Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет44/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   168

ЖАЗЫҚАЙ з а т. Кішірек келген тепсең 

жер. Ж а з ы қ а й ғ а біткен жартастың 

бергі бұрышында доңыздың мегежіні тұр 

екен (Туған тіл, 2010, №2, 119).

ЖАЗЫЛАН  Жазыла  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Ертесінде кешегі 

атан қайта ж а з ы л а н ы п, үшеуі мінгесіп 

жолға шықты (Жас алаш, 21. 05. 1996, 3).

ЖАЗЫЛАНУ  Жазылан  етістігінің 

қимыл атауы.

ЖАЗЫЛАУ... Түйе санын көбейте алар, 

жуан  сіңір  атанға  бас  білдірер,  жампоз 

інгенді сауынға үйретер, ең арғысы ашамай, 

ыңыршақ салып, ж а з ы л а у д ы көрсетер 

көзіқарақты адам керек болды (Соц. Қаз., 

18. 10. 1981, 3).



ЖАЗЫЛЫМДАС:  Жазылымдас 

сөздер.  л  и  н  г  в.  Жазылуы  бірдей,  бірақ 

айтылуы мен мағынасы əр басқа сөздер; 

омографтар.  Мыс:  баспа  (тамақ  ау-

руы)  жəне  баспа  (табалдырықты  баспа)

(Б. Қалиұлы, Қазіргі қаз. тілі, 84).

ЖАЗЫМДАЛ  Жазымда  етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Сен  білмейсің, 

бұның атасы Шолан біздің бабаларымыздың 

қолынан ж а з ы м д а л ғ а н (Шешендік 

сөздер, 1967, 48).



ЖАЗЫМДАЛУ Жазымдал етістігінің 

қимыл атауы. 

ЖАЗЫҢҚАЙ  с  ы  н.  Аздап  жазық, 

тегістеу (жер). Ортасы алақанның аясын-

дай ж а з ы ң қ а й тығырық (Ж. Аймауытов, 

Шығ., 56).

ЖАЙ

1

Жай жапырақ. б о т. Бір ғана 



алақаны бар жапырақ түрі. Өсімдікте бір 

ғана  жапырақ  алақаны  болады.  Мұндай 

жапырақты – ж а й  ж а п ы р а қ деп атай-

ды  (Биология, 66). Егер  сағақта  бір  ғана 

жапырақ  тақтасы  болса,  ондай  жапырақ-

ты ж а й  ж а п ы р а қ деп атайды (Бота-

ника, 59).

Жай тоғыз. э т н. Басы – ат, аяғы – лақ-

серке  болып  келетін 9 малдан  тұратын 

(айып). Мысалы, «ж а й  т о ғ ы з ғ а» басы –

ат, аяғы – лақ-серкеш сияқты 9 мал төленеді 

(А. Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 1, 136).

ЖАЙ

2

:  Жай  түсу.  Күн  күркіреген 



кезде жер бетіндегі бір нəрсені найзағай 

ұшқынының соғуы. Халық ж а й  т ү с у 

құбылысын көк соқты, жасыл түсті деп те 

айтқан (Қаз. этнография., 2, 161).

ЖАЙДАҚ...  Көрсінші,  қызықтап 

бірдеңені  түйсінсінші  деген  жақын 

достарыңның өзі осындай ж а й д а қ сөзден 

аспай қалысатын (Ə. Асқаров, Таңд., 34).



ЖАЙДАҚ: Жайдақ міну. Мініс көлігін 

(ат, өгіз, есек т.б.) ерттемей міну. Асауды 

ж а й д а қ  м і н у арқылы жуасытқан (Қаз. 

этнография., 2, 163).



ЖАЙДАРЫСУ Жайдарысы етістігінің 

қимыл атауы.

ЖАЙДАРЫСЫ е т. Жайдары болғансу, 

көңілденгенсу.  Бұл  қалыпқа  ешбір  мəн 

бермегенсіп,  бір  нəрсеге  көңілін  тоқ 

санағандай  ж  а  й  д  а  р  ы  с  ы  п: - Ал 

ішейік! – деген  болып  Шəйкен  отыр 

(Ж.Тілепбергенов, Ізбасар, 108).

ЖАЙМАТӨСЕК з а т. Жерге (еденге) 

салынған төсек. Қарағай еденге жамбасын 

қалыңдатып ж а й м а т ө с е к салғызып 

алып жатты (С. Сматаев, Бұлақ, 5). 

ЖАЙПАҚ:  Жайпақ  таға.  Тағаның 

емшегі  (бүдірі)  жоқ  түрі.  Таға  демекші 

бұл да екі түрлі болады. Қыста үш емшекті 

таға (мұздан таймау үшін), жазда ж а й п а қ

т  а  ғ  а  м  е  н  тағалайтын  (Н.  Қазыбеков, 

Дала., 10). 



ЖАЙПАР  с  ы  н.  Жауды  жайпап 

жіберетін, алып, күшті. Өзі көстеңдеген 

ұзын бойлы, алып жауырынды, нағыз жау 

түсірердің, ж а й п а р д ы ң өзі (Р. Тоқтаров, 

Ғасыр наны, 148).



ЖАЙПАУЫТТАУ  с  ы  н.  Жазықтау, 

тегістеу. – Дарияның біздің ауылдағы тұсы 

ж а й п а у ы т т а у еді, мына жері тік 

жарқабақты екен (Қ. Омаров, Əке, 60). Жаға 



ж а й п а у ы т т а у болғанымен кішігірім 

жарқабақтар  бар  екен  (Қ.  Тұрсынқұлов, 

Анды-Қарақыз, 49).

ЖАЙРАҢ:  Жайраң  көз.  п  о  э  т.  Көзі 

жайраңдаған,  жайдары.  Даяшы  жылпос 

жігіттердің  қылаң  ұрған  жүрістері,  əзіл-

қалжыңы көп ж а й р а ң  к ө з жеңгелердің 

еменжарқын  күлкісі  естіліп  жатар  еді 

(С.Сматаев: Жұлдыз, 1972, №6, 31).

ЖАЙТАРТҚЫШ з а т. т е х н. Жайды 

(найзағайды)  өзіне  тартып  алып,  жерге 

жіберетін құрылғы. Сол бояудан көкірекке 

күй құлап Күмбірлейді көңіліңнің шалқары. 

Осы кербез көріністер ылғи-ақ Сені өзіне ж 

а й т а р т қ ы ш т а й тартады (Лен. жас, 

24. 07. 1973, 5).



ЖАЙУАТ с ы н. ж е р г. Жайпақ, жада-

ғай, тегіс. – Мал да, адам да бұл төңірекке 

жуи бермейді. Өткел жоғарыда, ж а й у а т 

жағада (С. Байжанов, Ақ маржан, 7).


185

Байынқол Қалиев

ЖАЙХАНА  з  а  т.  с  ө  й  л.  Демалыс 

үйі. Дəл осы қонақүйдің орнында дырдай 

мекеменің демалыс ж а й х а н а с ы болған 

(Қ. Ысқақаов, Қараорман, 65).

ЖАЙЫҚБАС з а т. Жайықтан бастау 

алатын  Каспий  теңізінің  желі.  Теңізде 

Жайықтан  Кавказға  қарап  соғатын  жел

бар. Соны «Ж а й ы қ б а с» желі деп атайды 

(Ə. Сараев, Тосқауыл, 187).



ЖАЙЫЛҒЫШ  с  ы  н.  Жайылып 

кететін, жан-жағына таралғыш.

ЖАЙЫЛМАЛАУ   с  ы  н.  Аздап 

жайылған,  жайылыңқы.  Қайта  [өзеннің] 

осы бір тұстың ағысы бəсең, ж а й ы л м а 



л а у көрінген (З. Шүкіров, Қиын түйін, 72).

ЖАЙЫЛЫҢҚЫЛАУ  с  ы  н.  Аздап 

жайылған, жайылыңқырап. Өзен жағасы 

бізге  ж  а  й  ы  л  ы  ң  қ  ы  л  а  у  көрінді

(Ө. Қанахин, Жүрек қалауы, 14).

ЖАЙЫЛЫҢҚЫРА  е  т.  Аздап  жай-

ылу,  алшайыңқырау.  Сəл  қызғылтым, 

сəл  дымқылдау  астыңғы  ернің  сəл-пəл 



ж  а  й  ы  л  ы  ң  қ  ы  р  а  п  бара  жатқанда, 

сəбидей аңқаулықпен жымия жиып аласың

(М. Байғұт, Бұла бұлақ, 242).

ЖАЙЫЛЫҢҚЫРАУ  Жайылыңқыра 

етістігінің қимыл атауы. 

ЖАЙЫНАУЫЗ  з  а  т.  з  о  о  л.  Арқа 

жағы қара қошқыл түсті , терісі бұжыр-

бұжыр, аузы үлкен балық. Біздің елімізде 

ж а й ы н а у ы з д ы ң 3 түрі тіршілік етеді 

(Шаңырақ, 393). 



ЖАЙЫС  Жай  (малды)  етістігінен 

жасалған  ортақ  етіс.  Солардың  бетін 

Балықты жаққа қарата ж а й ы с ы п келе 

жатқан Жандостың ендігі арманы – ойдағы 

жерге  тез  жету  (С.  Мұқанов,  Бақташы., 

157).

ЖАЙЫСУ  Жайыс  етістігінің  қимыл 

атауы.  Сосын  баласын  таң  сəріден 

тұрғызып алып, өзімен бірге қой ж а й ы 



с  у  ғ  а  ертіп  кететін  болды  (Ө.  Қанахин, 

Құдірет, 98).



ЖАКЕТ з а т. к ə с і б. Жоғары сорт-

ты  қаракөл  елтірісі.  «Түгіскен»  совхозы 

қаракөл  елтірісінің  қара  түсті  ж  а  к  е  т 

түрін өндіреді (Қаз. əдеб., 05. 02. 1982, 3).

ЖАҚ:  Жағы  байланды.  Қайтыс 

болды,  өлді.  Атыңнан  айналайын  хақ 

пайғамбар,  Алладан  əмір  келсе – ж  а  қ



б а й л а н а р. Аллаға тіршілікте құлшылық 

қыл,  Қара  жер  өлгеннен  соң  тақтайланар

(Қ. Толыбаев, Бабадан., 17).

Жағын  қарыстырды.  Үнін  үшірді, 

жылатпады.  Баласы  жыласа  шешесі 

«Əндірей  келіп  қалады,  қ  а  р  ы  с  т  ы  р



ж а ғ ы ң д ы» деп қорқытатын (З. Ақышев, 

Жаяу Мұса, 221).



Жақ  аштырмады.  Сөйлетпеді,  үнін 

шығартпады.  –  Ж  а  қ    а  ш  т  ы  р  ы  п 

сөйлеткің келмейді-ау тіпті. Бір сөз айтса 

адырақтап тұра келесің (Е. Мырзахметов, 

Туған күн, 36).



Жақ жұт. э т н. Жаз бойы жауын жа-

умай, малдың жақ айқастырар шөп таба 

алмай қырылуы. Халқымыз жұтты ақ жұт, 

ж а қ  ж ұ т, қара жұт деп үшке бөлген 

(Халық сөзі, 03. 05. 2013. 10).



ЖАҚАТТА е т. 1. Дұрыс көру, жақтау. 

Қысқасы,  құлақпен  естіген – өтірік,  ал 

көзбен көрген – шын болмақ. Осы түйінді 

ол көбірек ж а қ а т т а ғ а н (К. Ахметбе-

ков, Ақдала, 2, 456). 2. Қамын ойлау, қаузау. 

Бұлар өз қазан-ошағының жайын ж а қ а т 



т а п отырған жоқ, айналып келгенде екеуі 

де мемлекет мүддесі (Бұл да, 360).



ЖАҚАТТАУ  Жақатта  етістігінің 

қимыл атауы. 

ЖАҚСАТТАН  е  т.  Біреуге  ұнау  үшін 

жағын, жалпақта, жағымпаздан.

ЖАҚСАТТАНДЫР  Жақсатт ан 

етістігінен  жасалған  өзгелік  етіс.  Өзін 

ғана  ж  а  қ  с  а  т  т  а  н  д  ы  р  ы  п,  өзге 

жаулықтыға күйе жаға бəрін қаралай берді 

(Ш. Құмарова, Əйел шырағы, 75).



ЖАҚСАТТАНДЫРУ Жақсаттандыр 

етістігінің қимыл атауы.

Ж А Қ С АТ Т А Н У   Ж а қ с а т т а н 

етістігінің қимыл атауы. 

ЖАҚСАТТАНУШЫЛЫҚ  з  а  т.  Жа-

ғымпазданушылық,  жалпақтаушылық, 

жағынушылық. Енді біреулер ж а қ с а т

т а н у ш ы л ы қ қ а құмар (Егемен Қазақст., 

13. 09. 2002, 2).



ЖАҚСЫ

1

 з а т. п е д. Білім алушыларға 



қ о й ы л а т ы н   « ү ш »   п е н   « б е с т і ң » 

аралығындағы  баға; «төрт».  Үлгерім 

жағына келсек, 9-ы «үздік», 18-і «ж а қ с ы»,

үшеуі  «орташа»  оқиды  (Лен.  жас, 01.06. 

1973, 3).



ЖАҚСЫ 

2

 з а т. к ө н е. Төленетін құн 



түрі. Сүйек құны – елу жылқы, алты ж а 

қ с ы. «Ж а қ с ы» дегеннің басы – жетім, 

қалы  кілем,  қара  нар,  мылтық,  т.б.  сон-

дайлармен тоғыз болады (Мəшһүр Жүсіп, 

Шығ., 9, 293).



186

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ЖАҚТАМА з а т. э т н. Əйел баскиімі-

нің  моншақ,  құйма  шытыра  түрінде 

тізбектелініп  жасалған,  екі  жақ  самай-

ына түсіп тұратын əшекейлі бөлігі. Ж а 

қ т а м а негізінен зере, сəукеле, шошақ 

бөрік  тəрізді  төбесі  биік  етіп  жасалатын 

ғұрыптық баскиім түрлеріне тəн (Қаз. эт-

нография., 2, 186).



ЖАҚТАУСЫЗ с ы н. Жақтауы жоқ, 

жақтау салынбаған. Ергенексіз, ж а қ т 

а у с ы з болады есік, Ортақ ішер тамағын 

ит пен күшік. Қазанының қақпағы жыртық 

келіп,  Құманының  қақпағы  болар  тесік 

(Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 4, 96).



Ж А Қ Т Ы Р М А Ғ А Н С У 

Жақтырмағансы етістігінің қимыл атауы.

ЖАҚТЫРМАҒАНСЫ  е  т.  Жарат-

пағансу, ұнатпағансу; жаратыңқырамау. 

– Ой, сен де айтасың-ау! – деймін ж а қ 



т ы р м а ғ а н с ы п (Д. Рамазан, Жылап 

аққан., 163).



Ж А Қ Т Ы РМ АУ Ш Ы Л Ы Қ   з   а   т. 

Жақтырмағандық, ұнатпаушылық. Соған 

қарамастан  бар  болмысымен  қарсылық 

көрсеткен ж а қ т ы р м а у ш ы л ы қ та 

анық  байқалып  тұрғандай  (С.  Ғаббасов, 

Қандауыр, 46).

ЖАҚҰТ:  Жақұт  алқа.  Жақұт  көзді 

алқа.

Жақұт  жүзік.  Көзіне  жақұт  тасын 

қондырған жүзік. Ж а қ ұ т  ж ү з і к өте 

қымбатты əшекей деп саналған (Қаз. этно-

графия., 2, 479).

ЖАҚШЫ з а т. Жақ (садақ) жасаушы 

адам.  Етікшілер,  ұсталар,  бəдізшілер, 

Тоқымашы, ж а қ ш ы л а р һəм ершілер. 

Ондайларды  жақын  тарт,  құрмет  көрсет, 

Халқына  пайдасы  көп  өнершілдер  (Қаз. 

əдеб., 15. 02. 1974, 4).

ЖАЛ з а т. с ө й л. Бөкес. Толқындата 

əн  салған  қыз-келіншектер,  аша,  тырнау-

ыштары жарқылдап, ж а л ғ а түскен шөпті 

көпеге  үйеді  (Ə.  Нұршайықов,  Махабб. 

жырлары, 24). Біздің бригадада шөп шабу-

дан бастап, оны дестеге, ж а л ғ а жинау, 

көпелеп, маялау жəне тікелей қораға тасу 

жұмыстарының  барлығы  да  механизм 

күшімен атқарылады (Ертіс, 19. 07. 1963). 

ЖАЛАҚ

1

 з а т. Терісі сыдырылып, беті 



ашылып қалған жауыр. Ат мінсе – ж а л а қ,

Қатыны салақ болады (С. Мұқанов, Таңд. 

шығ., 15, 68). Жылқының  арқасы  ісініп, 

беті алынады да, ж а л а қ қ а айналады.



Ж а л а қ қ а қылшаның күлін себу керек 

(Х.Арғынбаев, Қаз. этногр., 148).



ЖАЛАҚ

2

  з  а  т.  Бестастың  бесінші 



кезекте  ойналатын  түрі.  Бесінші  кезек 

– ж а л а қ. Мұнда қақпа тасты лақтырып 

жіберіп, сұқ қолмен жерді 3 рет жалау керек 

(Б. Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 48).



ЖАЛАЛАН  Жалала  етістігінен 

жасалған ырықсыз етісЖ а л а л а н ы п 

жалындаған жасы игі Бастықтарды басқа 

жақтан тасиды (Е. Дүйсенбай, Бозала таң, 

257).


ЖАЛАЛАНУ  Жалалан  етістігінің 

қимыл атауы.

ЖАЛАМАЛАУ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Шөбі 

аз,  тақырлау.  Раң  өссін,  қызғалдақ  гүл 

жарсын. Қазір ж а л а м а л а у ғой, кеше 

барып көріп қайттым (Қаз. ауыл шаруаш., 

1961, №3, 14).



ЖАЛАМЫР  с  ы  н.  Шақырайған, 

қатты  ыстық  (күн).  Қырқаға  қиқиып 

шығып алған ж а л а м ы р күн шекені тесіп 

барады (Қ. Ысқақов, Қараорман, 60).

ЖАЛАНДЫ  с  ы  н.  Қара  сабынның 

қалдығы,  жұқанасы.  Онысын  Күйік-

тің  кемпірінен  жасырмай,  қара  сабын-

ның жұқана, ж а л а н д ы с ы н сұрап алған 

(Ж. Ахмади, Айтұмар, 201).



ЖАЛАҢ  з  а  т.  Ашық  жер,  алаңқай. 

–  Қыс  болса  жақындап  келеді,  тезек 

жанындағы ж а л а ң н ы ң шомын дұрыстау 

керек еді, - деп ілді (Б. Майлин, Таңд., 128).



ЖАЛАҢАШ:  Жалаңаш  тұқымды 

өсімдіктер.  б  о  т.  Тұқымы  көзге  көрініп 

тұратын өсімдіктер тобы. Барлық ж а л 

а ң а ш  т ұ қ ы м д ы  ө с і м д і к т е р г е 

ағаштар мен бұталар жатады (Биология, 211).



ЖАЛАҢАШТАЛУ  Жалаңаштал 

етістігінің қимыл атауы. 

ЖАЛАҢАШТАНДЫР  Жалаңаш-

тан  етістігінен  жасалған  өзгелік  етіс

(Ə. Нұршайықов, Ақиқат., 65).



ЖАЛАҢАШТАНДЫРУ  Жалаңаш-

тандыр етістігінің қимыл атауы

ЖАЛАҢАЯҚТАН е т. Аяқкиімін шешіп 

тастау, жалаңаяқ жүру. Иесіз ескі тамнан 

ж а л а ң а я қ т а н ы п, жалаңбастанып 

қаштым (Ж. Қорғасбек, Жынды қайың, 52).



ЖАЛАҢАЯҚТАНУ  Жалаңаяқтан 

етістігінің қимыл атауы. 

ЖАЛАҢКӨЗ  з  а  т.  з  о  о  л.  Əртүрлі 

жартастарды  мекендейтін,  ұзындығы 

12-14  см-дей,  қара  сұр  түсті  кесіртке..

187

Байынқол Қалиев

Ж  а  л  а  ң  к  ө  з  Қазақстанның  шөлді, 

шөлейтті жерлерінде кездеседі (Қаз. табиғ., 

2, 16). Ж  а  л  а  ң  к  ө  з  Оңтүстік  Шығыс 

Қазақстан  тауларында  тіршілік  етеді 

(Қазақст. жануар., 103).

ЖАЛАҢҚАТ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Астарла-

май  тігілген  жұқа  шапан.  Мінуге  керек 

қазанат  Беліне  керек  шар  болат.  Денеге 

керек ж а л а ң қ а т, Жаппарға жан аманат 

(Қобыланды, 253).



ЖАЛАҢТӨСТЕН е т. Бел шешіп, білек 

сыбанып  кірісу,  батылдану.  Жақсылыққа 

жаны  ашып,  оны  қорғауға  ж  а  л  а  ң



т ө с т е н і п шығатын сынның сондайда 

сырғақтай беретіні несі екен? (Қаз. əдеб., 

25. 08. 1989, 10).

ЖАЛАҢТӨСТЕНУ  Жалаңтөстен 

етістігінің қимыл атауы.

ЖАЛАҢШАҚ  з  а  т.  в  е  т.  Ірі  қарада 

кездесетін  ауру  (Х.  Қашағанов,  Мал 

дəрігер. сөзд., 9).



ЖАЛАУГЕР з а т. Жалау, ту ұстаушы 

адам. Біздің солдаттар орыс ж а л а у г е р і 

н і ң қолындағы сырықты балтамен шауып, 

туды əзер босатып алыпты (М. Əлімбаев: 

Балдырған, 1983, №3, 6).

ЖАЛАУШЫЛЫҚ з а т. Алдыда жүріп, 

жол көрсетушілік, үлгі-өнеге болушылық. 

Сол  тілектестікпен,  ой  мен  қырыңды 

түгендеп берер қайраттан кетсек те, ж а л 

а у ш ы л ы қ қ а жарармыз деген дəмемен 

айтайын (К. Ахметбеков, Ақдала, 2, 225).



ЖАЛБАҒАЙ з а т. Жазғы жауын-ша-

шыннан  қорғанатын  етекті,  əрі  жеңіл 

бас киім. Ж а л б а ғ а й – жазғы жауын-

шашыннан қорғанатын жеңіл бас киімдер. 

Олар матадан тігіледі (С. Мұқанов, Таңд. 

шығ., 15, 122).



 ЖАЛБАЙТ е т. Жапырайту, жалпай-

ту.  Оның  есесіне  біріне-бірін  итіндіріп, 

ж  а  л  б  а  й  т  ы  п,  жапсырмалатып  сала 

берген  қара  қопсысы  жатқан  бір  əлем 

(Э.Төреханов, Таудан түс., 96).

ЖАЛБАЙТУ  Жалбайт  етістігінің 

қимыл атауы.

ЖАЛБЫРАС  Жалбыра  етістігінен 

жасалған ортақ етіс. Кей үйдің үзігін ап, 

бауын шешкен, Кей үйдің түндіктері жерге 

түскен. Бау-шуы қараша үйдің ж а л б ы р а 

с ы п, Желменен бос киіздер желбеңдескен 

(И. Байзақов, Таңд. шығ., 1, 97).



ЖАЛБЫРАСУ Жалбырас етістігінің 

қимыл атауы. 

ЖАЛҒАНШЫЛЫҚ  з  а  т.  Жалған 

айтушылық, өтірікшілік. Алла тағала ж а л 

ғ а н ш ы л ы қ п е н байып, мақтанушылықты 

сүймейді (Жас Алаш, 17. 09. 1994, 3).



Ж А Л Ғ АС Т Ы Р Ғ А Н СУ   Ж а л ғ а с -

тырғансы етістігінің қимыл атауы.

ЖАЛҒАСТЫРҒАНСЫ  е  т.  Жал-

ғастырған  болғансу,  ұштастырғансу.

– Бетіме неше жерден шыжғырып бассаң 

да, барым осы,– деп бастады да алғашқы 

ойын ж а л ғ а с т ы р ғ а н с ы д ы (Ұ. Дос-

панбетов, Шығ., 4, 33). 

ЖАЛҒЫЗ: Жалғыз асық. э т н. Асық 

қолданып ойнайтын балалар ойынының бір 

түрі. Ж а л ғ ы з а  с ы қ ойынының ережесі 

бойынша 4 бала  шығып,  қолдарындағы 

сақаларын  иіреді.  Алшы  тұрса – «хан», 

тəйке тұрса – «уəзір», бүк түссе – «қойшы», 

шік түссе – «ұры» болады (Қаз. этнография, 

1, 196).


Жалғыз [бір] бұрау. Бос жатқан, іліп 

алар. Үйде ж а л ғ ы з  б ұ р а у отын жоқ 

(Қ. Ысқақ, Ақсу., 9).



Жалғыз шабар батыр. Қорықпайтын, 

б а т ы л ,   ж ү р е кс і н б е й т і н .   Ж ү г е н -

құйысқандары,  ертоқым,  өмілдіріктері  ақ 

күміспенен  қапталған,  кілең  ж  а  л  ғ  ы  з 

ш а б а р  б а т ы р, ылғи сылаң жігіттері 

жедел  жүріп  келе  жатқан  (І.  Есенберлин, 

Шығ. жин., 9, 271).

ЖАЛҒЫЗДАП ү с т. Жеке-жеке, бір-

бірлеп. Жорыққа ж а л ғ ы з д а п шығып, 

адасып  кеткендер  де  көп  болды  (Жетісу, 

16. 05. 1978, 3).

ЖАЛҒЫЗҚАЗЫҚ з а т. а с т р. с ө й л.

Темірқазық.  Екі  түбір  сөздің  бірігуі 

арқылы  жасалған  астрономиялық  ата-

улар  көп.  Олар:  Ақжұлдыз  (Шолпан), 

Қосжұлдыз, Қызылжұлдыз, Сарыжұлдыз, 

Алтынқазық, Ж а л ғ ы з қ а з ы қ, Өмірзая 

т.б. (С.Сəрсенова, Астрон. терм., 85).



ЖАЛҒЫЗМҮЙІЗ з а т. з о о л. Ашық 

теңізде  үйірімен  жүретін,  тұмсығында 

ұзынша келген жалғыз тал мүйізі бар су 

жануары (нарвал). Арктиканың суық сула-

рын мекендейтін, дельфин тұқымдастардың 

қызықты  түрі – ж  а  л  ғ  ы  з  м  ү  й  і  з 

мекендейді (Су асты. тіршілік, 78).



Ж А Л Ғ Ы З С Ы РА РЛ Ы Қ   с   ы   н . 

Жалғызсырайтындай,  жалғызбын  деп 

есептерліктей.  Бірақ  ауыл  адамдарының 

іші пысарлық, ж а л ғ ы з с ы р а р л ы қ 

жайы жоқ еді (М. Мағауин, Бір атаның., 41).


188

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ЖАЛҒЫЗІЛІКТІК  з  а  т.  Қарайласар 

ешкімі жоқтық, жалғыз бастылық. Ала-

сапыран  болып  жатқанда  олай-бұлай  бұ-

рылуға мұршамыз болған жоқ. Ж а л ғ ы з і 

л і к т і л і к жаман екен (Жұлдыз, 1973, 

№2, 146).



ЖАЛҚАУАҢ з а т. з о о л. Тропикалық 

ормандарда  тіршілік  ететін,  баяу 

қозғалатын  аң  (Қ.  Қайымов,  Қызықты

з о о л., 138).



ЖАЛҚЫН

1

 з а т. Балқытылған металл 

(Білгенге – маржан, 112). 



ЖАЛҚЫН

2

 с ы н. а у ы с. Жалындаған, 

албырт  (жастық  шақ).  Біздің  ж  а  л  қ 

ы  н  жасыл  шағымызды  сендер  көрген 

жоқсыңдар (Ғ. Сланов, Замандас., 18).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет