АТЫС Ат (асық ат) етістігінен
жасалған ортақ етіс. Тақырда асықты
бір а т ы с қ а н с ы ң, Тебісіп төсекте бір
жатысқансың. Күлшені күлге піскен бөлісіп
жеп, Адал дəм қолдан бірге татысқансың
(Ə. Оңалбаев, Таң алдында, 44).
АУ: Ау қазаны. к ə с і б. Аудың түбі,
шұңқыры. Рахметқалидың а у қ а з а н
ы н а толық жеткен қолы тарғыл өгіздің
кескініндей бір зор нəрсеге шап ете түсті
(Қаз. əдеб., 09.02.1973, 1). Бəрінің де назары
а у қ а з а н ы н а ауған (Бұл да).
Ау шапты. к ə с і б. Ау құру, ауды
суға салу. – А у ш а б а т ы н уақыт бол-
ды, киініңдер жігіттер, - деді бригадир
(С.Хайдаров, Теңіз., 50).
АУАӨТКІЗГІШ Ауа өткізіп тұратын
арнаулы саңлау (Бекіт. термин., 11).
АУАН з а т. с ө й л. Ынта, зейін. Өстіп,
а у а н ы м аспанда тұрғанда тура жаныма
келіп, бір шағала құмға жалп ете түсті (Қаз.
əдеб., 24.01.1986, 14).
АУАСҮЗГІ з а т. Ауаны сүзіп, тазартып
тұратын құрылғы (Бекіт. термин., 11).
АУАШЫЛ з а т. с ө й л. Ауаны аңсаушы,
ауақұмар. Мұның да дəл сол күні түлен
түрткендей таза а у а ш ы л бола қалғаны
(Д. Досжанов, Жолбарыс, 233).
АУДАНАРАЛЫҚ с ы н. Аудан ара-
сындағы. Москва сапарынан кейін Қазы-
бек а у д а н а р а л ы қ, колхоз-совхоз театры-
ның бастығы болып істеді (Қаз. əдеб.,
01.11.1974, 2).
АУДАРМАТАНУ з а т. Аударма жасау
теориясының негіздері туралы ғылым.
Бұл кітапта а уд а р м а т а н у ғылымы-
ның теориялық мəселелері, аударма
жасаудың техникасы, əдіс-тəсілдері
қарастырылады (Аударматану, 2). А у
д а р м а т а н у саласының аталған
теориялық бағыттарының мақсаты – аудар-
ма жанрының қалыптасып дамуына қызмет
ету (Бұл да, 36).
АУДАРТҚЫЗ Аударт етістігінен
жасалған өзгелік етіс.
АУДАРТҚЫЗУ Аудартқыз етістігінің
қимыл атауы.
АУЛАСЫМАҚ з а т. Кішкентай
ғана аула, аулаға ұқсас. Екпе ағаштары
қартайып, сидиған. А у л а с ы м а қ т а р
ы н ы ң ішіне қурай, шілік сияқты бірдеңе-
лер өсіп кеткен (Ə. Ыдырысов, Таңшол-
пан, 223).
АУЫЗ: Аузы кебістей болды. Аузы
ыржиды, мəз болды. Мұрны біздей сүйірле-
не, ұрты суала, а у з ы к е б і с т е й б о п
ыржия, иегі имие қалыпты (І. Есенберлин,
Шығ. Жин., 1, 39).
Аузы кепердей болды [аузын кепердей
қылды]. ж е р г. Қатты шөлдеді, таңдайы
таңдайына жабысты; аузы кепті (аузын
кептірді). – А у з ы м ы з к е п е р д е й
б о п келеді, - деп біреуі түкірінді (Ж. Ай-
мауытов, Шығ., 91).
Аузымен айды алып, қолымен қоян
соққан. Сөзбен қарық қылып, нəтижесін-
де жеңіл-желпі ғана іс істеген. Əншейін-
де а у з ы м е н а й д ы а л ы п, қ о л ы м е н
қ о я н с о қ қ а н құрдастары да кей-
де Жандарбекке сенімсіздік білдіретін
(Ə. Асқаров, Таңд., 189).
68
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
Аузымды қышытпа [қыздырма].
Айтпайтын сөзді айтқызба д.м. - Əй,
Күндербек, сен өйтіп менің а у з ы м д ы қ ы
ш ы т п а, білдің бе?! (Т. Əбдіков, Өлара, 6).
Аузымен жүрді. Көп сөйлеп, аз істеді;
желауыз. – Соның қаншалықты шындық
екенін кім біледі, əйтеуір а у з ы м е н
ж ү р е т і н желауыздар көп қой (Қарақат
тер., 31).
Аузынан ас айырмады. Тамақты
іспелеп берді, тойдырды.
Аузын аңқитты. Алдап кетті, жерге
отырғызды.
Аузына тілі сыймады. Қатты шөлдеді,
шөліркеді. Көп уақыт жаңбыр көрмей
қурап, күйіп, Жоқ еді Сарыарқада көрер
сыйық. Шөлдеген сол қатарда жан-жануар.
А у з ы н а тұра алмаған т і л і с ы й ы п
(С.Торайғыров, Таңд. шығ., 142).
Аузындағы сөзін жұтып қойды. Айт-
пады, үндемей қалды. Сосын ол əлдене
айтқысы келіп, оқтала берді де, а у з ы н д а ғ ы
с ө з і н ж ұ т ы п қ о й д ы (Ж.Əлмашұлы,
Тар дүние, 14).
Аузыңа тас. «Аузыңа тас тығылсын»
д. м. қарғыс. Жұрттың бəрі: - А у з ы ң а т а с.
– Тіл-аузың тасқа болсын!.. – деп жатыр
(Жұлдыз, 1974, 8, 69).
Ауыз аштыру. Ораза ұстаған адам-
дарды ерекше құрметтеп, үйіне арнайы
шақырып, ауызашар беру (ауыздарын
ашқызу). «А у ы з а ш т ы р у» адамдардың
достық сүйіспеншілігін арттырып, құрмет
сезімін жоғарылатады (А. Нүсіпоқасұлы..,
Ағаш бесік., 5, 38).
Ауыз бекіту. д і н и. Ораза ұстаушының
т а ң н а м а з ы у а қ ы т ы н а н б ұ р ы н
тамақтанып, содан күн батқанға дейін
тамақ ішпеу сүннеті. А у ы з б е к і т у г
е байланысты қабылданатын таңғы асты
сəре, сəре асы,сəресі деп атайды (Қаз. эт-
нография., 1, 277).
Ауыз кергіш. в е т. Малдың ауыз
қуысын емдеу кезінде аузын керіп ашып
тұруға арналған құрал. А у ы з к е р г і ш
т і көбінесе асыл темірден ұсталарға
соқтырған (Қаз. этнография., 1, 277).
АУҚАТТАНЫҢҚЫРА е т. Аздап
ауқаттану, байи түсу. Кейін, а у қ а т
т а н ы ң қ ы р а ғ а н кезде Қожа атам
үйі Сасықбайдың жылқысын қайтарайын
де с е: - Қайырмай-ақ қой, - депті
(С. Мұқанов, Мөлд. Мах., 154).
АУ Қ АТ ТА Н Ы Ң Қ Ы РАУ Ау қа т -
таныңқыра етістігінің қимыл атауы.
АУҚЫМДЫҚ з а т. Кеңдік, көлемдік.
Романнан эпикалық шығармаға тəн а у
қ ы м д ы қ т ы аңғарамыз (Қаз. əдеб.,
02.04.1982, 7).
АУПАЙ-САУПАЙ с ы н. с ө й л.
Аумалы-төкпелі. А у п а й-с а у п а й
мінезді, Бейнетке нендей төзеді. Он кісінің
жұмысын, Істейді жеке бір өзі (С. Мұқанов,
Таңд. шығ., 12, 110).
АУРУЛАУ с ы н. Аздап ауру, сырқаты
бар. Бəйтен шамалас жалғыз ер баласы
өзіне тартпаған: ұзын сида, а у р у л а у
болу керек, қой терісінен жасалған
күртешесі үстінен түспейді (Т. Əбдіков,
Өлара, 17).
АУЫЗБАСЫТҚЫ з а т. ж е р г. Ауыз-
бастырық. А у ы з б а с ы т қ ы алған
адам өзі білетін сырды жан баласына
айтпайды. Айтса ант бұзғандық, кісілікте
тұрмағандық саналады (А.Нүсіпоқасұлы..,
Ағаш бесік., 3, 125).
АУЫЗДЫҚ: Ауыздығын тістеп ала
жөнелді. Тұра шапты, ызғытты. Ар-
тынан тасырлатып келіп қалғанда көк
байтал ойнақшып кетті де, а у ы з д ы қ
т ы т і с т е п а л а ж ө н е л д і
(З. Ақышев, Жаяу., 181).
Ауыздық сүзді. Ауыздықпен алысты,
ауыздыққа бой бермеді. Ақсауыт киген
қазақ а у ы з д ы қ с ү з і п, жұлқынған
құбақан тұлпарын ойнақтата, орта шабы-
сымен қалмаққа тақап барды (Ж. Ахмеди,
Айтұмар, 154).
АУЫЗДЫҚТА Ауыздықта етістігі-
нен жасалған ортақ етіс. Жамбыл ата-
мыз айтқандай ағайындас алпыс ұлтпен
бірлесе отырып, жүгенсіз кеткен фашизм-
ді а у ы з д ы қ т а с т ы (Қаз. əдеб.,
04.04.1975, 1).
АУ Ы ЗД Ы Қ ТАС У Ау ы з д ы қ т а с
етістігінің қимыл атауы.
АУЫЛ: Ауыл биі. э т н. Бір ауылдың
биі. Бұл кезде би лауазымының мынандай
түрлері болды: төбе би, ара би, а у ы л б и і
т.б. (Н. Мыңбатырова, Төле би., 22).
Ауыл үй қонды. Үйір болды, жа-
қындасты. Сөйте-сөйте насыбайға мен де
а у ы л ү й қ о н а б а с т а д ы м (Қаз.
əдеб., 09.08.1974, 4).
АУЫЛБАЙ з а т. Кейбір ауыл адамда-
рына тəн қылық (мінез), тұрпайылау іс.
69
Байынқол Қалиев
АУЫЛБАЙЛЫҚ з а т. Жеңіл ойлылық,
түсінбестік. ≈ Сен а у ы л б а й л ы қ т ы
қой.
АУЫЛБАЙШЫЛ с ы н. Ауылбайлық,
ауыл дəстүрін жалғастырушы. Қатаң
талап, биік талғам деген ұғымдар əсте
қызғанышпен, «пəленшенің түгеншеден
несі кем?» деген сызданыспен, «а у ы л б а й
ш ы л» өресіз өлшеммен қатар жүрмеуі
керек (Лен. жас, 25.10.1983, 3).
АУЫЛГЕРШІЛІК з а т. Ауылдың
салты, дəстүрі; ауыл адамдарының
ұстанымы. Қит етсе, күнара біреуді
қақсатады да кетеді. Қойшы-қойшымен
а у ы л г е р ш і л і к жасай берсең, дымыңды
қалдыратын емес (К. Ахметбеков, Қасірет,
1, 184).
АУЫМ-САУЫМ с ы н. Алба-жұлба,
кір-қожалақ. Ең соңында алты-жетілер
шамасындағы үсті а у ы м-с а у ы м,
қолы, борбайы шыт-шыт іштеріндегі
кішкентайына кезек келді (К. Ахметбеков,
Егіз қала, 161).
АУЫРТАЯҚ з а т. э т н. Қойшылар
ойнайтын ойын (К. Əзірбаев, Аңыз., 8).
АУЫРЫҢҚЫРА е т. Аздап ауыру, ау-
ыра түсу. Аздап басы а у ы р ы ң қ ы р а п,
миы шатасыңқырап, «осы мен қараптан
қарап тұрып, басқа жолға түсіп кеткем жоқ
па?» деген қауіп те келді (Ұ. Доспанбетов,
Шығ., 4, 166).
АУ Ы Р Ы Ң Қ Ы РАУ А у р ы ң қ ы р а
етістігінің қимыл атауы.
АУЫСҚАН с ы н. с ө й л. Есі ауысқан,
жынды болған (адам). ≈Оның а у ы с қ а
н ы рас па?
АУЫСҚАНДАУ с ы н. с ө й л. Аздап
жынданған сияқты, есінен адасқандай.
АУЫШТЫР е т. Есінен адастыру, жын-
дандыру.
АУЫШТЫРУ Ауыштыр етістігінің
қимыл атауы. Ендігі мақсатың мені
ақылымнан алжастырып, а у ы ш т ы р у
(А. Мекебаев, Жезтырнақ, 198).
АХЛАҚИ с ы н. Адамға тəн, адами.
Бұл да тұрмыстағы қалыптасқан мəдени-
ғұрыптық дəстүр. Тамыры терең, өмір
талабынан туған адамдық а х л а қ и жосын
(Қ. Толыбаев, Бабадан., 182).
АХРОМАТТЫ с ы н. Ақ жəне қара
түстердің реңктері; түссіз. Өмірде
кездесетін заттардың түр-түсі а х р о м а т
т ы жəне хроматты болып екіге бөлінеді.
Ақ пен қара түстердің барлық реңктері а х
р о м а т т ы болады. А х р о м а т т ы де-
ген термин қазақша «түссіз» деген ұғымды
білдіреді (Ə. Қайдаров.., Сырға толы., 18).
Ахроматты түр-түс. Ақ түс пен қара
түстің жалпы атауы. Өмірде кездесетін
заттардың түр-түсі а х р о м а т т ы т ү с
жəне хроматты түс болып екіге бөлінеді
(Ə. Қайдаров., Сырға толы., 18).
АХУАЛСЫЗ с ы н. Халі нашар,
жағдайсыз. Жүрегі мəңгі демалар сəтте
баяулап, Дəм-тұзы тоқтар, қара бұлт шақ-
тар таяу қап. Шүңкірейген көзі, суалған
жағы қу сүйек – Шаршаған жанның
а х у а л с ы з кейпі аяулы-ақ (С. Жұмабеков,
Гүлзар, 17).
АШ: Аш тиді. Тіл-көз тиді. А ш т и г
е н ( тіл-көз тиген) бала шырылдап жылап,
мазасы кетеді (Қаз. этнография., 1, 290).
АША з а т. Түйеге ерттейтін ашамай
сияқты ер. Қоспан інген үстінен а ш а н ы
тез алып, лақтырып тастады (Ш. Айтматов,
Боранды., 225).
АШАЛА е т. Түйеге аша салу, аша
ерттеу.
АШАЛАУ Ашала етістігінің қимыл
атауы. Буранды а ш а л а у керек еді (Ш.
Айтматов, Боранды., 225).
АШАМАЙ
1
з а т. қ. ө н е р. «Ашамай»
деп аталатын балалар ерінің қасына ұқсас
өрнек түрі (Қаз. этнография., 3, 313).
АШАМАЙ
2
з а т. ж е р г. Бұт. Аяғында
а ш а м а й ы н түгел жауып тұратын саптама
етігі болған (О. Бөкеев, Мұзтау, 10). А ш а
м а й д а н алды да дік еткізіп атып ұрды
ерге (О. Бөкеев, Үркер, 14).
АШАМАЙ: Ашамайға мінгізу. э т н.
Ер бала 4-5 жасқа келгенде бəсіре тайы-
на ашамай ерттеп, оны алғаш рет атқа
мінгізу рəсімі. Баланы а ш а м а й ғ а м і н г
і з у рəсіміне ауыл адамдары жиналып, бала
мінген аттың жал-құйрығына, баланың бас
киіміне шоқтап үкі тағады (Қаз. этногра-
фия., 1, 292).
Ашамай тойы. Баланың тұңғыш рет
атқа міну қуанышына жасалған кішігірім
той. Баласы өз тізгінін өзі алып жүретіндей
болғанда, ел-жұрт, бауыр-туыстарын
шақырып, «а ш а м а й т о й ы н» жасап,
атқа мінгізеді (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш
бесік., 1, 42).
АШҚАРАҚТА е т. с ө й л. Ашқарақтан.
Түнімен а ш қ а р а қ т а п қалған қойлар əр
70
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
шөптің басын бір щалып жайылып барады
(Лен. жас, 04.12.1974, 2).
АШҚҰРСАҚ с ы н. Үнемі тамаққа
тоймай жүретін; ашқарын, ашөзек. Ал
осылай болды екен деп, Хайдар балаларын
одан-бұдан тежеп, а ш қ ұ р с а қ ұстайтын
кісі емес (Е. Мырзахметов, Өмір., 32). Соны
сəлем бере барған біз секілді а ш қ ұ р с а қ
студенттердің қолына ұстатып жіберетін
(Б. Омарұлы, Қаратерең., 7).
АШҚҰРСАҚТЫҚ з а т. Ашқұрсақ
болғандық, ашқарындық. Сол таршылық
не нəрсенің құнын тамақпен өлшейтін
а ш қ ұ р с а қ т ы қ т ы ниетіне мəңгі-
бақи еншілеп байлап берді (Қ. Ысқақ,
Ақсу., 248).
АШҚЫЛТЫМ: Ашқылтым алқа.
б о т. Алқаның ашылау түрі. Участокта
мəдени өсімдіктермен қатар сабаққа кезекті
жабайы өсімдіктерді де өсіруге болады.
Мысалы, алқа тұқымдастардан – қара алқа,
сасық меңдуана, а ш қ ы л т ы м а л қ а,
күрделі гүлділерден – жер алмұрт (топи-
намбур), бақ-бақ т.б. (Қазақст. мұғалімі,
10.12.1970, 4).
АШМАСА с ы н. а у ы с. Ащы, маза-
сыз. Өз сырым өзіме белгілі: - Аптасы-
на босағама үш жүздей таза табыс кірмесе
ас батпайды, а ш м а с а ой ұйқтатпайды
(Д. Досжанов, Жолбарыс., 54).
АШПҰЗЫЛ з а т. ж е р г. Асхана. – Жүр,
Естайды тауып алайық та, үшеуміз бүгін
а ш п ұ з ы л д а н дұрыстап бір тамақ ішелік
(Қ. Жұмаділов, Соңғы көш, 4). Мұндайда
қаланың а ш п ұ з ы л д а р ы н жағалаймыз
(Қ. Жұмаділов, Таңғ. дүние, 135).
АШТА е т. Аш тиген баланы емдеу. Аш
тиген баланы көбінесе жасы үлкен əйел а
ш т а п емдейді (Қаз. этнография., 1, 290).
АШТАУ Ашта етістігінің қимыл
атауы.
АШУ: Ашуға құрық берді. Ашулан-
ды, мінез көрсетті. Мұғалім ендігі жерде
кекесіннен гөрі а ш у ғ а қ ұ р ы қ б е р д і
(Жалын, 1977, 6, 8).
АШУЛЫРАҚ с ы н. Аздап ашулы;
қарқынды, екпінді. Өзен сарыны күндегіден
а ш у л ы р а қ, тасқын айдаған дəу тас-
тардың күтір-күтір дүрсілі естіледі
(Қ.Ысқақов, Бұқтырма, 69).
АШУТАС з а т. Дəрілікке пайдаланы-
латын минералды зат. Ең қарапайымы
тотияйын, а ш у т а с т а н тартып, мүсəтір,
кепіреш, алмас дейсіз бе-бəрін сонау
Хиуа, Бұхара, Самарқан, Ташкенттен мал
айдатып, бағасына қарамай алдыратын
(Ж.Ахмади, Айтұмар, 202).
АШЫҚ: Ашық есік күні. с а я с. Бас-
шылар келушілердің кез келгенін қабыл-
дайтын арнаулы күн. Жұмада а ш ы қ
е с і к к ү н і өткізілді (Астана ақшамы,
11.10.2008).
Ашық күні жауған қардай болды.
Қатты ашуланды, түтікті. Ұмсын
Темірбекті аттандырып салып көңілін
жайғап отырғанда а ш ы қ к ү н і ж а у ғ а н
қ а р д а й б о л ы п Айтқұл келді (Жұлдыз,
1973, 4, 88).
Ашық қора. Төбесі жабылмай, ашық
тұратын қора. Қора жасалуына қарай
а ш ы қ қ о р а жəне жабық қора болып екіге
бөлінеді (Лен. жас, 06.11. 1995).
Ашық қызыл. Сұйықтау қызыл түс
(Л. Будаков, Салыст. сөзд., 2, 55).
Ашық отау. э т н. о й ы н. Тоғыз-
құмалақтағы тақ санды құмалағы бар
отау. Əр екі жақ өз атауларын «а ш ы қ
о т а у ғ а» айналдырып отыруға ерекше
күш салады (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш
бесік., 4, 118).
АШЫҚАУЫЗДАН е т. Ашықауыз болу,
аңғырттану, аңғалдану. Адалдық деп а ш ы
қ а у ы з д а н ы п жүрмей, қызды құшағына
алуға мүмкіндігің бар еді ғой (Ш. Орынба-
ев, Өмір., 52).
АШЫҚАУЫЗДАНУ Ашықауыздан
етістігінің қимыл атауы.
АШЫҚТЫҚ: Ашықтық танытты.
Ашық мінезділік, ақжарқындық көрсетті.
– Бірақ мені де кінəламассыз, - деді а ш ы
қ т ы қ т а н ы т ы п (Қ. Мұханбетқалиев,
Қайдасың сен., 60).
АШЫЛМАС: Ашылмас тұманға
қалды. Бəлеге қалды, басына бұлт үйірілді.
АШЫЛЫМ з а т. ж а ң а. Жаңа кəсіп
орнының, бизнес орталығының ашылу
салтанаты.
АШЫМАЛ з а т. ж е р г. Қатық (сүзіл-
ген айран). Талжібек білегін шынтағы-
на дейін түрінген, а ш ы м а л езіп тұр
(Ж.Нəжімеденов, Кішкентай, 151).
АШЫНЫС з а т. ж е р г. Ашу, ашулану,
ызалану. Жүзі қабарып, а ш ы н ы с үстін-
де бір сəт Кітапбекке шын мұңын шақ-
қандай көрінді (Б. Нұржекеев, Жау
жағад., 427).
71
Байынқол Қалиев
АЩЫ з а т. с ө й л. Арақ. Бейғамсың,
кешінде ішсең, таң атқанша, Атар таң жаңа
азабын таратқанша, Азанда а щ ы с ы н
а н тастап алсаң, Тағы да көңілдісің күн
батқанша (М. Əлімбаев, Өшпес от, 50).
АЩЫАҒАР з а т. ж е р г. Суы ащы
(тұзды) ішуге жарамайтын бұлақ.
Бір жағы – майда құмақ, бір жағы –
сусылдаған еспе құм. Сол екеуінің қақ
ортасында екі беті жарлауыт а щ ы а ғ а р
арна бар (Ə.Кекілбаев, Тарау-тарау., 52).
Бытқыл таудың бойындағы бар а щ ы а ғ
а р, тұщыағарлардың бəрін аралап шықты
(Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 135).
АЩЫЛАНУ... Жаңбырдың а щ ы л а
н у ы н бірінші рет көргенім (М. Қаназов,
Арна, 60).
АЩЫСЫРА е т. Ащыны аңсау,
тұзсырау. Егер уақытылы тұз берілмесе,
өріс қаншама от болғанымен, мал жөнді
жайылмайды, а щ ы с ы р а п топырақ жалай
береді (Қаз. ауыл шаруаш., 1962, 12, 56).
АЩЫСЫРАУ Ащысыра етістігінің
қимыл атауы.
АЭРОПОЕЗД з а т. Электроматордың
күшімен жүретін өте жылдам пойыз.
Францияда транспорттың жаңа түрі – а э
р о п о е з д жасалынды. Ол сағатына 180-
240 км жылдамдықпен жүреді (Қазақст.
пионері, 08.07.1972, 3). Екеуі Спираль
қаласына самолетпен емес, а э р о п о е з д
арқылы кетуді қалады (Жалын, 1972, 54, 5).
АЭРОТҮСІРІМ з а т. т о п о г р. Жер
бетінің əуе кеңістігінен түсірген суреті.
Қаланың көне топографиясын жан-жақты
ауқымдырақ білу үшін біз 70 шаршы кило-
метр жердің а э р о т ү с і р і м і н жасаған
едік (Қаз. əдеб., 15.11.1985, 14).
АЮ: Аю қақпан. Аю ұстауға арналған
үлкен қақпан. А ю қ а қ п а н н ы ң серперіне
айналсоқ салынып, шығырығына шынжыр,
ұшына үлкен тоқпақ байланады (Қаз. этно-
графия., 1, 296).
АЮЖОНДАН е т. Аюдың жонындай
дөңкию. Бұл жер де а ю ж о н д а н ы п
жатқан дөңкиген дөңес екен (Ə. Асқаров,
Таңд., 398).
АЮЖОНДАНУ Аюжондан етістігінің
қимыл атауы.
АЯ: Аяғаным артымда қалсын. Еш
нəрсемді аямаймын д.м. - Əділжаным-
нан а я ғ а н ы м а р т ы м д а қ а л с ы н!
(Ə. Нұршайықов, Махабб., 34).
Достарыңызбен бөлісу: |