табанда ағылған а қ п
а л ы қ п е н өлеңді қарша борататын (И.
Байзақов, Құралай., 11).
АҚПАН з а т. с ө й л. а у ы с. Бір шаригі
жетіспейді, ақылы кем. – Соны қойшы.
Оған айтқан сөз шығын. А қ п а н ғой нағыз.
Өзге айлардың күні толық, тек ақпанға жет-
пей қалған ғой, - деп тыжырына сөйледі (Қ.
Қараманұлы, Ай куə, 44).
АҚПАНДАТУ Ақпандат етістігінің
қимыл атауы.
АҚПАР: Ақпар кесе. Фарфордан
жасалған шай ішетін кесе. Қой десем
қоймай, бір а қ п а р к е с е с і н бір-ақ тартып
алды (Ж. Қорғасбек, Жынды қайың, 279).
АҚПАРАТТАН е т. Ақпарат алу,
ақпаратқа қол жеткізу.
АҚПАРАТТАНДЫР Ақпараттан
етістігінен жасалған өзгелік етіс.
АҚПАРАТШЫ з а т. Ақпарат беруші,
ақпарат жинаушы маман. Жазу өнерінің
шебері, қабырғалы қаламгер, алымды а қ п
а р а т ш ы, майталман макетші Жарылқап
Бейсенбайұлының шығармашылығында
бас сарашылығының шоқтығы биік тұрады
(Б. Омарұлы, 11- қаламұш, 53).
АҚПАРШЫЛ с ы н. Ақпары бар,
ақпарға қанық, ақпарқұмар. Арқасын аяз
қысса а қ п а р ш ы л пысық қайда барар
дейсің! Тек жұттың бетін ары қылсын де
(Қ. Ысқақ, Ақсу., 471).
А Қ П А Р Ш Ы Л Д Ы Қ з а т .
Ақпарқұмарлық, ақпаршыға тəн қасиет.
Шаруашылықты басқаруда əлі де сол
бұрынғы ескі дағды, əкімгершілік, а қ п а р
ш ы л д ы қ пен науқаншылдық басым (Қаз.
əдеб., 30.03.1990, 11).
АҚСАБАН з а т. Егін орылып алынғаннан
кейінгі аңыздың көрінісі. Халық қашанда
аңыздың а қ с а б а н шағын айрықша асыға
күтетін ( Лен. жас, 12.09.1975, 1).
АҚСАҚТЕМІР з а т. қ. ө н е р. Асыл
болаттан соғылған, ұштары үшкір, қос
сирағы бар (бір сирағы екіншісінен сəл
қысқарақ) шеберлік құралы (Қаз. этногра-
фия., 1, 127). А қ с а қ т е м і р д і ағаш,
мүйіз, сүйек, түсті металдардан жасалған
бұйымдарға өрнек салуға қолданған (Бұл
да).
АҚСАРБАСТА е т. «Ақсарбас»,
«ақсарбас» деу, ақсарбас айту. Қисық
жалаң қағады. «А қ с а р б а с т а п»
кемпірлер тұр (Кəрі сайтан, 15).
АҚСАРҒЫШ с ы н. Ақ түсті сарғыш
түс (Ж. Нəжімеденов, Ақ шағыл, 13).
АҚСАРЫ¹ з а т. б о т. Шөл-шөлейтті
жерлерде өсетін құнарлы шөп. Туғанбайдың
қыстауы Серіккен атты жерде. Мұнда
балықкөз, а қ с а р ы, жантақ, жусан
өседі. Осы өсімдіктерді дұрыс пайдалану
арқасында оның қойлары қыстан əрі күйлі,
əрі семіз шығып келеді (С. Əбдірайымов,
Шөл жайылым., 60).
АҚСАРЫ² з а т. б о т. Тарының бір
сорты. Биік бойлы, шашақ басы біраз
иіңкі; дəні ірі, шығымды. Қуаңшылыққа
төзімділігі орташа, ылғалды жақсы
тілейді (Қаз. дəнді дақыл., 125).
АҚСАРЫ
3
с ы н. Ақ түс пен сары
түстің аралығынан шыққан түс, ақшыл
сары түс.
АҚСАРЫЛЫҚ з а т. Ақсары түске ие
болушылық. Мəрзияның а қ с а р ы л ы ғ
ы шешесіне тартқан (Ш. Мұртазаев, Қара
маржан, 11).
АҚСАУЛЫ с ы н. а у ы с. Кемшілігі, олқы
тұстары бар; жөнге қойылмаған. Əсіресе,
тазалық мəселесі біршама а қ с а у л ы
тəрізді (Қаз. əдеб., 06.07.1973, 1). Көпшілік
арасында тəлім-тəрбие жұмысының қай
қыры а қ с а у л ы деген сияқты мəселелердің
бір де бірі қызықтырмайды оны (Қаз. əдеб.,
18.10.1974, 2).
АҚСАУСАҚТАУ с ы н. Қара жұмыс
істеуге икемсіздеу, еңбекке жоқтау.
Бастықтардың балаларының көпшілігі қара
шаруаға қыры жоқтау, а қ с а у с а қ т а у
болып өседі (Б. Омарұлы, Қаратерең., 31).
АҚСАУЫТ з а т. к ө н е. п о э т. Ең
мықты сауыт. « А қ с а у ы т» деген мол
32
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
болар, Атқанда оқ өтпесе. Ақберен деген
сол болар, Тигені тұяқ серіппесе (Ел ау-
зынан, 267).
АҚСАХА з а т. и х т и о л. Өзен балық-
тарының бір түрі. Тілмай, табан балық пен
а қ с а х а ше? Ақбалық пен сары сазанды
жоғарыда айттық (Қаз. əдеб., 08.10.1993,
13). – 1927 жылы Сібірдің тарақ балығы
қоныстанды. 1930-1940 жылдары мұнда
(Балқаш) Аралдың пілмайы, шығыстың
а қ с а х а балығы əкелінді (Қаз. əдеб.,
16.12.1988, 2).
АҚСЕЛЕУЛЕН е т. Ағару, бозару. Осы
кезде ай туды. Жер беті а қ с е л е у л е н і п
сəл ағара түсті (І. Есенберлин, Шығ. жин.,
9, 327).
АҚСЕЛЕУЛЕНУ Ақселеулен етіс-
тігінің қимыл атауы.
АҚСЕРКЕ з а т. и х т и о л. Теңіз ба-
лықтарының бір түрі. Теңіз балықтарына
мыналар жатады: майшабақ, сардина,
қамса (анчуос), кете, құныс (горбушка),
кемиек (нерка), а қ с е р к е, скумбрия,
семсербалық, марлин, сайра, нəлім, бұ-
заубас т.б. (Шаңырақ, 117). – А қ с е р к е н і ң
басы – ақ кемік, атама бер, шортанның басы
– шор кемік, шешеме бер, сазанның басы
– сар кемік, Сағынайға бер, бекіренің басы
– бор кемік, бермей тұра тұр, – депті (С.
Хайдаров, Теңіз самалы, 19). Ау алынды.
А қ с е р к е мен қаракөздер ау қоржынын
кере түсуде (Коммун. еңбек, 24.04.1969).
АҚСИРАҚ з а т. б о т. Су бетін жауып
жататын өсімдік. Су астынан қаулап
өскен салалы өлең шөп, су бетінен аса бере
жапырылған күлтелі басы салындымен
қабаттасып, су бетін көрсетпей жапқан, а қ
с и р а қ делінетін өлең осы (Ж. Орманбаев,
Тұзақталған., 6).
АҚСИРАҚ: Ақсирақ болды. Жұт бо-
лып немесе жұқпалы ауру келіп, малының
бəрі қырылып қалды, жұтады. Сол жылғы
қыстан бүкіл Арқа қатты күйзеліп шықты.
А қ с и р а қ б о п, сабасы керегеге ілініп,
жүген ұстап қалғандар көп (З. Ақышев,
Ақбел асуы, 101). Баяғыда қыс ішінде қар
жауып, боран тұрғанда күн күркіреп, сол
жылы қазақ а қ с и р а қ б о п жұтады (Қ.
Тоқмырзин, Керзаман, 3, 32).
АҚСИРАҚТАНУ Ақсирақтан етіс-
тігінің қимыл атауы.
АҚСИЫС Ақси етістігінен жасалған
ортақ етіс. Біресе, анау шоңайна тікеніне
дейін а қ с и ы с ы п, етегін ашып, күлін
шашып күлетін де тəрізді (Ш. Мұртазаев,
Қара маржан, 8).
АҚСОР з а т. м и н. Сор топырақты
қазанға қайнату арқылы алынатын ақ
ұнтақ. Оны оқ-дəріге қосады. Бұл қазанда
оқ-дəріге қосылатын а қ с о р (селитра)
алыну үшін топырақ қайнатылуда (Ана
тілі, 18.12.2008, 38). Сосын сол а қ с о р д ы
шойын қазанға салып, күні бойы таспен
үгітеміз. Ақ ұнтақты сөйтіп аламыз (Бұл
да, 38).
АҚСӨҢКЕЛЕН е т. Аппақ болып кебу,
саңғырап қурау. Сүрлеудің екі бетінде а қ
с ө ң к е л е н і п қурап қалған ірі малдың бас-
тары мен қаңқалары əлі шашылып жатқан
(Қ. Тоқмырзин, Керзаман, 3, 20).
АҚСӨҢКЕЛЕНУ Ақсөңкелен етіс-
тігінің қимыл атауы.
АҚСУАТЫ з а т. б о т. Сулы, ылғалды
жерлерде өсетін шөп. Мұндай жерлерде
(көлдетіп суғарылған жерде) шөп жақсы
шығады. Онда жатаған бидайық, а қ с у а
т ы, қоян-құйрық, бекмания, өлең жəне
т.б. шөптер өседі (Қазақст. ауыл шаруаш.,
1970, 5, 54).
АҚСУЛАУ с ы н. Қызылы аз, сұйықтау
(шай). – Апа, шəй құйып жібер. А қ с у л а у
етіп, а қ с у л а у, – деді сампылдай сөйлеп
(Жалын, 1974, 4, 61).
АҚСҰЛА з а т. и х т и о л. Ірірек келген
жыртқыш балық. Н. Серіков деген ихтио-
лог «көксерке мен а қ с ұ л а балықтары тек
майда шабақтармен ғана қоректенеді» деп
«дəлелдеп», оларды Іле өзеніне жіберуді
ұсынды да, оның ақыры маринканың құрып
кетуіне əкеліп соқты (Қаз. əдеб., 12.09.1980,
10).
АҚСҰЛТАН з а т. б о т. Қара өріктің
бір сорты. Түсі ақсұр.
АҚСҮЙЕК з а т. б о т. Сүрегі ақ түсті,
əрі қатты шала бұта. Басы қардан қылтия
көрінген итсигек пен а қ с ү й е к түбінен
əлдеқалай торғай пыр ете қалса, оның сала-
лы саусақтары тақымына қысқан қосауызға
еріксіз жақындайды (Қ. Құттыбаев, Сыр
көктемі, 127).
АҚСҮЙЕКСУ Ақсүйексі етістігінің
қимыл атауы.
АҚСҮЙЕКСІ е т. Ақсүйек болғансу,
төре тұқымы екендігін білдіру. Ел
ішіндегі беделді бай-шонжарлар өздерін
Шыңғысхан əулеті санайтын, а қ с ү й е к с
33
Байынқол Қалиев
і п бөлектенетін төре тұқымдарына қарсы
қойылды (А. Сматаев, Бəрі де., 95).
АҚСҮЙЕКТЕН е т. Бəйгеге қосылатын
аттың артық еттен, майдан арылуы;
бабына келуі.
АҚСҮЙЕКТЕНУ Ақсүйектен етіс-
тігінің қимыл атауы. Түбі щабатын ат,
қабырғасы қатып, а қ с ү й е к т е н у і н
тосып жүр (Жалын, 1973, 4, 105).
АҚСҮЙЕКТЕУ с ы н. «Ақсүйек» деп
айтарлық; тектілеу. Ол ашаңдау, мына то-
бырдан гөрі а қ с ү й е к т е у, болған жердің
тұқымы екені көрініп тұр (Э. Төреханов,
Алматыда., 108). Айғайлағанда алпыс бөліп
ішек үзетін а қ с ү й е к т е у бір есім екен,
бойыма шақ болмаған соң өзім де ұмытып
барамын (Қ. Ысқақ, Ақсу., 407).
АҚСҮЙРІК з а т. б о т. Тамыр сабағы
аппақ су өсімдігі. Сазан мен маринканың
қоректенуі үшін жағалық аймақтардағы су
өсімдіктері – қараөлең, қияқ, қамыс пен
қоғаның жас өркендері, шалаң, а қ с ү й р і к
үлкен роль атқарады (К. Күленов, Қазақст.
балық., 26).
АҚСҮТТЕНУ Ақсүттен етістігінің
қимыл атауы.
АҚСЫНУ Ақсын етістігінің қимыл
атауы.
АҚСЫР з а т. Есік-терезенің ағашын
майлайтын ақ түсті сыр (белила).
АҚСЫРҒАҚ з а т. б о т. Орман арасын-
да, шалғынды жерлерде өсетін көпжылдық
шөп. Жапырақтары ірі, тамыр сабағы
жуан. Ақ түсті шашақбас гүлі болады
(Аймақ. сөзд., 41).
АҚСЫРҚЫН з а т. б о т. Қарасора сияқ-
ты ащы шөп. ≈ Қырда сексеуіл, қарабарақ,
а қ с ы р қ ы н сияқты ірі шөп оты көп болады.
АҚСЫРМАЛ з а т. к ө н е. Батырлар
киетін сауыттың бір түрі. Кенжекей
əкесінен Шалқұйрық атты, Құба інгенді
жəне а қ с ы р м а л сауытты қалап алады
(Қаз. ертег., 8-9).
АҚСЫРТТАН з а т. б о т. Оңтүстік
аудандарда бұталардың арасында, жыра
бойында өсетін улы арамшөп. А қ с ы р т -
т а н тез өсетін, топырақ талғамайтын
шырмалғыш өсімдік болғандықтан, əсемдік
үшін де өсіріледі. Өскіндері, жемісі улы,
тамыры медицинада қолданылады (ҚСЭ,
1, 507).
АҚТА¹ з а т. в е т. Піштірілген еркек
жылқы. – Саған айғыры керек пе, а қ т а с
ы керек пе еді? (О. Сəрсенбаев, Жақсының
көзі, 128).
Ақта болды. Піштірілді, тартылды.
А қ т а б о л ғ а н аттар дүниеде от оттап,
су ішуден басқа қызықтан махрум (Қаз.
əдеб., 29.06.1973, 4).
АҚТА² з а т. ж е р г. Қойыртпақ.
Жұмырға құйған айран шайқала келе а қ
т а ғ а айналады (Қаз. əдеб., 28.11.1986, 8).
АҚТА³ е т. ж е р г. Шайға қатық ету,
қосу. Келін, бүгін сиырым келді, мына
сүтті ал, шай а қ т а р с ы ң (Д. Досжанов,
Тұлпар, 123). Бұл Жаманеркектің мал ата-
улыдан жалғыз тұяғы, шай а қ т а р сүт
сауып отырған ешкісі болатын (Д. Досжа-
нов, Зауал, 177).
АҚТАБАН з а т. э т н. Үздіксіз жəне
ұзақ жүрістен малдың (түйенің, аттың)
табаны тозып, жүре алмай қалуы. Қара
бура а қ т а б а н болған жылы туған
еді, қарағым, ғұмырың бес-ақ жылдан ас-
пады ғой» деп əкем марқұм көзіне жас
алып отыратын (З. Қинаятұлы, Көш-
пенді., 23).
АҚТАБАНДЫҚ з а т. Ақтабан
болғандық. Бүйтіп жау шаппаса да, жүк
керуеніне жегілген түйенің а қ т а б а н
д ы қ қ а ұрынып, сұлағанын өз көзіммен
көрдім (З. Қинаятұлы, Көшпенді., 22).
АҚТАЛ Ақта етістігінен жасалған
ырықсыз етіс. А қ т а л ғ а н тарыдан
жарма, талқан жасалады (Қ. Толыбаев,
Бабадан., 240).
АҚТАЛА е т. 1. Айғырды піштіру,
тарттыру. Үйірге біраз жыл салынып,
тұқымының сапасы сыналған айғырды егде
жасында а қ т а л а й д ы (ҚСЭ, 9, 395). Қозы
мен лақты 1-2 айлығында а қ т а л а й д ы
(Бұл да). 2. а у ы с. Талтаңдап зорға жүру,
дəлірек айтсақ, ақтатқан (піштірілген)
аттай жүре алмай қалу. Ашалай шалың
а қ т а л а п, шемшірлігін ноқталап, шал
сақалын жылаттың (Шалкиіз. «Бес ғасыр
жырлайды», 46).
АҚТАЛАУ Ақтала етістігінің қимыл
атауы. Жылқыны а қ т а л а у үшін
піштіреді, бұқаны, бураны кестіреді,
қошқар мен текені тарттырады (ҚСЭ, 9,
395). Қозы мен лақты жабық əдіспен а қ т
а л а у ғ а қазақша тарту əдісі қолданылады
(Бұл да, 9, 395).
Достарыңызбен бөлісу: |