ШӨПДƏРІ з а т. Дəрі жасауға болатын
өсімдік (шөп). Ш ө п д ə р і іздеушілерді
таудан да, тастан да кездестіріп жүрміз
(Э.Төреханов, Алматыда, 282).
ШӨПДƏРІШІ з а т. Дəрілік шөптерден
дəрі жасаушы адам. Екі күн бойы басы
қазандай боп жату үшін емес, Сучанда
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
673
тұратын ш ө п д ə р і ш і л е р д і ң жанында
болу үшін (Э.Төреханов, Алматыда, 271).
ШӨПЕКТЕУ Шөпекте етістігінің
қимыл атауы.
ШӨПТЕ е т. Шөп беру, шөп салу. Төмен
малдарын жеке бағымға қойып, жемдеді,
ш ө п т е д і. Жылы сумен суарды (Ком-
мунизм туы, 28. 02. 1970, 3).
ШӨПТЕСІНДЕУ с ы н. Аздап шөп
өскен, шөбі молдау. Дəуітбай қызыл
отаудың алдына келгенде, жұрттың біразы
жиналып, шалдар ш ө п т е с і н д е у жерге
қисайып, кəкір-шүкір əңгіме айтып отыр
екен (Т.Əбдіков, Өліара, 85).
ШӨПТЕТ е т. Шөп жегізу, жаю, от-
тату. Қапсағай бүкір денелі бақташы
жұмыс өгіздерін ш ө п т е т і п тұр
(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 25).
ШӨПТЕУ Шөпте етістігінің қимыл
атауы. Əсіресе қазіргідей қыс жағдайында
олар мал ш ө п т е у г е салғырт қарайды,
кезінде суармайды (Коммунизм туы, 05.
02. 1970, 1).
ШӨПШАБЫС з а т. Шөп шабылып
жатқан кез; шөп шабу науқаны. Жалпақ
жаз. Тамыз. Ш ө п ш а б ы с. Сəске еді. Үнсіз
төңірек. Гүл қуып, ұшып кетті алыс Қызыл
да жасыл көбелек (М.Мақатаев, Соғады
жүрек, 2, 280).
ШӨПШАЙ з а т. Дəрілік өсімдіктер-
дің гүлінен, жапырағынан əзірлеген шай.
Жыл он екі ай бойы өзі əзірлеген ш ө п ш а й
д ы ғана мойындайды (К.Сегізбаев, Жап-
жасыл., 4).
ШӨПШАПҚЫШ з а т. з о о л. Денесінің
барлық бөліктері тұтасып кеткен, төрт
жұп аяқты өрмекші. Ш ө п ш а п қ ы ш
т ы ң аяқтарының қимылы шөп шабатын
шалғының қимылынан ұқсайтындықтан
халық арасында ол «ш ө п ш а п қ ы ш»
деп аталып кеткен (Р.Сəтімбеков, ...
Қызықты биология, 63). Ш ө п ш а п қ ы ш
қорегін аулауға түнде шығады, күндіз ағаш
қабығына жəне басқа жерлерге тығылып
қозғалмай жатады (Бұл да).
ШӨПШЕ ү с т. Шөп сияқты, шөп
тəрізді. Қазақты шалғын ш ө п ш е шапты-
рамын! Қазақ қойша қырылады. Естідіңдер
ме! – деп губернатор қарт бураша бақырды
(Т.Кəкішев, Сəкен Сефуллин, 88).
ШӨПШЕҢДЕ е т. Малдың жерден бас
алмай, тез-тез шөп жеуі; шөпшең қағу.
Күні бойы жол жүрген мына саулықтар,
енді ш ө п ш е ң д е п тыныш жатар емес
(Лен. жас, 13. 12. 1972, 1).
ШӨПШІК з а т. қ. ө н е р. Ұзын əрі
жіңішке темір құрал. Іскенже, үгіндірік,
тескі, безеубас, бəрбі, қашау, үскі, ш ө п
ш і к т е р бірен-саран суреттерден ғана
көзге түседі (С.Қасиманов: Қаз. əдеб., 18.
02. 1977, 4).
ШӨРЕ-ШӨРЕ... – Отар-отар қойың
мен ешкің болса ше? – Құрай-құрай! -
дейміз. Ал ешкіге «ш ө р е - ш ө р е» дейміз
(Н.Қазыбеков, Дала., 21).
ШӨРЕ-ШӨРЕЛЕУ с ы н. Қолынан
ешнəрсе келмейтін; не ол емес, не бұл емес,
шала-шарпы.
ШӨРЕ-ШӨРЕЛІК... Екеуінің аздаған
ш ө р е-ш ө р е л і г і бар (Р.Тоқтаров, Ғасыр
наны, 29).
ШӨРЛІК з а т. Ет сақтайтын жер.
Ш ө р л і к т е г і етті бұзып, өткір
пышағымен шөңкеге еттің жұмсақ, май-
лы мүшелерін: телше, қарта кесіп салды
(Фермаға кел., 37).
ШӨШІҢКЕ з а т. Драптан гөрі
жұқарақ мата. Басында ақ қалпағы,
үстіне кигені орысша тіккен ақ ш ө ш і ң к е
пенжек-шалбар (С.Шəріпов, Бекболат, 56).
ШӨШІРЕ... Əлгі əйелдің пісірген
құймағы мен ш ө ш і р е с і н і ң дəмін
Мұхтар өмір бойы тамсана əңгімелейтін
(М.Əуезов тур. естел., 77).
ШПАРГАЛКА... Мен сияқты құлап
қалғандардың бірі «орын бар екен»
деді. Бардық та түстік. Ш п а р г а л к а
пайдаландық, əйтпе се түсу қайда!
(Ə.Тарази, Тасжарған, 339).
ШПРИЦСІЗ с ы н. Шприцті падалан-
бай; іскісіз. Иə, сонымен уколды ш п р и ц
с і з, ең бастысы инесіз салады (Лен. жас,
29. 10. 1974, 4).
ШТЕЙГЕРЛІК з а т. Штейгер
мамандығын атқарушылық, штейгер
болғандық. Ана жылдары орындарынан
алынған киргиз штейгерлері бар емес пе,
соларды қайтадан баяғы ш т е й г е р л і г і
н е көшіруді талап етеді (Ғ.Мүсірепов, Жат
қолында, 397).
ШУ з а т. Жаңа туған төлдің соңынан
кешікпей түсетін, оның іштегі жолдасы.
Биенің ш у ы да түсті (Ш.Жанəбілов: Ер
қанаты, 316).
Шуын жинай алмау. Өзіне-өзі келе
алмау; етегіне сүрініп жығылу. – Мен бол-
Байынқол Қалиев
674
масам, көрер едің... Ш у ы н ж и н а й а л
м а й жүріп намысшылын бұл немененің!
(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 296).
ШУАШ з а т. Сібір жерін мекендей-
тін халықтардың бірі. Жошының ұлы Бату
хан орысты да, морова, ш у а ш, үдімұртты
да бағындырды (К.Жүністегі, Едіге, 18).
ШУЕТЕК с ы н. Сылбыр, ылбыр,
шұбатылған. ≈ Келіні ш у е т е к біреу.
ШУЕТЕКТЕУ с ы н. Аздап ылбы-
рап қалған, сылбырлау. Намысқойлығы
болмаса, істің ығын білмейтін ш у е т е к
т е у байғұс еді (Б.Мұқаев, Жалғыз жаяу,
266).
ШУЛАН... Қазір Қазақстан жерінде 70
мыңдай қасқыр бар. Мұның тең жартысы
ш у л а н дейтін болсақ, олардың əрқайсысы
көктемде 4-5-тен бөлтірік өргізеді екен
(Соц. Қаз., 20. 04. 1976, 4).
ШҰБАЛҒЫ з а т. с ө й л. Жауынқұрты,
шылаужын, шұбалшаң. Жыртылған
аңыздан ш ұ б а л ғ ы аулап, дəн тер-
мек болған қалың қарғаға Шəуке кесек
лақтырумен болды (Т.Əлімқұлов, Сырлы
наз, 266).
ШҰБАР: Шұбар кесіртке. з о о л.
Құмды жерлерде мекендейтін, денесінің
ұзындығы 5-6 см, екі бүйірінде қара
дақтары бар кесіртке. Ш ұ б а р к е с і р
т к е тіршілігі аз зерттелген, өте сирек
кездеседі (ҚҰЭ, 9, 569).
Шұбар көкек. з о о л. Басында айда-
ры бар сасықкөкек түсіне қарай кейде
осылай да аталады. Үні тарғыл-тарғыл
шығып, қарға да қарқылдап қояды, ш ұ б а р
к ө к е к сұңқылдайды (Ш.Мұртазаев,
Интернат., 14).
Шұбар күзен. Күзеннің тұрқы ұзын, өзі
шұбар түрі. Ш ұ б а р к ү з е н табиғатта
сирек кедесетін аңның бірі (Соц. Қаз.,
20. 03. 1982, 3). Ш ұ б а р к ү з е н əр
түрлі кеміргіштерді қорек етеді (Бұл да).
Сүтқоректі жануарлардан Қазақстанның
Қызыл кітабына қарақұйрық, ақтөс су-
сар, ш ұ б а р к ү з е н, сабаншы, кəмшат
тіркелген (Ана тілі, 03. 05. 2012, 11).
Шұбар тоқылдақ. Тоқылдақтың
ең кіші, шұбар түсті түрі. Қазақстанда
тоқылдақтың 8 түрі бар. Солардың ең кішісі
– ш ұ б а р т о қ ы л д а қ (ҚҰЭ, 8, 421).
Шұбар шабақ. и х т и о л. Шұбар түсті
уақ балық. Онда (Балқашта) алабұға, шар-
май жəне ш ұ б а р ш а б а қ тіршілік етті
(Қаз. əдеб., 16. 12. 1988, 2). Айдын шалқар
көлдің алабұғасы, шармайы мен ш ұ б а р
ш а б а ғ ы қандай еді (Қаз. əдеб., 08. 10.
1993, 13).
ШҰБАРЛЫ... Өзекті, ш ұ б а р л ы
өңірді арқа тұтты ма, еш сескенбестен
шұбала бұлаңдап жарқабақты өрлей берді
(А.Сейдімбеков, Тауға біткен., 33). Қысы-
жазы Лепсінің суын сағалаған көп тұяқ
осынау құнарлы өзеннің ш ұ б а р л ы
алқабын қу тақырға айналдыратындай
қауіп төнген-ді (Соц. Қаз., 18. 10. 1981, 3).
ШҰБАРЛЫҚ з а т. Шұбарлы (бұтасы,
шөбі қалың) жер, шұбар боларлық жер.
Кенет сонау шетте, сай-салалы ш ұ б а р л
ы қ т а жайылып жатқан қойлар бері қарай
дүркірей үрікті (Қ.Тоқмырзин, Үш кие, 10).
ШҰБАРТӨС з а т. Қыран құстың бір
түрі. Қырандар нəсіліне қарай: көкшегір,
шегірпая, қандыкөз, мұзбалақ, ш ұ б а р
т ө с, ішжарғыш, ақиық деп аталады (Ана
тілі, 14. 02. 2008).
ШҰБАРТЫШҚАН з а т. з о о л. Бұрын-
дық кейде осылай да аталынады. Бұрын-
дықты кейде боршатышқан, ш ұ б а р т ы ш
қ а н деп те атайды (Т.Мұсақұлов, Биол.
сөзд., 1, 94).
Ш Ұ Б АТ У. . . Е с е т А л ш ы н н ы ң
ақсақалдары өзін Көкжар жəрмеңкесіне
шақырыпты дегенді естігенде, ұзақ-ұзақ
қиял арқанын ш ұ б а т у м е н болған
(Қ.Тоқмырзин, Керзаман, 3, 266).
ШҰБЫРТПА з а т. э т н. Əйелдердің бас-
киіміне тағылатын, біріне бірі ілмектеліп
жасалған сəндік əшекейі. Күміс жүзіктер,
алтын ш ұ б ы р т п а л а р өңіржиекпен
шағылысып арудың ақ жүзіне күн сəулесін
ойнатып тұрған (Қаз. ұлттық киім., 4).
ШҰБЫРЫНШЫЛЫҚ... Қозының
өкпе ауруы, ш ұ б ы р ы н ш ы л ы қ қ а
түсуден, дұрыс оттықпаудан пайда болады
(Қазақст. ауыл шаруаш., 1970, №7, 55).
ШҰҒЫЛА з а т. э т н. Күн шапағы
секілді ою-өрнек. Ұмытылып бара жатқан
ою-өрнектердің өзі сан алуан: ш ұ ғ ы л а,
бітпес, арқармүйіз, сүрме, айшық, жұлдыз,
тышқан ізі т.б. (Қаз. əдеб., 13. 07. 1984, 12).
ШҰЖЫҚАН з а т. Сосиски қазақша
осылай аталынады. Ресейден сүт, сүзбе,
пыслақ (брынза), сүтсірне (сыр), шұжық,
ш ұ ж ы қ а н (сосиска), шүжікен (сардель-
ка) тəрізді ұқсатылған мал өнімдері келіп
жатыр (Ана тілі, 27. 11. 2008).
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
675
ШҰҚЫЛАН Шұқыла етістігінен
жасалған өздік етіс.
ШҰҚЫЛАНУ Шұқылан етістігінің
қимыл атауы.
ШҰҚЫРЫНДЫ с ы н. ж е р г. Ой-
ыс-ойыс, шұқыр-шұқыр. Мынау көрінген
«Қамысақты» дейтін көліміз. Осының
маңайы жыбырлаған ш ұ қ ы р ы н д ы
томар. Əр томарға 4-5 үйден қонып, бөлек-
бөлек отырғандары (Б.Майлин, Шұғаның
белгісі, 7).
ШҰЛҒАУ: Шұлғауын мойнына іліп
жүретін. Қалай болса солай киінетін, сал-
дыр-салақ. Не де болса үйіне барсаң ш ұ л
ғ а у ы н м о й н ы н а і л і п ж ү р е т і н
Можанның тойған қозыдай томпиып оты-
руында бір гəп бар (Ə.Кекілбаев, Дала
баллада., 100).
Ш Ұ Л Ғ АУЛ А Н Д Ы Р Ш ұ л ғ аул а н
етістігінен жасалған өзгелік етіс.
ШҰЛҒАУЛАНДЫРУ Шұлғауландыр
етістігінің қимыл атауы.
ШҰҢҒЫЛ: Шұңғыл келі. Түбі шұңғыл
болып келетін келі. Ағаш келінің екі түрі
болады: тақта келі, ш ұ ң ғ ы л к е л і. Ш ұ
ң ғ ы л к е л і тарыны қаралау, ақтауға пай-
даланылады (ҚСЭ, 5, 350).
ШҰРА з а т. т е х н. Газды, суды көбей-
тіп немесе азайтып тұратын тетік (вен-
тиль) (Қаз. ор. терм. сөзд., 16, 108).
ШҰРАЙЛАНДЫРЫЛ Шұрайландыр
етістігінен жасалған ырықсыз етіс. Өткен
жылы облыста 24 мың гектар жер осындай
əдіспен ш ұ р а й л а н д ы р ы л д ы (Лен.
жас, 06. 04. 1973, 4).
ШҰРАЙЛАНДЫРЫЛУ Шұрайлан-
дырыл етістігінің қимыл атауы.
ШҰРАЛАНУ Шұралан етістігінің
қимыл атауы.
ШҰРНА з а т. к ө н е. Езінді. Ал шыны-
на келсек, қызына тимеген Гаврилға риза
болған аспаз ана сол күні шарапқа күшəлə
ш ұ р н а с ы н ы ң қосылғанын əлдеқалай
сезіп қалып, князьға айт деп қызын жіберген
өзі еді (І.Есенберлин, Алтын орда, 1, 70).
ШҮЖІКЕН з а т. Сарделька қазақ
тілінде осылай аталынады. Ресейден сүт,
сүзбе, пыслақ (брынза), сүтсірне (сыр),
шұжық, шұжықан (сосиска), ш ү ж і к е н
(сарделька) тəрізді ұқсатылған мал өнімдері
келіп жатыр (Ана тілі, 27. 11. 2008).
ШҮЙ
1
... Бірнеше буда темір арқанды
домалатып əкеп, бір ұшын пароход тоқтай-
тын мықты ш ү й г е бекітіп, екінші ұшын тар-
қата жүгіріседі (Балдырған, 1972, №4, 6).
ШҮЙ
2
з а т. ж е р г. Ет салығы. Барлай
алмай жан-жақты Хан көтердің қалмақты.
Ш ү й г е алады жыл сайын, Біткен малды
салмақты (А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 357).
ШҮЙ
3
е т. к ө н е. Сүю, ұнату, жақсы
көру. Айдын ш ү й с е ң – тарлан ш ү й,
Көтерілген сона құтылмас. Жауға кисең
– берен ки, Егеулеген болат өте алмас
(Шалкиіз жырау: Нар заман., 26).
ШҮЙГІ е т. Еріккендіктен, қол
бостықтан қыдыру, ел кезу. ≈ Сен-ақ, ш ү
й г і п жүреді екенсің.
ШҮЙГІНДЕЛ Шүйгінде етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Мұның өзі өрістің
ш ү й г і н д е л і п, шұрайланып жетілетін
кезі (Соц. Қаз., 01. 06. 1972, 3).
ШҮЙГІНДЕЛУ Шүйгіндел етістігі-
нің қимыл атауы.
ШҮЙГІНДІК з а т. а у ы с. Жомарттық,
дархандық, берекелік. Сəкеннің қатынының
жылы қабағы, таңсық тағамды үйіп-төгіп
тастаған ш ү й г і н д і г і көңілін көтерер
емес (Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 77).
ШҮЙЕЛ е т. Құстың ұзақ уақыт ұшпай,
ұшырылмай отырып қалуы; бей-жай,
мең-зең, дел-сал болуы (Ж.Бабалықов..,
Қырандар, 106). Солай болса да ш ү й е л
і п қалған құстың топ қанат болып қалуы,
топ қанат болып қалған құстың ш ү й е л і п
қалуы мүмкін (Бұл да).
ШҮЙЕЛУ Шүйел етістігінің қимыл
атауы. Топ қанат сөзі мен ш ү й е л у
сөзі түсіндірілу жағынан бір-біріне жа-
қындау. Бірақ ш ү й е л у – құстың тұла
бойына, денесіне түгел қаратылған сөз
(Ж.Бабалықов, Қырандар, 106).
ШҮЙКЕ... 2. Будақ-будақ, шоғыр-
шоғыр. Ақбайтал шыңының төбесінде
жентек-жентек ш ү й к е бұлттар шөгіп
жатыр (Қ.Толыбаев, Бабадан., 21).
ШҮЙКЕЛЕУШІ з а т. Шүйке жасау-
шы. Ш ү й к е л е у ш і л е р де, иірушілер
де бізден кем қалмайды (Ғ.Сланов, Заман-
дастар, 90).
ШҮЙКІЛДЕП ү с т. ж е р г. Темсең
қағып, жалмаңдап. Өңіреңдеп жалмап
барады дастарқандағы бидайды түйіріне
дейін теріп жеп. Əсіресе екі бала ш ү й к і л
д е п өліп барады (С.Елубай, Ақбоз., 226).
ШҮЙЛЕ е т. Баптау, əспеттеу;
шүйілдіру. Суға салып ақ жем ғып берген
Байынқол Қалиев
676
етке тойғызып алған жапалағын Дүрдана
түлкі алдыратын бүркіттей ш ү й л е п
қолына қондырып алып, үй-үйдің арасын
тоздырады (Ж.Ахмади, Айтұмар, 110).
ШҮЙЛЕП ү с т. Қадап, тəптіштеп
(айту). – Берікбол үрікпесін, қорықпасын.
Шекараның ар жағына барып, паналай
тұрсын, - деп ш ү й л е п айтып жіберді
(Қ.Жұмаділов, Тағдыр., 233).
ШҮКЕТАЙ з а т. с ө й л. Асықтың ең
кішкене түрі; ешкі асығы, шүкейт. Екеуі
қол алысқаннан кейін «ш ү к е т а й ы н
ғана жігіт екен ғой», - депті таңғалып
(Мұқағали, 2011, №11, 66).
ШҮКІ з а т. Еркек иттің жыныс
мүшесі. Еркек малдың жыныс мүшесі: қаса
(айғырда), қамшы (бұқа мен қошқарда),
ш ү к і (итте) т.б. (Х.Қашағанов.., Ор.-қаз.
сөзд., 174).
ШҮКІРАНАЛЫҚ ... Ойларында
«мезі етіп жүйке тоздырған бір міндеттен
құтылдың-ау» деген ш ү к і р а н а л ы қ та
бар еді (Қ.Тоқмырзин, Үш ине, 217).
ШҮКІРДЕЙ с ы н. Шүкір сияқты,
шүкір тəрізді. Ш ү к і р д е й сарғайып
кеткен бірнеше адам тесіктен түскен
саңылауға құмалақ салып отыр (А.Жүнісов,
Өмір ізі, 117).
ШҮЛЕНГІР... «Түбі шикі» кірме сөз
емес, кəдімгі қазақтың ш ү л е н г і р тілінің
кезекті бір толғағында дүниеге келген сөз
(Қаз. əдеб., 01. 08. 1986, 11).
ШҮЛЕНГІРЛІК з а т. Шүленгір бол-
ғандық, жомарттық. Осы орайда жері-
мізді есімдеріне бекітіп беріп отырған
өзіміздің ш ү л е н г і р л і г і м і з д е н емес
пе деген ой келеді (Ана тілі, 06. 09. 1990, 7).
ШҮЛТІКЕЙ с ы н. ж е р г. Шолтаңдап
қалған, түкке тұрмайтын (адам). Кісі істі
болғанда осындай түкке тұрмайтын ш ү л
т і к е й л е р д і ң де басынып, шікірейе
қалатыны жанына тиіп тұр (Ə.Нұрпейісов,
Соңғы., 301).
ШҮМІЛДІК з а т. с ө й л. Шүлдік. Бұл
ойын шүлдік Ə.Диваевтың еңбегінде шілік,
басқа орыс ғалымдарының еңбектерінде
ш ү м і л д і к деп аталған (Б.Төтенаев, Қаз.
ұлт. ойын., 7).
ШҮРШІТШЕ ү с т. Шүршіт (қытай)
тілінде. Мен тап бір ш ү р ш і т ш е
сөйлеп тұрғандай бетіме бажырая қарап:
- Неғылған қаулы? – деді (Б.Соқпақбаев,
Таңд., 290).
ШҮРІЛДЕК з а т. з о о л. Үйректің
кішірек келген бір түрі (зуек). Қоқиқаз,
теңіз кептері, бізтұмсық, бірқазан, ш ү р і л
д е к, басқа да құстар еш өзгеріссіз біздің
заманымызға дейін жетті (Қорғалжын, 44).
Сан жағынан ең көбі – қызғыш, жылқышы,
тауқұдірет, дала қаншыры мен кішкене
ш ү р і л д е к торғай (Наурызым, 204).
Ш ү р і л д е к т і ң денесінің үсті сұр,
сұрғылт, төменгі жағы ақ түсті. Жемсауын-
да көлденең (жалпақ) қызғылт сары жолағы
бар (Қазақст. жануар., 44).
ШХУНА з а т. Екі я одан да көп
діңгекті кеме. – Анау танкерлерді айтпай-
ақ қояйын, иттің итақайы мініп жүрген ш х у
н а н ы ң біріне ие болатын жөнің бар еді
(Қ.Ысқақов, Қараорман, 192).
ШЫБАН з а т. Шегірткенің зиян-
ды түрі. Ш ы б а н деген шегіртке бар.
Ана бір жылдары егінді бітік өндіретін
болғарлардың жерінен көргем. Неғұрлым
көп өлтірсең, солғұрлым өсе береді
(І.Есенберлин, Алтын орда, 1, 193).
ШЫБЖЫҚТОРҒАЙ з а т. з о о л.
с ө й л. Шақшақай. Əлгібір сыбырлақ
сорлы əбден зықысы кетіп, əрі жұрттан
қысылып, ін аузындағы ш ы б ж ы қ т о р
ғ а й д а й қылп-қылп етіп өкініп отырады
(З.Қабдолов, Менің Əуезовім, 208).
ШЫБЫҚ... Ал шығыс медицинасын-
да маралдың ұрығы да, ш ы б ы ғ ы түрлі
дертке ем ретінде қолданылады (Туған
жер., 189).
ШЫБЫНЖЕГІШ з а т. з о о л. қ. Шы-
быншы. Ш ы б ы н ж е г і ш өзінің аты-
на сай бұтақтан бұтаққа секіріп, ұшып
бара жатқан шыбын, маса, шіркей не-
месе ұсақ көбелектерді аулайды (Құстар,
51). Ш ы б ы н ж е г і ш т е р ауадан
ұстаған жəндіктермен қоректенеді (Тірі
табиғат, 26).
ШЫБЫНҚАҒАР з а т. Жылқы
малының құйрығын күзегенде жоғарғы
жағын күзейді де, ұш жағын қимай кетеді.
Шыбынқағар дегеніміз сол қиылмаған ұш
жағы. Ал құйрығын түбіне дейін сыпыра
күзеп келеді де, ұшынан ғана ш ы б ы н қ а
ғ а р шашақ қалдырады (Білім жəне еңбек,
1986, №7, 37).
ШЫБЫНШЫ з а т. з о о л. Жапырақ-
ты ормандарда мекендейтін, басы ай-
дарлы, құйрығы ұзын, бауыры ақ, кішірек
(салмағы 20 г-дай) келген ашық түсті құс.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
677
Ш ы б ы н ш ы Қазақстанда Батыс Тянь-
Шань мен Қаратаудың жапырақты орман-
дарында ұялайды (Қазақст жануар., 101).
ШЫҒАЙ... Бұхарда бар бұлама, Ташкент-
те бар сұлама. Ел жаманы шығай ма? Ш ы
ғ а й д а н жақсы туа ма? (Алдаспан, 188).
Достарыңызбен бөлісу: |