Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет19/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   168

ƏСКЕРИ: Əскери ер. Көбінесе əскерлер 

мінетін жеңіл ер. Ердің қазақы ер, қалмақы 

ер, қоқандық ер, ə с к е р и  е р деген түрлері 

болған (Қаз. əдеб., 01.11.1974, 3). 

ƏСКЕРКОМ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Əскери 

комиссариат.  Тоғызыншы  класты  бітіре 

салып ə с к е р к о м ғ а барады (Ана тілі, 

26.04.1990, 2). 

ƏСҚИЯШЫЛ  с  ы  н.  Əсқияға  жаны 

құмар;  сықақшыл,  мысқылшыл.  Осының 

өзі қазақ бақсысы емес, қашқарлық ə с қ и я-



ш  ы  л  масқарампаз  да  болуы  мүмкін-ау 

(А.Сатаев, Бəрі де., 218).



ƏСПЕ з а т. Ақталған күріштен бөрт-

тіріліп  жасалған  тағам.  Оның  үстіне 

біздің шешелеріміз ол тұста осы ақталған 

күріштен  палауды  айтпағанның  өзінде 

шəуле,  ашымал,  пəтір,  талқан,  түшпара, 



80

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ə с п е сияқты толып жатқан тəтті тағамдар 

əзірлейтін (Қаз. əдеб., 28.10.1983, 3). 



ƏСПЕНСІ е т. Күшею, асқыну. Ол күні 

шілденің  ми  қайнатар  қақтама  ыстығы, 

тіпті, ə с п е н с і п алған (О. Бөкеев, Үркер, 

35). Желдің ағымы бағанадан бетер ə с п е 



н с і п алған (Бұл да, 97). 

ƏСПЕТ з а т. Құрмет, сый, қошемет. 

ƏСПЕТТЕГЕНДІК  з  а  т.  Қастер-

л е г е н д і к ,   ə рл е г е н д і к .   Б і р   ке зд е р і 

қабырғаларын əшекейлі қағазбен ə с п е т 



т е г е н д і г і н е н не пайда, қазір көрсең 

жүрегің айниды (Қ. Жиенбай, Даңқ., 16).



ƏСІР  з  а  т.  к  ө  н  е.  Тұтқын.  Хазірет 

Сұлтан мешітін салған бас шебер 1387 ж. 

Əмір-Темір  ə с  і  р  (тұтқын)  қылып  алған 

Шираздық қожа Хұсайын деген адам екен 

(«Қазақ» газеті – 1913, 171).

ƏСІРЕЛЕН е т. Ерекше əсерге ие болу, 

əсер алу. Ол осы орайда ə с і р е л е н і п,

айналаға  құмар  пішінмен  қарап  алып, 

туған мекеніне айналған бұл тұрақты мақ-

тан  етіп,  серпінді  сөйлейді  (Б.Мұстафин, 

Жайнаған., 7). 

ƏСІРЕЛЕНУ  Əсірелен  етістігінің 

қимыл атауы. 

ƏСІРЕҢКІЛІК  з  а  т.  Əрі-сəрілік,  та-

банының бүрі (бедері) жоқтық. Жанардың, 

əсіресе, кешкі демалыс кезіндегі ə с і р е ң 



к і л і г і н айтсаңшы (Ə. Табылдиев, Қой 

бағу., 98). 



ƏТЕК:  Əтек  етті.  Əтек  жасады, 

белсіздендірді. Қылмысы үшін ə т е к  е т у 

(ақтау) жазасына өкім етілді (Егем. Қазақст. 

31.07.2002, 8). 

ƏТЕШШЕ ү с т. Əтеш тəрізді, əтеш 

сияқты. Еш өнері болмаған қонақты ə т е 

ш ш е шақыртып, сиырша мөңіретіп келеке 

ететін (Х. Арғынбаев, Қаз. халқы., 102). 



ƏТУЕРЛЕ  е  т.  ж  е  р  г.  Беделін  өсіру, 

қадірлеу. Арман мектептен бес алып келсе 

де, «көкесіне тартқан» деп ə т у е р л е й т і -



н і н қайтерсің (Қ. Жұмаділов, Атамекен, 83). 

ƏТУЕРЛЕУ Əтуерле етістігінің қимыл 

атауы. 

ƏТШУЛЕ  е  т.  «Əтшу», «əтшу»  деп, 

малды жүргізу. Бұйдасынан тарта ə т ш у

л  е  п  «ақшелек  келгір,  жатқан  жеріңде 

жайрап, пышаққа ілінгір иттің малы» деп 

қарғаған  қатындардың  дауысы  естіледі 

(А.Жұмаділдин, Сен бұзыл, 42). 



ƏТШУЛЕУ Əтшуле етістігінің қимыл 

атауы. 

ƏТІРƏТ з а т. с ө й л. Отряд. 1943 жыл-

дың қысынан өңірдің əр жерінде партизан 



ə т і р ə т т е р і құрылып, төңкерістік кү-

ре сті  күшейте  түсті  (Т.Мəме сейіт, 

Таңжарық, 2, 375). 

ƏТІРЛЕТ е т. Əтір сепкізу, əтір жақ-

тыру. Жүрер күні Мұса ə т і р л е т і п

шашын, сақал-мұртын бастырды, қылаулы 

бұйра  басқа  шляпа  киді  (Ə.Тарази,  Тас-

жарған, 276). 



ƏТІРЛЕТУ Əтірлет етістігінің қимыл 

атауы. 

ƏТІСТАТ  з  а  т.  Орта  мектепті 

бітіргендігі  туралы  берілетін  құжат. - 

Өзің деп келдім, барымды қалтама басып 

келдім,  түсір  оқуға  менің  баламды,  екі 

күннен соң келеді ə т і с т а т ы н алып 

(Ə.Тарази, Тасжарған, 135). 

ƏТІШКІР  з  а  т.  Шоқ,  көмір,  т.б.  қол 

күйетін  заттарды  ұстауға  арналған 

құрал;  шымшуыр  (Ə.Нұрмағамбетов, 

Түрікм, қаз. тілі, 72). 



ƏУЕДОП з а т. ж а ң а. Валейбол. 

ƏУЕДОПШЫ з а т. ж а ң а. Əуе доп ой-

наушы. Ə у е д о п ш ы арулар Олимпиадаға 

барады (Айқын, 27.05.2008).



ƏУЕГЕР з а т. с ө й л. Ғарышкер. Не 

тапқырдан ой тапқыр – Ғарышқа зымырап 

жүргізген; Не тəңірден ой тəңір – Көкке ə у 

е г е р жүргізген (Қаз. əдеб., 14.04.1976, 4). 

ƏУЕЗДЕН  е  т.  Əуезге  ие  болу.  Əуелі 

құлаққа бұл қаңғыр-күңгір мазасыз тиген-

мен, əуен бірте-бірте ə у е з д е н і п, мына 

түнмен үндес бір қоңыр күмбірге ауысты 

(Ш. Мұртазаев, Қара маржан, 47). 

ƏУЕЗДЕНУ Əуезден етістігінің қимыл 

атауы. 

Ə У Е ЗД Е С   е   т.   Ү н д есу,   ү й л есу. 

Маңыраған,  қойлар  азан-қазан,  ысқыра 

соққан  боранмен  ə  у  е  з  д  е  с  і  п,  көз 

көрмейтін түнекке сіңіп жатты (Лен. жас, 

13.06.1974, 2). 

ƏУЕЗДЕСУ Əуездес етістігінің қимыл 

атауы. 

ƏУЕЗЕ з а т. Құмар, əуес, сəн. Айтты – 

бітті, құр шапқылай бергенді ə у е з е көріп 

алған екенсіңдер түге (Т. Тілеуханов, Біздің 

əке., 138). Мəселен, соғыстан кейінгі жыл-

дары əскери киімге ұқсас тік иық, жалтырақ 

белбеу ə у е з е болды (Білім жəне еңбек, 

1986, 7, 40). 

 ƏУЕЙІЛЕНДІР Əуейілен етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  Кейбіреулер 


81

Байынқол Қалиев

жылмаңдап,  адамның  іші-бауырынан

өтіп, ауылдың жастарын ə у е й і л е н д і р е 

т і н д і шығарды (Б. Майлин, Таңд., 132). 

Өз балаларын ə у е й і л е н д і р і п, ақымақ 

қылғанмен  тұрмай,  менің  балаларымды 

əуейі қылғысы келеді (С. Торайғыров, Таңд. 

шығ., 337). 

ƏУЕЙІЛЕНДІРУ  Əуейілендір  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ƏУЕНДІК  с  ы  н.  Əуенге  қатысты, 

əуенге  байланысты.  Əр  музыкалық 

шығарманың  оркестрге  лайықталып 

өңделгендегі өзіндік ə у е н д і к, ырғақтық, 

тональдық ерекшелігі болады (Аңыз адам, 

2012, 15, 22). 

ƏУЕНШІЛ  с  ы  н.  Əуенді  жақсы 

көретін,  əуен  салатын.  Бұл  бірақ – 

тығырыққа  тірелген  сары  уайым  емес, 

кездейсоқ  қара  шыбын  қонса, «дың»  ете 

қалатын  домбыраның  шегіндей  əсершіл,



ə у е н ш і л толқыма көңіл сырын байқаймыз 

(С. Жұмабеков, Гүлзар, 4). 



ƏУЕТ з а т. с ө й л. Əуіт. Аманкелді 

ə у е т т і ң жылғасымен жағалап барып, 

судағы қармаққа қол сала берген Бекешті 

жұдырықтай күйдірген кесекпен қойып-ақ 

өткен еді (Р. Аманкелдиев, Батырдың., 26). 



ƏУКЕШ з а т. э к с п р. Жас бұзау, бұзау-

қан. Əукім-əукім, ə у к е ш і м, Қасыйыншы 

əукесін.  Енең  əне  келеді,  Ақ  мамасын 

береді (І. Жансүгіров, Шығ., 62). 

ƏУКІМДЕ е т. Əукім-əукім деп шақыру. 

Əлгіндегі бар əбігер: біреу мөңкесін іздеп, 

біреу көкқасқасын «ə у к і м д е г е н» дабыра 

абыр-сабыр басыла қалған (Ш. Құмарова, 

Сəуірдің., 78). 

ƏУЛЕКІЛЕУ  с  ы  н.  Əңгүдіктеу, 

əумесерлеу. – Сенің, Нұрбегің ə у л е к і л е у

ме, қалай?! (Т. Əлімқұлов, Шежірелі., 84). 



ƏУЛЕТЕСІМ з а т. ж а ң а. Фамилия. 

Сондықтан  да  біз  алғашқы  қадамнан-ақ



ə у л е т е с і м д е р і м і з д е г і отарлық

« - ов», « - ев»  жұрнақтарын  жоюды 

көтердік (Ана тілі, 01.08.1991, 7). 

ƏУЛИЕ з а т. т а б у. Шешек ауруы. Бір 

жолы бүкіл тұла бойымды қалың ə у л и е 

(шешек)  басып,  тұралап  жатқанда,  ауыл 

шетіне жау таянғанын естідім (Қаз. əдеб., 

21.06.1985, 12). 

ƏУЛИЕ:  Əулие  ағаш.  Иен  далада 

жалғыз өскен ағаш, қасиетті ағаш. Қазақ 

жапан далада жалғыз өскен ағашты ə у л и е



а ғ а ш немесе киелі ағаш деп санап, оны 

кеспейді, зақым келтірмейді. Сол жерлерде 

түнейді, шүберек байлайды (Қаз. этногра-

фия., 1, 46). 



Əулиелердің əулиесі. п е р и ф р. Қожа 

Ахмет Яссауи д.м. Ə у л и е л е р д і ң  ə у л 

и е с і Қожа Ахмет дін ислам туының иесі 

еді (Түркі əлемі, 2006, 7, 7). 



ƏУЛИЕАТА:  Əулиеата  сиыры. 

Сиырдың  Оңтүстік  Қазақстан  облы-

сына  кең  тараған,  түсі  қара  ала,  сүтті 

тұқымы. Ə у л и е а т а  с и ы р ы жергілікті 

жердің  ауа  райына  тез  бейімделеді  (Қаз. 

табиғ., 1, 195). Қырдың  қызыл  сиыры, 

ə у л и е а т а  с и ы р ы сияқты арнаулы 

сүт  малдарын  өркендетуге  даңғыл  жол 

ашу  керек  (Қазақст.  ауыл  шаруаш., 1968, 

4, 50). 


ƏУЛІКПЕ... Жастықтың ə у л і к п е с 

і м е н барып қалғандардың бірсыпырасы 

екі-үш айдан кейін қожырап, кері қайтып 

жатты (К. Ахметбеков, Егіз қала, 432).

ƏУМЕСЕРЛЕНДІРУ  Əумесерлен-

дір  етістігінің  қимыл  атауы.  Ол  шар 

соққан  сайын  қошаметші  жұрт  «О,  пəле-

ай!» десіп, мақтаншақ қазақты одан сайын 

ə у м е с е р л е н д і р у д е (Ə. Нұршайықов, 

Ақиқат., 115). 



ƏУПЕЙІ с ы н. Əуес, құмар. Əуелде ат 

үстіне құмар, ə у п е й і емес еді, ел-жұрты 

қошеметтегесін  қорсынғысы  келмеді  (О. 

Сəрсенбаев, Жақсының көзі, 26). 



Ə У П Е Й І Л І К   з   а   т.   Қ ұ м а рл ы қ , 

құштарлық, əуестік. Осындай алапат қару 

иесін  қартайғанға  жорып  шамына  тиюім 

анық ə у п е й і л і к екенін біліп, шеттеп 

кеттім (Бұл да, 143).



ƏУПІЛДЕС  Əупілде  етістігінен 

жасалған  ортақ  етіс.  Иек  астындағы 

жотаның ар жағынан ə у п і л д е с е үрген 

иттердің  даусын  естілді  (С.  Сматаев, 

Алғашқы., 19). 



ƏУПІР е т. ж е р г. Құтыру, еліру, есіру; 

толқын  ату.  Жел  көтерілсе,  теңізде  көк 

толқынды көкке атып ə у п і р е бастайды 

(Ə, Нұрпейісов, Соңғы., 132). 

ƏУПІРУ  Əупір  етістігінің  қимыл 

атауы. 

ƏУПІРІМ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Құтырған, 

есірген.  Оның  үстіне  осынау  ышқынып 

соғып  тұрған  ə  у  п  і  р  і  м  желден, 

өкірген  теңізден,  өкіректеген  əумесер 

толқындардың  гүрілінен  құлағы  бітіп 

қалды (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 290). 


82

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ƏУПІРІМДЕУ с ы н. ж е р г. Күшті-

л еу,  қарқындылау.  Осы  баласының 

өзі алдындағы екі ағасынан гөрі ə у п і р і м -



д  е  у  ме  қалай! (Ə.Кекілбаев,  Елең-

алаң, 104). 



ƏУРЕГЕР  с  ы  н.  Ылғи  əуреленіп 

жүретін, əуреге түсуші (адам).

ƏУРЕГЕРШІЛІК  з  а  т.  Əуреге 

түскендік, əуреленушілік. Жаз бойы ə у р 

е г е р ш і л і к т і ң түйіні шешілгендей 

болғанда, жұрт бірден қатты өзгеріске тап 

келген (Ж. Ахмади, Айтұмар, 86). 

ƏУРЕТ...  Сасқа лақт ап ,  кереует 

үстіндегі  ақ  жайманы  жұлып  алып  ə  у  р 



е т і н жапқан (Д. Бейсенбекұлы, Əулие-

ағаш., 22). Бұл  қауыммен  сіңісіп  кету 

үшін  мен  де  түзкиімді  тастап,  ə  у  р  е  -

т і м д і көрсетуім керек екен (М.Мағауин, 

Мен, 129).



ƏУІРЛЕП ү с т. ж е р г. Ысып, жалын-

дап. Шөбі күйіп кеткен жер беті ə у і р л е п

өртенгелі  тұрғандай.  Аптабы  бет  қариды 

(С. Елубай, Ақ боз., 66). Күн ұлы сəскеге 

таянғанда  дала  өлкесі  ə  у  і  р  л  е  п  ысуға 

айналды (Бұл да, 256). 

ƏУІТТІК  с  ы  н.  Əуіт  боларлық, 

əуітке  жарамды.  Ылдида  ə  у  і  т  т  і  к 

шүңейт қазып жүрген бульдозер келтірілді 

(Т.Əлімқұлов, Көкек айы, 25). 

ƏШЕКЕЙҚҰМАР  с  ы  н.  Əшекейді 

жақсы көретін, əшекейшіл. 

ƏШЕКЕЙШІЛ с ы н. Əшекейді жақсы 

көретін, əшекейқұмар. 

ƏШЕКЕЙШІЛДІК з а т. с ө й л. Əше-

кейқұмарлық.  Себебі:  бұның  шын  аты – 

жалған сұлулық, əшейін ə ш е к е й ш і л



д і к (М. Əлімбаев, Көңіл күнд., 80). 

ƏШИІН ү с т. с ө й л. Əншейін. – Ой, 

Баеке,  мұныңыз  не  бүлініп.  Біздікі  ə  н  ш 



и  і  н,  былайша  алып  қарағанда,  не  ғой... 

(Жалын, 1974, 2, 47). 



ƏШМӨҢКЕ з а т. с ө й л. Əшмүшке. 

Туған нағашысы өтеуі деудің орнына бода-

уы дейді. Ширек деудің орнына ə ш м ө ң 

к е дейді, бөліс деудің орнына пайда-шірік 

дейді (Туған жер., 61). 



ƏШМҮШКЕЛЕП  ү  с  т.  Əшмүшке-

əшмүшке етіп. Жүрген жерінен ə ш м ү ш 

к е л е п шай алады. Тамақ сұрамаса ол не? 

(М. Дүйсенов, Меймандар, 167). 



Б

БАБАР:  Бабар  қылмады.  ж  е  р  г.

Місе тұтпады, менсінбеді. Ол ши қалпақ-

тыларды б а б а р  қ ы л м а й, мақпал қал-

п а қ т ы   К е н ж е м ұ р а т қ а   б ұ р ы л д ы 

(Т.Əлімқұлов,  Сырлы  наз, 107). - Əй, 

қайдам. Сенің екі көзің он саусақта болады 

екен. Өзгелер шертісті б а б а р  қ ы л м а й 



д ы (Т. Əлімқұлов, Шежірелі., 151). 

БАБТЫ с ы н. Бабы бар, бабқа бөлінген. 

Аталған ереже сегіз б а б т ы (Т. Кəкішев, 

Сəкен Сейф., 132). 

БАБЫР з а т. з о о л. Қара қоңыр түсті 

қабылан (пантера). 

БАҒАМДАТ  Бағамда  етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  Оқиғаның  өзегіне 

лирикалық  шегіністер  мен  тебіреністер 

қабаттаса  өріліп,  өмір  сүрудің  мəнін 

тіршіліктегі көріністер арқылы б а ғ а м д 



а т а д ы (Қаз. əдеб., 15.06.1974, 3). 

БАҒАМДАТУ  Бағамдат  етістігінің 

қимыл атауы. 

БАҒАРАЛЫ  с  ы  н.  Бағарасы  бар. 

Сондықтан барлық б а ғ а р а л ы өңірлерде 

топырақ  өңдеудің  негізгі  міндеті – 

топырақта  ылғалды  мейлінше  көп  жи-

нап, сақтау (Қазақст. ауыл шаруаш., 1958, 

8, 22). 


БАҒАРАЛЫҚ   с  ы  н.  Бағараға 

жарарлық,  бағара  боларлық.  Оңтүстік 

Қазақстанның б а ғ а р а л ы қ аймағы үш 

өңірге  бөлінеді  (Қазақст.  ауыл  шаруаш., 

1958, 8, 22). 



БАҒЗЫЛАН  е  т.  Қызығы  кету,  бағы 

таю; баяғы қалыпқа келу. Сондықтан ба, 

базары тарқап б а ғ з ы л а н ғ а н Көккөлге 

айына бір рет соғып қайтпаса көңілі көншіп 

көрген жоқ (О. Бөкеев, Мұзтау, 43). 



БАҒЗЫЛАНУ  Бағзылан  етістігінің 

қимыл атауы.

БАҒЛАН  з  а  т.  к  ө  н  е.  Бай  баласы. 

Байдың баласын мырза немесе б а ғ л а н 

деп атайды (Ана тілі, 20.09.1990, 6). 

БАҒЫ  а  р.  с  ы  н.  Береке-бірлігі  кет-

кен,  ел  бет-бетімен  босқан,  бүліншілік-

ке  түскен  д.м.  Мына  заман  қай  заман – 

б а ғ ы заман (Қаз. əдеб., 14.07.1989, 10). 

БАҒЫЛАН з а т. з о о л. Теңіздерде тір-

шілік ететін құс. Мəселен, б а ғ ы л а н, 


83

Байынқол Қалиев

шағала,  шəндік  жəне  басқа  құстар  қан-

ша  балық  жейді  десеңізші  (С.  Хайдаров, 

Теңіз., 63). 



БАҒЫНҰР з а т. к ө н е. Адамды қар-

тайтпайтын  дəрі.  Екеуміз  б  а  ғ  ы  н  ұ  р 

қосылған  шарап  іштік  (Т.  Сұлтанбеков, 

Лұхман Хакім, 52). 

БАҒЫНЫС  з  а  т.  с  ө  й  л.  Бағыныш. 

Одақтық б а ғ ы н ы с т а ғ ы кəсіпорындар, 

мекемелер  Қазақ  ССР  Президентінің 

келісімі  бойынша  ғана  құрылуы  мүмкін 

(Алм. ақшамы, 22.11.1990, 1). 

БАҒЫР з а т. т е х н. Соғылысу күшін 

азайту  үшін  машинаның,  локомотивтің 

алдыңғы  жағына  орнатылған  арнайы 

құрылғы; буфер (Телекоммун. терм. ор-қаз. 

сөздігі, 10). 



БАҒЫСЫП-ҚАҒЫСЫП  ү  с  т.  Бірге 

бағысып,  көмектесіп.  Көз  алдыма  бала 

жасымнан өзім б а ғ ы с ы п-қ а ғ ы с ы п

жүрген  момақан  қойлар  көз  алдыма 

елестейді (Лен. жас, 25.07.1974, 2). 



БАДА з а т. к ө н е. Диқан мен қолөнер-

шілерден  алынатын  салық.  Хан  өз  бағы-

ныштыларынан  алым-салық:  малшы-

дан – зекет,  соғым,  сыбаға,  диқан  мен 

қолөнершілерден – ұшыр,  тағар,  б  а  д  а, 

хараж – жинады (ҚҰЭ, 5, 440). 

БАДМИНТОНШЫЛ с ы н. Бадминтон 

ойнағанды ұнататын, бадминтонқұмар. 

БАДМИНТОНШЫЛДЫҚ з а т. Бадмин-

тон ойнағыштық, бадминтонқұмарлық. 

БАДЫНА е т. Бадырайып анық көрініп 

тұру,  самсау.  Бақшалықта  сап-сары 

əңгелектер,  сопақ  шытырлақ,  ала  қауын, 

қара қарбыздар б а д ы н а п жатады (Тұл-

пар, 261). Қазір  жемістері  (қарамықтың) 

самсап  б  а  д  ы  н  а  п  тұрғанмен  əлі  көк. 

Əбден  піскен  соң  жесең  уылжып  тұралы 

(Тұлпар, 260). 

БАДЫРА  е  т.  Жүгері  дəнін  қуырған 

кездегі ісініп бөртуі, жарылуы. Қазандағы 

б а д ы р а ғ а н жүгеріше бір-біріне тиісіп, 

сеңсоқ  (Д.  Рамаданов,  Тастүлек., 43). 

Бəйшешектің қуыс құлағы б а д ы р а ғ а 

н жүгерідей ашылып, шоқ-шоғымен кемел 

кезіне  келген  екен  (Лен.  жас, 04.07.1973, 

3). – Бадырақ жүгері жейсің бе? Нəр-сөлі 

аппақ болып сыртына айналып шығып кет-

кен жұп-жұмсақ б а д ы р а ғ а н жүгеріге 

неге қызықпайсың (Лен. жас, 15.06.1973, 1). 



БАДЫРАУ Бадыра етістігінің қимыл 

атауы.

БАДЬЯН «Анис ағашы» кейде осылай 

да аталынады (Т. Мұсақұлов, Биол. сөзд. 

1, 54).


БАЖХАНА  з  а  т.  с  ө  й  л.  Кеден.  Ол

бекініс б а ж х а н а с ы (таможня) басты-

ғының есік көзіндегі күңі – қазақ қызынан 

туған (Ана тілі, 02.05.1991, 7). 



БАЖЫНА  е  т.  с  ө  й  л.  Бажылдап, 

ақырып-бақыру.  Дана  жеті  түн  болға-

нына қарамай басы қақшаңдап б а ж ы н-



а  ғ  а  н  аңшылдар  қоғамының  инс-

пекторын  жеті  атадан  қайырып  кейіп 

қалуға бір оқталған (Д. Досжанов, Жолба-

рыс., 22). 



БАЖЫР  с  ы  н.  Бұжыр,  шұбар. 

(Х.Махм., Г. Бегал., Қаз. русс. с-рь, 1954, 

38, 62). 

БАЖЫРАҚ с ы н. Бажырайған, ашық. 

– Кілең бір б а ж ы р а қ қызылды қайтем... 

(М. Сқақбаев, Ұят тұр., 76). 

БАЗ¹ е с і м. Кей, кейбір, баз бір. – Шы-

рағым, б а з бала əкесінен өтіп туады, б а з

бала  əкесіне  жетіп  туады,  б  а  з  бала  кері 

кетіп туады, - деген. Сен соның қайсысың? 

– дейді Төле би (Ел аузынан, 40). 

БАЗ² з а т. ж е р г. Жерден қазылған ұра 

(погреб). Қорасының ішінен қазылған б а з

бар екен. Б а з үлкен емес, ені-ұзындығы 

2-3  метрдей  ғана  (Ұ.  Доспанбетов,  Ел 

есінде, 125). 



БАЗАР: Базар күні. ж е р г. Жексенбі. 

Оңтүстікте жексенбіні «базар күні» дейді. 



Б а з а р  к ү н і ел базарға мал айдайды (Қаз. 

əдеб., 19.12.1986, 3). 



БАЗАРБАСЫ...  Əлгінде  батырдың 

шақыртумен  келіп,  ұлыққа  кездесіп 

шыққанын естіген б а з а р б а с ы енді өзі-

нің  ісі  бір  қадам  болса  да  ілгері  басаты-

нын түсінгендей (Қ. Тоқмырзин, Керзаман, 

3, 216). 



БАЗАРБАСЫЛЫҚ з а т. Базардың бас-

шысы болғандық, базарды басқарушылық. 

Оның халықпен түсінісе алатынын білетін 

əкімдік соңғы жылдары оған б а з а р б а с ы 

л ы қ т ы сеніп тапсырыпты (Қ. Тоқмырзин, 

Керзаман, 3, 216). 



БАЗАРКОМ  з  а  т.  Базар  бастығы, 

базардың реттілігін сақтаушы. – Менен 

саған сол б а з а р к о м жақын болғаны ма? 

(Р.Тоқтаров, Ғасыр наны, 212). 

БАЗАРЛАТ е т. Базарға апару, сату. 

БАЗАРЛАТУ  Базарлат  етістігінің 

қимыл  атауы.  Бəйбішесі  Мəлике  қолда 


84

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

қалғанын б а з а р л а т у ғ а жол таба алмай 

қиналды (Ғ. Білəл, Ғасырлық., 24). 

БАЗАРШЫҚ з а т. Кішкентай базар. 

Шағын б а з а р ш ы қ т а н тасылмаған зат

 жоқ (Ш. Құмарова, Əйел шырағы, 259). 

БАЗБАН з а т. к ə с і б. Ұста дүкеніндегі 

қызған темірді соғатын үлкен (ауыр) балға. 

Сол себеп болса керек, Нина апай теміршіге 

жəрдемші болып орналасты да, бара-бара 

Меруерт жеңгей екеуі кезектесіп б а з б а н 

соғатын болды (С. Танекеев, Қиян асу, 123). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет