Жауапты редакторлар


ТАҒАНАҚ:  Тағанақ  кеңесі



Pdf көрінісі
бет129/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   168

ТАҒАНАҚ:  Тағанақ  кеңесі  э  т  н.  Ел 

мен  ел  арасындағы  үлкен  дау-шарларды 

шешетін хан кеңесі. Ел мен ел арасындағы 

үлкен дау-шарлар сұлтан, би, ру басы, ба-

тыр, жыраулар қатысқан «т а ғ а н а қ  к е ң 

е с і» арқылы шешілген (А. Нүсіпоқасұлы.., 

Ағаш бесік., 1, 129). Əз Жəнібек тұсында 

хан кеңесі екі түрге бөлінетін. Бірін – т а 

ғ а н а қ  к е ң е с і деп атайтын. Екіншісін 

– тұрымтай кеңесі дейтін (І. Есенберлин, 

Алмас., 277). Күз  тоқсанның  бас  кезінде 

хан «Т а ғ а н а қ  к е ң е с і н» шақырды 

(Бұл да, 281).

ТАҒАНДА е т. Тасырқап жүре алмай 

қалу,  бүгежектеу.  Көксерке  тасты  өлке 

болғандықтан мініс аты тез т а ғ а н д а п 

қалады (З. Қинаятұлы, Көшпенді., 16).

ТАҒАНДАУ Тағанда етістігінің қимыл 

атауы.

ТАҒАНДЫ с ы н. Тағаны (бұты) бар, 

аяқты. Дүтбай соққан шығыршықты, үш

т  а  ғ  а  н  д  ы  ошақтар  əлі  күнге  дейін 

сақталып келеді (Қаз. əдеб., 11.04.1975, 4).



ТАҒАР з а т. к ө н е. «Əскерлерді азық-

түлікпен  жабдықтау  үшін»  шаруалар 

мен  қала  тұрғындарынан  алынатын 

заттай салық. Т а ғ а р ретінде əскерлер 

үшін азық-түлік қана емес, сонымен бірге 

салт  мінетін  жəне  жүк  артылатын  мал 

үшін  жем  де  жиналған  (ҚазССР  тарихы, 

2, 349). Т а ғ а р д ы ң тұрақты мөлшері 

болмады,  оны  хан  жəне  басқа  феодалдар 

белгіледі  (ҚазССР  тарихы, 2, 238). Хан 

өз бағыныштыларынан алым-салық: мал-

шыдан – зекет, соғым, сыбаға, диқан мен 

қолөнершілерден – ұшыр, т а ғ а р, бада, 

хараж жинады (ҚҰЭ 5, 440). 

ТАҒДЫРЛАСТЫҚ...  Бірақ  адам 

арасындағы жарастық, т а ғ д ы р л а с т ы қ

бар емес пе (Т. Жұртбаев, Жер-бесік, 171).

ТАҒУЛЫ  с  ы  н.  Тағылып  қойылған, 

тағылған.Тырнақ  шашы  алулы,  Шып-

ширақы қимылы. Ілгек, түйме т а ғ у л ы, 

Кейбір бала тым жылы (Қазақстан пионері, 

06.09.1966, 4).



ТАҒЫЛЫМДЫ  с  ы  н.  Тағылымы 

мол, өнегелі. Ділмарлардың т а ғ ы л ы м

д  ы  дəстүрі  мен  сөз  саптау  үрдісінің 

ұмытылуы – төл  тіліміздің  сəнін  кетіріп, 

сүдінін  қашырып  жүргені  де  анық  (Қаз. 

əдеб., 01.08.1986, 10).



ТАҒЫЛЫМДЫҚ  с  ы  н.  Тағылым 

боларлық,  үлгі-өнегелілік.  «Көргеніңді 

т а ғ ы л ы м д ы қ тəлім етпей дүниеден 

өту – күнə»  дегенді  пəлсапалық  ілім  мен 

Құран  Кəрімнен  де  кездестіргенім  бар 

еді  (М.  Құдайқұлов,  Құпия., 9). Кітапқа 

жазушының соңғы жылдары жазылған т а 

ғ ы л ы м д ы қ риссалары топтастырылған 

(Жас алаш, 16.08.2012, 5).



ТАҒЫЛЫМШЫЛЫҚ:  Тағылым-

шылық ілімі. Қытайдың конфуция ілімінің 

негіздері.  Олар  табғаштың  қолөнерін, 

шипагерлігін, құрылыс өнерін, тілін, дінін, 



т а ғ ы л ы м ш ы л ы қ  і л і м і н оқиды 

(Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 40).



ТАЗ:  Таздың  басындай.  Тап-тақыр, 

жып-жылмағай.  Əйтеуір,  көгілдір  қой-

наудағы жазықтың ортасында т а з д ы ң



б а с ы н д а й тап-тақыр, ақ балшық төбе шо-

шайып тұрады (Б.Шаханов, Қаратау., 46).



Таз кілем. Бір жері түкті, екінші жері 

түксіз  кілем.  Кілемнің  қалы  кілем,  түкті 

кілем, тықыр кілем, тақта кілем, т а з к і 



л е м, түс кілем, біз кілем тəрізді сан түрге 

бөлінетінін  осы  кітаптан  оқимыз  (Қаз. 

əдеб., 14.01.1983, 4).

ТАЗАЛАҒАНСУ  Тазалағансы  етіс-

тігінің қимыл атауы. 


539

Байынқол Қалиев

ТАЗАЛАҒАНСЫ  е  т.  Тазалаған  болу, 

шала-пұла  тазалау.  Қамыр  жабысқан 

қолдарын алжапқышымен мұқият т а з а л 



а ғ а н с ы п, есік жабылғанша қос жанары 

мөлдірей тесілді (Д. Амантай, Əңгім., 70).



ТАЗАЛЫҚШЫ  з  а  т.  Сыныптың 

(кластың). тазалығын бақылайтын оқушы. 

Класком, т а з а л ы қ ш ы сайлап алдық. 

Класком болып Жүнісбай, т а з а л ы қ ш ы

болып  Майра  сайланды  (Б.  Соқпақбаев, 

Балалық., 25).

ТАЗДЫҚ з а т. Таз болғандық, таз ау-

руына ұшырағандық. - Əй қалай мақтасаң-

дар да, менің т а з д ы ғ ы м д ы қоспасаң-

даршы, – деп  күлген  (О.  Сəрсенбай, 

Шеңбер, 172).



ТАЗҚАБАҚ  з  а  т.  Қабағының  түгі 

түсіп  қалатын  ауру.  Өйткені  оған  (дер-

менеге) жайылған малдар тұяқ арасының 

қиылып ақсақ болуы, т а з қ а б а қ қотыр 

болу  сияқты  кеселдерден  сап  тыйылған 

(Ж.Ауыпбаев, Жанарымда., 33).

ТАЗҚАРЫН з а т. Мал қарнының үлкен 

əрі  тықыр  бөлімі.  Сиыр,  қой-ешкінің 

қарыны  төрт  бөлімнен  құралған:  т  а  з



қ  а  р  ы  н  (үлкен  қарын),  жұмыршақ, 

қатпаршақ жəне ұлтабар. Азық ұлтабарда 

қорытылады (Жетісу, 23.10.1963, 3).

ТАЗҚАРЫНДАУ с ы н. Аздап тықыр-

лау,  жалаңаштау.  Шабырмен  шектес 

бұл  жақтың  шағылдары  өсімдікке  сараң, 

іркес-тіркес  мінгескен  майда  жалдардың 

күнес  беті  т  а  з  қ  а  р  ы  н  д  а  у  келеді 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 191).

ТАЗЫҒЫРЛАУ  с  ы  н.  Жүні  аздау, 

тықырлау.  Аруана  нəсілді  түйенің  пішін 

тұлғасы сидиған, т а з ы ғ ы р л а у болады 

(Қазақ елі, 07.04.1997, 4).

ТАЙ  е  т.  Тобығы  орнынан  жылжып 

кету.  Қит  етіп  алысса,  я  секірсе  тобығы 

т  а  й  ы  п  кететін-ді  (С.Мұратбеков,  Дос 

ізде., 241).



Тай кесе. Үлкен кесе, жанан. Ақ мамық 

жастықты шынтақтай, күміс т а й  к е с е 



м е н кестамды сіміріп отырып, Бұрындық 

хан нөкерлеріне лепіре сөйледі (І. Есенбер-

лин, Алмас., 292).

Тай күзеу. Кекілі, жалы, құйрығы түгел 

күзеледі. Тек жалынан уыс толар шоқтық 

қалдырады (Шаңырақ, 523).

Тай саба. Тайдың терісінен жасалған 

кішірек саба. Келесі – торсық, сосынғы – т а й

с а б а, құнан саба (Жалын, 1973, №1, 87).

ТАЙГА:  Тайга  аруы.  п  е  р  и  ф  р. 

Балқарағай.  Өсетіндердің  көбі  қылқан 

жапырақты ағаштар, əсіресе балқарағайлар. 



«Т а й г а  а р у ы» деп аталатын осы ағаштар 

сақылдаған сары аяздарға жақсы шыдайды 

(Коммунизм туы, 12.08.1966, 4).

ТАЙҒЫШ  с  ы  н.  Тобығы  орнынан 

жылжып  кеткіш.  Осыдан  кейін-ақ  Аян-

ның  тобығы  т  а  й  ғ  ы  ш  болып  алды

(С. Мұратбеков, Дос ізде., 241).

ТАЙКІРПІШ з а т. Ірі-ірі етіп құйылған 

саман кірпіш. Мал қораларын салуға – тас, 

т  а  й  к  і  р  п  і  ш,  қамыс  жəне  басқалары 

кеңінен  пайдаланылады  (Қазақстан  ауыл 

шаруаш., 1956, №11, 25).

ТАЙҚАРДАЙ с ы н. Үлкейген, есейген; 

дардай.

ТАЙҚЫЛАН  е  т.  Тайқы  болып  келу, 

қиыстану, қисаю. Жиектері т а й қ ы л а н 

ы п барып көтеріліп, ернеуленіп тоқтайтын 

жазаңның  өсімдігі  жұтаң  (К.Ахметбеков, 

Ақдала, 2, 196).

ТАЙҚЫЛАНУ  Тайқылан  етістігінің 

қимыл атауы. 

ТАЙҚЫЛЫҚ з а т. а у ы с. Бақытсыздық, 

тəлейсіздік. Бəрін де маңдайымның т а й 

қ  ы  л  ы  ғ  ы  н  а  н  көремін  (Д.  Досжанов, 

Жолбарыс, 47).



ТАЙЛА:  Тайлап  буғыш.  т  е  х  н. 

Шабылған  шөпті  тай-тай  етіп  буатын 

техникалық  құрал.  Ал  шабылған  шөпті 

жинауға төрт тырнауыш, алты ысырма, екі 



т а й л а п  б у ғ ы ш бөлінген (Соц. Қаз., 

10.06.1972, 2).



ТАЙЛАС Тайла етістігінен жасалған 

ортақ етіс.

ТАЙЛАУ... Т а й л а у д ы ң тиімділігін 

де  дұрыс  түсініп,  соны  толық  іске 

асырған да алдымен осы екі шаруашылық 

(Коммунистік еңбек, 23.08.1966).



ТАЙЛАУШЫ  з  а  т.  Шөп  тайлау 

жұмысын істеуші. Озат шөп т а й л а у 

ш ы күніне жоспардағы 13 тоннаның ор-

нына 20-22 тонна шөп тайлауда (Лен. жас, 

12.08.1977, 1).  Бұл  шөп  т  а  й  л  а  у  ш  ы 

механизатор Тілеуқабыл Жəкейбеков екен 

(Ортал. Қазақстан, 01.07.1972, 2). 

 ТАЙМЕН з а т. и х т и о л. Суық сулы 



көлдер мен өзендерді мекендейтін балық. 

Марқакөл  балықшылары  таулы  Алтай 

өзендерін мекендейтін тамаша т а й м е н 

балығын өз су қоймаларында өсіруге талай 

рет талпынып көрген екен (Марқакөл, 60).


540

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ТАЙШЫ¹ з а т. Тай бағатын адам.

ТАЙШЫ²  з  а  т.  т  а  р.  қ.  Тəйжі.  Бет-

бетіне  бытырап  жүрген  жоңғар  тізгінін 

бір  қолға  жинақтауға  алғаш  рет  тəуеке-

лі  тұрған  Хара  Хула  т  а  й  ш  ы  екен

(Ə. Кекілбаев, Үркер, 69). Қыңқ етер бір т а

й ш ы, бір зайсан табылар ма екен соларда 

(С.Сматаев, Елім-ай, 2, 279). Қонтайшыдан 

кейінгі жұмыс орындарын т а й ш ы, ноян, 

зайсандар иемденген (ҚСЭ, 6, 600).



ТАЙЫНША: Тайынша айдату. Дой-

бы ойнағанда жеңген жақтың артылған 

тастарын «тайынша айдату» деп атай-

ды.  Дойбы  ойынында  «биге  шығу», «қос 

үйге қамау», «т а й ы н ш а  а й д а т у» 

т.б.  қалыптасқан  терминдер  бар  (Шаңы-

рақ, 391).



Тайынша  бұқа.  Бір  жасар  бұқа, 

бұқашық.  Т  а  й  ы  н  ш  а    б  ұ  қ  а – бір 

жастағысы, құнан бұқа – екі жастан асқаны, 

дөнен бұқа – үш жасары, бесті бұқа – бес 

жасары, құжбан бұқа – жеті жастан асып 

жетілгені (Қаз. этнография., 1, 552). Əсіресе 

т а й ы н ш а  б ұ қ а, құнан бұқаларды 

айтсаңызшы (З. Ақышев, Жаяу., 7).



ТАКСИЛЕТ е т. Ылғи тəксимен жүру. 

Т а к с и л е т і п барып, есіктің алдында 

қыздың  «кірсеңші»  дегеніне  қарамастан 

тайып тұрады (Қаз. əдеб., 12.12.1975, 1).

ТАКСИЛЕТУ  Таксилет  етістігінің 

қимыл атауы. 

ТАКСИШІЛ с ы н. Таксимен жүргенді 

ұнататын, таксиқұмар. – Бəлем, Жанарай, 

т а к с и ш і л ең. Қалада трамвай, троллей-

бусты менсінбейтін (А. Нысаналин, Алыс. 

алау, 31).

ТАК-ТАК ү с т. с ө й л. Сабыр сақтап, 

тежеп, шектеп. Бірақ өзін қашаннан бері 

т а к-т а к п е н ұстап келген əдетіне басып, 

бұл жолы да Жұмабайдың көз қарасына бұл 

мəн бермеген (Ж. Жұмақанов, Замана., 56).

ТАҚ: Тақ тұрды. с ө й л. Тік тұрды. 

Солардың сөзіне т а қ  т ұ р ы п, ойлан-

бастан  жайлаудан  жылқы  алдырған  сов-

хоз  директорына  өкпесі  қара  қазандай

(Қ.  Жұмаділов,  Сəйгүлік., 19). Басқамыз 

Бекен десе т а қ  т ұ р а м ы з. Ол – брига-

дир, ол – аспаз. Ал, Сүгірəлімен екеуінің жұл-

дызы қарсы (А. Нысаналин, Алыс. алау, 30).



ТАҚА ү с т. 1. Тіптен, тіпті, тым. Т а қ а

болмаса, молдалармен бірге пəленшекем-

түгеншекемнің жаназасына кіріп, ақ арулап, 

ақирет  сапарына  шығарып  салғандарын 

айтады  (Ə.  Нұрпейісов,  Соңғы., 20). 

Дəрігер сырқат адамға түрліше дəрі-дəрмек 

беріп, жеңіл де ауыр ем-дом жасап, т а қ а

болмай  бара  жатқанда  пышақ  жұмсауға 

шейін  барады  (Қаз.əдеб., 15.11.1974, 3). 

Дүниеде не көп – сынған темір көп. Т а қ а

болмаса,  трактордың  екі-үш  доңғалағын 

əкелсе,  жетіп  жатыр  емес  пе? (Пионер, 

1974, 4, 19). 2. Дəл, тура. Мұқанның суреті 

деп  жазулы  емес,  т  а  қ  а  таныған  кісі 

болмаса, ешкім біле қоймас (С. Шəріпов, 

Бекболат, 99). Т  а  қ  а  бір  үміт,  кесілген 

біреу  болмаса,  үйде  жататын  ер-азамат 

табылмас (Қ. Жұмаділов, Дарабоз, 1, 292). 



3.  Мүлдем,  біржолата.  Қонақтар  сейіліп 

болған  күні,  Ұлжан  қысқы  соғым  мен 

сүрдің т а қ а біткенін айтты (М. Əуезов, 

Таңд.  шығ., 1, 328). Таусылуға  айналған 

ай, туғандағысындай емес, т а қ а жарық 

бермей тұр (І. Есенберлин, Алтын., 1, 97).



ТАҚАЙ з а т. Есектің бір жастан асқан 

баласы. Есектің кішкентай баласын көдек, 

қодық, т а қ а й деп, ал одан үлкенін тайқар, 

есектің ұрғашысын мада, еркегін əңгі деп 

атайды (Қаз. этнография., 2, 86). 



ТАҚАЛЫ  с  ы  н.  Тақасы  бар,  тақа 

қаққан (етік). Т а қ а л ы саптамасын тақтақ 

сүрлеуге  тық-тық  қадап,  қойма  жақтан 

Жүсіп  шал  қаздиып  шығып  келеді  екен 

(Қ.  Ысқақ,  Таңд., 3, 75). Басында  қазақы 

бөрік, аяғында т а қ а л ы етігі бар 20-21 

жас шамасындағы бір жігіт үйге кіріп келді 

(И. Байзақов, Таңд. шығ., 2, 149).

ТАҚАУДА  ү  с  т.  с  ө  й  л.  Таяуда,  жу-

ырда,  жақында.  Т  а  қ  а  у  д  а  қазақтың 

қой  жылы  бітіп,  мешін  жылы  басталады

(Д. Досжанов, Зауал, 237). «Сегіз жүз гек-

тар жердің атыз, жабын жасадық. Енді т а 



қ а у д а тұқым сеуіп, суын бастырамыз»

- деді Шарап (Қаз. əдеб., 26.05.1972, 1).



ТАҚБЕЗЕ... Ол екі кез қара сызға түс-

кенше не қасірет көрмеді, не т а қ б е з е

тартпады (Ж. Мусин, Туған үй., 65).

ТАҚЕТТІ с ы н. ж е р г. Нақтылы, анық, 

дəл. Ал Əулеттің атқаратын т а қ е т т і 

жеке  қызметі  жоқ  (Т.  Тілеуханов,  Біздің 

əке., 112). 

ТАҚИ үст. Мүлде, тым. Темір бөшкені 

де қайта-қайта шайып, т а қ и болмағансын, 

жағаға  əкеліп  суға  батырып  қойдық 

(Ө.Қанахин, Өз ақылы., 11).



ТАҚИЯ...  2.  а  у  ы  с.  Тақия  сияқты 

домалақ,  томпиған.  Ауылдың  күңгей 

541

Байынқол Қалиев

тұсындағы  т  а  қ  и  я  төбеге  əдейі  келдік 

(Лен. жас. 31.03.1972, 4).

Тақия тастамақ. э т н. Шеңбер жасап 

отырған  жастардың  біреуінің  артына 

білдірмей  тақия  тастап  кету  ойыны; 

орамал  тастамақ.  Ойым  бар  бір  ойын 

бастамақ, Аты оның «Т а қ и я т а с т а м а қ»

Шеңбер  боп  отыра  қалыңдар,  Болмасын 

асығу, сасқалақ (Балдырған, 1977, №4, 23).



ТАҚИЯЛАН е т. а у ы с. Топ-топ болып 

үйірілген,  дөңгеленген.  Иіліп  ой  ойлаған 

қамыс,  қоға,  Сыбдырсыз  мұңайғандай 

төмен бұға. Аспанның т а қ и я л а н ғ а н 

бұлттары, Суретін түсіріп тұр мөлдір суға 

(И. Байзақов, Таңд. шығ., 1, 45).

ТАҚИЯЛАНУ  Тақиялан  етістігінің 

қимыл атауы.

ТАҚҚҰМАР  з  а  т.  Билікке  үйір, 

мансапқұмар. Шенқұмар, т а қ қ ұ м а р 

шенеуніктер, жағынғыштар оған да барады 

(Жас алаш, 29.10.09).

ТАҚҚҰМАРЛЫҚ з а т. Билікке жету 

үшін жанын салушылық, мансапқұмарлық.

ТА Қ С І Р Е Т Т І   с   ы   н .   А з а п т ы , 

қиыншылықты,  ауыртпалықты.  Қазақ-

тардың əлі де бақталайы ашыла қоймаған 



т а қ с і р е т т і ахуалын тұрпайылатпай 

терең  жеткізгені  үшін  жоғары  бағалады 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 456 ).

ТАҚТА:  Тақта  келі.  Түбі  жайпақ, 

тегіс болып келген келі. Ағаш келінің екі 

түрі болады: т а қ т а  к е л і, шұңғыл келі. 



Т а қ т а  к е л і н і ң түбі тегістеу келе-

ді  де,  келсап  дəл  тиіп,  дəнді  майдалау-

ға,  ұнтақтауға  қолайлы  болады  (ҚСЭ, 5, 

350). 


Тақта кілем. э т н. Тақта-тақта етіліп 

тоқылған кілем. Кілемнің қалы кілем, түкті 

кілем, тықыр кілем, т а қ т а  к і л е мтаз 



кілем, түс кілем, біз кілем тəрізді сан түрге 

бөлінетінін  осы  кітаптан  оқимыз  (Қаз. 

əдеб., 14.01.1983, 4). 

ТАҚТАЙ  з  а  т.  Арнайы  жасалынып, 

қамыр  жаюға  пайдаланылатын,  ені  бір 

жарым  қарыстай,  ұзындығы  бір  м-дей, 

беті тегістеліп сүрленген бұйым. Қамыр 

илеуге  жəне  жаюға  пайдаланылатын 

тұрмыс  мүліктерінің  бірі – т  а  қ  т  а  й

Тақтайға  қамыр  тегіс  жəне  бір  қалыпты 

жайылады (Қ.Толыбаев, Бабадан., 250).

ТАҚТАЙЛАНУ  ү  с  т.  Жайдақталу, 

тегістелу. Таудың осындай т а қ т а й л 

а н а бітетін үсті əдейі жонып жасағандай 

тегіс, əрі құланның терісі іспетті тақыр-таза 

(О.Бөкеев, Қайдасың., 9).

ТАҚТАЙЛАТ...  Өзі  де  басына  үш 

бөлмелі  шатырлы  там  тұрғызып,  еденін



т а қ т а й л а т ы п, əжептеуір дүние-мүлік 

жинап, жетісіп қалған еді (Б. Тоғысбаев, От 

пен күл, 107 ).

ТАҚТАЛАС  з  а  т.  Таққа,  билікке  та-

ласу;  бақталас.  Сөйтсем,  əнекүні  ғана 

дүркіреп өткен т а қ т а л а с ы кезіндегі 

өзінің  кейбір  қылықтарынан  туған  жан 

жарасын  жеңілдетермін  деген  үміті  екен 

(Ұ.Доспанбетов,  Шығ., 4, 102). Бақталас 

пен т а қ т а л а с азаматтық соғыстарға 

ұласып, Алтын орда ыдырай бастады (Аңыз 

адам, 2011, №19, 43).



ТАҚТАЛЫ с ы н. Тақтасы бар, тақта-

тақта.  От  қаруға  болат  шығыршықты 

бадана да, құрыш т а қ т а л ы кіреуке де, 

қола қалқанды шарайна да тосқауыл емес 

екен (М. Мағауин, Аласапыран, 89).



ТАҚТЫ с ы н. Тағы бар, таққа отырған. 

≈ Алтын т а қ т ы хан.

ТАҚТЫРАУАН  з  а  т.  Араб  елінде 

түйеге  ерттеліп,  бай  адамдар  мінетін, 

асыл  таспен,  жібекпен  сəнделген  жазы 

(қом). Жомарт ердің иманы судай тасқан, 

Намарттың  мұндай  жерде  құты  қашқан. 

Түйеге т а қ т ы р а у а н мінеді екен, Ол 

топта иығы басып, бақыты асқан (Мəшһүр 

Жүсіп, Шығ., 4, 107).

ТАҚУАСЫН...  Тəңірім  тақылда-

ған сопыдан, т а қ у а с ы н ғ а н тасыр-

дан  сақтасын! (М.Əлімбаев,  Көңіл 

күнд., 50).



ТАҚУАШАЯН з а т. з о о л. Он аяқты 

шаяндар  тобына  жататын,  көбіне  су 

түбінде  тіршілік  ететін  шаян  түрі. 

Жоғары сатыдағы шаянтектестерге асшаян 

(креветка)., таңқышаян (краб)., омар, т а қ 

у а ш а я н (рак-отшельник), құрлықшаян 

(мокрица).  т.б.  жатады  (Р.Сəтімбеков, 

Қызықты  биология, 55). Он  аяқты  шаян-

тəрізділерге  ас  шаяндар,  таңқы  шаяндар, 



т а қ у а ш а я н д а р жатады (Су асты. тір-

шілік, 32). 



ТА Қ Ы М :   Т а қ ы м ы н а   б а с т ы . 

Меншіктеп  мінді,  иеленді.  Тай  күнінен

т а қ ы м ы н а  б а с қ а н өзінің Ақжалы...

(Қ.Жұмаділов, Қазд. қайт., 98).



ТАҚЫМГЕР  з  а  т.  Көкпарды  жақсы 

тартатын, тақымы мықты адам. Көзім 

біздің  ауылдың  əйгілі  т  а  қ  ы  м  г  е  р



542

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

көкпаршы  жігіті  Жұмақожаға  түсті 

(Н.Қазыбеков, Дала., 62).

ТАҚЫМГЕШ з а т. с ө й л. Тақымгер. 

Т а қ ы м г е ш т е р жұдырыққа түкіріп, 

тепсінеді,  қаны  бойда  құтырып.  Ат 

пен  адам  айтқызбай-ақ  сезеді.  Таянға-

нын  таланына  тығырық  (Жалын, 1974, 

№4, 109).

ТАҚЫМТАРТАР  з  а  т.  э  т  н.  Жас 

келіннің  ауылға  мініп  келген  атына  міну 

дəстүріне  ие  болған  əйелге  тиесілі  кəде. 

Келіннің атына мінген адам ауылға тізгін 

ұшында  келеді,  əрі  келіннің  аткөрпесінің 

арасына салынған «т а қ ы м т а р т а р»

деген  кəдені  алады  (А.  Нүсіпоқасұлы.., 

Ағаш бесік., 4, 37).



ТАҚЫР  ү  с  т.  Мүлде,  бүтіндей, 

біржолата.  Қоржындағы  шытырлаққа 

не  қой  құйрығына  емес,  жаман  тоңмайға 

бөктірген шамалы жент т а қ ы р таусылды 

(М. Мағауин, Аласапыран, 101).



ТАҚЫР: Тақыр алаша. с ө й л. Түксіз 

алаша. Т а қ ы р а л а ш а тоқу немесе тақыр 

кілем  тоқу  Қазақстанда  жақсы  дамыған 

(Шаңырақ, 94). Т  а  қ  ы  р  а  л  а  ш  а  н  ы 

мейлінше жалпақ енді етіп тоқылған ұзын 

басқұрды  бір-екі  құлаш  шамасында  ке-

сіп алып, өзара қосып тігеді (Қаз. этногра-

фия., 1,151).

Тақыр  кілем.  Түксіз  кілем.  Кілемнің 

қазақ арасына көп тараған түрлері: масаты 

кілем, қалы кілем, т а қ ы р к і л е м, түкті 

кілем, бұхар кілем, терме кілем, түрікмен 

кілем,  парсы  кілем,  арабы  кілем  т.б. (Ə. 

Тəжімұратов, Шебер., 53)



Тақыр  қолтық.  Аңның  нағыз,  дəл 

(түксіз)  қолтығы.  Таутеке  мергеннің 

күткеніндей-ақ тұсынан екі-үш арқан бойы 

жақындай берген кезде ол т а қ ы р  қ о л 

т ы қ т ы ң тұсын қарауылға іліндіре бере 

шүріппені басып қалған (К. Сегізбаев, Жап-

жасыл., 10).

ТАҚЫРАУЫТ с ы н. с ө й л. Тақырлау. 

Абайдың  қыстауы  тұрған  жалғыз  дөңнің 



т а қ ы р а у ы т басы болмаса, басқадай 

ойпаңның  барлығы  да  сортаңға  айналған 

(К.Оразалин, Абайдан соң, 125).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет