ШАҚПАҚ
1
з а т. а с т р. Үшарқар
жұлдызының күнбатысында көгілдір
түсті бір жұлдыз бар. Оның қазақша
аты – Шақпақ (Ригель) (Х.Əбішұлы, Аспан
сыры, 80).
ШАҚПАҚ
2
... з а т. ж е р г. Төрт бұ-
рышты бір бөлік қағаз. Қағаздың жыр-
тылған бір ш а қ п а ғ ы н алды да, сау-
сағының ұшымен тілінің астындағы насы-
байды іліп тастады (Ə.Асқаров, Таңд., 14).
ШАҚПАҚТА... ү с т. Төрт бұрыштап,
шаршылап. Төс қалтасынан бір парақ ақ
қағаз алып, əлгіні ш а қ п а қ т а п бүктеп,
жырта бастады (Ə.Асқаров, Таңд., 13).
ШАҚПАҚТАСША ү с т. Шақпақтас
секілді, шақпақтас тəрізді (Ш.Мұртазаев,
Қара маржан, 57).
ШАҚШАБАСТАР з а т. х а л қ.
Түрікмендер. Парсы патшалығының
қарамағындағы ш а қ ш а б а с т а р
(түрікмендер) мен Хиуа хандығының
қарақшылары Əбілхайырды жан-жақтан
қасқыр талағандай алақтатқан (Ж.Ахмади,
Айтұмар, 386). Сондай кезде кіші жүз
еліне ш а қ ш а б а с т а р да əлек са-
лып, жылқыларын шауып алып, шетке
шыққан адамды өлтіріп, үшінші жау болып
отырған-ды (Бұл да, 398).
ШАҚЫЛДАҚ
1
... Ш а қ ы л д а қ –
үлкендігі тышқандай ғана, таудағы жарта-
ста болатын аң. Сырттай қарағанда қоян
пішіндес, бірақ құлағы кіші. Ол жауы төне
Байынқол Қалиев
648
бастағанын сезсе, шақылдап қоя береді.
Інде тіршілік етеді (Қазақст. ауыл. шару-
аш., 1987, №5, 43). Үкі негізінен аламан,
сұртышқан, саршұнақ, қосаяқ, ш а қ ы л
д а қ сияқты кеміргіштермен қоректенеді
(Наурызым, 190).
ШАҚЫЛДАҚ
2
з а т. Астықты
құстардан қорғау үшін, қаңылтыр-
дан жасалған, шақылдаған дыбыс
шығаратын құрал. Кемелжан екеуміз
тарыны қоримыз. Қолымызға сақпан,
қаңылтырдан ш а қ ы л д а қ алып кеш-
ке дейін жүгірумен тыным таппаймыз
(Р.Қилыбаев, Өмір өткел., 12).
ШАҚЫРЫЛ: Шақырылмаған қо-
нақ. Шақырусыз келген қонақ, «қылғыма
қонақ». Мұндай қонақты (қылғыма
қонақты) қазақ халқы «Ш а қ ы р ы л м а
ғ а н қ о н а қ – жұт» деп қатты жек көреді
(А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 2, 71).
ШАҚЫРЫЛУСЫЗ с ы н. Шақы-
рылмаған, өз еркімен келген. Ш а қ ы р
ы л у с ы з келген қонақтар да осында
(С.Жүнісов, Ақан сері, 278).
ШАЛ е т. Саз аспабында ойнау; тар-
ту. Шудың жынысында қамыс сыбызғы
ш а л ғ а н түйеші, Қаратаудың бөктерінде
қурай сыбызғы тартқан қойшы ұзын со-
нар əңгімеге талшық болды (Т.Əлімқұлов,
Сырлы наз, 114). Бір ауық қолына дом-
быра ұстап, Сүгір мен Əлшекейдің майда
қоңыр күйлерін ш а л д ы (О.Сəрсенбаев,
Жақсының көзі, 16).
ШАЛ: Шалып байлау. Алдымен шалып
алып, содан кейін байлау (С.Қасиманов,
Қаз. қолөнері, 211).
ШАЛА: Шала ұйқас ə д е б. Ұйқасы
онша мықты емес ұйқас. Мəселен, біз бəрі-
міз білетін егіз ұйқас, шалыс ұйқас, қау-
сырмалы ұйқас, ішкі ұйқас, аралас ұйқас,
ш а л а ұ й қ а с дегендер трагедияның өн
бойында кездесіп отырады (Қаз. əдеб., 18.
03. 1983, 6).
ШАЛАҒАТ с ы н. Шала сауатты,
дүмше. Ырысты дейтін момындау ш а л а
ғ а т əйел. Нұрəлі басқарма боп ауысқанда,
ол оның орнына ауыл совет председателі
болған (Б.Соқпақбаев, Таңд., 43). Тіршілік
қалыбы бұрынғының сасық байларынан
аумайтын, ш а л а ғ а т дүмше біреу (Бұл
да, 62).
ШАЛАН з а т. к ə с і б. Теңіздегі
қалқымалы зауыт. Хабар əуелі ш а л а н ғ а,
шаланнан балық қабылдайтын кемелер
арқылы оның қолына араға бір жұма салып
кешеулеп жетті (Ə.Сараев, Тосқауыл, 49).
ШАЛАП: Шалабын шайқады... Он
екі де бір нұсқаң жоқ, неменеге ш а л а б
ы ң д ы ш а й қ а й с ы ң! (Қаз. əдеб., 01.
04. 1977, 4).
ШАЛБАР : Шалбарына жіберіп
қойды. Бұт киіміне сиіп қойды. – Желаяқ,
əй, желаяқ! Ш а л б а р ы ң а ж і б е р і п
қ о й ғ а н шығарсың, ə? (М.Қаназов, Ақ
тайлағ., 168).
ШАЛБАС с ы н. Ақшыл, сұр. Үйір
басы – енгезердей салқы төс ш а л б а с
теке жортуыл-шабыста оза шауып, үйірдің
алдын бастап отырады (С.Елубаев, Ойсыл
қара, 73).
ШАЛҒАЙ... Бүркіттің ш а л ғ а й ы н а
ең үлкен құшақ та жетпейді (Туған жер, 142).
ШАЛҒАЙЛАСА ү с т. ж е р г. Ілесе, қа-
тарласа, қапталдаса, шаужайласа. Қара
шалмен ш а л ғ а й л а с а жеткен жігіттер
де бұған қолын бұлғап, бірінен-бірі дауыс
асыра айқайлап жатыр (Ə.Нұрпейісов,
Соңғы., 61). Үйге кірсе өзімен ілесе кіреді,
шықса ш а л ғ а й л а с а бірге шығады (Бұл
да, 289).
ШАЛҒҰРТ з а т. Екі ұлттың өкілдерінен
туған бала. Шетелдіктер мен жергілікті
əйелдерден туған ш а л ғ ұ р т дейтін қан
аралас нəсілдің ұрпақтары (Қаз. əдеб., 15.
11. 1991, 6).
ШАЛҒЫЛЫҚ з а т. Бүркіттің екі
қанат ұшарының аралығы. Ал екі ш а л ғ ы
л ы ғ ы н ы ң аралығы екі, ені жарым метр
болып кездеседі (Саятшылық, 81). Оқыс
серпілген Қосбармақ қос құлаштай ш а л ғ
ы л ы ғ ы н жазып жіберіп далпылдап алды
(Лен. жас, 05. 12. 1970, 4).
ШАЛҒЫНШЫ з а т. з о о л. Далалы,
шалғынды жерде тіршілік ететін үлкендігі
торғайдай ғана, аяқтары мен тұмсығы
тым қысқа, құйрығы ұзын құс. Олар –
балшықшы, бізтұмсық, қызғыш, шүрегей,
ш а л ғ ы н ш ы, қаншыр, шүрілдек, т.б.
(Қорғалжын, 67, 74, 80).
ШАЛҒЫОРАҚ з а т. Қолмен шөп ша-
батын құрал, шалғы, белорақ. Өгіз соқамен
жер жыртып, ш а л ғ ы о р а қ п е н шөп
шапты (К.Зəкенов, Жұлдызды. 38).
ШАЛҒЫШ з а т. Шекті аспаптар-
дың ішегін ысатын ысқы; ысқыш. Енді
елгезек ш а л ғ ы ш қиялай көлденеңдеп,
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
649
дірілдеп тұрып алуды шығарды. Қол-
тығы сөгілген қобыз ш а л ғ ы ш қ а бара-
бар үн бере бастады (Қаз. əдеб., 25. 12.
1981, 9).
ШАЛҒЫШЫ з а т. з о о л. с ө й л. Жал-
бағай. Жалбағайды көбіне ш а л ғ ы ш ы деп
те атайды, өйткені су түбінен жем сүзген
кезде құдды шалғы шапқандай басын
оңды-солды шайқалтып отырады (Ертіс
өңірі, 22).
ШАЛДАУЫТ с ы н. с ө й л. Шалдуар.
Сөз тізгінін ұстаған жез таңдай ш а л д а
у ы т, өзі келгендер мен тізімі бүктел-
мегендерді қақылдап атады (К.Мұқажанұлы,
Ортеке, 24).
ШАЛЖАЙЫҢҚЫРА е т. Аздап шал-
жию, шалжайыңқырау. Бұл дереу жағасы
ш а л ж а й ы ң қ ы р а п, бөкебайы
қисайыңқырап тұрған кішкентайының
о жер-бұ жерін дұрыстап, бетінен өпті
(К.Ахметбеков, Қасірет, 1, 481).
ШАЛЖАЙЫҢҚЫРАУ Шалжайың-
қыра етістігінің қимыл атауы.
ШАЛЖЫҒАР з а т. Шалды мас ететін
күшті қымыз. – Ал бетегеге тойған биенің
қымызы «ш а л ж ы ғ а р» болатынын
байқаған шығарсыз, - деп əзілдеді Қабекең
(Коммунизм нұры. 08. 10. 1970, 2).
ШАЛҚАЙЫҢҚЫРАУ Шалқайыңқыра
етістігінің қимыл атау.
ШАЛҚАРЛАН... Қазақ өнерінің қара
шаңырағы қашан да ш а л қ а р л а н ы п,
ұлттық өнеріміздің өзекжарды туындыла-
рын көпшілікке таныстырып келеді (Лен.
жас, 17. 04. 1976, 4).
ШАЛҚҰЙРЫҚ з а т. Құйрығында бір
шоқ ақ қылы бар жылқы. Құйрығында бір
шоқ ақшулан қылы бар жылқыны түсінің
қандай екеніне қарамастан ш а л қ ұ й р ы қ
деп жататын (Н.Қазыбеков, Дала., 12).
ШАЛҚЫМА з а т. м у з. Лепіртіп,
шалқытып тартатын күй. Қазақ күйді
ш а л қ ы м а, жайылма, ілме, ақпа, төкпе,
шертпе деп атамай ма?! (Қаз. əдеб., 14. 01.
1977, 2).
ШАЛМА
1
... Əйтпесе тоқыма фаб-
рика ларымыздың мүмкіндігі үзік-
туырлықтың, бау-шудың, құрдың, ш а л м а
н ы ң не керемет əсем түрлерін жасайтыны-
на еш күмəн жоқ (Лен. жас, 23. 11. 1972, 3).
ШАЛМА
2
з а т. Жіпті шалып, екі
а д а м о й н а й т ы н о й ы н . Б і р т і н д е п
материалдық дүниелерді қолданып ой-
найтын ұлт ойындарының сан алуан
түрлері де қалыптаса бастады. Солардың
алғашқыларының бірі – «ш а л м а» ойыны
(Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 58).
ШАЛМА: Шалма тастау. Атпен қуып
жүріп, бір ұшы ілмектелген арқанды (шал-
маны) лақтырып, асау аттың мойнына
түсіру тəсілі. Тұрмыста ш а л м а т а с
т а у – өмірлік іс. Атқа шапқыш, шалма
тастағыш жігіттер қашаған ұстау ісінде
өзінің шеберлігімен көптің алғысына
бөленеді (Қ.Толыбаев, Бабадан., 119).
Жылқы ұстау тəсілдері: ш а л м а т а с
т а у, құрық салу, керме керу, тұзақ құру
(Қаз. этнография., 2, 537).
ШАЛМАЛА е т. Асау жылқыға шалма
тастау арқылы ұстау.
ШАЛМАЛАУ Шалмала етістігінің
қимыл атауы. Ш а л м а л а у үшін алдымен
шалма арқан дайындалады (Қаз. этногра-
фия., 2, 537).
ШАЛОН з а т. ж е р г. Шойын жолдың
табанына төселген темір білік, рельс.
Күзге қарай шешесі екеуі шойын жолдың
ш а л о н ы н а ілігіп, Түркібасы бекетін
бетке ала діттеп, туған жерге тартты
(М.Байғұт, Бұла бұлақ, 58).
ШАЛТ: Шалт кетті. Қатты ашулан-
ды; бұрқ ете қалды. Өзінің де сіркесін
су көтермей тұлан тұтып отырған Еркін
ш а л т к е т т і (О.Бөкеев, Өз отыңды., 43).
ШАЛУ Шал етістігінің қимыл ата-
уы. «Уды у қайтарады» демекші, шалдан
сыбызғы ш а л у ы н сұранды (Т.Əлімқұлов,
Сырлы наз, 120).
ШАЛУЛЫҚ..? Жапырағы жасыл жау-
терек Жайқалмағы желден-дүр. Ш а л у л ы
ғ ы белден-дүр, Төренің кежігуі елден-дүр
(Шалкиіз жырау: Нар заман., 24).
ШАЛШЫҚШЫ з а т. з о о л. Шал-
шықтарда тіршілік ететін, ұзын аяқты,
имектеу келген ұзын тұмсықты, сұр құс.
Ш а л ш ы қ ш ы жəндіктермен жəне басқа
да ұсақ құрт-құмырсқалармен қоректенеді
(Қазақст. жануар., 17).
ШАЛЫ з а т. Зергердің құрал-сайман
салатын қорапшасы. Бір кезде қарт
зергердің құрал-сайман салған ш а л ы с ы
н ы ң түбінен бұрын-соңды бізге кезікпеген,
беймəлім бір аспап қолымызға ілікті
(Д.Шоқпарұлы: Қаз. əдеб., 22. 06. 1984, 13).
ШАЛЫҚ: Шалық ұрды. Шалық
ауруына ұшырады, шалықтады. Егер
Байынқол Қалиев
650
Кемелбекті ш а л ы қ ұрғаны шын болса, оны
адам ұсқынынан айырылған қорқынышты
түрде көретін шығармын, - деп қауіптеніп
еді (К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 411).
ШАЛЫҚБАСТАН е т. Желігу, еліру,
есіру. Ал Арал теңізіне келгенде бір-
бірімізге сілтеп, ш а л ы қ б а с т а н ы п
кеткеніміз не? (Қаз. əдеб., 18. 11. 1988, 2).
ШАЛЫҚБАСТАНУ Шалықбастан
етістігінің қимыл атауы.
ШАЛЫМДЫЛЫҚ... Соның көбінде
бұған біткен құстың алабөтен тектілігі,
алғырлығы мен ш а л ы м д ы л ы ғ ы ат
байлайтын алтын қазығы болар еді (Туған
жер., 107).
ШАЛЫС Шал етістігінен жасалған
ортақ етіс. Бірте-бірте төл тілге ауысып,
сырласамыз, мұңдасамыз. Ажырасқанда
сыбызғы ш а л ы с ы п, үні үзілгенше қош-
тасамыз (Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 118).
ШАЛЫС: Шалыс күрес. Екі ойыншы
бастарын қарсыласының аяқ жағына
келтіріп, шалқасынан жатқан күйі,
қолдарымен ұстаспай, оң аяқтарымен
бірін-бірі сирақтарынан шалып алып,
аударып түсіру күресі. Ш а л ы с к ү р
е с ойыны жайлау үстінде, көк майсалы
алаңда немесе кілем үстінде ойналады
(Қ.Толыбаев, Бабадан, 120).
ШАМ: Шам шақырды. Ашулан-
ды, шамданды. – Пері соққан-ау, сенің
қайтып келген балдызыңды қайтеді, - деп
Аймағамбет көрінеу ш а м ш а қ ы р ғ а н
болды (Ж.Түменбаев, Қардағы із., 91).
ШАМАЛ з а т. с ө й л. Самал. Жақсыда
пəйіз қалмады, Ш а м а л қаққан шырақтай
(Майлықожа: Қаз. əдеб., 14. 06. 1984, 14).
ШАМДАНТ... Ақындар – ерке халық,
кіді халық, Ш а м д а н т с а ң, бүркіт
сөзбен бүруі анық. Абайлап сөйлескен жөн
адуынмен, Аңқылдап, құлар жерін біліп
алып (М.Əлімбаев, Көңіл күні, 30).
ШАМКӨС з а т. ж е р г. Мінезі шəлкем-
шалыс адам; шамшыл. Ол жақтағы ш а м к
ө с т і ң бикеш пе, кемпір ме, кім екенін бір
Құдайдың өзі білсін (Қ.Ысқақ, Ақсу., 140).
ШАМҚАЛ з а т. х а л қ. Білтелі
мылтық. Əбілқайыр орыс патшайымына
елші жібергенде сұрағаны алты жүз ш а м
қ а л екен. Орыс патшасы қазаққа соны да
қимаған ғой (Қ.Тоқмырзин, 3, 257).
ШАМҚОЙ с ы н. Шамданғыш, шам-
шыл, шамкес. Озат атанып үйренген адам
да бəйгеде алдына ат түссе аузымен жер
тістесе де озуға тырысатын сəйгүлік сияқты
ш а м қ о й болады емес пе! (Дала дауыл-
паз., 188).
ШАМШИТ з а т. б о т. Тропиктік
аймақтарда өсетін, жалпақ жапырақты
ағаш. Ш а м ш и т пен үйеңкі мұз дəуіріндегі
«сұрапыл қысқа» төтеп бере алмады (Соц.
Қаз., 09. 09. 1969).
ШАМШИТТЫ с ы н. Шамшит өскен,
шамшиты бар. Онда талшынды, еменді
жəне ш а м ш и т т ы ормандар, қарағай
жəне майқорағай ормандары көп кездеседі
(Ботаника, 288).
ШАМЫҒУ Шамық етістігінің қимыл
атауы.
ШАМЫҚ е т. Ашулану, шамырқану,
шамдану. Көкірек шері тарамаған қам кө-
ңіл əйелдер бөтен еркектің зіркіліне
ш а м ы ғ ы п, тəйтіктік көрсетіп шыға келді
(ƏСараев, Тосқауыл, 6).
ШАНАҚ: Шанақ арба. Шөп, сабан
тасуға арналып, кеңдеу, енділеу етіп
шарбақ жасалған арба. Үш күннен бері
екеуміз Қостөбе жақтағы аңыздан ш а н а қ
а р б а м е н сабан тасып жүрміз (Н.Ораз,
Сиқырлы., 276).
ШАНАҚСЫЗ с ы н. Шанағы жоқ,
шанақ орнатылмаған. Құсайын жегінде
жалғыз аты бар, ш а н а қ с ы з арбаның
алдыңғы тұсындағы арбакеш пен бөшкенің
екі аралығына аяқтарын салбырата отырды
(К.Ахметбеков, Егіз қала, 170).
ШАНАҚТЫ с ы н. ж е р г. Онша
көп емес, шақтаулы. Дəулеті ш а н а қ
т ы болғанмен, жомарт қолды, ақ көңіл
Меркібай жалғыз қызының тойын жұрт
қатарлы беркелі өткізу үшін ештеңеден
аянбады (Т.Мəмесейіт, 2, 173).
ШАНАШ: Шанаш бет. Шанаштай,
быттиған бет. Сол арада сен мына
ш а н а ш б е т і н е мысқыл шаптырып,
шықылықтап күліп тұрдың (Ə.Нұрпейісов,
Соңғы., 238).
ШАНДЫ: Шандып байлау. Ше-
шілместей етіп, шимайлап байлау
(С.Қасиманов, Қаз. қолөнер, 221).
ШАНДЫРЛА е т. Шандыр тартпа-
мен тарту, шап айыл салу. Желқом ерді
ш а н д ы р л а п тұрып, мықтап ерттеді
(Ж.Аймауытов, Шығ., 31).
ШАНДЫРЛАУ Шандырла етістігінің
қимыл атауы.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
651
ШАНЖА... Мерген бар өнерін салып-
ты, үш ш а н ж а н ы қарағайға көлденең
сүйеп, оның үстін шетен, қарағашпен жау-
ыпты (Б.Мұқаев, Жалғыз жаяу, 97).
ШАНЖАУЛАН е т. Сирею, азаю.
Жеткенде алпыс беске азу түсіп, ұртыңды
тіліңменен тығындайсың. Жетпісте
замандасың ш а н ж а у л а н ы п, Көп іске
көңіл шауып жұғынбайсың (Қ.Толыбаев,
Бабадан., 83).
ШАНЖАУЛАНУ Шанжаулан етіс-
тігінің қимыл атауы.
ШАНШАР
1
... Бірнеше ондаған күндер
өткен соң ш а н ш а р д ы ң личинкалары
жұлдызқұрттың ішкі органын жеп таусып,
құжынап сыртқа шыға келеді. Ал жұл-
дызқұрттың қампиған бос терісі ғана қа-
лады (Қ.Қайымов, Қызықты зоология, 26).
ШАНШАР
2
... Ш а н ш а р д ы ң еркегі
ұрпағына ұя жасап, қамқорлық етеді. Ал
ұрғашысы оны торып жүріп, шабағын жеп
қояды (Қ.Қайымов, Зоология., 77).
ШАНШУДАЙ: Шаншудай қадалды.
Өте жайсыз тиді, өңменінен өтті. – Ау,
Жұпар, жай ма? – деді осы кез Нұржамал
қоңыраудай сылдырап. Нұржамалдың бұл
сөзі Жұпарға ш а н ш у д а й қ а д а л д ы
(С.Досымов, Директорлар, 30).
ШАНЫШҚАҚ з а т. Малда болатын
ауру. Сиырда ш а н ы ш қ а қ, қойда түйнек
дейтін ауру болады (ҚСҒ, 9, 9). Бұзылған
сапасыз жемшөптен ш а н ы ш қ а қ ауру-
ымен ауырады (Ө.Жолымбетов, Айгөлек,
53). Кейде жұмыс көлігі көп уақыт желдің
не жауынның астында тұрса ш а н ы ш қ а қ
ауруына ұшырайды (Жетісу, 23. 10. 1963, 3).
ШАНЫШҚАҚТА е т. а у ы с. Тікенше
қадалу, түйреу. Ш а н ы ш қ а қ т а ғ а н
ызғырыққа, аспанды қаптаған ақсұр
бұлтқа қарап, «Япырай, күн жарықтық бір
қиғылықты салғалы тұр-ау» деп күбірледі
(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 13).
ШАНЫШТЫР Шаныш етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Таяқ дəл раноттың
төбесіне жеткенде арттағы адам «Таяғыңды
дəл сол араға шаныш» деп ш а н ы ш т ы
р а д ы екен (М.Разданұлы, Алтай., 160).
Ш А Н Ы Ш Т Ы Р У Ш а н ы ш т ы р
етістігінің қимыл атауы.Ат үстінде шау-
ып бара жатып найза-қылышпен қарақшы
ш а н ы ш т ы р у, түйрету, шаптыру сияқты
машықтардан өткізеді (А.Нүсіпоқасұлы,
Ағаш бесік., 1, 55).
ШАҢБАҚТАН е т. ж е р г. Арбию, ар-
сию. Бұғының мүйізіндей ш а ң б а қ т а н
ы п өскен көк тарамыс шөп (Ə.Кекілбаев,
Үркер, 265).
ШАҢБАҚТАНУ Шаңбақтан етіс-
тігінің қимыл атауы.
ШАҢБАСТЫ с ы н. Шаңды ба-
сатындай, сіркіреп өткен (жаңбыр).
Екінші күндегі салтанатты шеруге дейін
жалқау жауған ш а ң б а с т ы жаңбыр да
ипподромның шырқын бұзған жоқ (Лен.
жас., 24. 09. 1974, 4).
ШАҢБАСТЫ: Шаңбасты жасады.
ж е р г. Отырып демалды, шынықты, су-
сын ішті. Жігіттер осы бетон науалардың
жақтауында отырып ш а ң б а с т ы жа-
сады. Жалпы тілмен айтқандай, тынығып
отырып, сусын ішті (Ж.Өмірбеков, Заман-
дасым., 124).
ШАҢБЫР з а т. ж е р г. Шалғам.
Бір жылдық шөп түрлерінің арасы-
нан рапс, тумагүл, ш а ң б ы р жəне
басқаларын өндіріске енгізудің болашағы
зор (Э.Шəкенов, Мал азығы., 77).
ШАҢҒАҚ Сиыр тұқымдастың ең
жүйрігі. Ертеде бір ұры ұсталып қалады.
Астына мінген өгіз екен. «Айналайын-
дар, өзімді ұстасаң ұста, өгізімнің мұрны-
нан ұстай көрмеңдерші, ш а ң ғ а қ еді»,
- деп безек қағады. Ұрыны ұстаушылар
өгіздің мұрнына жармасады. Сол кезде ұры
өгізін тебініп қалады. Өгіз ата жөнеледі.
Аттыға да жеткізбей кетеді(Ə.Хасенов,
Қазақ тілі, 44).
ШАҢҒАРЫН з а т. ж е р г. Арба
дөңгелегінің шентемір ішіндегі ағашы;
тоғын. Көрік – арба дөңгелегінің шенте-
мір ішіндегі ағашы. Ол ш а ң қ а р ы н,
қалма, тоғын деп те айтылады (Қаз. этно-
графия., 1, 188).
Достарыңызбен бөлісу: |