Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет126/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   168

СЫБЫРЛАҚ

з а т. Өсек айтқыш, сөз 



тасығыш адам. Театр ішіндегі өсек-аяңды 

жиып-теріп  бастығына  жеткізіп  тұруды 

əдетке айналдырған с ы б ы р л а қ т а р

д ы ң айтуынша, ол өкімет берген бес мың 

сомды азырқанатын көрінеді (О.Сəрсенбай, 

Шығ., 4, 362). 

СЫБЫРШЫ  з  а  т.  Жасырын  түрде 

хабар  беріп  тұрушы;  тыңшы.  Кенжетай 

Есенейдің əрі атшысы, əрі с ы б ы р ш ы



с ы (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан, 31). Оспан-Қода 

Əбілқайырдың Самарқанттағы с ы б ы р ш ы



с ы болуға қолма-қол көнді (І.Есенберлин, 

Алмас., 129). 



СЫҒАН з а т. ж е р г. Сараң. Құлқынға 

итті құйып адам да құл, Тек қана с ы ғ а н 

болмай, жомарттық қыл. Күнінде қойдың 

етін  бергеннен  соң,  Болыпты  еркелейтін 

үрмек түгіл (А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 

87).  Байдың  баласы  əкесінен  өткен  с  ы  ғ 



а н екен, арық тоқтыны қоя беріп, сүйегі 

кішкене бір қой əкеліпті (А.Нүсіпоқасұлы, 



526

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

Ағаш бесік., 5, 25). Қысқасын айтқанда, осы 

аз  байлық  біткеннен  кейін  ағаларың  бар-

ған  сайын  с  ы  ғ  а  н,  барған  сайын  қарау 

болып  өзгеріп  барады  (Т.Əлқанұлы, 

Тірліктен., 96). 



СЫҒАНДЫҚ с ы н. ж е р г. Сараңдық. 

Міне,  осылай  с  ы  ғ  а  н  д  ы  қ  п  е  н  бата 

сұрағандарды  аузы  дуалы  қариялар  бата-

ны аямай сыбайтын сығандарға берілетін 

сырбаз бата дейді (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш 

бесік., 5, 25). - Ей, залым, с ы ғ а н д ы қ 



т  а  бар  ма  пайда?  Ниетің  душар  қыпты 

осындайға.  Бар  еді  бір  қатының  айдай 

сұлу, Жөнін айт сол қатының кетті қайда? 

(А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 74). 



СЫҒАНША ү с т. Сыған сияқты, сыған 

тəрізді. Кəріс кəрісше, сыған с ы ғ а н ш а 

сөйлеп жүр (Ж.Қорғасбаев, Жансебіл, 93). 



СЫҒЫЛҒЫШ с ы н. Сығылу қабілеті 

жоғары, сығыла алатын (зат). 

СЫҒЫЛҒЫШТЫҚ з а т. Сығыла ала-

тындық, қысылғыштық. 

СЫҒЫМ з а т. с ө й л. Қысым. Мұнай 

табиғи с ы ғ ы м д а жатқандықтан скваж-

нинаны  ашып  жібергенде  ондағы  сұйық 

дүние жер бетіне ұмтылады (І.Есенберлин, 

Маңғыстау., 142). 

СЫҒЫРАҚ с ы н. с ө й л. Сығырайып 

қараған, сығырайған. Жəдігер с ы ғ ы р а қ

айдан  көз  жазғасын  қасында  күйбектеп 

жүрген əйелді көргісі кеп еді, бірақ жанары 

жетпеді (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 396). 



Сығырақ көз. Көзі сығырайған (адам). 

С ы ғ ы р а қ  к ө з сімсік жоңғар қайтып 

көрмей, қайтып білмей отыр (Ə.Кекілбаев, 

Үркер, 244). 

СЫҒЫРДАҢ... Сөз аяғын сүйкей салды 

бітіргенімен,  үні  кесімді,  с  ы  ғ  ы  р  д  а  ң 

(Т.Тілеуханов, Біздің əкелеріміз, 193). 

СЫДЫРМА  з  а  т.  Киімнің  бойына 

салынып,  оны  қаусырып  тұратын  ысыр-

ма. – Сейіт, мына сөмкенің с ы д ы р м а 

с ы құрғыр сырылмай жатыр, келші (Таң 

нұры, 145). 



СЫДЫРТ е т. а у ы с. Ұрып-соғу, сабау. 

Неге ие болмайсың, ашу келсе, с ы д ы р



т  ы  п  аламыз  қатынды  (Б.Майлин,  Май-

дан, 76). 



СЫДЫРТҚЫ з а т. Бөкесте жатқан 

шөпті ысырып əкеліп, үймек салатын жер-

ге жеткізетін құрал. Сондықтан қазірдің 

өзінде республика далаларында 146 мыңға 

жуық  шөп  шалғысы, 58 мың  тырма, 17 

мың с ы д ы р т қ ы, 19 мың мая салғыш 

қатысуда (Лен. жас, 03. 06. 1972, 1). 

С Ы Д Ы Р Ы Л   С ы д ы р   ( т а с п а н ы ) 

етістігінен  жасалған  ырықсыз  етіс.  Ба-

бында иленген, мүлтіксіз тілінген, сыпайы



с ы д ы р ы л ғ а н, сыдырғыдан өткізілген та-

спалар білгір шебердің қолынан нақышын 

тауып, ершімделіп шыққанда жаман бол-

майды (Ер қанаты, 266). 



СЫЗ

1

... 2. а у ы с. Тездетіп кетіп қалу, 

тартып отыру. Жұматай қорс етіп теріс 

айналып  кетеді.  Атына  мініп,  еліне  с  ы



з  а  д  ы  (Б.Майлин,  Таңд., 179). Өмəй-ау! 

Өзің төренің алдына түсіп алып, с ы з ы п 

бара жатыр едің ғой (Қ.Исабаев, Серт, 24). 

СЫЗ

2

  е  т.  а  у  ы  с.  Преферанс  ойнау. 

Достай с ы з ы п отыр, Өзі де қызып отыр. 

Мизерден  құлап  қалып,  Өкінішке  бір 

жүзді  қылқ  еткізді  Соңынан  бір  турам 

қазыны  да  жылп  еткізді  (О.Иманəлиев, 

Өлеңд., 34). 



Сызып жіберу. с ө й л. Преферанс ой-

нау. – Ақа, с ы з ы п  ж і б е р у г е қалай 

қарайсың?  Айтып  отырғаны  преферанс 

екенін түсінген Ақтай: - Теріс қараймын, 

- деді құлықсыз (Лен. жас, 08. 06. 1973, 3). 

– С ы з ы п  ж і б е р у д і ойлап отырсың-ау, 

қу бала! (Жұлдыз, 1973, №3, 23). 



С Ы З

3

:   С ы з   қ а б а қ .   С ы з д а н ы п 

қарайтын,  түксиген  қабақ.  Алды  суық

с ы з  қ а б а қ хан бүйтіп жалбырай қал-

са, кім таңғалмайды (Ə.Кекілбаев, Үркер, 

29). 

СЫЗАТСЫЗ  с  ы  н. 1. Сызаты  жоқ. 

2. а у ы с. Адал, пəк, таза. Ел таңырқаған 

əлгі с ы з а т с ы з көңіл, тозығы жеткен 

торқадай  қақыраған  бір  мінез  аңғартқан 

(М.Разданұлы, Алтай., 90). 

СЫЗАШЫҚ... Еділден аққан с ы з а ш 

ы қ, мен көргенде тебінгіге жетер-жетпес су 

еді (Шалкиіз: Бес ғасыр жырл., 91). 



СЫЗБАЙ з а т. с ө й л. Шеңбер. Шиіріп 

атуға  тіпті  шебер  еді,  сақасы  с  ы  з  б  а  й



д ы ң ішінен шыққан жоқ, тоқсан кенейді 

шертіп жүріп тауысты (Т.Нұрмағамбетов, 

Дария., 161). 

СЫЗБАУЫР с ы н. ж е р г. Дымқыл, сыз 

(жер). Сол арқары енді ғана кеткен с ы з

б а у ы р қара жердің бетінде, аңызақ желдің 

өтінде  саудырап  ақсөңке  болып  жатты 

(Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 245). 

СЫЗҒЫШ з а т. 4-5 тісі бар, екі сапты 

ағаш жоңғы. Енді үйші уықтың қарын с ы з


527

Байынқол Қалиев

ғ ы ш п е н жона бастады (Қаз. əдеб., 13. 

08. 1982, 14). 



СЫЗДАНЫҢҚЫРАУ  Сызданыңқыра 

етістігінің қимыл атауы. 

СЫЗДАНЫС  Сыздан  етістігінен 

жасалған  ортақ  етіс.  Қатаң  талап,  биік 

талғам деген ұғымдар əсте қызғанышпен, 

«пəленшенің  түгеншеден  несі  кем?» 

деген  с  ы  з  д  а  н  ы  с  п  е  н,  ауылбайшыл 

өресіз  өлшеммен  қатар  жүрмеуі  керек 

(Ш.Мұртазаев: Лен. жас, 25. 10. 1983, 3). 



СЫЗДАНЫСУ  Сызданыс  етістігінің 

қимыл атауы. 

СЫЗДАҢҚЫРА  е  т. 1. Аздап  сыздау, 

сыздап  ауыру. 2. а  у  ы  с.  Сыздана  түсу, 

паңдану,  тəкəппарлану.  Қыз  бұл  сұраққа 

жауап бергісі келмегендей, қасын көтеріп, 



с ы з д а ң қ ы р а п қалды (Ш.Мұртазаев, 

41-ші жыл., 156). 



С Ы ЗД А Ң Қ Ы РАУ   С ы з д а ң қ ы р а 

етістігінің қимыл атауы. 

СЫЗДАТУ...  Тарихтың  өстіп  көр-

жермен ішін с ы з д а т у д ы ң обалы кімге? 

(Н.Дəутайұлы, Аты жоқ., 568). 

СЫЗДИ... Керуен лагерь орналасатын 

жерді  төрт  жағынан  түгелдей  қоршап



с  ы  з  д  и  ы  п  тұрған  сəнді  саптың  алды-

на  төрт  қадымдай  жерге  кеп  шөгерілді 

(Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 50). 

СЫЗДЫҚ з а т. қ. ө н е р. Сəндік үшін 

жүргізілетін  жіңішкерек  алтын  күміс 

талшықтары.  Ол  темірлерге  қақталған 

күміс шабылады. С ы з д ы қ т а р, шират-

палар  жүргізіледі.  Үзбелер,  шытыралар 

қағылады.  Маржан  тасты  қозалар  орна-

тылады (Ж.Бабалықұлы: Ер қанаты, 260). 

Шыңылтыр  жарғақтарға  тігілетін  кесте, 

жүргізілетін  с  ы  з  д  ы  қ,  бастырылатын 

баспа, салынатын оюлар қанша! (Жұлдыз, 

1974, №9, 185). 

СЫЗДЫҚТАУ...  Уықтың  қары  мен 

керегенің бет жағын сай-сай етіп с ы з ы қ 



т а у д ы сарнау деп атайды. Мұны істейтін 

тісті, бүкірлеу болып келген қырғы темірді 

– сарнауық деп атайды (Қаз. тіл. жерг. ерек., 

1973, 189). 



СЫЗДЫҚТЫ  с  ы  н.  Сыздығы  бар, 

сыздық  түсірілген.  Белі  қынай  тігілген 

бешпент,  дөңгелек  бөрік,  сүйемге  жақын 

өкшесі  бар  с  ы  з  д  ы  қ  т  ы  етік  онсыз 

да  сұңғақ  бойын  көтеріп,  ерекше  сəн 

бітіреді  (Т.Кəкішев,  Сəкен  Сейф., 30). 

Асатаяқтың  түрлі-түсті  моншақтардан 

шоқ  түзіп  тізбектелген  сəкəкүлі,  домалақ 

дүңкілдегіштері, с ы з д ы қ т ы өрнектер 

жүргізіліп əшекейленген əлеміштері болған 

(Қаз. əдеб., 05. 04. 1985, 11). 



СЫЗУ  з  а  т.  Префранс  ойнау.  Ауыл-

дың  бетке  шығарлары  жеке  жай  салып 

алысымен, 4-5 адамнан топтанып с ы з у 

ғ а кірісті (Қаз. əдеб., 04. 10. 1974, 3). Жаңа 

үйреніп  жүрген  соң  ба,  əлде  қалтарыс-

бұлтарыс,  қитұрқысы  көп  қызық  ойын 

болған  соң  ба,  əйтеуір,  осы  бір  «с  ы 



з  у»  өнеріне  құмартып  жүргенім  рас 

(К.Сегізбаев, Біз қалада., 77).



СЫЗЫҚ з а т. л и н г в. Есімдерден бол-

ған бастауыш пен баяндауыштың арасына 

қойылатын тыныс белгісі. Дефис пен с ы з 

ы қ т ы айыра алмайды. Үтір орнына нүкте 

қояды (Р.Тоқтаров, Ғасыр наны, 62). 



СЫЗЫТСЫЗ с ы н. ж е р г. Ешқандай 

кінəратсыз, мінсіз. Бір топ баласын с ы з ы 

т с ы з ержеткізіп, ортамызға өнеге болып 

еді (Қ.Мұқажанұлы, Ортеке, 21). 



СЫЙЛЫҚ:  Сыйлық  алу.  Күлкі  ту-

дыратын  көпшілік  ойындарының  бірі. 

Табуреткеның  үстіне  сыйлықты  қойып, 

біреуді  табуреткаға  арқасын  қаратып 

тұрғызады. Көзін қағаз қалпақпен жаба-

ды.  Төрт  қадам  ілгері  бастырып,  қайта 

жібереді.  Ол  қолын  жоғарыдан  төмен 

түсіріп,  бір  қимылмен  сыйлықты  алуға 

тиісті (Ойын-сауық, 237). 

СЫЙЛЫҚАҚЫ з а т. ж а ң а. Сыйлық 

ретінде берілген ақша. Бұл орайда маңызды 

əрі тиімді мəселелердің бірі – мемлекеттік 



с ы й л ы қ а қ ы жөнінде атап айту қажет 

сияқты (Егем. Қазақст., 18. 11. 2008). 



СЫЙЫҢҚЫРА е т. Аздап сыю, сəл ғана 

сыю.  Өлеңім  өзге  емес,  ақынның  төресі 

Қасымға ұнаған соң, мен бірнеше күн көк 

пен жердің арасына с ы й ы ң қ ы р а м а й 

жүрдім (Б.Соқпақбаев, Таңд., 411). 



СЫЙЫҢҚЫРАУ  Сыйыңқыра  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

СЫҚАҚШЫЛЫҚ з а т. с ө й л. Сық-

ақшылдық.  Лайық  па  сенің  бізге  айтқан 

сөзің, Көрмейді өз ісіңде неге көзің? Белгілі 

бесенеден  с  ы  қ  а  қ  ш  ы  л  ы  қ  Орынсыз 

ежелден бар бір мінезің (Ел аузынан, 229). 



С Ы Қ П Ы РЛ Ы Қ   з   а   т.   К ө з і н і ң 

сығырайғандығы, қысыңқылық. Сол көзінің 

сығырайған с ы қ п ы р л ы ғ ы да, оң көзінің 

кірпік қақпас ақилығы да қателеспегендігін 

айғақтайды (А.Мекебаев, Алапат, 334). 



528

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

СЫҚПЫТСЫЗ с ы н. Ұсқынсыз, кейіп-

келбетсіз.  Күздің  с  ы  қ  п  ы  т  с  ы  з  күні 

болатын (Қ.Əбілқайыр, Текес., 84). 



СЫҚПЫТСЫЗДЫҚ з а т. Кейіпсіздік, 

ұсқынсыздық. 

СЫҚПЫТТЫ с ы н. Кейіпті, кескінді; 

түрлі.  Жиегі  кетік,  түбі  машина  жіппен 

шандылған, темір құрсаулы сан с ы қ п ы 



т т ы кеселер бір қолдан бір қолға көшті 

(Н.Сералиев, Махаб. тур., 8). 



СЫҚСИМА... С ы қ с и м а н ы қолына 

алып,  төргі  үйге  кірді  (С.Жүнісов,  Зама-

най., 6). 

СЫҚСЫҢДАУ Сықсыңда етістігінің 

қимыл  атауы.  –  С  ы  қ  с  ы  ң  д  а  у  ы  н  а

қарағанда  қалтасындағы  ақшасынан 

айырылған-ау деймін (Қазақ, 13. 07. 2012). 

СЫЛАМА__1__...'>СЫЛАМА

1

...  Бірақ  жақұт  көзді  ал-

тын  жүзіктері  мен  қызыл  маржанды  қос 

сырғасын, с ы л а м а с ы н а байлайтын 

зерлі  оқасын  көпке  дейін  сандығының 

түбінде сақтап келді (Ə.Тəжібаев, Хаттар 

сөйле., 10). 



СЫЛАМА

2

...  Тұсында  əуел  бастағы 

қарағай  лашықтардың  орнына  осындай 

тəпене с ы л а м а л а р салына бастағанда 

Петр патша қандай қуанып еді (Ə.Кекілбаев, 

Елең-алаң, 44). 

СЫЛАН з а т. и х т и о л. Тұщы суда 

тіршілік  ететін,  еті  қылтанақсыз  əрі 

жұмсақ  ірі  балық  (нельма).  С  ы  л  а  н 

негізінен  Обь,  Енесей,  Лена  өзендерінен 

ауланады  (Шаңырақ, 125). Ақсахалар 

тұқымдастарының ішіндегі ең ірісі – с ы л а н.

Ол 40 кг-ға дейін тартады (М.Жұмалиев.., 

Балықтар., 169). – Марқакөлге дейін атам 

Зайсанда  балықшылық  етіпті.  С  ы  л  а  н

бекіре аулаған (Марқакөл, 12). 



СЫЛАТТЫР  Сылат  етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  Үйді  с  ы  л  а  т

т ы р д ы ң ба? (Ə.Кекілбаев, Бір уыс., 191). 

СЫЛАУ__1'>СЫЛАУ

1

 з а т. Жас баланың денесіне 



қойдың майын жағып, оны қолмен сипалап 

сіңіру тəсілі. Қар қылаумен өседі, Бала с ы 

л а у м е н өседі (Мақал). 

СЫЛАУ

2

 з а т. ж е р г. Сылақ. «Пəтері» 

деп отырғаны Қарсақтың шатыры жабылма-

ған  жаңа  үйінің  төбесінен  сорғалаған  су



с ы л а у ы н да түсіріп, қабырғасын да опы-

рып,  еріксіз  қуып  шыққан  (С.Мұқанов, 

Мөлдір., 529). 

СЫЛАУШЫ  з  а  т.  Баланы  сылаған 

адам; оның денесіне май жағушы. 

СЫЛДЫРАМА  з  а  т.  т  а  б  у.  Қамыс. 

Бұл сөздердегі сарқыраманың - өзен, с ы 



л д ы р а м а н ы ң – қамыс, маңыраманың 

–  қой,  ұлыманың – қасқыр,  жаныманың 

–  пышақ,  білеменің – қайрақ  екенін  біле 

қояды (Қ.Толыбаев, Бабадан., 183). 



СЫЛҚЫМСУ Сылқымсы етістігінің 

қимыл  атауы.  Бұл  күндері  ауылдың  қай 

келіншегі  де  өмір  жүгінің  ауырлығынан 

еркетотай, с ы л қ ы м с у д ы қойған (Лен. 

жас, 07. 01. 1976, 3). 



СЫЛҚЫМСЫ  е  т.  Сылқым  болып 

көріну, кербездену. 

СЫЛПЫТ е т. Аяғын сүйретіп, сылп-

сылп басу; ілбу. Өзегі талып, көзінің алды 

қарауытса-дағы  с  ы  л  п  ы  т  ы  п  келеді 

(С.Елубай, Ақбоз., 225). 

СЫЛПЫТУ  Сылпыт  етістігінің 

қимыл атауы. 

СЫЛТЫҢ с ы н. с ө й л. Сылаң қаққан, 

сəнқой, кербез. 

СЫЛТЫҢҚОЙ с ы н. Əсемпаз, сəнқой. 

Қазір  беті  ашылған,  аңқылдаған  с  ы  л 



т  ы  ң  қ  о  й  келіншек  болды  деп  естиді 

(А.Əлсеров, Айнакөл, 75). 



СЫЛТЫҢШЫЛ  с  ы  н.  Сылтың 

қаққан,  сəнденген. – Қатқан-құтқан

ет берсем, с ы л т ы ң ш ы л ауылдың ба-

ласы  едің,  мені  көрген  сайын  тісіңді  шұ-

қып,  тұрмақсың  ғой,  ə? (Жалын, 1977,

№6, 35). 

СЫМБЫЛ  з  а  т.  Уық  жасауға  пай-

даланатын  жіңішке,  ұзын  ағаш;  сырық, 

сырғауыл. Қазақ с ы м б а л д ы шетеннен, 

қызыл  талдан,  қара  талдан,  ешкіталдан 

əзірлейді (Соц. Қаз., 09. 04. 1991, 4). 

СЫМБЫРЛА е т. с ө й л. Самбырла. – 

Айна əкелші, с ы м б ы р л а п сөйлей бермей 

(Жалын, 1973, №1, 18). 

СЫМҚҰРТ...  Жүгері  егістігінің  ең 

қауіпті зиянкестерінің бірі – с ы м қ ұ р т

Бұл – шыртылдақ, сырты жылтыр, сары не-

месе  қоңыр  түсті  қоңыздың  құрты, 

ұзындығы 3 см-ге  жуық  (М.Ниязова, 

Дала  падишасы, 52). Огород  топырағын 

ауд а р ы с т а ғ а н д а   к ө б і н е с е   к а р т о п 

түйнектерінен  с  ы  м  қ  ұ  р  т  т  а  р  д  ы 

кезіктіруге  болады  (Қ.Аймағамбетова, 

Табиғаттану., 54). 



СЫМТЕМІР з а т. Темірден жасалған 

жіңішке əрі ұзын зат; зым. С ы м т е м і 

р л е р і борт-борт үзіліп, шиыршықталып 

далада  қалыпты  (Ə.Асқров,  Өр  Алтай., 



529

Байынқол Қалиев

387). – Бұл  иттердің  астына  төсек  емес,



с ы м т е м і р д е н өрілген тікен жаю ке-

рек, - деді ол (Ө.Ахмет, Қарқаралы., 228). 

– Уақытша болса да қамыс үйшік жасап, 

электр жарығын тарттырамыз. С ы м т е м 



і р д е н тоқылған тор жасатып қоршаймыз 

(Жетісу, 21. 09. 1971, 2). 



СЫМЫР...  С  ы  м  ы  р  жер  астында, 

өсімдік  тамырларында  тіршілік  ету-

ге  бейімделген.  С  ы  м  ы  р  л  а  р  басқа 

жəндіктерден  гөрі  жер  құртына  көбірек 

ұқсайды (Наурызым, 69). Бұрын қазақтар 

жыңғыл бұтағының бетінде болатын ақ түсті 

тəтті ұнтақты сусын ретінде пайдаланған. 

Ол жыңғыл денесінде тіршілік ететін с ы 



м ы р деген жəндіктің бөліп шығарған сөлі 

(Қ.Сыбанбаев, Жабайы өсімд., 45). 



СЫНА: Сына жазуы. Түркі жұртының 

көне жазуы; руна. Осы күнгі əліпбилердің 

ішінде бізге көбірек белгілісі руна немесе



с ы н а  ж а з у ы. Оның тарихы VII ғасырға 

сəйкес келеді (Парасат, 2009, №9, 2). 



С Ы Н А М П АЗД Ы Қ   з   а   т.   С ы н 

айтқыштық, сынағыштық. Бірақ, шашта-

раз шеберінің кəсібінде болатын бір құпия 

сезімталдық, талғампаздық, с ы н а м п а з

д  ы  қ  Жаннада  да  бар  еді  (Т.Əлімқұлов, 

Сейтек сарыны, 99). 



СЫНАСЫН з а т. с ө й л. Сын, сынақ. 

Батыра басты қамшы құласына, Құлдырап 

құлай берді бұла суға: «Көрейін неде болса, 

көріп алдым, Тас бауыр тағдыр салды с ы 



н а с ы н ғ а!» (М.Əлімбаев, Өшпес от, 6). 

СЫНҒАҚТЫҚ з а т. Сынып түсушілік, 

төзімсіздік.  Сынға  с  ы  н  ғ  а  қ  т  ы  қ 

көрсетпей, сөздікшілер сол қателерді екінші 

томда қайталамауға тырысты (Соц. Қаз., 06. 

01. 1982, 4). 



СЫНДАРЛАН  е  т.  Сымбаттану, 

əдемілену;  сұңғақтану.  Бойы  да  сұңғақ 

тартып, с ы н д а р л а н ы п, мінезіне де 

əлдеқандай  бір  салмақтылық  енгендей 

(Қазақстан əйелдері, 1975, №5, 22). 



СЫНДАРЛАНУ Сындарлан етістігінің 

қимыл атауы. 

СЫНДЫРМАЛА  е  т.  Сындыру,  бүгу. 

С ы н д ы р м а л а п санап отырған бес 

саусақтың  кішкене  балаң  үйрегі  бүгусіз 

қалды (Р.Отарбаев, Біздің ауыл., 112). 

СЫНДЫРМАЛАУ   Сындармал а 

етістігінің қимыл атауы. 

СЫН-ҰСЫНЫС  з  а  т.  Біреудің 

(бір  нəрсенің)  кемшілігін  көрсетіп,  оны 

түзетудің жолын ұсынған пікір. Сан рет 

сын айтылса да, түзелмеген, айтқан с ы н-



ұ с ы н ы с т ы елеп-ескермеген ханды ел 

билеушілері  мен  ақсақалдары  жиналып 

барып, «ханталапайға»  салып,  өздерін 

жұртқа  тастап  кетеді  (А.Нүсіпоқасұлы, 

Ағаш бесік., 1, 135). 

СЫНШЫСЫМАҚ с ы н. Нағыз сыншы 

емес, бірақ өзін сыншымын деп есептеуші. 

«Тері  əбден  алынған  екен,  жүні  үрпиіп, 

желігі басылып қалыпты» деп сүйсінеді, ат 

жайын білем деген кейбір с ы н ш ы с ы м а қ



т а р (Қаз. əдеб., 20. 12. 1974, 4). 

СЫНЫҚ  с  ы  н.  Күн  суықтығының 

бəсеңденуі, аяз ызғарының қайтуы. Бүгін 

күн с ы н ы қ екен (Өнер алды., 36). 



СЫНЫҚ: Сынық сызық. г е о м. Сын-

дырыла сызылған сызық. С ы н ы қ  с ы з ы қ

т ы ң ұзындығын табу үшін əр кесіндінің 

ұзындығын  тауып  жəне  шыққан  сандар-

ды  қосу  керек  (Математика., 85). – Бұл 

идеяның негізгі кілті – с ы н ы қ  с ы з ы қ 

екендігін бірден ойларыңызға түюлеріңізді 

өтінемін (С.Ғаббасов, Қандауыр, 31). 



СЫНЫПТАС  з  а  т.  Бір  сыныпта 

бірге  оқитын  оқушы;  кластас.  «Қанеки, 

көрейікші», - деп  жақын  маңдағы  екі-үш 



с ы н ы п т а с ы м қасыма жүгіріп келді 

(Қ.Ботбай,  Егіз., 63). Сүмбе  өзеніне  ба-

рып  шомылғысы  келді.  С  ы  н  ы  п  т  а  с 

қыздармен  сырласқысы,  сыр  ақтарғысы 

келді (Қ.Əбілқайыр, Текес., 13). 

СЫНЫПТЫҚ з а т. Сыныпқа тəн, сы-

ныптан тұратын. Осындағы үш с ы н ы п 

т ы қ бастауыш мектептің директоры ептеп 

қызара бөртіп алыпты (Қ.Ботбай, Егіз., 40). 



СЫҢАР: Сыңар өкше. ө н е р. Өкше 

пішіндес  ою-өрнек.  «Құстаңдай», «с  ы  ң 

а р  ө к ш е», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз», 

«тоғыз көз», «жүз теру» сияқты ою-өрнек 

нұсқалары белгілі бір кəсіппен байланысты 

туындап  дамыды  емес  пе? (Лен.  жас, 03. 

08. 1974, 2). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет