ЦИРКАЧ з а т. с ө й л. Циркші. – Не
қылған цирк? Мен жұмысшылмын, жігіт-
тер! – Жұмысшы емес, сен ц и р к а ч с ы ң
(С.Бақбергенов, Кентау, 152).
ЦИРКШІ з а т. Циркте ойнайтын адам
(О.Бөкеев, Мұзтау, 17).
ЦИСТИТ з а т. м е д. Əйелдер ауруының
бір түрі. Енді ол арурулар аз болғандай
иоленефрит, ц и с т и т деген пəлелер
қосылды (Н.Исабаев, Өмір., 422).
ЦИТАДЕЛЬ... Шаһардағы орталық
орда – ц и т а д е л ь, цитадельді орай – шах-
ристан. Шахристанды орай – рабат орнайды
екен. Шахристан – қала аристократтарының
мекені, рабат – құмырашы, егінші, на-
убайшы, бағбандар, кірекештердің мекені
(Ш.Мұртаза, Не жетпейді? 173). – Мынау
– ц и т а д е л ь, хан ордасы болған. Ал, анау
жатқан – шахристан ... Шахристан дегені,
сірə, уəзірлер тұрған ғимараттар (Қаз. əдеб.,
28. 06. 1985, 12).
ЦИТАТШЫЛДЫҚ з а т. Цитатаны
көп алушылық, цитатқұмарлық. Автор бір
өкініштісі, өзінің көп мақалаларындағыдай
ц и т а т ш ы л д ы қ қ а ұрынып, шектен
тыс тайыздық көрсеткені жанды жүдетеді
(Қаз. əдеб., 18. 12. 1981, 7).
ЦОБ о д. Арбаға жеккен өгізді
айдағанда қолданылатын ишарат сөз.
Өгіздер ыңыранды, үсті-басын шаң басқан
ақ шашты қарттар арба үстінде отырып
«Ц о б!» «Ц о б!» деп айғай салды (Ж.Саин,
Шығ. 3, 227).
Ц
Ч
ЧАРЛЬЗТОН... Ч а р л ь з т о н, твист
те тептім. Бірақ амал не, ықыласың аумаған
сезімге зорланудан қиыны жоқ екен!
(К.Асанов, Сағыныш, 44).
ЧА-ЧА-ЧА з а т. Қызу қанды билер-
дің бір түрі. Сол сияқты ресторан, кафе-
лерде əртүрлі кештерде самба, рити,
ч а-ч а-ч а, твист, шейк, квикс, рум-
ба сияқты қызу қанды билерді жастар
жағы еліге, құлай билейді (Лен. жас,
03. 11. 1970, 3). Сылқым қыз, сəн түзеген
қара бала, Жармасқан иыққа да, жағаға
да. Би емес, би дегені шатты-бұтты, Ч а-
ч а- ч а, чарльстон мен шала-бала (Жыр
шашу, 91).
Ч Е Р Е М И С з а т. Т ү р і к т и п -
тес тайпалардың бір түрі. Арада 10-12
жыл өткенде ол татардан, ноғай-қазақ-
тан немесе мешер мен ч е р е м и с т
е н құрылған қосынның басында бара
жатпақ (М.Мағауин, Алсапыран, 2, 80).
ЧЕРКЕС... Жолда ч е р к е с, шешен ау-
ылдарын, Кура, Терек өзендерін де көрген
(Н.Исабаев, Өмір., 350).
Байынқол Қалиев
644
ЧИНОВНИКТІК з а т. с ө й л. Шенеу-
нікке тəн қылық. Бұрынғы стол баққан
ч и н о в н и к т і г і н ұмытпайын деген
(Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 238).
Ч У ВА Ш . . . Т ү р і к ш і л д і к Т ү р і к
Қағанатынан бастап түріктердің (қазақ,
өзбек, ч у в а ш, саха, хакас, тува т.б.)
мызғымас ұлттық идеологиясы болып табы-
лады (Қалибек хакім., 218). Учительдер ч у в
а ш балаларын чуваш əліппесімен оқытпай,
бірден орыс əліппесімен оқытқанды оңай
көреді (Алаш., 61).
ЧУКЧА... Тундрада өмір сүретін
ненец, ч у к ч а л а р д ы ң біздің жақтың
ауа райына көндігуі қиын (К.Ахметбеков,
Ақдала, 2, 168). Кəдімгі тірі ч у к ч а
м е н көзбе-көз кездестім (Қ.Əбілқайыр,
Ұмыт., 54).
Ш
ШАБАҚ: Шабақ сабау. Сабалған
жүнді көпірту үшін қайта сабау. Ал
ш а б а қ с а б а у – сабалған жүнді шидің
үстіне көпіртіп тегіс жаю үшін, шабақтауға
арналған сабау (А.Əлімжанова: Радиодан).
ШАБАҚСЫЗ с ы н. Шабағы жоқ,
шабақ салынбаған. Мұның ішінде балаларға
тиген үлес - шабақ дайындау. Ш а б а қ с ы з
доңғалақ болмаса, доңғалақсыз арба жоқ
қой (Қ.Исабаев, Қарабала, 55).
ШАБАҚШЫ з а т. Шабақ дайындау-
шы, шабақ жасаушы.
ШАБАЛАН... – Ш а б а л а н б а, ақ-
қараны айырмай жатып? Сорыңды соғыстан
көр, оны мен шығарғам жоқ. Тантыма бе-
кер! (Б.Нұржекеев, Күй толғақ, 60).
ШАБАНСАРЫ з а т. а с т р. с ө
й л. Есекқырған. Жарыспалы сөздер
астрономиялық атаулардың ішінде де аз
кездеспейді. Мыс.: Таразы (Үшарқар),
Шідер жұлдыз (Юпитер), Есекқырған
(Сарыжұлдыз), Ш а б а н с а р ы (Юпитер)
т.б. (С.Сəрсенова, Қаз. тіл. астрон. термин.,
92). Қондыбай əңгімесін аяқтағанда ш а б а н
с а р ы жұлдызы да туған еді (Ə.Хасенов,
Жат жазасы, 70).
ШАБАТАЛЫ с ы н. Аяғына шабата
киген, шабатасы бар. Ш а б а т а л ы
перселендер не деген көп (Х.Есенжанов,
Ақ Жайық, 197). Мосқал шебер күйіп-
пісті: «Қарғам-ау, мұның не, Көпсінгенің
осы нұрсыз ш а б а т а л ы күнің бе?»
(М.Шаханов, Мəңгүрт., 110).
ШАБЫҚТАУЫШ... Сіздің кеңесіңіз
бойынша біз қабыршықты бұзу үшін жер-
ге айналмалы ш а б ы қ т а у ы ш салдық
(Қазақст. ауыл шаруаш., 1962, №6, 13).
ШАБЫЛ е т. Күміс жалату, күміс-
пен сəндеу. Ұңғының (үзеңгі ұңғысы) екі
бетіне күміс ш а б ы л ы п, дəл ортасына
қызыл көз салынған (ХАрғынбаев, Қаз.
ер-тұрм., 195). Қас бетін (ердің) ою-өрнек
салынған жұқа темірмен жабады. Ол
темірлерге қақталған күміс ш а б ы л а д ы
(Ер қанаты, 260).
ШАБЫЛУ Шабыл етістігінің қимыл
атауы.
ШАБЫН е т. Итіну, қыздырыну. Жұрт-
пен бірге бұ да отқа түсердей ошаққа ш а
б ы н с а да, бет алды қызғанмен ту сырты
түгел мұздай (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 34).
ШАБЫНДЫЛЫ с ы н. Шөбін шауып
алуға болатын, шабындық (жер). Бұл аз
болса, кеше қонаға жайылып келіп, ш а б ы
н д ы л ы ойпатқа түнеген су, түнгі шытқыл
аязда қаймақшып қайтқан (Ж.Орманбаев,
Тұзақталған., 54).
ШАБЫНШЫЛЫҚСЫЗ с ы н. Ала
шапқынсыз; тыныш. – Ш а б ы н ш ы л ы қ
с ы з жүретін күндерің болар ма екен! – деді
Қалиса кейіп (С.Мұқанов, Мөлдір., 286).
ШАБЫРА з а т. Ешкі терісінің бір со-
рты. Ешкі терісі өңдеу технологиясына
қарай: хром, сүрік, жарғақ, ш а б ы р а,
шегірен, сапиян немесе сақтиян деген
бірнеше атауларға ие (Ж.Қоқанова, Түк
жəне тері атау., 12).
ШАҒА к ө н е. Əйел, қатын. – Сыбай-
сылтаң болса бір жөн, көптің арасында
ауруы бар, сырқауы бар, баласы бар, ш а ғ а
с ы бар, мына екі аралықта шұбырынды-
лыққа түсіп жүргенін неге көрмейсіңдер?!
(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 229).
ШАҒАЛ
1
з а т. Уақ тас, су қосылып,
араластырылған даяр семент (цемент).
Жұмысшы жігіттер (құрылысшылар)
таңертең ш а ғ а л д ы күтіп, бір-екі сағат
босқа отырады. Ал жұмыстың соңында,
мезгілінде əкелінбеген ш а ғ а л ертеңге
дейін қатып қалатын болған соң, тауысып
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
645
кетейік деп, артық уақыт жұмсайды (Қаз.
əдеб. 20. 03. 1987, 6). – Не бары бір-екі арба
ш а ғ а л төсей салса бітті ғой (Соц. Қаз.,
16. 07. 1972, 3).
ШАҒАЛ
2
... Қараңғы түссе түлкі
шаңқылдап, тұс-тұстан ш а ғ а л ұлиды
(С.Елубаев, Ойсылқара, 49).
ШАҒАНАҚ с ы н. ж е р г. Қампиған,
шəниген, шеңбірек атқан. Қазықтағы қасқа
бұзауды ағытып, қызыл сиырды ш а ғ а н
а қ қарнынан теуіп тұрғызды (Қ.Ысқақов,
Қараорман, 141).
ШАҒАНАҚТА е т. 1. Шарасынан
асу, шеңбірек ату. 2. а у ы с. Болып-толу,
жарылып кете жаздау. Лесхоздың 500
қыл құйрығын əкеден қалған мұрадай
қызғыштай қорып, соның буына пісіп,
соның желігінен жемсауы ш а ғ а н а қ-
т а п жуансып жүргені (Қ.Ысқақов,
Қараорман, 128).
Ш А Ғ А Н А Қ Т АУ Ш а ғ а н а қ т а
етістігінің қимыл атауы.
ШАҒАНДЫ с ы н. Шаған өскен,
шағаны мол. Ар жағы қалың жүгері, қамыс,
ш а ғ а н д ы болып келеді. Оның іші түлкі,
түз мысығы, қарсақ секілді аңдарға толы
(Жетісу, 21. 09. 1971, 2).
ШАҒЫЛ: Шағыл мысығы. з о о л.
Қызылқұм шөлі мен Каспий теңізі
маңындағы құм төбелерді мекендейтін,
кішірек жабайы мысық. Ш а ғ ы л м ы
с ы ғ ы тышқан тəрізді кеміргіштермен,
ұ с а қ қ ұ с т а рм е н ж ə н е б ау ы р ы м е н
жорғалаушылармен қоректенеді (Қазақст.
жануар., 41).
ШАҒЫЛДЫҚ з а т. Шағылды жер,
шағыл. Шу десе жылқы озбайды Сары-
лақтан, Ырғытып қоян соқтым ш а ғ ы л
д ы қ т а н. Салар ем ат көтіне болысыңды,
Қорқамын Қызай шыққан шаңырақтан
(ХVIII-XIX ғғ. қаз. ақын. шығ., 75).
ШАҒЫЛТАҚ з а т. Ағарып жатқан
т а қ ы р же р . Е н д е ш е , м ы н ау м ы ң
құбылып жатқан ақ ш а ғ ы л т а қ
кеңістікте жүрмегенде олар қайда жүреді!
(Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 185). – Анау ш а
ғ ы л т а қ, саздауыт, шилеуіт, шұқанақ,
жон, дөң, дөңейт, - деп шұбатты (Т.Қосуақ,
Мəрмəр., 11). Таң ұйқысы əбден қысқасын
бір ш а ғ ы л т а қ қ а келіп аттан түсті (Қаз.
əдеб., 27. 08. 1976, 4).
ШАҒЫМ: Шағым мерзімі. з а ң.
Тұлғаның шағымдану құқығын пайдала-
ну уақыты. Ш а ғ ы м м е р з і м і н і ң
ұзақтығы елдің заңнамасымен анықталады
(Терминал. анықт., 8, 62).
ШАҒЫМХАТ з а т. р е с м и. Белгілі бір
мекеменің немесе мекеме қызметкерінің
заңсыз іс-əрекетін көрсету, соған орай
шара қолдануды сұрау мақсатында
жазылған хат. Ш а ғ ы м х а т т ы ң
құндылығы онда көрсетілген факті-
лерге байланысты (Л.Дүйсембекова, Іс
қағаз., 134).
ШАҒЫН: Шағын шырай. л и н г в. к
ө н е. Қазақ тіліндегі бес шырайдың бірі.
Қазақ тілінде бес шырай бар: салыстыр-
малы шырай, бəсең шырай, ш а ғ ы н ш ы
р а й (мыс.: ақ-шыл), күшейтпелі шырай,
үдетпелі шырай (Ғ.Мұсабаев, Қаз. тіл. сын
есім., 34).
ШАҒЫРЖҰЛДЫЗ з а т. с ө й л. Шол-
пан. Шолпанды қазақ жарықжұлдыз, ш а
ғ ы р ж ұ л д ы з, тұлқатын деп те атайды
(Х.Əбішев, Аспан сыры, 46, 50).
ШАҒЫС Шақ етістігінен жасалған
ортақ етіс. Ол ендігі ермегін егіз қыстақтан
табады. Күнгейліктермен пісте ш а ғ ы с а
д ы, теріскейліктермен асық ойнасады.
Əйтеуір, өз үйінде байыз тауып отыра ал-
майды (Т.Əлімқұлов, Күрең су, 92).
ШАДЫ... Əкесі Ашиде Оғызбек
түлістегі түріктерге қарасты бір тайпаның
ш а д ы еді (Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 37).
ШАЖАМАЙ з а т. Қамшының өрі-
мі мен алақанының жалғасқан, бүк-
теліп тұрған жері; екі бөлігінің біріккен
тұсы. Жайшылықта қамшыны ілгенде
ш а ж а м а й ы н а н іледі (Қаз. этно-
графия., 3, 416).
ШАЖЫЛЫ с ы н. ж е р г. Айыпты,
күнəлі. Бір ауыз сөз үшін ш а ж ы л ы болған
кездер де өтті (Ана тілі, 18. 04. 1996, 5). –
Жə, ағайындар, ш а ж ы л ы боп ортаңа
келіп тұрмын (Туған тіл, 2010, №2, 118).
ШАЖЫРҚАЙЛЫ с ы н. Шажырқайы
бар, шажырқайы мол. Өгіз семіз, Жылқы
қоңды, Түйе қомды, Ешкі майлы, Ш а ж ы р
қ а й л ы, Сиырым сүтті, Саулығым құтты
(Ғажайып болу, 72).
ШАЙ: Шай аяқ. Шай ішетін аяқ,
шыныаяқ. Ш а й а я ғ ы н төңкерер-
төңкерместен аузына насыбай салды
(Ə.Кекілбаев, Бір шөкім., 40). Атасы онша
шайқұмар емес. Ш а й а я ғ ы н ерте
төңкерді (Бұл да, 121).
Байынқол Қалиев
646
Ш а й ж е м і . Ш а й м е н ж е й т і н
тағамдардың жалпы атауы. Елеңкіремей
отырған Дарқанға ерегісіп, стол үстіндегі
түрлі ш а й ж е м і н қарбыта жей бастаған
(Р.Райымқұлов, Жапанда., 95).
Шай зауыт. Шай өндіретін зауыт.
Ш а й з а у ы т па, май зауыт па, əйтеуір
сондай зауыттың біреуінде істейтін (Қаз.
əдеб., 09. 09. 1988, 14).
ШАЙБАЛТА з а т. Жуан шөркелерді
(дөңбектерді) жаруға арналған, басы сал-
мақты үлкен балта (Қаз. этнография., 1, 397).
ШАЙГӨН з а т. ж е р г. Шəйнек. Жеңгей
шайшыл-ақ. Ш а й г ө н д і əлсін-əлсін дем-
деп, түйе сүтін қатқан балшықтай күрең
шайды сіміре жұтады (Б.Аманшин, Гүл
көтерген, 92).
ШАЙКЕСЕ з а т. Шай ішетін ыдыс,
шыны, кесе. – Бозай ыстық шайдан бір-екі
ұрттады да, ш а й к е с е н і алдына қойды
(Ə.Жылқышиев, Мешін жылы, 5).
ШАЙКӨЗ з а т. Қыран құстардың бір
түрі. Аң ілетін құстар тұнжыр жəне ш а й
к ө з деп бөлінеді (Лен. жас, 30. 06. 1977,
3). Ш а й к ө з тұқымдас құстар (тұйғын,
лашын, қаршыға) өте сыпа келеді, алған
жемтігін тазартып жейді (Лен. жас, 21. 10.
1977, 4).
ШАЙҚАЛҒАН: Шайқалған жорға.
Жорғаның шайқалып, тайпалып жүретін
ерекше түрі. Жорғаның аяқ тастау
ерекшелігіне қарай: қой жорға, жол жорға,
сиыр жорға, су жорға, ш а й қ а л ғ а н ж о р
ғ а, тайпалған жорға, төкпе жорға деген
түрлері бар (Қаз. этнография., 2, 423).
ШАЙҚАСКЕР с ы н. с ө й л. Күрескер.
ШАЙҚАСКЕРЛІК з а т. с ө й л.
Күрескерлік. Меркедегі Төрткүл базар –
Рысқұлов ш а й қ а с к е р л і г і н і ң тұсауын
кескен (Ш.Мұртазаев, Жұлдыз көпір, 43).
ШАЙҚУРАЙЛЫ с ы н. Шайқурай
өскен, шайқурайы мол. Қой бозды, бетегелі,
жусанды, изенді, ш а й қ у р а й л ы,
бұршақты жайылымды сүйсіне оттайды
(Қазақст. ауыл шаруаш., 1965, №10, 32).
ШАЙҚҰМАН з а т. с ө й л. Шəйнек.
Ақшасына Ақзейнепке деп шілтерлі сама-
уыр, поднос, ш а й қ ұ м а н, сүтқұйғыш,
шылым күлін салатын жезауыз алды
(Ж.Молдағалиев, Сарарқа., 53).
ШАЙҚЫ... Кербаланың аяғын тұсаған
қиқарлығы, ш а й қ ы мінезі (Т.Жұртбаев,
Жер-бесік, 69).
ШАЙҚЫМАЗАҚ с ы н. Қылжақ,
əзілқой.
ШАЙҚЫМАЗАҚТАН е т. Қылжақ-
тау, жүзін ойнақшыту. Сақтаған оған:
Ш а й қ ы м а з а қ т а н а қалатының-ай
сенің, - деп ренжіп тастады (С.Мұқанов,
Мөлдір., 311).
ШАЙҚЫМАЗАҚТАНУ Шайқы-
мазақтан етістігінің қимыла атауы.
ШАЙҚЫМАЗАҚТАУ с ы н. Аз-
дап шайқымазақ, əзілкештеу. Ал мінезі
жағынан келсең қылжақбастау, ұшқалақтау,
ш а й қ ы м а з а қ т а у. Үлкенмен
де, кішімен де оның ойнамайтыны жоқ
(С.Мұқанов, Мөлдір., 10).
ШАЙЛА... Сəске түсте барып, манағы
ертеңгісін шығып кеткен ш а й л а с ы н а
тақады (Қаз. əдеб., 30. 09. 1983, 8).
ШАЙЛАН... Ш а й л а н ы п қайтқан
қарауыл қолына шеңгел сыпырғысын алып,
қызылдың етегіндегі қиқым-сиқымды шар-
лап жүр (Жұлдыз, 1972, №1, 120).
ШАЙЛАНУ Шайлан етістігінің қимыл
атауы. «Чаевничать», «чаепитие» дегенді
орысша-қазақша сөздік «шай ішу» деп ау-
дарады. Ал халық мұны қысқартып «ш а й
л а н у» дейді (Қаз. əдеб., 05. 04. 1985, 15).
ШАЙНАМ: Шайнам ақыл жоқ.
Титімдей де ақыл жоқ, ақылсыз. Миына
ш а й н а м а қ ы л қоспаған кісіше самбыр-
лай беруге енді ұялды (Қ.Мұханбетқалиев,
Қайдасың сен., 57). Осыны əулие деп бас
иіп жүрген осы елде ш а й н а м а қ ы л
ж о қ (Жалын, 1977, №6, 41).
ШАЙНАМА з а т. с ө й л. Нан. Мұқит
темір торсықтағы сүтті айдаушы қып, ш а й
н а м а н ы қорытуға кірісті (К.Мұқажанұлы,
Ортеке, 11).
ШАЙПАУЛАН... Бұл өзі қайыстай
қатқан шадыр жігіт еді. Есепші болғалы
тіпті ш а й п а у л а н ы п алған (Т.Əбдіков,
Өліара, 128).
ШАЙПАУЫЗ с ы н. Қыңыр, қырсық
сөйлейтін, боқтампаз; ащы тілді.
ШАЙПАУЫЗДАН е т. Қыңыр, қырсық,
кері сөйлеу. - Əй қыз, ш а й п а у ы з д а н
б а й əдеп сақта! (Қ.Сəрсекеев, Қызыл
жалау, 2, 116).
ШАЙПАУЫЗДАНУ Шайпауыздан
етістігінің қимыл атауы.
ШАЙТ… Ешкі – қойшының ойын
«Ш а й т» деген даусынан сезетін сезімтал
жануар (Н.Келімбетов, Дала., 37).
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
647
ШАЙТАБАҚ з а т. с ө й л. Ыстық
шайды құйып ішетін кішкентай, жайпақ
тəрелке. Шай құйып отырған сұлушалау
қыз қасында тұрған шай сандықшасынан
алтын ернеулі стакандар, алтын жиекті
ш а й т а б а қ т а р ы н алып, жаңа келген
қонақтарға шай құя бастады (Ғ.Мүсірепов,
Жат қолында, 162).
ШАЙТАН: Шайтан алғыр. қ а р ғ.
Жоқ болғыр, құрығыр. Ш а й т а н а л
ғ ы р, əлгі қыз қайда жоғалып кетті (Қазақ.,
13. 05. 2011).
ШАЙТАНСУ з а т. п о э т. Арақ. « Ш а й
т а н с у д а н» арылатын кез жетті, - дейді
бізге əңгімесін айтып отырған ақсақал
(Жетісу, 02. 02. 2013, 8).
ШАЙТАНТИЕК з а т. Домбыраның
мойны мен басының түйіскен жерінде тұр-
ған аласа тиек (Қаз. этнография., 1, 645).
ШАЙХЫИСЛАМ з а т. д і н и. Ис-
лам дініне еңбегі сіңген адамға берілетін
жоғары діни атақ. Ең бірінші муфти, оны
ш а й х ы и с л а м деп те атайды (Алматы
ақшамы, 09. 12. 1991, 2). Саған Қоқан
дəулетінің ш а й х ы и с л а м қызметі дайын
(Қ.Исабаев, Серт, 8).
ШАЙЫР з а т. б о т. Шөлді жерлерде
өсетін, жалпақ жапырақты өсімдік. Ерте
көктемде ш а й ы р д ы қолмен жұлып,
кептіріп жинайды. Сиыр бұзаулаған кезде
күніне аздап беріп қойса, мал тез оңалады
(С.Ысқақов, Табиғат, 50). Көктемде шөлді
өсімдіктің тағы бір сирек кездесетін түрі
– ш а й ы р бой көтереді. Малшылар əр
жапырағын жинап кептіреді де, жемге
қосып, малға береді (Балқаш өңірі, 64).
ШАЙЫРЛАН е т. Ет алу, семіру,
қоңдану. «Семірсін, ш а й ы р л а н с ы н.
Қыс əлдеқандай болады» деп ойлады (Лен.
жас, 30. 11. 1972, 1).
ШАЙЫРЛАНҒАН с ы н. Шайыр пайда
болу, майлану, тұтқырлану күйі. Жан-
жануардың көбі жасы толған сайын, шар
тартып егделенген сайын қоренділенеді.
Май жинағыш, шелденгіш, ш а й ы р
л а н ғ ы ш келеді (Ж.Бабалықов, Қыран-
дар., 118).
ШАЙЫРЛАНҒЫШ с ы н. Шайыр пай-
да болу, майлану, тұтқырлану күйі. Жан-
жануардың көбі жасы толған сайын, шар
тартып егделенген сайын қоренділенеді.
Май жинағыш, шелденгіш, ш а й ы р л а н
ғ ы ш келеді (Ж.Бабалықов, Қырандар, 118).
ШАЙЫРСЫМАҚ з а т. Аздаған
шайырлығы бар адам. Кейбір зерттеушілер
Исаны жыраусымақ, ақынсымақ, ш а й ы р
с ы м а қ жортақы əлдебіреу ретінде ғана
қарастырумен шектелгенді жөн санайтын-
дай əсер қалдырады (И.Байзақов, Таңд.
шығ., 2, 148).
ШАҚАЛТАЙ з а т. з о о л. с ө й л. Сақал-
тай. Шатқалды өрлеп жүрдік. Өрлеген
сайын қара құр, ш а қ а л т а й, ақ бас күй-
кентай кезіге берді (Ж.Аяшев, Алақан, 24).
ШАҚАР с ы н. Ызақор, долы. – Сілеусін
ең ш а қ а р, ашулы жыртқыш (Қ.Əжікеев,
Саят, 5).
ШАҚАРЛАН... Сөзін өткізе алмаса,
қызарақтап, күйіп-пісіп, ш а қ а р л а н ы п
бітеді (М.Сқақбаев, Ұят тур., 195).
ШАҚАРЛЫҚ з а т. Ызаланғыштық,
ызақорлық. Суырдың айғырындай ша-
қылдайтын ш а қ а р л ы ғ ы қайда қалған?
(М.Қабанбаев, Жиһанкез, 42).
Достарыңызбен бөлісу: |