Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет163/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   168

ШЫРПЫН... Көш бұрқ-сарқ ш ы р п 

ы  н  ы  п  жатқан  көк  теңізді  айналып  өтті 

(Ə.Кекілбаев, Үркер, 368). 



ШЫРТПЫРТ  з  а  т.  Екі-үш  литрлік 

шыны  ыдыс  (банкі).  Сары  Петро  өзі  ере 

келіп, көмірді түсіріп, қылдабайға тасып, 

ет жеп, Асқанбайдың үйінен əкелген бір ш 

ы р т п ы р т қымызды ішіп кетті (Н.Ораз, 

Сиқырлы., 173). 



ШЫРТЫЛДАҚ з а т. 1. Жаңа шайқалған 

сары май. Бір мінезі тағы бар, Не бұлай деп 

біле ме, Жағады деп жаныма Сары майын 



ш ы р т ы л д а қ, Алты қарыс созылып, 

Көп ішінде тамақты Ұялмай жер сылпыл-

дап (Ө.Ақжолұлы, Үриятнама, 60). Ш ы р

т  ы  л  д  а  қ,  жент,  сары  бауырсақ  толы 

дастарқан үстінде аң құмар Қоңырбай сары 

құсын недəуір-ақ мадақтайды (Ə.Көшімов, 

Екі бүркіт, 49). 2. Жылқының қайырылған 



іш майы (Қаз. этнография., 1, 204). Келіге 

салып  жармалаған  тарыны  сары  майға,



ш ы р т ы л д а қ қ а, тұзды қатыққа (сүз-

беге) қосып жаншып, қарынға салып қысқа 

сақтар еді (Қаз. əдеб., 01. 04. 1985, 14). 

ШЫРШАСЫЗ с ы н. Шыршасы жоқ, 

шырша  өспеген.  Оң  жақ  қапталдың  реңі 

сарғыш, ш ы р ш а с ы з, шырайсыз тырбың 

бұталар,  сұрғылт  тастар  (Ш.Мұртазаев, 

Қызыл жебе, 87). 



ШЫРШЫР  з  а  т.  От  жағып,  қар 

ерітіп, ауыз су алу тəсілі. Жұрт төбе етіп 

үйілген қардың жел жағына сексеуіл өртеп, 



ш ы р ш ы р жасап жатыр екен (С.Елубай, 

Ақ боз., 40). Əлгі айқай Ждақайдікі екен. 

Жұрт  ш  ы  р  ш  ы  р  д  ы  тастай  сап,  ауыл 

артындағы қырға ұмтылды (Бұл да). 



ШЫРЫҚСЫЗ  с  ы  н.  Берекеті  жоқ; 

пəтуасыз,  мəнсіз,  мағынасыз.  Шым-

шытырық ш ы р ы қ с ы з ойлар шақшадай 

басты шарадай етіп, шырмауықша шырмай-

ды (Д.Рамазан, Жылап аққан., 163). 



ШЫРЫЛДАУЫҚ:  Шырылдауық 

торғай.  з  о  о  л.  Торғайдың  тыным-

сыз  шырылдап  жүретін  бір  түрі.  Ит 

мұрыны өтпейтін шілікте томартауықтары, 

қамысшы,  торғай  тұқымдаст ардан 

сарышымшық, ш ы р ы л д а у ы қ  т о р 



ғ а й л а р тіршілік етеді (Қорғалжын, 23). 

Шырылдауық  шегіртке.  Шегіртке-

нің  бір  түрі.  Шыбын,  шіркей,  ш  ы  р  ы  л 

д а у ы қ  ш е г і р т к е, инелік, аралар - 

əрқайсысы  өз  қобызын,  өз  сыбызғысын, 

өз сырнайын үздіксіз тартады (М.Тиесов, 

Жиделібайсын., 63). 



ШЫРЫНДАН е т. Шырын пайда болу, 

шырын  шығу.  Майдың  басында  оңтүстік 

беткейлердің  қары  кетті.  Ұлпагүл  шешек 

жарды. Қайыңдар ш ы р ы н д а н а бастады 

(Марқакөл, 73). 



ШЫРЫНДАНУ  Шырындан  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ШЫРЫНДЫ: Шырынды жеміс. б и о 

л. Шырыны бар (көп) жеміс. Жемістер ш ы 



р ы н д ы  ж е м і с жəне құрғақ жеміс деп 

екіге бөлінеді. Қарақаттың жемісі – ш ы р 



ы н д ы  ж е м і с (Биология, 14). 

ШЫТ: Шыт тастау. э т н. Қаз-қатар 

отырған  адамдардың  біреуінің  артына 

білдірмей  орамал  тастап  кету  ойыны. 

Қимыл-əрекет  ойындарына  жататындар: 

ақсүйек, ақшамшық, ш ы т  т а с т а у, көр-

ші-көрші (татумысың-аразбысың), қызбөрі, 

қасқұлақ, айдап сал, инемді тап, қарамырза 

т.б. (Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 70). 



ШЫТЫР:  Шытыр  жеген  түйедей. 

Іші  кеуіп,  дөңбекшіген  (ыңыранған)  түйе 

сияқты. Ш ы т ы р  ж е г е н  т ү й е д 

Байынқол Қалиев

682

е  й  ыңыранып,  бүйір  тақастырып,  жерге 

жақындай түсті (Р.Отарбаев, Біздің ауыл., 

88). Құла қасқаның ертеңгі күні есіне түссе 

ш ы т ы р  ж е г е н  т ү й е д е й дөңбекшіп, 

аппақ  таңды  көзімен  атырады  (Ə.Тарази, 

Басынан Қаратаудың., 308). 

ШЫТЫРА  з  а  т.  ж  е  р  г.  Аппақ,  ақ 

шаңқан, жалтырақ жібек. Есіне баяғы ақ 

ш ы т ы р а киініп, теңбілкөкке мініп, сы-

ланып-сипанып ел қыдырып жүретіні түсті 

(Ə.Кекілбаев, Құсқанаты, 31). Ақ ш ы т ы 

р  а  сусып  түсе  қалғанда  ішінен  шошына 

қараған қос нəркес көз Əбілқайырды шар-

пып өтті (Ə.Кекілбаев, Үркер, 145). 

ШЫТЫРАДАЙ с ы н. Жалтырақ, жар-

қыраған.  Жақанның  көз  алдына  үсті-

басына ш ы т ы р а д а й ақ киіп жүрген өзі 

келді (Ə.Кекілбаев, Құсқанаты, 11). 

ШЫТЫРАЛЫ:  Шытыралы  жүзік. 

Шытырамен əшекейлеген, шытырасы бар 

жүзік. Қазақта жүзіктің жасалу мəнеріне 

қарай  құдағи  жүзік,  құстұмсық  жүзік, 

күмбезді жүзік, ш ы т ы р а л ы  ж ү з і к, т.б. 

түрлерге бөлінеді (Қаз. этнография., 1, 317). 



ШЫТЫРАШ  з  а  т.  Керегенің  көгіне 

кигізілген  түймедей  жылтырақ  əшекей. 

–  Керегенің  көгінің  ш  ы  т  ы  р  а  ш  ы  н 

жақсылап  сүртіңдер.  Көздің  жауын  ала-

тын болсын! (С.Сматаев, Алғашқы асу, 5). 

Бұдан соң жосамен боялған керегені сипа-

лап,  көктердің  түйіншек  басына  кигізген 

күміс ш ы т ы р а ш т ы шұқылады. Бұл 

əлі мықты екен (О.Бөкеев, Өз отыңды., 41). 



ШЫТЫРЛА е т. Шытыр жеп, іші кебу. 

Көктемде басқа шөп құрып қалғандай шы-

тыр жеп, ш ы т ы р л а п, жарылып өледі 

(Т.Əлімқұлов, Көкек айы, 40). Таулы жерде 

шытыр жеп, ш ы т ы р л а п іші жарылып 

өледі. Бір тəуірі, бұл жақта – құмшауыт жер-

де шытыр жоқ (Қаз. əдеб., 28. 11. 1986, 9). 

ШЫТЫРЛАҚ з а т. с ө й л. Шыртылдақ. 

Қоржындағы ш ы т ы р л а қ қ а не қой 

құйрығына емес, жаман тоңмайға бөктірген 

шамалы жент тақыр таусылды (М.Мағауин, 

Аласапыран, 101). 

ШЫТЫРЛАУ  Шытырла  етістігінің 

қимыл атауы.

ШЫТЫРЛЫ  с  ы  н.  Шытыр  өскен, 

шытыры  мол.  Ал  Асақай  төңірегі 

қалың  күйреуікті,  жантақты,  алаботалы, 

торғайоты, балықкөзді, теріскенді, ш ы т 

ы р л ы болып келеді (Қызылқұм, 19. 09. 

1970, 3). 



ШЫТЫРМА:  Шытырма  көйлек. 

Шытырма қадалған, шытырма тағылған 

көйлек. Сол кездегі ш ы т ы р м а  к ө й л 

е к, алтынды камзол, дүрия бешпент киген 

қазақ əйелінің сыртқы келбетін бергендей 

(Қаз. əдеб., 07. 09. 1984, 14). 

Шытырма  қазық.  Шытырамен 

əшекейленген, шытыралы қазық. Оймалы, 

шайы кілемді, Оңдап, солдап жаптырған, 

Жібектен бұйда тақтырған, Ш ы т ы р м а 

қ а з ы қ қақтырған (Ғажайып бау, 82). 

ШЫТЫРМАҚ з а т. с ө й л. Шытыра. 

Орталық музейге бара қалсаңыз, ш ы т ы р



м  а  қ  қағылған  көксауыр  кебісті  көруге 

болады (Лен. жас, 16. 08. 1990). 



ШЫТЫРМАҚТЫ  с  ы  н.  с  ө  й  л. 

Шытырасы  бар,  шытыралап  жасалған. 

Белінде  Харрон  құсханасының  қолдан 

илеген былғарысынан жасалған, кексалмен 

зерлеген ш ы т ы р м а қ т ы, оқшантайлы, 

кіселі  қайыс  белбеу  (Д.Сапаров,  Өткен 

күн., 34). 



ШЫТЫРМАЛА е т. с ө й л. Шытыра-

мен безендірілу, шытыралау. Меруертпен 

ш ы т ы р м а л а п, гауһар таспен безеген 

қызыл мауыты сəукелесі, аш белін қынаған 

алтын  оқалы  барқыт  камзолының  түсін 

ашқандай  жарасып  тұр  (І.Есенберлин, 

Алмас., 253). 

ШЫТЫРМАЛАУ Шытырмала етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ШЫТЫРМАЛЫ с ы н. Шытырмасы 

бар, шытырмамен өрнектелген. 

ШЫТЫРМАН__1'>ШЫТЫРМАН

1

 з а т. Биік əрі ну болып 

қалың өскен өсімдіктер (ағаш, бұта, шөп 

т.б.). Малтабар Мəмше батырдың отауына 

жалаңаш қыратпен емес, жарқабаққа өскен 



ш ы т ы р м а н н ы ң бір қабат жиегімен 

барады. (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз, 2, 43). 

Абадан белгі алған Малтабар жарқабаққа 

еппен  өңкеңдей  жетіп,  қалың  ш  ы  т  ы  р 



м  а  н  н  ы  ң  аяққа  оралуына,  бетін  осуы-

на  қарамай  жылдам  қимылмен  жүрді  де, 

«отау  осы  болды»  деген  мөлшерде,  күрт 

көтерілетін биікке тырмыса өрледі (Бұл да). 



ШЫТЫРМАН

2

 з а т. Сықырлауықтың 

арасына  жиілетіп  қаққан  жіңішке 

ағаштар.  Есік  түрулі.  Сықырлауықтың

ш ы т ы р м а с ы н ы ң арасынан əлдеқайда 

көз  ұшында  бір  жарық  жұлдыз  көрінеді 

(Б.Майлин, Таңд., 147). 

ШІГЕЛЕ  е  т.  Ешкіні  «шіге,  шіге» 

деп  шақыру.  Өзіміздің  жүні  жапырайған 

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі


683

тоқал  ешкіні  ш  і  г  е  л  е  п  жүріп  ұстап 

алып,  кішкене  дүңгіршекті  екі  тізенің 

арасына қысып қойып, жармаса бастадым 

(Қ.Қазиев, Иманжапырақ, 98). 

ШІГЕЛЕУ  Шігеле  етістігінің  қимыл 

атауы. 

ШІГЕЛІК з а т. Асықтың шіге жағы. 

Ауылда біз сақаны ш і г е л і г і н е қорғасын 

құйып,  жылқының  зопайтынан  немесе 

құлжадан  жасайтын  едік,  қала  балалары 

оны  сиырдың  топайынан  жасайды  екен 

(Ж.Алтайбаев, Таңд. шығ., 309). 



ШІДЕР з а т. а с т р. х а л қ. Үшарқар. 

Малшылар Арқаржұлдыз, Үшарқар, Тара-

зы, Ш і д е р деген атаулармен мəлім болған 

Орион шоқжұлдызын мұқият қадағалаған 

(ҚазССР тарихы, 2, 374). Үшарқардың Ш і 

д е р аталынуы осы кейінгі үшеуді алдыңғы 

үшеуге Қосақтап, Шідерге ұқсайтындықтан 

болса керек (М.Исқақов, Қаз. календ., 22). 

ШІДЕР: Шідер бойы. Шідердің ұзын-

дығындай  өлшем.  Күн  ұясынан  ш  і  д  е  р

б о й ы ұзаған екен (С.Досанов, Қыран., 144).

Түнде шымыр аяз болғанымен, күн шыл-

быр бойы көтерілгеннен батыс жиекке ш і д 

е р  б о й ы қалғанша аяздың иі жұмсарып-ақ 

тұрады (Қаз. əдеб., 18. 03. 1983, 3). 



ШІЖІК  з  а  т.  Балалар  ойынының  бір 

түрі.  Шындап  келсе  көп  тəрбиенің  өзегі 

осы  əртүрлі  ойында  жатыр.  Бүгін  асық, 

ертең ақша (тиын) ойыны. Бүгінгі ш і ж і к,

ертең  лəңгі.  Осының  орнында  доп  ойнау, 

доп-таяқ  ойнау,  теннис  ойнау  көш  ілгері 

ғой (С.Сарғасқаев, Көңілді., 345). 



ШІКƏМШІЛДІК  з  а  т.  Шікəмшіл 

болғандық, кінəмшілдік. Бірақ кедейге тəн 

кекшілдігі, серіге тəн ш і к ə м ш і л д і г і,

еркек  кіндікке  тəн  намысқойлығы  тұла 

бойын  буып  алды  (Э.Төреханов,  Таудан., 

290). Сорың қайнап жүрген жоқсың. Пен-

деге ш і к ə м ш і л д і к не керек (Ə.Байбол, 

Теміржол., 146). 

ШІКЕРТТЕН  е  т.  Ауырып  қалу, 

сырқаттану. Қабира бұл жолы да мазалаған 

жоқ. Ш і к і р т т е н г е н н е н сау ма деп 

қана  күдіктенеді  (М.Сқақбаев,  Ұят  тур., 

209). Бала ш і к е р т т е н е р, басың ау-

ырып,  балтырың  сыздар,  сонда  қайтесің 

(Бұл да, 219).



ШІРКЕТТЕНУ Шіркеттен етістігінің 

қимыл атауы. 

ШІКІН о д. с ө й л. Шіркін. – О, ш і 

к і н - а й, - деді Сауранбай, «шіркін-ай!» 

деген сөздің «р» əрпін əдейі алып тастап 

(Ж.Жұмақанов, Замана., 31). 

ШІКІРЕҢДЕ е т. Шіңк-шіңк етіп дауыс 

көтеру,  дікіңдеу.  Өмірде  ештеңеден  беті 

қайтып көрмеген ер жігіт өзінің тырнағы-

на тұрмайтын мына бір шілтікейдің ш і к і р 

е ң д е г е н і н е күйініп тұр (Ə.Нұрпейісов, 

Соңғы., 351). 



ШІКІРЕҢДЕУ Шікіреңдеу етістігінің 

қимыл атауы. 

ШІЛ:  Шіл  аяқ.  Сидиып  қалған,  жіп-

жіңішке  аяқ.  Алушысы  түскір  де  алуан-

тын. Желпілдеген жасы, сүйріктей сұңғағы, 



ш і л  а я қ сидаңы, балпаң қаққан бөкселісі... 

(Р.Отарбаев, Бідің ауыл., 36). 



Шіл  сирақ.  Шілдің  сирағындай  жіп-

жіңішке  сирақ.  Алдында  мүйізі  абажа-

дай  қоңыр  құлжа,  соңына  таман  жанына 

шыбындай  ғана  ш  і  л    с  и  р  а  қ  құрала-

йын  ілестірген  ене  киік  (Е.Тұрысов, 

Құралай., 69). 

ШІЛƏПІ  з  а  т.  Бастан  күн  өткіз-

бейтін  жаздық  баскиім.  Күнге  қурап 

ескірген  сұр  ш  і  л  ə  п  і  с  і  н  і  ң  ернеуі 

желпілдеп  барады  (З.Иманбаев,  Қос  қа-

йың, 538). 



ШІЛБІК  с  ы  н.  Шілбиген,  ілмиген. 

А л ғ а н ы   о с ы   ө з д е р і н е   к ө р ш і л е с 

«Қосағаштың»  қызы.  Жуас,  үндемес,

ш і л б і к сары көрінді (Ш.Құмарова, Əйел 

шырағы, 9). 



ШІЛДЕКҮЗЕТ з а т. с ө й л. Шілдехана. 

Ана аман-есен босанған соң, ауыл жастары-

на арналған, шағын тойды өткізетін. Мұны 

ш і л д е к ү з е т деп атаған (Ана тілі, 22. 

11. 1990, 7). 



ШІЛДЕҚОҢЫЗ...  Тұс-тұстан  шы-

рылдаған ш і л д е қ о ң ы з д а р д ы ң үні 

ғана естіледі (Д.Исабеков, Тіршілік, 10). 

ШІЛДЕКІ  с  ы  н.  Ерте  (шілдеде) 

пісетін.  Асқар  дихан  қолымен  егістік 

алқапқа шашылатын ш і л д е к і жүгерінің 

көлеміндей жапалақтап жауған ақ ұлпадан 

көз айырмай, қиялға шомады (Е.Əкімқұлов, 

Перизат., 23). 

ШІЛДЕЛІКШЕ ү с т. Шілделік тəрізді, 

шілделік  сияқты.  Коляның  мөлие  қалған 

монтаны  пішіні  оған  тым  жексұрын 

көрінді  де,  есіне  түнеугүні  ш  і  л  д  е  л  і 

к  ш  е  шырылдатқан  ысқырығы  сап  етті 

(М.Ысқақбаев, Қырық қыз, 103). 



ШІЛИЯЛА  е  т.  Шілия  тағу,  шілия 

бекіту. Енді, міне, ш і л и я л а п жеккен күрең 

Байынқол Қалиев

684

ат желе жортып келеді (Ж.Молдағалаиев, 

Самал, 8). 

ШІЛИЯЛАУ Шілияла етістігінің қи-

мыл атауы. 

ШІЛМАН...  Ш  і  л  м  а  н  (чехоно) – 

ұзындығы 15-20 см-дей балық. Жайықта, 

каспийде кездеседі (Ана тілі, 02. 10. 2008,4). 

ШІЛПІК  з  а  т.  э  к  с  п  р.  Шілмиіп, 

ілмиіп қалған, арық, əлсіз. – Сол ш і л п і к 

т і ұрмай-ақ қоюым керек еді, қолым тиіп 

кетті, - деді (С.Байжанов, Ақ маржан, 16). 



ШІЛТЕР: Шілтер біз. Шілтер тоқуға 

арналған біз. Ш і л т е р  б і з д і ң ұшынан 

да ілмек шығарылады (Шаңырақ, 104). 



ШІЛТЕРЛІ с ы н. Шілтері бар (шам). Үй 

іші таза, шамдары түгел жиырмалық, шы-

тырман ш і л т е р л і шамдар (Ғ.Мүсірепов, 

Жат қолында, 14). 



ШІЛТІК...  Оу,  мына  шіби  қораздай

ш і л т і к жайына тұрсын, əйтпесе келсап 

жұдырығым  қышиды, - деп  хахахалай 

даурығады (Д.Досжанов, Жолбарыс., 300). 

ШІЛІК  з  а  т.  с  ө  й  л.  Шүлдік. – Не 

ойнайсыңдар? – Не болсын. Асық ойнай-

мыз. Ш і л і к ойнаймыз. Бірақ қазір күн 

ыссы, - дедім  мен...  Көктемде  бірауық 

«Бөріктеппей»  ойнаймыз  (С.Серғалиев, 

Тəмпіш қара, 76). 



ШІМІРКЕНУСІЗ  с  ы  н.  Ұялмай-ақ, 

шімірікпей-ақ.  Өз  ошағының  есігін  ол 

ештеме ойламай-ақ, ш і м і р к е н у с і з

тітіркенусіз келіп ашты (С.Шаймерденов, 

Өмір нұры, 404). 



ШІМІРКЕНІҢКІРЕ  е  т.  Аздап  ші-

міркену, ұялыңқырау. Одан соң топ-толық, 

ақ сары, ажарлы келіншекті ш і м і р к е 



н  і  ң  к  і  р  е  п  маңдайынан  сүйген  болды 

(Т.Əбдіков, Көкжиек, 10). 



ШІМІРКЕНІҢКІРЕУ  Шіміркенңкіре 

етістігінің қимыл атауы. 

ШІҢГІР з а т. Жас құлынның кісінеген 

жіңішке  даусы.  Адасқан  құлындардың 

ш  і  ң  г  і  р  і  мен  енелерінің  арқыраған 

кісінеулері тар сайды керіп бара жатқандай 

(М.Разданұлы, Алтай., 231). 

ШІҢКІЛДЕК  з  а  т.  м  у  з.  Қазақтың 

даусы шіңкілдеп қалған саз аспабы. Əйтсе 

де дудыға, тоқылдақ, ш і ң к і л д е к, бо-

заншы, егек, ауызсырнай, уілдек, желбуаз 

секілді аспаптарды қалпына келтірген саз 

аспаптар музейі тағы да қоссаз бен сазгенді 

қатарға  қосты  (Қаз.  əдеб., 09. 11. 1984, 

15).  Қазақтың  əйгілі  көне  аспаптарының: 

дудыға, сырнай, асатаяқ, сазген, ш і ң к і л 



д е к немесе кəдімгі домбыраның сиқырлы 

үнін  ұғып,  мүмкіндігін  күшейткен  жөн 

(Жұлдыз, 1974, №9, 184). 

ШІРЕ

1

... Қақ дегеніңіз қандай еді онда. 

Шартақтың  астына  ш  і  р  е  с  і  сорғалап 

тұрушы еді (Т.Нұрмағамбетов, Ата қоныс, 

126).  Тек  бір  ай  өткеннен  кейін  ғана  ара



ш і р е мен тозаң іздеу үшін алыс жақтарға 

қанат қағады (Жəндіктер, 82). 



ШІРЕ

е т. Керу, кернеу. Биыл Сыр суы 

да ағыл-тегіл сары лай толқып, кенересін

ш і р е п, жарға ұрып жатыр (З.Шүкіров, 

Қиын  түйін, 70). Қарқындары  ш  і  р  е  п

бойлары  ауырлай  бастаған  кезде  олар 

Сарысудың қалың шиінің ішіне келіп кіреді 

(Қаз. əдеб., 06. 09. 1973, 4). 

ШІРЕ

з  а  т.  к  ө  н  е.  Тұтқынның, 



құлдың шашын алып, тақырлаған басына 

қапталатын ірі қараның жас терісі. Ол 

үшін алдымен тұтқынның шашын тақырлап 

алып, жас сойылған түйенің мойнағын не 

сиырдың терісін басына қаптайды. Мұны 



ш  і  р  е  деп  атаған  (Ш.Айтматов,  Құз 

басындағы., 122). 



ШІРІҢКЕ  з  а  т.  Саудаласушылардың 

арасында делдалдық жасағаны үшін ала-

тын  ақы;  шірінкене.  Ш  і  р  і  ң  к  е!  Оны 

Бөрібек  жобалап  түсінеді.  Шіріңкешінің 

қай  заманда  да  болғанын,  оның  жолы 

жіңішке  екенін  Бөрібек  білмейді  (Туған 

де., 32). 

ШІРІҢКЕШІ  з  а  т.  Шіріңке  алушы, 

делдал.  Делдалдық  деуге  де  келмей  ме, 

қалай? Əйтеуір, Ахтиярдың қыр жұртында 



ш і р і ң к е ш і атанғаны анық (Т.Əлімқұлов, 

Көкек айы, 35). 



Ы

ЫБАН з а т. к ө н е. Ел басы, ақылшы 

аға.  Жасөспірім  Аттиланы  Ұрым  еліне 

жолға шыққанда бастап жүрген ғұндардың 

сол  тұстағы  белгілі  ы  б  а  н  ы  Далбаның 

есімін Адолба деп өзгертіп алған (А.Сатаев, 

Бəрі де., 33). 

ЫҒЫ:  Ығы  келмеді.  Реті  келмеді, 

жөні  түспеді.  Үй  болғалы  ел  қатарлы 

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі


685

болуға  қанша  тырысса  да,  шалғайы 

шалқасынан түскен шаруаның ы ғ ы к е л 

м е д і (Т.Қосуақ, Мəрмəр., 50). 

Ығы  кетті.  Мазасы  қашты,  берекесі 

кетті.  Бұл  түйешілерді  көшіріп  əкелуге 

барса, кемпір-шалдар қарашаның суығына 

ұшырап, ы ғ ы  к е т і п жаурап отыр екен 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 102). 



ЫҒЫН... Қыздар көк шыбықтан ы ғ ы н 

ы п қалғандай қайырып сөз айтпастан іске 

кірісті (Ж.Мусин, Туған үй., 23). 



ЫҒЫТТЫ... Егінге əуелі тұқым, содан 

соң  күтім,  бағым,  ы  ғ  ы  т  т  ы  ауа  райы 

қажет (М.Мағауин, Мен, 172). 

ЫЖДАҒАТТЫЛЫҚ з а т. Ыждағатты 

болушылық, ұқыптылық. Онда сол кездегі 

жер атаулары, топографиялық белгілер сон-

шама бір ы ж д а ғ а т т ы л ы қ п е н түсі-

рілген (Ж.Бейсенбаев, Жасын-тағдыр., 32). 



ЫЖДАҒАТШЫЛЫҚ  з  а  т.  Ыжда-

ғатпен  істегендік,  ұқыптылық.  Сол 

жерді  халықтың  ы  ж  д  а  ғ  а  т  ш  ы  л  ы 



ғ  ы  м  е  н,  кəсіпқоршылығымен,  білімді 

өнерпаздығымен осы уақытта тұтас бақша 

қылып жіберді («Қазақ» газеті – 1913, 203). 

ЫЗ е т. 1. Жіңішке жіптерді ширатып, 

оның  үшеуін  (үш  талын)  арқан  сияқты 

тартып,  бастарын  қосу. 2. Матаны 

жіңішкелеп  қиып  алып,  оны  ширатады 

да, инемен көлденеңінен тігу (сөйтіп бау 

жасау). Оның бауларын ы з ы п əзірлейді 

(Ата  салты., 123). Ол  сырыған  мақта 

шалбарының ы з ғ а н бауын баптап байла-

ды (Лен. жас, 12. 07. 1987). 



ЫЗБА:  Ызба  айыл.  Ызып  жасалған 

айыл. Айылдың ызбалап жасалған ы з б а 

а й ы л деген түрі де болады (Қаз. этногра-

фия., 1, 99). 



Ызба баулы. Ызып жасалған бауы бар. 

Жасы үлкен кісілерге сырма сым, шекпен, 

шолақжең, ы з б а  б а у л ы жейде тігеді 

(Қ.Толыбаев, Бабадан., 236). 



ЫЗБАЛА  е  т.  Ызу,  ызып  тігу. 

Кимешектерінің  маңдайларына  үлкенді-

кішілі моншаққа ы з б а л а п, күміс бауға 

бекітілген салпыншақ таққан (Қ.Толыбаев, 

Əсет, 347 ).

ЫЗБАЛАУ Ызбала етістігінің қимыл 

атауы. 

ЫЗБАЛЫ  с  ы  н.  Ызып  жасалған. 

Айыл-тұрман  жасалу  жолы  мен  негізгі 

материалына  қарай  өрмелі,  түймелі  жəне 

ы з б а л ы айыл-тұрман деп бөлінеді (Қаз. 

этнография., 1, 100). Ы з б а л ы айылстұр-

ман атқа əрі жеңіл, əрі жайлы келеді (Ата 

салты., 100). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет